Жұмыссыздық Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік мәселелері ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 17:31, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді.

Оглавление

Кіріспе............................................................................................................3
І – тарау. Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері
Жұмыссыздық нысандары және түрлері...................................................5
Жұмыссыздық мәселесінің Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері.............16

II-тарау. Қазақстан Республикасының жұмыссыздық жағдайы
және мәселелері
2.1 Қазақстандағы жұмыспен қамту мен жұмыссыздық проблемалары........26
2.2. Жұмыссыздық деңгейі және жұмыссыздықты шешеу жолдары...............43


Қорытынды............................................................................................................47
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................50

Файлы: 1 файл

курсавой.doc

— 783.00 Кб (Скачать)

     2001-2005 жыл аралығында жұмыспен қамту  89,2 пайыздан 91,7 пайызға өсіп отыр. Жыл өткен сайын елімізде жаңа  жұмыс орындары ашылса, оның 3,2 мыңы  өндіріс – 8,4 мыңы сауда орындарында.  Осы жұмыс орындарының 30 пайызына әйелдер қамтылған. Алматыда бес департаментті әйелдер басқарып, шағын және орта бизнестің басым бөлігі әйелдер иелігінде дегенімізбен де әйелдер арасындағы жұмысыздық өзекті мәселеге айналып тұр. Жұмыспен қамту биржаларына тіркелген жұмысыздардың 70 пайызын әйелдер қамтиды. Тіркелегндердің 40 пайызының жоғары және арнаулы орта білім және 10 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар  [18]. 

2.2. Жұмыссыздық деңгейі  және жұмыссыздықты  шешеу жолдары 

     Жұмыссыздық  деңгейі - бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішіндегі жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші            (пайыз түрінде). Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды.

     Жалпы деректер үй шаруашылығына зерттеу жүргізу негізінде жиналады. Анкета сұрақтарына байланысты, әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады. 

Жұмыс істейтін                       Жұмыссыз                     Жұмыс күшіне кірмейтін

 
 
 

Үй шаруасымен немесе        Жұмысқа шығуды            Жұмыс істемейтін, жұмыс

шұғылданбайтын, апта         күтіп  немесе жұмыс         іздемейтін және жаңа

бойы жұмыс  істейт                 іздеп жүрген                      жұмысқа көшу кезеңін

адамдар                                    адамдар                               күтпейтін адамдар 

     Жұмыс  күші жұмыссыздар мен жұмыс  істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық  деңгейі бұл жұмыс күшінің  жалпы санындағы жұмыссыздардың  пайыз түріндегі анықталуы. 

 
 
 
Жұмыссыздар
                 мың адам
  1тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан жыл
2007 624,0 601,8 583,9 578,8 597,2
2008 573,8 557,2 540,6 559,3 557,8
2009 583,1 568,2 535,7 531,8 554,5
2010 526,2 503,9 481,7 474,7 496,5
2011 475,9 467,0      
           
Жұмыссыздық деңгейі 
          пайызда
  1тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан жыл
2007 7,7 7,3 7,0 7,0 7,3
2008 6,9 6,6 6,4 6,6 6,6
2009 6,9 6,7 6,3 6,3 6,6
2010 6,2 5,8 5,6 5,5 5,8
2011 5,5 5,4      
           
Жастар  жұмыссыздығының  деңгейі
          пайызда
  1тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан жыл
2007 11,0 9,6 8,6 8,2 9,4
2008 8,1 7,4 7,0 7,1 7,4
2009 7,7 7,2 5,9 6,0 6,7
2010 6,1 5,2 4,7 4,7 5,2
2011 5,0 4,5      
           
Ұзақ  мерзімді жұмыссыздық  деңгейі
          пайызда
  1тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан жыл
2007 3,5 3,3 3,2 3,2 3,3
2008 2,9 2,7 2,6 2,7 2,8
2009 2,7 2,6 2,5 2,3 2,5
2010 2,3 2,2 2,1 2,1 2,2
2011 2,0 2,0      
           
