Сақтандыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 20:02, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.
Инвестициялық саясат ең біріншіден экономиканың тиімділігін өсіру және жоғарлату темпін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мәселелерді шешуде республика экономикасына шетел капиталын тарту маңызды орын алады. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту обьективті қажетті процес болып табылады.

Оглавление

Кіріспе.........................................................................................................................3

I тарау. Сақтандыру мәні және сақтандыру компанияларының қызметі
1.1 Сақтандырудың функциялары және мәні..........................................................5
1.2 Экономикада сақтандырудың мәні мен рөлі.....................................................8
1.3 ҚР сақтандыру компанияларының қызметі………………………………..17

II тарау. Сақтандыру команияларының инвестициялық қызметін талдау
2.1 Сақтандыру компанияларының қаржылық қызметін талдау.......................20
2.2 "Альянс Полис" сақтандыру компаниясы және оның қаржылық жағдайын талдау..........................................................................................................................22
2.3 Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін бағалау............26


III тарау.ҚР сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жетілдіру бағыттары
3.2 Қазақстандағы сақтандыру нарығын жетілдіру шаралары............................23
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары мен реттеу әдістерін жетілдіру...................................................................................................25

Қорытынды ..............................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................31
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

сақтандыру.doc

— 296.00 Кб (Скачать)

Корпорацияларды қаржыландырудың шетелдік және отандық тәжірибесін талдауы көрсеткендей, экономиканың трансформация жағдайында өндірістің құрылымдық өзгерістері мен жеделдетілген дамуы кезінде тартылған көздердің рөлін күшейту маңызды. Бұл кезде ұдайы өндіріс процесін үздіксіздігімен және кеңеюін қамтамасыз ету үшін инвестициялық өсу меншікті көздерінің жеткіліксіздігі қаржы нарығына шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығуы және өндірушілердің, саудагерлердің, жеке жинақтаушылардың және институтционалды инвесторлардың, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бос ақша қаражаттарын жинақтау арқылы толтырылады.

Осы аталған мәселелерге қатысты бірқатар бағытта өзгерістер жүргізілуде. [4;101-102]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Сақтандыру команияларының инвестициялық қызметін талдау

2.1 Сақтандыру компанияларының қаржылық қызметін талдау

 

 

Сақтандыру компаниясының қаржылық-шаруашылық қызметінің маңызды бағыты сақтандыру резерві және меншік капиталының қаражаттарын инвестициялау болып табылады. Жинақтаушы сақтандыру арқылы жиналған сақтандыру сыйақысының бір бөлігін инвестициялау сақтандыру келісім-шарттарын орындаудың қажетті элементі. Сақтандырудың тәуекелді түрлері (ең алдымен мүліктік тәуекелден сақтандыру) бойынша сақтандыру сыйақысын инвестициялау табыстың қосымша және елеулі көзі болып табылады.

Сақтандыру компаниясының сақтандыру операцияларынан кейін, табыс көзі ретінде екінші болып келетін олардың инвестициялық қызметі дұрыс дамымай отыр. Сонымен қатар, Қазақстандағы сақтандыру қызметі нарығындағы өскен бәсекенің салдарынан сақтандырудың тарифтерінің төмендеуі, әлеуетті сақтанушының тәуекелден қорғаудың баламалы әдістерін таңдауы сақтандырушылардың инвестициялық белсенділігін дамыту проблемасын, ең көкейкесті проблемалардың қатарына қояды.

Сақтандыру компаниясының активтері қарқынды түрде өсуде және 2009 жылда 44,1 млрд. теңгеге жетті. Институтционалды инвесторлардың (сақтандыру компаниясы және зейнетақы қорлары) активтерінің тұрақты өсуі ең сапалы және өтімділігі жоғары қаржылық инструменттерге активтерге орналастыру үшін сәйкес шарттарды жасауға алғы шарттар қояды. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА) бұл бағытта белгілі бір шаралар жүргізуде. Бірақ, оның мүмкіншіліктері отандық қаржы нарығының белгілі даму ерекшелігіне байланысты шектеулі. Сондықтан, сақтандыру компаниялары және зейнетақы қорлары экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімді ресурстармен қамтамасыз етуде елеулі роль атқармайды.

Бастапқы кезеңде сақтандыру резервтері ең бірінші мемлекеттік бағалы қағаздарға (атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына) инвестицияланады.

