Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 20:02, курсовая работа
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.
Инвестициялық саясат ең біріншіден экономиканың тиімділігін өсіру және жоғарлату темпін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мәселелерді шешуде республика экономикасына шетел капиталын тарту маңызды орын алады. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту обьективті қажетті процес болып табылады.
Кіріспе.........................................................................................................................3
I тарау. Сақтандыру мәні және сақтандыру компанияларының қызметі
1.1 Сақтандырудың функциялары және мәні..........................................................5
1.2 Экономикада сақтандырудың мәні мен рөлі.....................................................8
1.3 ҚР сақтандыру компанияларының қызметі………………………………..17
II тарау. Сақтандыру команияларының инвестициялық қызметін талдау
2.1 Сақтандыру компанияларының қаржылық қызметін талдау.......................20
2.2 "Альянс Полис" сақтандыру компаниясы және оның қаржылық жағдайын талдау..........................................................................................................................22
2.3 Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін бағалау............26
III тарау.ҚР сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жетілдіру бағыттары
3.2 Қазақстандағы сақтандыру нарығын жетілдіру шаралары............................23
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары мен реттеу әдістерін жетілдіру...................................................................................................25
Қорытынды ..............................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................31
Қосымшалар
Қазақстанның сақтандыру нарығы салыстырмалы түрде әлі жас, себебі тәуелсіз даму 1992 жылдан басталады. Оған қарамастан тек қана Қазақстанның сақтандыру нарығының дамуының ерекшеліктері бар:
- ұсынылып отырған сақтандыру өнімдерінің аздығы (барлық салаға 35-40);
- нарықтың тығыз концентрациясы (10 үлкен компаниялардың үлесі 80% құрайды);
- корпоративті сақтандыруға ерекше көңіл бөлінуі;
- жинақтаушы сақтандыру түрлерінің дамымағандығы.
Әдеттегідей, сақтандыру нарығын талдағанда сақтандыру ұйымдарының даму жағдайы көрсететін шығын коэффиценті (сақтандыру төлемдерінің сақтық сыйақысына қатынасы) маңызды көрсеткіш ретінде есептелінеді. Қазақстан Республикасында ол әлі де орташа есеппен 40% аспай отыр, міндетті сақтандыру бойынша – 38,9%, ерікті жеке сақтандыру бойынша – 36,6%, ерікті мүлікті сақтандыру бойынша – 8% құрап отыр. [13;198]
Нарықтық экономикаға көшу барысында қаржы-несие сферасының құрамдас бөлігі ретінде сақтандыру ұйымдарына келешекте экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіп, оны сақтау үшін маңызды рөл атқарады. ҚР-ның сақтандыру нарығының жылдам жетілдіруіне қарамастан елдегі басқа қаржы нарықтары сфераларымен салыстыра келе сақтандыру нарығы әлі де, жеткілікті дамыған жоқ (активтер соммасы, қызмет көрсетілетін клиенттер, аймақтық дамуы, және т.б. көрсеткіштер бойынша). Бірақта, республикадағы сақтандыру нарығын дамытуға ұмтылыс келесі шараларды орындауды көздейді:
- сақтандыру құрамының қаржылай тұрақтылығы мен сенімділігіне қол жеткізу;
- сақтандыру ісін мемлекеттік реттеу әдістерінің тиімділігін арттыру;
- қазақстандық және халықаралық сақтандыру нарығының қарым-қатынасын қалыптастыру.[6;392]
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары мен реттеу әдістерін жетілдіру
Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміздің экономикалық мүмкіндіктеріне сенім білдіріп, елімізге жаңа идеялар мен технологиялар әкелген шетелік инвесторларға әркез қолдау көрсетіп жүр. Бұл елдің ертеңін ойлағаннан туған риясыз іс екені анық. Өйткені, Елбасының өзі атап көрсеткендей, бізге болдық-толдық деуге әлі ерте.
