Тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі тиімділігін жоғарылату

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 09:56, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.

Файлы: 1 файл

тауекел менедж.doc

— 344.50 Кб (Скачать)

     Ұқсатып модельдеу – жүйелерді зерттейтін әмбебап әдіс, оның жұмысы сол немесе басқа да кездейсоқ (атап айтқанда, кездейсоқ мөлшерлерді іске асырудан) факторларға байланысты. Ұқсас модель жүйенің жұмыс істеу процесін бірте-бірте жүйелі түрде қайталайды, зерттеуші сол кезде қандай мағыналардың сол немесе басқа параметрлерді қабылдайтынын қадағадауға мүмкіндік алады.

     Тәуекел-менеджментті ұйымдастырудың жаңа механизмі жаңа тәсілдемелерді талап етеді, олардың біреуі – шешім қабылдау, математикалық модельдеу теорияларының, жүйелерді, ақпараттық және ұйымдастыруды модельдеу теориялары түйісуінде орналасқан контроллинг жүйесін енгізу болып табылады. Контроллинг – тәуекел-менеджменттің аса маңызды элементтерінің бірі болып табылады, сонымен бірге ол барлық қажетті ішкі және сыртқы ақпарат жүйеленіп, талданып және басқарушылық шешім қабылдайтын тұлғаларға жіберілетін жағдайды қамтамасыз етеді. Контроллинг деген басшылық және банк басшылығын қолдау шеңберіндегі ақпарат арқылы жүзеге асырылатын жеке функцияны білдіреді. Оған жалпы мақсатқа сәйкес деректерді өңдеу (жинау, дайындау, топтау, жүйелеу), сондай-ақ мақсатқа жетуде бақылау кіреді.

     Жалпы айтқанда контроллинг – жағдайды меңгеру, процестерді басқару әрі  реттеу, сондай-ақ оған шығындарды есептеу. Біздің жағдайда конроллинг банк тәуекелдерін бақылауды, олардың математикалық есептеуді, сондай-ақ тәуекелділіктің қажеттілігін және түпкілікті нәтижесін анықтауды қамтамасыз етуге тиіс.

     Контролингке  көптеген міндеттер жүктелген. Олардың  ең негізгілері:

     – біріктірілген жоспарлау;

  • тәуекелдің пайдалылығын, өтімділікті және тәуекелді төмендетуді қамтамасыз етуді бақылау болып табылады.

     Сонымен бірге контроллингте – қызметті басқару, қарсы іс-әрекет жасау немесе күшейту жөнінде алдын ала іс-шара қолдануға мүмкіндік беретін ақпаратпен уақытында әрі толық қамтамасыз ету мақсаты қойылады.

     Тәуекел-менеджментінің құрамдас бөлігі ретіндегі контроллингтің тұжырымды негізі мына элементтерден құралады, олар:

      – жағдайды талдау;

      – стратегиялық контроллинг;

      – жедел контроллинг.

    Жағдайды  талдау деген нәтижесінде межеленген уақыт сәтінде банктің немесе жекелеген актив операциялардың нақты жай-күйі анықтау үшін толықтай түгендеуді білдіреді. Жағдайды талдауда тиісті ішкі ақпарат пайдаланады, ол тиісінше өңделуге тиіс. Ішкі талдауда жалпы банк талданады, сонымен бірге актив және пассив операциялардың жекелеген бағыттары талданады; банктің қоржындары (инвестициялық, несиелік, депозиттік және т.б.) талданады.

     Сыртқы  деректерді пайдалану қолда бар  деректерге байланысты, олардың ішінен релеванттық ақпарат (мысалы, нарықты  талдау, бәсекелестердің (қоршаған ортаны) қызметін талдау), саланы (қаржы нарығын) талдау, банк қызметтеріне сұранысты және т.б. талдау алынуы мүмкін. Банктің жалпы стратегиясы жағдайға байланысты айқындалады, сондықтан дамуды талдау, өзінің маңызы бойынша тәуекел-менеджменттегі стратегиялық контроллингке ұқсас болса да экономикалық, техникалық, экологиялық, саяси және т.б. талдаудың қосымша, алайда маңызды бағыты болып табылады.

    Жағдайды  талдау бойынша жасалатын қорытындылар әр түрлі болжанатын жағдайлардағы түсініктермен толықтырылуға тиіс, яғни жоспарлы мақсаттармен қатар балама жоспарлар да әзірленуі мүмкін, олар қаралғаннан кейін ең пайдалы стратегия бойынша шешім қабылданады.

