Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 09:56, курсовая работа
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.
ӘОЖ 336.711. 6 Қолжазба
құқығында
КАЗАНБАЕВА
ЖАНАР САПАРГАЛИЕВНА
Тәуекел-менеджменттің
банк қызметіндегі
тиімділігін жоғарылату
08.00.10 –
«Қаржы, ақша айналыcы және несие»
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінде орындалған
Ғылыми жетекшісі: | экономика ғылымдарының
докторы,
профессор Н.Н.Хамитов |
Ресми оппоненттер: | экономика ғылымдарының докторы, профессор З.Д.Искакова |
экономика ғылымдарының кандидаты С.Б. Мақыш | |
Жетекші ұйым: | Халықаралық бизнес
университеті |
Қорғау
2009 жылдың «24» сәуір күні сағат 14.00-де Т.
Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетіндегі экономика ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін іздену жөніндегі
Д 14.02.01 Диссертациялық кеңесінің отырысында
өткізіледі, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы,
Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.
Диссертациямен
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінің кітапханасында танысуға
болады.
Автореферат
«______» наурызда 2009 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы,
экономика
ғылымдарының докторы А.Б.Темирбекова
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.
Банк жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге Банк жүйесі өзі жұмыс істейтін негізгі принциптер айтарлықтай бұзылған жағдайда өзі де экономикалық тұрақсыздық көзіне айналуы мүмкін. Банктер жүргізетін барлық дерлік операциялар тәуекелмен байланысты. Банк қызметіндегі тәуекелдер өзінің атқарар қызметі бойынша экономика саласына жатады, алайда шаруашылық субъектілердің қызметіндегі тәуекелдермен салыстырғанда олардың айрықша ерекшеліктері бар. Банктер сәтсіз операциялар немесе нашар менеджмент салдарынан шеккен шығындар оның қаржылық жағдайына ғана емес, сонымен бірге оның абыройы мен беделіне нұқсан келтіреді, сондай-ақ оның бизнестегі әріптестерінің мүдделеріне де кесірін тигізеді.
Әрине, банктер тәуекелдердің сан алуан түрлерінен қорғанудың түрлі тәсілдерін пайдаланады. Әлемдік практика тәуекелдерді төмендетудің және олардың алдын алудың барынша мүмкін әдістерін әзірледі, осыған қарамастан банктерге қаржы нарығының түрлі секторларында жұмыс істей отырып, көптеген тәуекелдермен беттесуге және шығындар мен кірістер алып келетін тәуекелдер арасында таңдау жасауға тура келеді.
Осы
проблемаларға байланысты әр банкте
тәуекелдерді басқарумен тікелей айналысатын
функционалдық құрылым
Банктер ондаған жылдардан астам уақыт қатаң нарық жағдайында жұмыс істейтін дамыған шет елдерде бәсекелес ортада тіршілік ету тәжірибесін бастан кешірді, олардың тәуекелді басқару теориясы мен практикасының тарихы көп жылдармен есептеледі. Онда тәуекел-менеджменттің тиімді құрылымдары, оның ұғымдық және құжаттық аппараты қалыптасқан, нарықтағы сол немесе басқа оқиғаларға ден қоюдың айтарлықтай тәжірибесі жинақталған, осыған қарамастан несие мекемелерінің оқта-текте банкрот болуына тосқауыл бола алмайды және оларды сауықтыру жөнінде мемлекеттік және басқа да іс-шаралар жүргізіледі.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерде тәуекел-менеджментін дамыту мен олардың жай-күйі жөніндегі қазіргі теориялық және практикалық ережелерді зерттеу тәуекел-менеджменті құрылымын ұйымдастыру әдістерінің толық жетілдірілмегендігін және жеткіліксіз дамығанын анықтады. Екінші деңгейдегі банктердің тәуекел-менеджментінің қолданыстағы жүйесін ұйымдастыру және оның жұмысындағы кемшіліктерге байланысты заңнаманы бұзғаны үшін банктерге ұйғарымнамалар мен түрлі санкциялар табыс ету, кейбір ірі және белгілі банктердің банкроттыққа ұшырауы жатады. Сондықтан тәуекел-менеджментінің құрылымын жоғарылату мен дамыту – банктердің ішкі бақылауының өте қажетті элементі болып табылады. Ол халықаралық талаптарға жауап беретін мықты әрі сенімді банктің қалыптасуына ықпал етуге тиіс. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерде тәуекел-менеджментінің қалыптасуының айта кетерлік ерекшелігі –оның менеджменттің ілім ретінде дамуымен және еліміздің нарықтық ақша-несие жүйесінің қалыптасуымен бір уақытта қалыптасып өркендеуі. Бұл ретте тәуекел-менеджменті жөніндегі мамандар өз қызметінде әлемдік тәжірибенің осы саладағы жетістіктерін барынша пайдаланады. Сонымен бірге даму және қалыптасу, тиімділікті жоғарылату процесі өз мәресіне әлі де болса жете қойған жоқ, ол банк қызметі қауіпсіздігінің жеткіліксіз деңгейіне байланысты.