Теңгенің құнсыздануымен (девальвациясымен) қатар, мемлекеттік бағалы қағаздардың салыстырмалы жоғары табыстылығы зейнетақы активтері бойынша табыстылықтың жақсы көрсеткіштерімен қамтамасыз етті. Осыған байланысты жыл табысты болды. Бұл жылы долларға шаққанда теңгенің девальвациясы болды. Салым тәуекелімен байланысты проблемалар шықпады, өйткені сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің 90%-нен астамы мемлекеттің борыштық міндеттемесіне тең болды.

Экономиканың өсуіне, қаржы нарығын ресуртармен толықтыруға байланысты, сақтандыру резервтерін инвестициялау үшін өтімді қаржы инструментінің жеткіліксіз болуымен проблемалар пайда бола бастады. Сонымен қатар, доллардың нығаю кезеңінде жақсы табыс әкелген және шетел валютасындағы активтерге бағытталған сақтандыру компанияларының инвестициялық портфельдің қалыптасқан құрылымы сақтандыру компанияларының жағымсыз жағынан көрінді. Инструменттің тапшылығы және төмен табыстылық проблемасы 2009 жылдан бастап шиеленісті. Бұл Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қарызға алу көлемінің азаюы және долларға шаққанда теңгенің нығаюының нәтижесінде болды.[15]

 

Кесте 1 – Сақтандыру сектордың негізгі көрсеткіштерінің динамикасы

Көрсеткіштер

2003 жылы

2004 жылы

2005 жылы

2006 жылы

2007 жылы

2008 жылы

2009 жылы

ІВП, млн. тенге

1672100

1733300

2016500

2599900

3250600

3747200

4495000

Тұрғын саны, млн. адам

15,4

15,1

14,9

14,8

14,4

14,8

14,9

ІВП сақтық сыйақыға қатынас, %

0,19

0,24

0,29

0,31

0,43

0,61

0,64

ІВП меншік капиталға қатынас, %

0,07

0,1

0,12

0,18

0,16

0,16

0,20

ІВП активке қатынас, %

0,23

0,31

0,36

0,32

0,49

0,33

0,46

Бір адамға сақтық сыйақыға қатынас, тенге

209,45

274,09

393,42

551,03

963,43

1535,09

1937,60

 

Дамыған елдерде сақтандыру сыйақылары ІВП қатынасына 9,5 %, оның ішінде 3,6 % басқа сақтандыру, өмірді сақтандыру, және 5,9 % – өмірді

 

сақтандыру. 1 кестеде және 3 суретте ІВП шет елдерде сақтандыру үлесі көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

                Сурет 3 – Сақтандыру сектордың негізгі көрсеткіштердің динамикасы жылдары, %

 

 

2.2 "Альянс Полис" сақтандыру компаниясы және оның қаржылық жағдайын талдау

 

 

"Альянс Полис" Сақтандыру компаниясы" Акционерлік қоғамы сақтандыру нарығында 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2002 жылға дейін компания "Тұмар" аталды.

 "Альянс Полис" СК" АҚ "Seimar Alliance Financial Corporation-ның" әріптесі болып табылады.

 Қызметінің түрі: Сақтандыру қызметі және қайта сақтандыру жөніндегі қызмет.

 Жарғылық капиталы – 1 360 млн. теңге. Қаражаттың осындай мол көлемі компанияның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді және клиенттері алдындағы міндеттемелеріміз бойынша төлемдерді жүзеге асыруға кепілдік береді.

 Компания сақтандырудың 24 санаты бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияға ие:

 Міндетті сақтандыру бойынша ОС № 4-10/1 - 07.03.07 жылы берілген.

 Ерікті жалпы сақтандыру бойынша ДОС №4-11/1 - 5.12.2007 жылы берілген.

 сондай-ақ қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензия ПД№4-1/1 - 18.05.06 жылы берілген.

 Компанияның Қазақстанның 20 қаласында кең тармақты бөлімшелер желісі бар.

Бүкіл Қазақстан бойынша полистер сататын 456 орын жұмыс істейді.

Компанияның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

"Альянс Полистің" келісім-шарттар портфелінің қайта сақтандыру қорғауын ыңғайлы да ойластырылған жүйесі компанияның жоғары қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді . "Альянс Полис" Сақтандыру компаниясы" АҚ өз тәуекелдіктерін жергілікті нарықта да, шетелдік әріптестерінде де қайта сақтандырып қояды. Тәуекелдіктерді орналастыру жан-жақты дамыған және жетекші делдалдар қатысуымен жүзеге асады.

