Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 20:02, курсовая работа
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.
Инвестициялық саясат ең біріншіден экономиканың тиімділігін өсіру және жоғарлату темпін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мәселелерді шешуде республика экономикасына шетел капиталын тарту маңызды орын алады. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту обьективті қажетті процес болып табылады.
Кіріспе.........................................................................................................................3
I тарау. Сақтандыру мәні және сақтандыру компанияларының қызметі
1.1 Сақтандырудың функциялары және мәні..........................................................5
1.2 Экономикада сақтандырудың мәні мен рөлі.....................................................8
1.3 ҚР сақтандыру компанияларының қызметі………………………………..17
II тарау. Сақтандыру команияларының инвестициялық қызметін талдау
2.1 Сақтандыру компанияларының қаржылық қызметін талдау.......................20
2.2 "Альянс Полис" сақтандыру компаниясы және оның қаржылық жағдайын талдау..........................................................................................................................22
2.3 Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін бағалау............26
III тарау.ҚР сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жетілдіру бағыттары
3.2 Қазақстандағы сақтандыру нарығын жетілдіру шаралары............................23
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары мен реттеу әдістерін жетілдіру...................................................................................................25
Қорытынды ..............................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................31
Қосымшалар
Медициналық сақтандыру сақтандырушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік қүралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдцелеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сактық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдцелеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соньщ ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Мүліктік сақтандару мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойлүы салдарынан келтірілген зиянды ішшара немесе толық өтемі мөлшершде сақтық телемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.[6;355]
Азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардьщ өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарына туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін жауааптылықты сактандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандыру.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақгандыру кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін. Бұл талаптарга сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
Шартты бұзғандығы үшін азаматтық - құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық - құқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс - қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс - қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.
1.2 Экономикада сақтандырудың мәні мен рөлі
Қоғамның дамуының объективті факторларының бірі, бұл өздерінің белгілі себеппен қоғамдық жұмысқа қатыспайтын, және өз күнін еңбекақы арқылы көре алмайтын тұлғаларды материалды қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады. Еңбекке қабілетсіз немесе түрлі себептермен оны іске асыра алмайтын қоғам мүшелерін асырауға құрылған өнімнің қоғам, арнайы мұндай мақсаттарға бағытталған бөлігі қолданылады. Тауарлы-ақшалы қатынастарды жүйелеу шартында, бұл қоғамдық өнімнің бөлігі белгілі ақша қорларының құрылуы мен қолдануы арқылы қолданылады.
Берілген тұлғаларды материалдық қамтамасыз етуге арналған ақша қаражаттары қоры қатынастар жүйесі арқылы құрылып шығындалады, және бұл әлеуметтік сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру жүйе секілді мемлекет арқылы реттеледі, капитализм кезінде құрылып, оның дамуының объективті талаптары мен қажеттіліктерін көрсетеді. Кейіндегі сақтандырудың орны мен рөлі мәнді түрде өседі, бұл деген талап етілетін қызмет көрсетулердің саны мен сапасының көбеюін және олардың құнының өсуімен байланысты мемлекеттің әлеуметтік қызмет шегінің кеңеюін білдіреді.
Әлеуметтік-саясаттық аспектіде сақтандыру қартайған кездегі, ауырған жағдайда, толық немесе бөлшекті еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда немесе туғаннан болмауы, асыраушыдан айырылып қалған жағдайда, жұмыссыздық кезіндегі материалдық қамтамасыздығына азаматтардың конституциялық құқығын іске асыру тәсілін ұсынады. Алынатын қаражаттар мөлшері еңбек стажының көптігіне, еңбек төлеміне, еңбек қабілеттілігін жоғалту дәрежесі мен мүгедеттілігіне байланысты болады және әрекет ететін заңдылықпен реттеледі.
Сақтандыру бойынша азаматтарды бүкіл жалпы қамтамасыз ету, сонымен қатар, бөлігінің көбі кәсіпорын, ұйымдар мен мемлекеттің қаражаттарынан болып, жалпы тұлғалардың, еңбек коллективтерінің және жалпы қоғамның талаптары сақтандыру қаражаттарын қолдану кезіндегі келісулері, ақырғыларды еңбекшілер ұйымы арқылы бақылау. Сақтандыру өзін өзі басқарудың бастамасынан құрылады, басқа қоғамдық ұйымдардың сәйкес мақсаттық қорларын құру мен қолдануындағы професионалдық одағының белсенді рөлін болжайды.[10;238-240]
Сақтандырудың маңызды мақсаты еңбек ресурстарын өндіру үшін қажетті жағдайларды құру болып табылады.