    Тәуекел-менеджменттегі стратегиялық контроллингтің міндеті – банктің және оның ұзақ мерзімді операцияларының жоспарлы дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл үшін банктің құрылымдық жүйелері мен ықтимал мүмкіндіктері бағаланады. Сонымен бірге төмендегі әдістер пайдаланылады:

  • стратегиялық баланс, яғни қызмет мүмкіндіктері мен нақты бағыт тарын салыстыру (активтер мен пассивтердің арақатынасы; ұзақ мерзімді несиетер және ұзақ мерзімді салымдар мен депозиттердің арақатынасы; банктің қысқа мерзімге тартылған салымдары мен қысқа мерзімге тартылған қаражатының арақатынасы және т.б), осының негізінде араласуды және үйлестіруді қажет ететін осал тұстар анықталады;
  • сценарий техникасы (банк қызметінің келешек сценарийі және мақсатқа жету жолдары);
  • қызмет ауқымын қарастыру (капитал салынатын нарықтарды зерттеу және бағалау, болжамдар, банктің даму модельдерін жасау);

      – инновациялар (техникалық және технологиялық).

     Ықтимал тәуекелдердің және тәуекелді жағдайлардың көптігі белгісіздік факторымен байланысты. Тәуекел жағдайда сыни көрсеткіштердің нақты мағыналары тұрақты, орташа немесе баламалы деңгейден ауытқиды. Кейбір ғалымдар түрлі есептеу әдістерін (статистикалық, математикалық, дисперсияны есептеу, түрлендірме коэффициенттерін және т.б.) пайдалана отырып, тәуекелді бағалауға тырысты. Алайда бірде-бір әдіс тәуекел жағдайдың дәл бағалап, операцияның қаржылық нәтижесін болжай алмады. Біз де тәуекелге ықпал ететін барлық ықтимал жағдайлар мен факторларды барынша ескере отырып, тәуекелдің бағасын есептеуді жүргізуге тырыстық. Осы мақсатта екінші деңгейдегі банктердің тәуекелдерінің дәрежесі өте жоғары актив операцияларының түрлері бойынша тәуекелдің ықтимал деңгейін көрсететін шкала әзірледік (Кестелер 2,3).

     Тәуекелдік  коэффициентін мына формула бойынша есептеуге болады:  

Кр = Кп (СВС + СОД) х ИИ,   (2) 

     мұнда: Кр – тәуекелдік коэффициенті;

     Кп  – ысырап коэффициенті;

     СВС – салынған қаражаттың сомасы;

     СОД – күтілетін кірістің сомасы пайыздар, дивидендтер және т.б.);

    ИИ  – инфляция индексі (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді салымдар үшін).

     Кп  – жол берілетін ысырап коэффициенті, банк менеджері нарықтағы жағдайға және осы немесе басқа операцияның ойдағыдай іске асырылу мүмкіндігіне байланысты белгілейді. 

Кесте 2-Банктің несиелік және инвестициялық операциялары бойынша Кп жол берілетін ысырап коэффициентінің мағыналары

Көрсеткіштер Тәуекел деңгейіне ықпал ететін факторлар
сырт-қы ішкі Қарыз алушының қаржылық жай-күйі Несиетер салынатын сала
Тұрақ-ты Тұрақ-сыз Мемлекеттік мекемелер және ірі корпора-циялар ШОБ, халыққа ипотека Халық

(тұтыну несиетері)

Несиелер:

қысқа мерзімді

орта мерзімді

ұзақ мерзімді

 
0,1

0,2

0,3

 
0,1

0,2

0,3

 
0,1

0,2

0,3

 
0,3

0,7

1,0

 
-

0,25

0,3

 
0,25

0,5

0,75

 
0,20

0,40

0,60

Көрсеткіш сыртқы ішкі ЕДБ депо-зит-тер ҚРҰБ

Депозит-тер

Кәсіпорын-дардың акционерлік капиталына қатысу Шетел банктерге Дамыған елдердің орталық банктеріне
Капиталдың инвестициясы 0,4 0,35 0,5 - 0,6 0,4 -
Ескерту-Автор екінші деңгейдегі банктердің деректері бойынша жүргізілген есептердің

негізінде жасап  есептеген

 

Кесте 3- Құнды қағаздармен жасалатын операциялар бойынша жол берілетін ысырап коэффициентінің (Кп) мағыналары

Көрсеткіштер Тәуекел факторлары
сыртқы ішкі
Саяси Инфля-циялық Макро-

экономикалық

Қарыз алушы  клиент-тердің қаржылық жағдайы Жағдай-ды сапасыз талдау Ме-недж-менттегі бұзушы-лықтар Болжам мен нәтиже-лердің қате есептелуі
Мемлекеттік құнды қағаздар