Тақырыптың
зерттелу дәрежесі.
Күні кешегіге дейін
тәуекелдерді басқару ілімі қаржы менеджменті
саласына енетін
және оған өзіне лайық болатындай мән
берілмей келді. Тәуекелдерді басқару,
дәлірек айтсақ, тәуекел-менеджментін
ұйымдастыру проблемаларына отандық,
сондай-ақ шетелдік экономист-ғалымдардың
және практик-мамандардың да көптеген
еңбектері арналды. Олардың қатарында
ең елеулілері П.С. Роуздың, О.И. Лаврушинның,
М.Е. Озиустің, Б.Х. Путнамның, Д.Ф. Синкидің,
Е.П. Жаровскийдің,
И.М. Балабановтың, В.В. Ковалевтің, Б.И.
Лисактың, А.Д. Шелекбайдың,
Р.Г. Ольховойдың, В.С. Пашковскийдің және
т.б. еңбектерін жатқызуға болады.
Қазақстан
Республикасында тәуекел-менеджменті
туралы ілімнің дамуының қайнар көзін
жетекші ғалымдар А.Д. Шелекбай, Л.Н. Корнилова,
Ғ.С. Сейітқасымов, Н.Н. Хамитов, С.Т. Міржақыпова,
Б.И. Лисак және басқалар ашты.
Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген еңбектері тәуекелді басқару мәселелерін баяндайды, тәуекелдердің түрлері, олардың алдын алу және басқару тәсілдері кеңінен әрі жан-жақты қаралады, алайда, олардың қатарында банк қызметінде тәуекел-менеджментін ұйымдастыруды зерттеу мен қарастыру жөніндегі еңбектердің саны мардымсыз. Банк қызметінде тәуекел-менеджментін дұрыс ұйымдастыру банктің тұрақтылығының пәрменді факторы бола тұра, сол еңбектерде тәуекел-менеджмент құрылымының қызметін оңтайландыру, оның жұмысының негізгі принциптерін енгізу жөнінде практикалық ұсыныстар жоқтың қасы, сондай-ақ теория мен практика арасындағы алшақтық та сезіледі. Тәуекел-менеджменті банк қызметіндегі банктің өзі үшін ғана емес, банк қызметін пайдаланушылардың көпшілігі үшін де маңызы зор. Тәуекел-менеджементінің функционалдық іс-шараларын сапалы ұйымдастырып жүргізуге мүдделі адамдардың саны ойлағаннан неғұрлым көп. Мұның өзі банктер өз қызметінің ерекшелігі бойынша өз клиенттерімен, акционерлермен және бизнес бойынша әріптестермен – көп кәсіпорындармен және ұйымдармен, фирмалармен және жеке тұлғалармен байланысты. Жарияланымдардың айтарлықтай санына қарамастан, тәуекел-менеджментінің банк қызметіндегі қазіргі жай-күйі тым жеткіліксіз зерттелген. Еліміздегі банк бизнесінің осы саласы жеткіліксіз жетілдірілген және тиімділігін жоғарылату жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты және міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты – тәуекелдерді басқарудың теориялық ережелерін қорытындылау, осы процестерді талдау және оның тиімділігін бағалау негізінде қазақстандық экономика жағдайында банк қызметіндегі тәуекел-менеджменті жүйесін жетілдіру болып табылады.
Аталған мақсат келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері болып табылады.
