Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 20:02, курсовая работа
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.
Инвестициялық саясат ең біріншіден экономиканың тиімділігін өсіру және жоғарлату темпін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мәселелерді шешуде республика экономикасына шетел капиталын тарту маңызды орын алады. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту обьективті қажетті процес болып табылады.
Кіріспе.........................................................................................................................3
I тарау. Сақтандыру мәні және сақтандыру компанияларының қызметі
1.1 Сақтандырудың функциялары және мәні..........................................................5
1.2 Экономикада сақтандырудың мәні мен рөлі.....................................................8
1.3 ҚР сақтандыру компанияларының қызметі………………………………..17
II тарау. Сақтандыру команияларының инвестициялық қызметін талдау
2.1 Сақтандыру компанияларының қаржылық қызметін талдау.......................20
2.2 "Альянс Полис" сақтандыру компаниясы және оның қаржылық жағдайын талдау..........................................................................................................................22
2.3 Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін бағалау............26
III тарау.ҚР сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жетілдіру бағыттары
3.2 Қазақстандағы сақтандыру нарығын жетілдіру шаралары............................23
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары мен реттеу әдістерін жетілдіру...................................................................................................25
Қорытынды ..............................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................31
Қосымшалар
Сақтандыру нарығы дамуының басқа көрсеткіштеріне келсек, 2009 жылы негізгі өсімді сақтандырудың мүлікті сақтандыру жəне жауапкершілікті сақтандыру секілді түрлері ҚҚА деректері бойынша – 40-45% -ға ие болғанын айтқан жөн.
2009 жылы жиналған сыйлықақылардың жалпы портфелінде міндетті сақтандыру үлесіне 41% тиесілі. Ең қомақты үлес (40,5%) автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру еншісінде.
Ерікті сақтандырудың өсу қарқыны міндетті сақтандырудан асып түсуде. Мысалы, ерікті жеке сақтандырудан түскен сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 25,6%-ға , ал ерікті мүлікті сақтандыру бойынша - 24,6% -ға өсті.
Сақтандыру сыйлықақыларының негізгі бөлігі ерікті жеке сақтандыру аясында жазатайым оқиғалардан сақтандыру 42,9% жəне науқастанып қалу жағдайынан сақтандыру - 28,3% үлесіне тиесілі. Ерікті жеке сақтандыру портфелінде өмірді сақтандыру мен аннуитетті сақтандыру тиісінше 16,5 жəне 12,3% -ға ие.
2009 жылғы қаңтардың 1-індегі деректерге сай, қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 41,9% -ын құрады. Оның ішінде бейрезиденттердің қайта сақтандыруына сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 33,5% берілген. Қазіргі уақытта қазақстандық тəуекелдіктерді қайта сақтандыру бойынша ең қомақты көлемдер АҚШ - 21,2%, Германия - 15,8% жəне Ресей Федерациясы - 13,8% секілді елдер еншісінде.[17]
Қаржылық көрсеткіштері:
Жинақталған сақтандыру сыйлықақылары: 25 738 862 мың теңге
Сақтандыру төлемдері сомасы (брутто): 27 061 100 мың теңге
Сақтандыру төлемдері сомасы (нетто): 3 680 469 мың теңге
Активтері сомасы: 26 151 025 мың теңге
Жарғылық капитал: 1 360 000 мың теңге
Жекеменшік капиталы: 5 016 965 мың теңге
Құрылған сақтандыру резервтері : 20 700 842 мың теңге
Таза сақтандыру резервтері: 10 707 916 мың теңге
НАРЫҚТЫҢ САҚТАНДЫРУ ТОПТАРЫ БОЙЫНША ҮЛЕСІ :
Ерікті мүлікті сақтандыру – 19,44%
Ерікті жеке сақтандыру – 1,48%
Міндетті сақтандыру – 15,84 %
Автокөлікті ерікті сақтандыру – 10,57%
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру – 80,87%
2.3 Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін бағалау
Қор Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы құралдарына Сенімді басқарушы арқылы Қор активтерін орналастыру жолымен инвестициялық қызметін жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізімі бекітілген, оның құрамына:
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары –50 % кем емес;
2.Агенттік бағалы қағаздары – 25 % артық емес;
3.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі (депозиттер) салымдар – 30 % артық емес;
4.Орналастыру күніне бағалы қағаздары сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген екінші деңгейдегі банктердегі салымдар (депозиттер) – 10 % артық емес;
5.Мемлекеттік бағалы қағаздармен кері РЕПО операциялары – 50 % артық емес;
6.Агенттік бағалы қағаздарымен кері РЕПО операциялары – 25 % артық емес;
Ақшамен және бағалы қағаздармен сенімді басқару бойынша операцияларды жүргізу үшін Қор мен Сенімді басқарушы арасында Қордың бағалы қағаздары мен ақшасын сенімді басқару туралы келісім жасалады.