қысқа мерзімді

орта мерзімді

ұзақ мерзімді

 
 
 
 
0,1

0,2

0,3

 
 
 
 
0,1

0,2

0,3

 
 
 
 
0,1

0,3

0,5

 
 
 
 
-

-

-

 
 
 
 
0,2

0,3

0,4

 
 
 
 
0,2

0,3

0,5

 
 
 
 
0,25

0,30

0,35

Корпоративтік құнды қағаздар

қысқа мерзімді

орта мерзімді

ұзақ мерзімді

 
 
 
 
0,5

0,7

0,9

 
 
 
 
0,5

0,7

0,9

 
 
 
 
0,9

1,0

1,0

 
 
 
 
0,3

0,4

0,5

 
 
 
 
0,2

0,3

0,4

 
 
 
 
0,15

0,25

0,35

 
 
 
 
0,35

0,45

0,55

Ескерту-Автор екінші деңгейдегі банктердің деректері бойынша жүргізілген есептердің негізінде жасап есептеген

     Кп = 1 деген барынша жоғары мағына салынған қаражаттың барлығын, яғни 100%-ын жоғалтуды білдіреді. Бұл жағдайда менеджер банктің активтерін осы бағытта салмауға, қолайлы сәтті күтуге немесе кірісі бойынша сәйкес ресурстарды салатын бағытты табуға тиіс. Кп = 0 деген барынша төмен мағына операция қорытындысының кепілді табысын білдіреді, яғни менеджер салынған қаражат жоспарлы пайдамен қоса салынған қаражат толықтай қайтарылатынына сенімді.

    Кп = (0-ден 1-ге дейін) деген аралық мағына түрлі жол берілетін ысырапты білдіреді, ал олардың деңгейі операцияның сипатына (тәуекелдік дәрежесі), әріптестің (қарыз алушының) қаржылық жағдайына, оның даму келешегіне, банк қызметінің осы түріне сұранысқа (факторинг, лизинг), қаражат салынатын объектіге (жылжымайтын мүлік, құнды қағаздар, бағалы металдар, өндіріс және т.б.) байланысты анықталады.

    Коммерциялық банктерде ұйымдастырылған, даму деңгейінде тәуекел-менеджменті жүйесі банкті басқарудағы жаңа құрылым жетілдіруді қажет етеді. Осы мәселеде әлемдік практиканы пайдалану барлық жағдайда ойдағыдай табысқа жеткізе бермейді. Сондықтан автор банктердің тәуекел-менеджменті жүйесінде тәуекелдерді басқару әдістерін әзірлеп, осы әдістерді іс жүзінде қолдануға ұсынып отыр. 

Қорытынды

    Тәуекел-менеджмент жүйесін құруды – коммерциялық банктердің кәсіпкерлік қызметінде кездесетін тәуекелдің барлық түріне объективтік түрде ден қою ретінде қарастыру қажет. Оның белең алуына бизнестің ғаламдануы, бәсекенің шиеленісуі, сонымен бірге қаржы қызметтеріне және банктің делдалдық операцияларына (лизинг, факторинг, форфейтинг) сұраныстың күшеюі ықпал етті. Қазіргі замандағы іскерлік орта жағдайында нарықта барабар іс-әрекет жасауды пысықтау, сондай-ақ тіршілік ету жолдарын анықтап, тұрақты өсіп-өркендеу негізін қалау тәуекел-менеджмент жүйесін құрып, оны дамытуды қажет етеді. Сонымен бірге тәуекел-менеджменті теориясы мен оны ұйымдастырып жүргізу әдістемесін әзірлеудің де маңызы арта бастады. Банктерді әр түрлі қаржы нарықтарында және клиенттермен жасалатын операцияларда ықтимал тәуекелден қорғауға ықпал ететін тәуекел-менеджментін қауіпсіздік деңгейіне жетуге қажетті іс-әрекеттердің жиынтық моделі ретінде қарастыруға болады. Тәуекелдің алдын алу және бизнесті одан қорғау әдістемесі тұрғысынан алып қарағанда тәуекел-менеджменті коммерциялық банктер қызметінің негізгі бағыттарының бірі (маркетингтік, бәсекелік, инновациялық және т.б. бағыттармен қатар) болып табылады. Қазіргі заманғы банк нарығын тәуекелсіз елестету мүмкін емес. Тәуекел кез келген операцияда болады, тек түрлі банктерде тәуекелдің мөлшері әрқалай болуы мүмкін, сондықтан оны бағалау және мүмкіндігінше барынша төмендету қажет.

Информация о работе Тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі тиімділігін жоғарылату