Бұл компания сақтандыруға қабылдайтын мүліктік тәуекелдіктер, құрылыс және монтаж тәуекелдіктерін қоса есептегенде, CAT XOL апаттық тәуекелдіктерді қайта сақтандырудың облигаторлық келісім-шартымен өтеледі. Бұл салада көшбастаушы болып аса ірі «Munich Re» қайта сақтандыру ұйымы саналады. Қалған 6 қайта сақтандыру компаниясы 15 үздік қайта сақтандыру қоғамдары тізіміне кіреді және S&P бойынша қаржылық сенімділік рейтингіне ие.

Келісім-шарттың жалпы сыйымдылығы USD 25 млн. құрайды.

2009 жылғы шілденің 1-інде компания S&P бойынша AA рейтингіне ие Hannover Ruckversicherung AG белгілі қайта сақтандыру қоғамымен қаржылық шығындарды пропорционалды қайта сақтандыру келісім-шартын жасады.

"Альянс Полис" АК" бұл келісімге қол жеткізуі шетелдік қайта сақтандыру нарығының сақтандыру компаниямыздың абыройы мен қаржылық дербестігіне деген сенімінің биік екендігінің айғағы.

Қосымша қаржылық тәуекелдіктерді Lloyd’s синдикаты аса ірі брокер "Willis" делдалдық етуі арқылы өтейді.

2009 жылғы мамырдың 1 –інде ауыл шаруашылық тәуекелдігін қайта сақтандыру келісімі жасалды. Мұнда қайта сақтандырушы міндетін өз мойнына Moody`s Investors Service рейтинг агенттігінің көрсеткіші бойынша Baa1 рейтингіне ие ОАО «РОСНО» компаниясы алды.

Компания әріптестері – төменде аталған ірі делдалдар, сақтандыру және қайта сақтандыру компаниялары:

 ТОО «Марш (сақтандыру делдалдары)»

 ТОО «СБ «АОН Казахстан»

 ТОО «Сақтандыру делдалы АКСИОМ»

 ТОО «Сақтандыру делдалы  «SP-Malakut»

 Cooper Gay (Eastern Europe) Limited

 Willis

 RFIB Group Limited

 Munich Re

 SCOR

 және  Қазақстан мен Ресейдің жетекші сақтандыру компаниялары.

 "Альянс Полис" Сақтандыру Компаниясы - сақтандыру төлемдерін кепілдендіру Қорының қатысушысы, Қазақстанның Қаржыгерлер Қауымдастығына кіреді және Қазақстанның Салық төлеушілер Қауымдастығының мүшесі болып табылады. Компания сондай-ақ шағын және орташа кәсіпкерлікті дамыту Қоры берген кепілдіктерді сақтандыру жөніндегі сақтандыру пулының қатысушысы болып табылады.

Жеке сақтандыру департаменті:

Департамент жауапкершілігі аясына бүкіл Қазақстан аумағында жеке тұлғаларға сақтандыру өнімдерін сату кіреді. Қазіргі уақытта «Альянс Полис» СК» АҚ –ның Қазақстанның барлық облыстарында өз филиалдары жəне өкілдіктері мен агенттік орындарының кең ауқымды желісі бар. «Альянс Полистің» филиалдық жəне агенттік желісі елдегі ең үлкен желі болып табылады жəне ол 450 сату кеңселері мен сатудан кейінгі қызмет көрсету орындарынан тұрады.

Корпоративтік сақтандыру департаменті:

Департаменттің негізгі міндеті компанияның «Казатомпром», «КазГерМунай», «Альянс Банк», «Landmark», «TS Engineering», «Mercur Auto», Автоцентр «Бавария» жəне басқалар секілді корпоративтік клиенттеріне сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда «Альянс полис» сақтандыру компаниясы өз клиенттеріне тəуекелдік мəселесі бойынша кеңес беру жəне дербес сақтандыру/қайта сақтандыру бағдарламаларын құру жөніндегі кешенді қызмет көрсетеді.

HR-департамент:

2009 жылы HR-департамент жұмысы айтарлықтай жетілдірілді, компания қызметкерлерінің кəсіби біліктілігін тиімді арттыру міндетін жүзеге асыру үшін жекеменшік оқу орталығы құрылды.