Экономикалық  тұрғыдан енжар (әрекетсіз) халық
          Мың адам
  1тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан жыл
2007 3573,6 3447,3 3395,7 3434,6 3463,2
2008 3485,5 3401,9 3364,3 3410,5 3416,2
2009 3548,8 3497,6 3468,7 3489,3 3500,3
2010 3544,1 3478,7 3447,4 3483,4 3487,7
2011 3487,8 3427,6      
           
 
 
 
 
 
 
     
 

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                     

 

                 Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі сәуірде 5,5% болды

      ҚР статагенттігінің мәліметтерінше, Қазақстандағы жұмыссыздар саны  сәуір айында 473 мың адам болып,  жұмыссыздық деңгейі 5,5% (2010 жылы  сәуірде – 6%) болды, делінген  статагенттік хабарында.

        Құжатта көрсетілгендей, республика  экономикасында 2011 жылғы сәуірде  (бағалау бойынша) 8,2 млн. адам  жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда олардың саны  102,6 мың адамға немесе 1,3%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,5 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан   (67,2%) құрады.

         Қазақстан Республикасы Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігінің жұмыспен қамту  органдарында 2011 жылғы сәуір айының  соңына 62,4 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7%-ын құрады (2010ж. сәуірде – 1,0%).

           2011 жылғы сәуірде бағалау бойынша  жасырын жұмыссыздық деңгейі  экономикалық тұрғыдан белсенді  халықтың 0,5%-ын құрады.

        Жұмыссыздар (ХЕҰ стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.  
Жасырын жұмыссыздық (лажсыздан толық емес жұмыспен қамтылу) – қысқартылған жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе еңбекақысы жартылай төленген  әкімшілік демалыстарда болған қызметкерлердің санын көрсетеді.

       Жасырын жұмыссыздық деңгейі  – толық емес (жартылай) жұмыспен  қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы, пайызбен өлшенетін үлесі. 

                             « Жұмыспен қамту-2020 » бағдарламасы

     Елбасы  биылғы Жолдауында «Біз қазақстандықтарды  кәсіби қайта даярлаудың және жұмысқа орналастырудың ауқымды бағдарламасын іске асырамыз. Мемлекет ақысыз оқуды, стипендия төлеуді қаржыландыратын болады. Біз ауыл шаруашылық кәсіпкерлігін дамытып, өзінің жеке шағын бизнесін ұйымдастыруға бағытталған микрокредиттеу бағдарламасын жүзеге асырамыз» деген болатын. Осы бастама бойынша шілдеден бастап еліміздің түкпір-түкпірінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жүзеге аспақ. Шағын шаhарымызда  шілденің алғашқы күнінен өз жұмысын бастаған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ, жаңа бағдарламаның жандануына жол ашты. Бағдарламаның бет алысын білмекке орталыққа бас сұғып, директор міндетін атқарушы Айгерім Айнековамен аз-кем сұхбаттасты. 

Елдегі  жұмыссыздық мәселесін шешуді көздейтін онжылдық бағдарлама жайында қысқаша анықтама берсеңіз...

     «Қазақстанның әрбір азаматы жасына қарамастан қысқа мерзімді курстар арқылы жаңа білім және кәсіби мамандық ала алады.»-деп  Елбасымыз айтқандай, бұл бағдарлама биылғы «Болашақтың іргесін бірге  қалаймыз» Жолдауы бойынша тұсауын  кесті. Кеше ғана Әділет басқармасынан заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алдық. Бағдарлама 3 кезеңнен, 3 бағыттан тұрады. Биылғы жыл- пилоттық кезең, екінші кезең 2012-2015 жылдарға жоспарланса, үшінші кезең 2016-2020 жылдары жүзеге аспақ. Бағдарламаның негізгі бағыты- кәсіптік оқыту арқылы жұмысқа орналастыру, ауылда кәсіп ашып, жеке ісін жүргізгісі келетіндерге жәрдемдесу, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру болып табылады. Әр кезеңнің өз жоспары бар. Бағдарлама бойынша шағын кредиттер де берілмек. Қазіргі таңда орталықта оқуға ниет білдіріп, шаруасын дөңгелеткісі келген 67 адамнан өтініштер келіп түсті.