Зерттеу пәні банктерде қолданылатын тәуекелдерді басқару және тәуекел-менеджментін ұйымдастыру жүйесі.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін қалайтын отандық және шетелдік экономистердің еңбектері, халықаралық қаржы ұйымдарының жекелеген әзірлемелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнама актілері, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы институттарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің нормативтік құжаттары. Зерттеу процесінде монографиялық және статистикалық материал, экономикалық, ғылыми-техникалық және бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдары пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Банк қызметінде тәуекел-менеджментті жетілдіру, сонымен бірге банктерде тәуекел-менеджменттің сапасын жақсартуға, сондай-ақ оның тиімділігін жоғарылатуға бағытталған міндеттер кешенін шешу қажеттілігі мәселесін қарастыру және оны теориялық негіздеу болып табылады.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
– тәуекелдерді басқару тәсілдемелері;
– тәуекел-менеджментті ұйымдастыру сызбасы және оның принциптері;
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Банк қызметіндегі тәуекел-менеджментін жетілдіру жолдары анықталып ұсынылған. Оның негізгі ережелерін, қорытындылары мен ұсыныстарын іске асыру банкті басқару аппаратына (ішкі бақылау жүйесіне) тәуекелдердің алдын алу процесінің сапасы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, сондай-ақ жалпы банк жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға және сенімділігін қолдауға ықпал етеді. Диссертацияның теориялық және практикалық бөлімдері экономика оқу орындарының, қайта даярлау және мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарының оқу үдерісін ұйымдастыру барысында қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің сыналуы. Зерттеу жұмысының негізгі қорытындылары мен ұсыныстары халықаралық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда талқыланды.
Диссертацияның негізгі ережелері «Мирас» университетінде «Банк ісі», «Банк тәуекелдері» курстарын оқу кезінде оқу процесіне, зерттеу жұмысының нәтижелері «Темірбанк» АҚ ШФ-ның практикалық қызметіне енгізілген.
Жарияланымдар.
Зерттеу тақырыбы бойынша 3,17 баспа табақтан тұратын 8 мақала жарық көрді. Оның ішінде үш мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің нұсқауындағы экономикалық басылымдарда жарияланған.
Диссертациялық
жұмыстың құрылымы мен
көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады, сонымен бірге 33 кесте,
10 сурет, қосымшалар келтірілген.
негізгі
бөлім
Бүгінгі
таңда банк секторы Қазақстанның
қаржы жүйесінің ең сыйымды және
жылдам дамушы сегменті болып табылады.
Соңғы жылдары республиканың банк
жүйесі ТМД елдері ішінде қарқынды дамуымен
ерекшеленді. Осы процеске салық-бюджет
саясатының салиқалы бағытының қолдауы,
мұнай экспортынан кірістің өсуі, сондай-ақ
елдің қаржы жүйесінде пәрменді реформалар
жүргізуге арқа сүйеген қолайлы макроэкономикалық
жағдай ықпал етті. Екінші деңгейдегі
банктердің (ЕДБ) активтері 2000 жылы
527,9 млрд. теңгеден 2006 жылы 8,8 трлн. теңгеге
дейін өсті (өсім 1581,1 %-ды құрады), меншік
капиталда, сондай-ақ 97,6 млрд. теңгеден
879,5 млрд. теңгеге дейін өсті (өсім 801,1 %
құрады. Осы өте жоғары көрсеткіштер басқа
да салыстырмалы көрсеткіштермен расталады.
Мәселен, Қазақстан Республикасының ЖІӨ
қатысында ЕДБ активтері 2000 жылы 20,3%-дан
2006 жылы 91,1 % -ға дейін өсті. Қазақстан Республикасының
Қаржылық қадағалау агенттігі жақын арадағы
үш жылда екінші деңгейдегі банктердің
меншік капиталы үш есеге, активтері екі
есеге, несиелер мөлшері – 2,5 есеге, несилер
мен депозиттер мөлшері – үш есеге өседі
деп болжайды. Қадағаланатын үрдіс
ҚР ҰБ екінші деңгейдегі банктерге қойылатын
талаптарды олардың қаржылық тұрақтылығы
мен сенімділігін арттыру мақсатында
бірте-бірте қатаңдату саясатымен тікелей
байланысты.
Информация о работе Тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі тиімділігін жоғарылату