Әлеуметтік аударымдарды аударушылардың жеткіліксіз ақпараттандырылуынан кейбір екінші деңгейдегі банктерде әлеуметтік аударымдарды қабылдау бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің болмауынан және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің заңдылықтарындағы жекелеген жетіспеушіліктердің салдарынан қаңтар – наурыз айларында активтердің түсу деңгейінің төмен екендігі байқалды. [16]
2009 жылдың тамыз айынан бастап түскен әлеуметтік аударымдар сомасының үздіксіз өсуі байқалады. Мұны ең кіші еңбек ақы мөлшерінің көбеюімен және мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысының өсуімен, сонымен қатар төлемшілер арасында түсіндіру жұмыстарының белсенді түрде жүргізілуімен, салық органдарымен, екінші деңгейдегі банктер мен атқарушы үкіметпен арамыздағы өзара қызметтің жақсаруымен түсіндіруге болады. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы түсімдердің жекелеген көрсеткіштері мен Қор активтерінің шығысы туралы 2 кестеде көрсетілген.
2-кесте
Көрсеткіштің атауы | Сомасы мың. теңге |
1. Активтердің түсуі: | 13 886 289,3 |
1.1.әлеуметтік аударымдар 1.2. әлеуметтiк аударымдар төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн алынған өсiмпұл 1.3. инвестициялық табыс | 13 722 456,1 52 300,5
111 532,7 |
2. Активтердің шығуы: | 185 211,8 |
2.1. Әлеуметтік төлемдер: - еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша - асыраушысынан айырылуы бойынша - жұмысынан айырылуы бойынша 2.2. Комиссиялық сыйақы 2.3. Қате есептелген сомаларды қайтару | 6 380,6 3 775,8 57,3 155 919,9 |
Барлық активтер | 13 701 077,5 |
2010 жыл бойы төлемшілерге 13 774 756,6 мың теңге есептелді және әлеуметтік аударымдар төленді, оның ішінде әлеуметтiк аударымдар төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн алынған өсiмпұл 52 300,5 мың теңгені құрайды. Қаржылық жылдың аяқталуына байланысты әлеуметтік аударымдардың айтарлықтай өсуі байқалды.
185 211,8 мың теңге қаржы Қор активтері мақсатты тағайындалуы бойынша жұмсалды, яғни:
- 10 213,7 мың теңге әлеуметтік төлем есептелді, оның ішінде еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша 6 380,6 мың теңге, асыраушысынан айырылуы бойынша 3 775,8 мың теңге, жұмысынан айырылуы бойынша 57,3 мың теңге.
- Қор қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақылар 155 919,9 мың теңге
- Қате төленген әлеуметтік аударымдарды және басқа да қате есептелген қаражаттарды қайтаруға 19 078,2 мың теңге жұмсалды. Жыл бойы Қорға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардан қате аударылған әлеуметтік аударымдарды қайтаруға 1033 өтініш түсті, 116 өтініш бойынша қайтаруға негіз болмауы себепті 607,6 мың теңгені қайтаруды қабылдамауға шешім шығарылды. Қайтаруға негіз болатын себептерге:
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізіміндегі санау және механикалық қателер, жұмыс істейтін зейнеткерлер үшін артық төленген әлеуметтік аударымдар жатады.