Бұл бағдарлама бойынша  өтініш білдіргендер тегін оқи алады  деп естідік...

     Иә, ең алдымен әр өтініш білдіруші қалалық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркеліп, «жұмыссыз» статусын алуы керек. Сосын барып бағдарламаға қатысуға өтініш жазады. Өтініштерді мамырдың аяғында қала әкімінің қаулысымен бекітілген 15 адамнан құралған арнайы коммисия қарайды. Тегін оқумен қатар, қарым-қабілетін танытып, үздік оқығандарға 12188 теңге стипендия тағайындалған.

Олар қандай мамандықтар бойынша дәріс алмақ...

     Қатысушылар медбике, ақпараттық жүйелер, автомеханик, электр газбен дәнекерлеуші, аспаз-кондитер, электромонтер сынды мамандықтар  бойынша оқи алады. Әр мамандықтың оқу мерзімі әртүрлі. Мысалы, медбике мамандығын таңдағандар 2 жыл 10 ай оқыса, дәнекерлеушілер 1 жыл 10 ай, электромонтерлар 3 ай ғана білімін жетілдіруге мүмкіндігі бар.

Кіргеннен байқадық, орталық  қыметкерлерінің  көбісі жас мамандар сияқты...

     «Жас  кадрлық күш» демекші, жаңа орталық  болып ашылған соң, жас мамандарды қабылдадық. Орталықта қазір 11 қызметкер жұмыс істейді. Биыл ғана университет қабырғасын тәмәмдаған түлектер орталықтың жұмысына серпін беріп, алдағы уақытта жаңа бағдарламаның жарқын жүзеге асуына бел шешіп кіріспек.                                    

             

     Бағдарлама  үшін республикалық  бюджеттен 40 млн теңге бөлініпті. Қомақты қаражат көзі, үкіметтің қалтасынан емес, қарапайым салық төлеушілердің қаражатынан қарастырылғаны белгілі. Сондықтан да қаражатты пайдаланудың тиімділігін қатаң бақылауда ұстау үшін арнайы комиссия және сараптама тобы да құрылыпты. Құптарлық. Енді 3-4 жылдың айналасында жаңа жобаға 1,5 млн халық қатыстырылып, кедейшілік деңгейі 6 пайызға азайып, жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайыздан аспайды деп көзделуде. Жұмыссыздықты жоюдың соны жүйесіне айналған  ілкімді жобаға іске сәт дейміз!

 

                                             Қорытынды. 

     Қазір көптеген мекемелер әлдекашан ұмытылған проблема жұмыс кадрларының кажеттігіне ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, казір олар әртүрлі салаға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін: 
1. кадр дефициті 
2. жұмыссыздық. 
     Университеттер, училишщелер, колледждер мен өндіріс орындарының тіл табысуы бұл мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста мемлекетке осы секторды басқару үшін белгілі бір стратегия қажет. 
1. жұмысшыларды мемлекеттен тыс әдіспен орналастыру, бұл әдіс негізінен натуралды шаруашылықтарға тән. 
2. жұмыссыздық әсерін төмендету, бөл жерде жұмыс жасайтын сектор зардап шегеді, себебі жұмыссыздарға берілетін өтемақы салық есебінен алынады. 
3. Жұмыс орындарын ашу. Бұған келісу қиын өйткені ол кедей елдерден имигранттар келуін көбейтпесе ашылған жұмыс орындарға жергілікті жұмыссыздардың бара қоюы екіталай. 
    Жоғарыда аталған әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі де бар. Ол коғамдағы басқа жұмыссыздыққа әсері бар факторлар: 
1. білім беру 
2. жұмыс табуға көмек т.б 
Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп келушілер мәселесін де еске алған жөн. 