Елімізге қосымша инвестициялар тартуда, жаңа технологиялар мен сапаның жаңа стандарттарына жету жолында Қазақстанға әлі де көмек, қолдау қажет екені анық. Бізде экономикалық белсенді халық саны әлі де болса шектеулі екені белгілі. Екінші жағынан, бүгінде елде өндірістің өсу қарқыны жоғары. Мұның өзі мемлекетке оның әр түрлі салалары бойынша кәсіби шеберлігі жоғары кадрлар әзірлеуді күн тәртібінен түсірмеуді жүктейді. Бұл ретте шетелдің озық тәжірибелерінен үйренгеннің ешқандай жаттығы болмаса керек. Елбасы ойы бізге осы қағиданы меңзейді. Республикамызда қолға алынған индустриялық-инновациялық жүйе де бірінші кезекте білікті кадрларға деген сұранысты туғызары хақ. Аталған бағдарлама мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына өтуіне қолайлы алғышарттар қаламақ.
Сонымен, Қазақстандағы инвестициялық тартымдылықтың сыры неде дегенге келетін болсақ, біріншіден, мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруге жол аша білуі деп айтуға болады. Бұл орайдағы Нұрсұлтан Әбішұлының жеке еңбегі мен оралымдылығы, шетелдік инвесторлармен ортақ тіл табыса алуы атап айтуға тұрарлық жәйт деп білеміз.
Тағы бір айтарлық, елімізде жоспарланып отырған жеті кластердің де инвестициялар үшін атқарар рөлі зор. Сондықтан болса керек, Шетелдік инвесторлар кеңесінің соңғы отырысында Мемлекет басшысы осы аталған салаларға назар аударулары қажеттігін атап көрсетті. Әрі инвесторлар оған бет бұра қалған жағдайда белгілі бір ынталандыру шаралары да белгіленетінін ұқтырды.
Осы соңғы мәжілісте қозғалған мәселелер бір ғана Қазақстанның көлемімен шектеліп қалмай, тұтас Орталық Азия өңірін, ондағы инвестициялық ахуалды қоса қамтыды. Кеңестің қорытындысы туралы ой қозғаған Еуропа Қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер елдің бүгінгі даму қарқыны жаңа инвесторлар тартуға жол аша алады деп мәлімдеді.
Осылайша өнеркəсiбi дамыған елдердiң кiрiсiнiң 1/5-ге жуығы мен дамушы елдердiң кiрiсiнiң 1/3-ге жуығы тiкелей экспортқа қатысты. Тəуелсiз эксперттердiң бағалауынша дүние жүзiнде өңдеу өнеркəсiптерiнiң 40-50% қолданыста жəне 10-12%-ға жуығы қызмет көрсету саласында əлемдiк кiрiстi қайта бөлудiң негiзгi құралы болып табылатын сыртқы саудамен тiкелей немесе жанама байланысты.[3;561-562]
Ғаламданудың ұлттық экономикаға əсер етуiнiң кейбiр аспектiлерiне ерекше назар аудару керек. Ең алдымен, бұлар əлемдiк сауданың темпiнен асатын тiкелей шетел инвестицияларының өсуiнiң өте-мөте жоғарғы қарқыны болып табылады. Бұл капитал салымдары ұлттық экономикаға тiкелей əсер көрсететiн əлемдiк мекемелер құрылуында, өнеркəсiптiк қайта құрылымында, технологияны трансферттеуде, ұдайы өндiрiс процесiнде басты роль атқарады.
Болашақта әлеуметтік сақтандыруды әлеуметтік қорғау жүйесінде дамыту үшін әлеуметтік сақтандыруды және әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту керек. Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте ойда болмаған және төтенше оқиғаға байланысты белгілі бір объектіні сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру сияқты екі оқшауланған нысанады іс-әрекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоспағанда әлеуметтік сақтандыру проблемаларымен – халықты әлеуметтік қорғау жүйесінен тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының Конститутциясы Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшерлеріне әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді. Нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесіне орай әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттік, мемлекеттік емес құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің көп жақты жауаптылығының негізінде құрылады.