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерiн инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы N 877 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Сенімді басқарушы ретінде жыл басынан 102 690 560,2 теңгеге Қордың активтерін орналастырды, оның 89 239 113,1 мың теңгесі өтелді.
2010 жылдың 1 қаңтарына қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің көлемі 79 операцияны құрады, оның ішінде ҚРҰБ ноталарына – 46, ҚРҚМ облигацияларына – 3, ҚРҰБ депозиттеріне – 21 және кері РЕПО операцияларына – 8, олардың 70 операциялары жабылды және 111 532,7 мың теңге көлемінде инвестициялық табыс алынды.
2010 жылдың 1 қаңтарына Қордың 66 % активі ҚРҰБ нотасына 8 941 747,6 мың теңгеге (4 мәміле) инвестицияланды, 4 % активі 509 645,6 мың теңгеге ҚРҚМ облигациясына (3 мәміле), активтердің 30 % Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне 4 000 000,0 мың теңгеге депозитке салынды (1 мәміле).
Инвестициялық табыс мөлшерінің өсуі – көбіне Қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізімін одан әрі кеңейтуге және Қордың активтерін тікелей басқару туралы мәселелердің болашақта шешімін табуына байланысты.[15]
III. ҚР сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жетілдіру бағыттары
3.1 Қазақстандағы сақтандыру нарығын жетілдіру шаралары
Қазақстанның сақтандыру нарығы соңғы кезде дерлік прогресс көрсетуде. Бұқаралық ақпарат құралдарының тарапынан бұл нарықтағы болып жатқан барлық қызық және позитивті тенденциялар толығымен көрсетпей отыр. Мұны ескере келе, сонымен қатар маңызды жайт – сақтандыру төлемдерін кепілдендіру Қорының құрылуы, міндетті сақтандыру түрлерінің ұлғаюы, экспортты сақтандыратын корпорацияны құру – ҚР-ның сақтандыру нарығының дамуындағы ең маңызды тенденциялары болып отыр.
Оларды сипаттай келе, Қазақстандағы сақтандыру ісінің дамуын анықтайтын факторларды белгілеу керек. Ең алдымен, ол жалпы халықтың әл-ауқатының жақсаруы, қоғамның сақтандыру мәдениеті мен сақтандыру менеджменті деңгейінің жоғарлауы, сонымен бірге жалпылай мемлекеттік бақылаушы органның тиімді саясаты болып табылады.
Бірақ та, Қазақстанның сақтандыру нарығын сапалы түрлендіру үрдістерінен тежеп тұрған бірнеше субъективті факторлар тағы бар, соның ішінде сақтандыру бизнесінің терең дифференциациясы үрдісі және сақтандыру қызметінің диверсификациясы. Қазақстандағы сақтандыру қызметін тежеп тұрған жалпы субъективті факторлары әртүрлі : солардың қатарына сақтандыруға қатысты заңдардың тым қарапайымдылығынан (қазіргі заң жобасында сақтандыру нарығының өркениетті дамуына қажетті сұраныстың минималды бөлігі ғана қамтылған), кейбір сақтандыру бизнесінің өкілдерінің ашық қылмыстық іс-әрекеттерін жатқызуға болады. Осының бәрі халықтың арасында сақтандыру компанияларына деген сенімге нұқсан келтірді.
Біріншіден, қатаң орталықтанған экономикалық жүйенің ұзақ мерзім жұмыс істеуі экономиканың маңызды саласы болып табылатын сақтандырудың толық көлемде дамуын шектеді, сонымен бірге, шаруашылық субъектілері халық арасында сақтандыру қызметі екінші рөлді, көмекші қызмет деген түсінік қалыптасты. Нарыққа дейінгі екі жақты әсері нарық жүйесіне ауысқаннан кейін түпкілікті өзгереді, нарықтың экономикалық маңызды сферасы ретінде сақтандыру бизнесінің озара дамуына қажеттілік туындады, әсіресе кризистік тенденциялар туындағанда білінеді. Бірақ ұзақ уақыт бойы сақтандыруға қатысты қалыптасқан көзқарас сақталып отыр және Отандық сақтандыру нарығының сапалы түрленуіне тежеуші әсер етуде. Бірақ та, қазіргі кезде басқарудың нарықтық жүйеге ауысқаннан бері сақтандыру ісіне деген консервативті көзқарас ашық айтылмаса да, стратегиялық маңыздылықтың бағаланбай отырған элементтерін көру қиын емес.