Біріншіден, сақтандыру қорынан ұсынылған материалдың қамтамасыздығы, медициналық қызмет көрсету қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелеріне еңбек қабілеттілігін қайта құруына көмектеседі және оларды түрлі саладағы және халықтық шаруашылығындағы сферасындағы белсенді қызметіне оралуына көмектеседі. Мүгедекті тіркеу, оларға қоғамды пайдалы жұмыспен айналысуға мүмкіндік туғызуы сол сияқты жұмыспен қамтылуды қамтамасыз етеді, мемлекеттің сәйкес әлеуметтік бағдарламаларын қаржыландыру көздеріне деген жүктемесін жеңілдетеді. Зейнеттік қамтамассыздандыру келесі түрде құрылады, бұл деген, зейнеттік жастағы тұлғалар арқылы қатысты түрде еңбек ресурстарының кеңейтіліне қол жеткізу, кңбекке қабілетті азаматтардың ұрпақтарының ауысымға келуі, оны нақты салалар бойынша территориялар, экономика сферасы бойынша орналастыру.
Екіншіден, сақтандыру қаражаттары арқылы уақытша жұмыссыз қалған тұлғалар өмір сүреді, сол сияқты олардың қайта оқытулары мен қайда мамандану іске асырылады. Нарықтық экономика шегінде дамып келе жатқан ғылыми технологиялық революция нәтижесінде, уақытша жұмыссыз тұлғалардың ақшалай төлемдері үнемі жоғарлатып отыруын талап етеді, және олардың материалдық көмегімен жұмысқа орналастыру бойынша әлеуметтік бағдарламаларын кеңейту. Берілген сақтандыру облысы қазіргі уақытта еңбек ресурстарын өндіру процессін іске асырудағы ең негізгі шарты ретінде көрініс табады.[9;482-485]
Сонымен қатар сақтандыру бұл адам индивидуум және жеке тұлға ретінде өмір сүретін әлеуметтік сферадағы мемлекет саясатының мәнді бөлігі. Сақтандырудың негізделген жүйесі – қоғамдағы әлеуметтік әділеттілігінің қамтамасыздығының, саясаттың тұрақтылықты құру мен ұстап тұрудың бастапқы белгілерінің бірі.
Сол сияқты, сақтандыру арқылы қоғам келесі мәселелерді шешеді:
- Еңбекке қабілетсіз және жұмыс процессіне қатыспайтын тұлғаларды асыраумен байланысты шығындарды жабуға пайдаланатын ақшалай қорлары құрылады;
- Еңбек ресурстарының қажетті құрылысы мен санын қамтамасыз етеді, және сол сияқты қоғам дамуының белгілі сатысындағы объективті қажеттіліктерге сәйкес оларды орналастыру;
- Қоғамның жұмыс істейтін және жұмыс істейтін және жұмыс істемейтіндердің материалдық қамтамасыздығындағы деңгейлерінің арасындағы айырмашылықты қысқарту;
- Жұмыс процессіне қатыспайтын, тұрғын елдерінің түрлі әлеуметтік топтарының өмірлік деңгейін түзетуде қол жеткізу;
- Сақтандыру жүйесі 2 бөліктен тұрады: біріншісі жұмысшылардың еңбекке қабілеттілігін қайта құрып және сақтауды қамтамасыз етуге арналған, сонын ішінде, денсаулық сақтау іс шараларын жүргізу; екіншісі еңбек қабілеттілігін жоғалтқан немесе мүлдем болмаған тұлғаларды материалды қамтамасыз етуіне кепілдік береді. Сақтандырудың белгілі бөліктерінің материалды негізі ретінде сәйкес белгілі бағытта қолданылатын ақша қорлары әрекет етеді.
Сақтандыру қорының құрылу мен қолдану процессінің іске асырылуы кеңейтілген қайта өндірістік объективті заңдарының талаптарына сәйкес орындалады. Дәл осы объективті заңдар тұлғалар қажеттіліктерін қаржыландыру үшін қорларды құруды талап етеді, нақты төлемдер мен жеңілдіктерді қарамастырады. Құндылық заңының әрекет етуі білім алудың ақша формасы мен қордың зейнетақы, жәрдемақы, төлемдер, мақсатты қаржыландыру шығындарын түсіндіреді, экономиканы мемелекеттік реттеу қажеттілігі жалпы мемлекеттік көлемдегі қордың мәнді бөлігінің орталықтандырылуын анықтайды, қабылданған нормативті құжаттарға сәйкес олардың жүйеленуі орындалады.