Алайда халықты әлеуметтік қорғаудың сферасына «әлеуметтік қамсыздандыру» мен «әлеуметтік сақтандыру» терминдері сипатты болғанымен бұлар бара-бар ұғымдар емес.
Екiншi аспект технологиялық инновацияға əсер етумен байланысты. Жаңа технологиялар алдында айтылғандай, ғаламданудың қозғалыстағы күштерiнiң бiрi бола отырып мемлекеттер арасындағы бəсекенi ұлғайтады.
Инвестициялық іс-әрекет әлеуметтік факторларды ескере отырып реттелінбесе, онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негізгі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде ннвестицияны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде әлеуметтік және экономикалық кұрылымдарды қатер қалыптастырып, ескеріп отырғанда ғана дүниежүзілік және аймақтық дағдарыстардан құтылуға болады. Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының, жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-әуқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптей көруге болады.
Сонымен, ғаламдану кезінде қызмет саудасының өсуi байқалады, онымен қоса қаржылық, заңды, басқарушылық, ақпараттық жəне халықаралық қатынастар саудасының негiзгi факторына айналатын "көрiнбейтiн" қызметтердiң барлық түрлерi байқалады. Егер 1970 жылы қызмет экспорты тiкелей шетел инвестицияның 1/3 бөлiгiмен байланысты болса, онда қазiргi уақытта бұл үлес 50%-ға дейiн өстi, осылайша əлемдiк нарықта аса маңызды тауар интеллектуалды капитал болып табылады.[8;258-260]
Ғаламданудың бiрiншi артықшылығы халықаралық бəсекелестiктiң шиеленiсуiнен шықты. Бəкелестiк жəне рынокты ұлғайту мамандықтарды тереңдету мен халықаралық еңбек бөлiнiсiне əкеледi жəне өндiрiстiң өсуiн тек қана ұлттық емес, əлемдiк деңгейде ынталандырады.
Сонымен қатар шетел инвестициясын әлеуметтік салаға тартудың тағы да бір тиімді әрі озық әдістеріне муниципалдық құнды қағаздар шығару жатады. Инвесторлар үшін көптеген корпоративтік құнды кағаздардың тиімділігін есксре отырып, мемлекеттік құнды қағаздардың Казақстан кұнды кағаздар нарығын|да инвестициялық белсенділікті арттыратын негізгі тетік екенін атап өткен жөн. Ұзақ мерзімді қаржылардың өтімділігін арттыруды қамтамасыз ету үшін, оның қорына қаражат және басқа да бағалы қағаздар рыногында айналымда жүрген банкілік акцепттерді, коммерциялық кағаздарды, тауарлық-несиелік корпорациялардың брокерлік карыздары мен куәліктерін, орналастырады.
Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар инвестициялык банктердің көмегінсіз үзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі төжірибесінде мүндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен айналыепа-сада, компаниялар қүрылып қызмет ете алмайды.
Инвестицияны әлеуметтік салаға тартудың көрсетілген бағыттарынан басқа да істеріне кепілдік қоры, ипотекалық несиелендіру де инвестицияның тұрақты, уақыт талабына заңдық нысандар кұру жатады. [15]
Қорытынды
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды артыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру ерекше өтем формасын шығынды өтейтін (табыс жоғатқандағы), сонымен қатар азаматтық-құқықтық және әлеуметтік сферадағы қаржы міндеттемелерін қамтамасыз ететін категория. Сақтандыру қатысушыларының арасындағы құқықтық қатынастарды сақтандыру шартымен (полиспен), сақтандыру және азаматтық құқық заңдарымен реттеледі.
Осылайша сақтандыру әлеуметтік және экономикалық ортаның ажырамас бөлшегі, нарықтық инфрақұрылымның маңызды элементі болып табылады, ол қоғамның және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін қозғап қорғайды.
Қазақстанның сақтандыру нарығы салыстырмалы түрде әлі жас, себебі тәуелсіз даму 1992 жылдан басталады.