Наразылықтарды реттеу басқармасы:

Басқарма жауапкершілігі аясына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, клиенттер мен əріптестер наразылықтарымен жұмыс істеу кіреді. Сақтандыру төлемін алу процессін оңтайландыру үшін 2008 жылы компания жанынан төлем орталығы ашылды, апат комиссарларының тəулік бойы жұмыс істейтін қызметі құрылды, автокөліктері бар клиенттерге техникалық қолдау көрсету қызметі жолға қойылды.

2009 жылы деректер бойынша республиканың сақтандыру нарығында 41 сақтандыру компаниясы қызмет еткен. Бұл нарықтың жартысынан астамы бес аса ірі сақтандыру компанияларының үлесінде. Сыйлықақылар жинау бойынша көш бастаушы «Альянс-Полис»(17,4%) болып табылады, келесі орындарда «Евразия» (12,5%), «Виктория» (11%), «БТА Страхование» (8,1%) жəне «Казахинстрах» (7,7%) келеді. ҚҚА деректеріне сай:

Қазақстанның сақтандыру компаниялары 2009 жылы жинақтаған сыйлықақылардың жалпы көлемі 147,3 миллиард теңгеге жетті, өсім 22,5 % құрады.

Жиынтық активтер 2009 жылғы қаңтардың 1-іне 223,5 миллиард теңге құрады. Жиынтық активтер өсімі 65 %.

Жекеменшік капиталдың жиынтық мөлшері 126,2 миллиард теңгеге жетті, өсім 57,5% құрады.

Сақтандыру резервтерінің жалпы сомасы 86,4 миллиард теңге құрады, бұл - өткен жылғы қаңтардың 1-інде қалыптасқан резервтер көлемінен 88,8% - ға артық болды.

2009 жылы жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге өсіп, 49,1 млрд. теңге құрады.

Үрдістер. Сонымен, 2009 жылы Қазақстанның сақтандыру нарығы алдыңғы жылдардағыдай аса қарқынды болмағанмен, біршама белсенді өсіп отырды. Атап айтқанда, сақтандыру сыйлықақыларының көлемі секілді көрсеткіштер бойынша өсім 2009 жылы 4 есеге дейін бəсеңдеп 2008 жылғы – 79,2% -дан 22,5 % -ға түсіп кетті. Дегенмен жекеменшік капитал, активтер жəне қалыптасқан сақтандыру резервтері мөлшері секілді көрсеткіштер – тұрақты өсімді көрсетіп тұр, ал бұл сарапшылардың, еліміздің сақтандыру нарығындағы жағдайды сапалық өзгерістік орнығу кезеңі деп атауына негіз бола алады. 2010 жылға қарай Қазақстанның сақтандыру компаниялары айтарлықтай капиталданып, нарық бейнесін айқындалды, əркелкі даму кезеңінің орынын үздіксіз даму кезеңі басты.

Өзгерістік ең негізгі айқындағыштарының бірі ретінде нарық көшбасшыларының корпоративтік сегменттен жеке сегментке көшуін атауға болады. Шынымен-ақ 2009 жылы іс жүзінде Қазақстанның барлық сақтандыру компаниялары: Альянс Полис, БТА тобы, Казахинстрах, Казкоммерцполис өздерінің жеке тұлғаларды сақтандыру сегментін белсенді дамытуға деген ниеттері туралы мəлімдеді. Мұндай өзгерістерге қосымша ынталандыру құралы Автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңына түзетулер енгізу болды. Түзетулер міндетті автосақтандырудың бағасын айтарлықтай өсіруді қарастырды, заңды бұзбайтын автокөлік иелерін ынталандыратын «бонус-малус» жүйесі енгізілді. Сонымен қатар, бұл сақтандыру бойынша төленетін төлемді алу қағидасы да өзгертіліп, «шығындарды тікелей реттеу» тəртібі енгізілді. Жаңа тəртіп жүргізушілерді сақтандыру полистерін өз істеріне адал, сенімді сақтандыру компанияларында сатып алуға ынталандырады. Осы түзетулер арқасында, автокөлік иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру қызметі сақтандыру компаниялары үшін аса табысты болып табылды, өйткені міндетті сақтандыру «кіру өнімдері» құрамына жатады, ал 2009 жылы жекелеген сақтандыру өнімдерін бұқара халыққа сату көлемінің өсетінін қазір-ақ болжауға болады.

Информация о работе Сақтандыру