          Жоғарыдағы айтылғандардан екі түрлі қорытынды шығады. 
1. Бізде жұмыссыздық бар, ол мәселе шешім күтеді. 
2. Жұмыссыздық қарама қайшылықтарға толы. 
   Біздегі жұмыссыздық, жалпы алғанда жұмыссыздық жұмыс күштерін резервациялайтын қойма рөлін атқарады. Әртүрлі структуралық өзгерістерге ұшырау
салдарынан пайда болған артық жұмыс күші, әрине, белгілі бір уақыттан кейін басқа салаларды меңгеру арқылы жұмыс табады. Бірақ ол үшін оларға мемлекет және қоғам тарапынан көмек қажет. 
   Қарап отырсақ, біздегі жұмыссыздық екі түрлі қарама қайшылыққа кездеседі. Біріншісі кадр тапшылығы болса, екіншісі белгілі бір салаларда оның артықтығы. Осы мәселелер ең бір шешім қиын мәселелер, дегенмен, оны да жоғарыда айтылған үлкен қоғамдық өзгерістер шешеді.
 
           Мәдениет саласында жұмыспен қамту дегеніміз – халқымыздың әл – ауқатын бірден көрініс табатын икемді жергілікті сұраныстың орасан зор қайнары.

     Жұмысыздық  мәселесі қазіргі кезде бүкіл  дүние жүзі бойынша ауқымды да, күрделі мәселеге айналып отыр. Америкалық еңбек базарында жүргізілген  көптеген зерттеулер жұмысыздық негізге  мінездемелерін анықтап берді. Олар қатарына жұмысыздық дәрежелері арасында жасы, жынысы және еңбек тәжірибелеріне байланысты ауытқулар, қарсы ағымдардың жұмылдыру мен жұмыссыздықты өсіруі және азайтуы, мұндай ағымдылықтың көпшілігінің циклдық сипатта болуы, көпшілік тұлғалардың қысқа мерзімге жұмыссыз қалуы. Сондай –ақ құрылымдылық жұмыссыздық дегеніміз экономиканың толық жұмылдыру жағдайында болатын жұмысызздық болып табылады, ал циклдік жұмыссыздық дегеніміз құрылымдылық жұмысыздықты басып озу болып табылады.

     Экономиканың  қай уақытта толық жұмылдырылған  жағдайда болатындығын анықтау экономикалық саясаттың негізгі мәселесі болып табылады, жұмысызздықтың табиғи дәрежесі мен құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсінік бюолып табылады. Жұмысызздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде көрініс табуы мүмкін.

     Жұмысыздықтың жалғасуы циклдік факторларға байланысты болады.

     Сонымен қатар жұмысыздықтың табиғи дәрежесін  түсіру мақсатында жасөспірімдер арасындағы жұмысыздықпен күрестік басталады. Осы мақсатта жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін жастарды жұмылдыру қызметін ұйымдастыру ұсынылған. Сондай – ақ жұмысыздық бойынша көмек ақы шаралары да алып барылады. Бұл өз кезегінде жұмыс іздеу жолындағы материалдық қиыншылықтарымен күресуге мүмкіндік береді.

     Демек, жұмысыздық күрделі де, ауқымды мәселеге айналып отырғандағана қаоамастан дүние жүзі бойынша бұл міселенің  шешу жолында және жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз ету салаларында қыруар шаралар жасалудаү бұл болашақта жұмысыздықты толық шешуге мүмкіндік береді.

     Нағыз пәпменді әлеуметтік саясат – ол халықты  жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келді және болып қала береді.

     Мемлекет  қоғамының шын мәнінде осындай  көмекке дәру мүшелеріне ғана қолдау көрсету жөніндегі толық жауапкершілікті өз мойнына алуға міндетті деп санаймын.

     Осыған  орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты  «әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен» айқындалуға тиіс емес, қайта «еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар сапына қосуға даярлау» міндетті ауқымында шоғырландыруға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып – үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер 

            1. Экономикалық теория  негіздері. Оқулық // Алматы «Санат», 1998-47 бет – 57 бет, 405-411 –бб.

      2. Экономика оқу құралы /Дайын Я.Ә.  Әубәкіров және т.б. // алматы «Экономика», 1995-144 бет -60-61 б.

      3. Көшенова Б.А. Ақша немесе банктер.  Валюта қатынастары. Оқу құралы //Алматы «Экономика», 2000 – 328 бет  -72-75 бб.

Информация о работе Жұмыссыздық Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік мәселелері ретінде