Екіншіден, Қазақстандағы сақтандыру ісінің дамуына басқа да бұрынғы социалистік елдердегі сияқты, сақтандыру компанияларының қызметінің артық регламентациясы, олардың инвестиция қызметін катаң шектеу, капитализация бойынша артық жоғары талаптар қою және тағы да басқалары. Сондай-ақ ерекше атап өтетін жағдай ол сақтандыру компанияларының құқығын қолдан шектеу жасау арқылы сақтандыру компанияларының құқығын сақтандыру тарифтерінің өлшемін анықтау. Бұл іс жүзінде сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым-қатынас принцептері нарықтан аулақ екенін көрсетеді.
Сақтандыру тарифтернің мөлшерін қатаң бекіту, бәсекелестік деңгейін төмендетеді, сақтандырудың кейбір жаппай түрлерін сақтандырушыларға аз ұнамды етеді. Бекітілген тарифтер сақтандырушылардың қызмет ету сапасын жоғарлатуға септігін тигізбейді. Бұл авто иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруында анық көрінеді, сақтандырудың жаппай түріне айналады және Қазақстанның нарықтық сақтандыруының негізгі үрдісін қалыптастырады.
Қазақстандық сақтандыру компанияларының көбі, осы секторда қызмет етеді, бірақ әлі де болса қызмет сапасы төмен деңгейде қалуда. Сақтандырушылар жағынан тарифтер бойынша проблемалар туындайды, олар экономикалық өмірдің өсуімен санаспайды. Бұған шетелден әкелетін авто көліктердің көлемінің өсуі және осыған байланысты көп қалаларда көліктің легінің артуы өз ықпалын тигізуде. Сақтандырушылардың сөзіне қарасақ олар сақтандырулық бұл түріне сақтандыру заңына қарамастан қызығушылықтарын жоғалтқан. Әлі де сақтандырудың бұл түрімен айналысып жүрген сақтандыру компанияларының өкілдерінің сөздеріне қарасақ, сақтандырудың бұл түрінен шығындары аспандап барады, әсіресе Алматы ,Астана сияқты өте ірі қалаларда. Күн өткен сайын ЖКО саны, келтірілген зиянның көлемі де артуда, осының салдарынан төленетін төлемақылар суммасында артты. Егер бұрындары орташа зиян 30-50 мың бағдарында болса, ал қазір әр ЖКО үшін сақтандырушылар одан 2-3 есе артық сумма төлеуге мәжбүр.
Үшіншіден, Сақтандырушылардың жағынан автоиелерінің азаматтық –құқықтық жауапкершілігі сияқты сақтандырудың жаппай түрі негізінде статистикалық есепке алуын жасауды созуы сияқты субъективті фактор өздігінен сақтандыру нарығының тұрақтануына тежегіш болып табылады. Өйткені мемлекет тарапынан осы нарықты құруға деген ынталықтың жеткіліксіздігі, жақсы нәтиже әкелмеді, ал ондай факторлар жеткілікті мөлшерде жиналып қалды.
Төртіншіден, Қазақстандағы сақтандыру нарығының дамуының қарқынымен деңгейіне едәуір ықпал еткен фактор, құнды қағаздар нарығының қалыптасуындағы баяулылық. Сақтандыру қызметінің қалыпты өсуі көп жағдайда қолда шоғырланған қаржы көздерін сенімді және пайдалы орналастыруға тікелей байланысты. Ұлттық құнды қағаздар нарығының жеткілікті деңгейде дамымауы Қазақстандық сақтандыру компаниялары үшін ұзақ мерзім көлемінде рационалды инвестиция портфелін құруда үлкен қиындықтар туындырады. Сонымен қатар, ұлттық құнды қағаздар нарығында жеке меншік компаниялардың акцияларын сатып алудағы көлемнің аздығы сақтандыру компанияларының капитализациясын тежеуші фактор ретінде айтылып жүр.[7;524-525]