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының дамуында проблемалар бар. Олар:
- капиталдандыру;
- салық салу мен аннуитет;
- қайта сақтандыру шотына сыйақылардың шетелдерге кетуі;
- актуарлық қызмет;
- халықаралық қаржылық есеп беру стандарты.
Сақтандыру компаниясының қаржылық-шаруашылық қызметінің маңызды бағыты сақтандыру резерві және меншік капиталының қаражаттарын инвестициялау болып табылады. Жинақтаушы сақтандыру арқылы жиналған сақтандыру сыйақысының бір бөлігін инвестициялау сақтандыру келісім-шарттарын орындаудың қажетті элементі. Сақтандырудың тәуекелді түрлері (ең алдымен мүліктік тәуекелден сақтандыру) бойынша сақтандыру сыйақысын инвестициялау табыстың қосымша және елеулі көзі болып табылады.
Бастапқы кезеңде сақтандыру резервтері ең бірінші мемлекеттік бағалы қағаздарға (атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына) инвестицияланады.
Сақтандыру компаниясының сақтандыру операцияларынан кейін, табыс көзі ретінде екінші болып келетін олардың инвестициялық қызметі дұрыс дамымай отыр. Сонымен қатар, Қазақстандағы сақтандыру қызметі нарығындағы өскен бәсекенің салдарынан сақтандырудың тарифтерінің төмендеуі, әлеуетті сақтанушының тәуекелден қорғаудың баламалы әдістерін таңдауы сақтандырушылардың инвестициялық белсенділігін дамыту проблемасын, ең көкейкесті проблемалардың қатарына қояды.
Шетел капиталының құйылуы мен оның мемлекеттің тиімді реттеуі ел экономиксына оң әсерін тигізеді. Инвестиция Қазақстан сияқты экономикалық дамуы орташа және төмен елдердегі жеке сектордың қалыптасуы мен нығаюына ықпал етеді. Бүгінде жеке сектордың негізі болып табылатын орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жақсы жағдайлар жасалуда.
Жеке секторды дамытудың негізігі әдісі шетел инвестициясын тарту және шетел инвестициясына нақты жеңілдіктер ұсыну екендігі белгілі. Осы мақсатта Қазақстан мемлекеті көне заң жобаларын біріктіріп, жалпы инвестиция туралы заңды қабылдады. Бұл заңның енгізілуі қазақстандық инвестиция заңнамасын дамытудың маңызды кезеңі болды. Ол ҚР экономикасына инвестиция, әсіресе шетел капиталын тартудың негізгі құқықтық және экономикалық негізін анықтайды, шетел инвесторларын қорғаудың мемлекеттік кепілдігін бекітеді.
Шетел инвестициясы ішкі инвестицияның дамуы мен өсуіне кепіл болады, ол Қазақстанның әлемдік қаржы нарығына кіруіннің себепшісі бола алады. Дегенмен, Республика экономикасына шетел капиталының келуіне келесілер кедергі келтіреді: экономикалық және шаруашылық жағдайдың тұрақсыздығы, құқықтық базаның жетілмеуі, мемлекет құрылымындағы лоббизм мен коррупция, нарықтық қатынастың жетілмеуі.
Өкінішке орай, инвестициялық ахуалдың жақсаруына қарамастан шетел инвестицияларының қызметін қамтамасыз ететін құқықтық жүйе шетел инвесторларының коррупция мен басшылар қысымынан қорғай алмай отыр.
Шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанға қажетті бағыттардың қатарына, саяси және макроэкономикалық жағдайда жақсартудан басқа, келесілер жатқызылуы тиіс:
- бөлек аудандар мен салаларда шетел инвестицияларына жеңілдіктер мен преференциялар беру;
- экономикалық және ішкі саудаға тұрақты заңнама қалыптастыру;
- салық ауыртпалығын төмендету және салық құрылымын төмендету;
- жерге жеке меншікті енгізу;
- шетел инвестициясын сақтандыру механизмін қалыптастыру.