Сақтандыру қорын құру мен қолдану бойынша қатынасы қаржының органикалық бөлігі болып табылады және ұлттық табысты таратуда қатысып, еңбекке қатыспайтын, еңбекке қабілетсіз тұлғалардың қажеттіліктерін қаржыландыру үшін арналған, олардың бөлігі бірігіп тұтыну қорларындағы мақсаттық ақша қорларына бөлінеді. Қатынастар субъектілері: мемлекет, кәсіпорын және әртүрлі меншік формаларының ұйымдары, жұмысшылардың профессионалды одағы, тұрғындар.[11;57-58]
1.3 Қазақстан Республикасында сақтандыру компанияларының қызметі
Сақтандыру компаниясының қызметінің негізгі бағыты сақтандыру резерві және меншік капиталының қаражаттарын инвестициялау болып табылады. Жинақтаушы сақтандыру арқылы жиналған сақтандыру сыйақысының бір бөлігін инвестициялау сақтандыру келісім-шарттарын орындаудың қажетті элементі. Сақтандырудың тәуекелді түрлері (ең алдымен мүліктік тәуекелден сақтандыру) бойынша сақтандыру сыйақысын инвестициялау табыстың қосымша және елеулі көзі болып табылады.
Қазақстандағы сақтандыру қызметі нарығындағы өскен бәсекенің салдарынан сақтандырудың тарифтерінің төмендеуі, әлеуетті сақтанушының тәуекелден қорғаудың баламалы әдістерін таңдауы сақтандырушылардың инвестициялық белсенділігін дамыту проблемасын, ең көкейкесті проблемалардың қатарына қояды.
Сақтандыру резервтері бастапқы кезеңде ең бірінші мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестицияланады. Теңгенің құнсыздануымен қатар, мемлекеттік бағалы қағаздардың салыстырмалы жоғары табыстылығы зейнетақы активтері бойынша табыстылықтың жақсы көрсеткіштерімен қамтамасыз етті. Осыған байланысты 2009 жылы долларға шаққанда теңгенің девальвациясы болды. Салым тәуекелімен байланысты проблемалар шықпады, өйткені сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің 90%-нан астамы мемлекеттің борыштық міндеттемесіне тең болды.
Қаржы нарығын ресуртармен толықтыру, сақтандыру резервтерін инвестициялау үшін өтімді қаржы инструментінің жеткіліксіз болуымен проблемалар пайда бола бастады. Сонымен қатар, доллардың нығаю кезеңінде жақсы табыс әкелген және шетел валютасындағы активтерге бағытталған сақтандыру компанияларының инвестициялық портфельдің қалыптасқан құрылымы сақтандыру компанияларының жағымсыз жағынан көрінді. Инструменттің тапшылығы және төмен табыстылық проблемасы 2003 жылдан бастап шиеленісті. Бұл Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қарызға алу көлемінің азаюы және долларға шаққанда теңгенің нығаюының нәтижесінде болды.
Сонымен қатар, сақтандыру компанияларының инвестициялық портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі қайтадан өсті. Бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарына салымдарының өсуі нәтижесінде болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қарыз көлемінің қысқаруы кезінде сақтандыру компаниялары мен зейнетақы қорларын қолдау үшін айналымдағы ноталарды өсіруге мәжбүр болды. [12;128-129]
Акция нарығының дамымауына байланысты өтімді қаржы инструменттерінің тапшылығы тек сақтандыру компаниялары үшін ғана емес, елдің қаржы нарығының да маңызды проблемасы болып отыр. Сондықтан, сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымындағы өзгерістер тек портфелді диверсификациялау, жоғары табыстылығымен немесе аз тәуекелі бар инструментті таңдау қажеттілігімен ғана емес, сонымен қатар салым көздерінің шектеулігімен байланысты. Оған дәлел, Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарға салынған салымның көлемінің шұғыл өсуі. Бұл өмірді сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің ерекшелігіне (олар әдетте ұзақ мерзімді қағаздарға салымды салады) тән емес.
Сақтандыру резервтерін жұмсаудың екінші маңызды көзі – мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылады. Олардың үлесіне инвестициялық портфельдің төрттен біріне тең. Алайда, сақтандыру компаниялары оларды сатып алу арқылы экономиканың нақты секторын инвестициялау деген сөз емес. Өйткені, корпоративті қағаздардың көп бөлігі екінші деңгейдегі банктердің борыштық міндеттемесіне және аз бөлігі нақты сектордағы кәсіпорындардың облигацияларына тиесілі. Қорлар портфеліндегі корпоративті қағаздардың 26%-ның, тек қана 4%-і акцияларға тиесілі.
Осылайша, қазіргі таңда нақты секторды инвестициялауға мемлекеттік емес бағалы қағаздармен екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге салынып, инвестицияланатын сақтандыру резервтерінің үштен бірі бағытталған. Аталған қаражаттардың үлкен бөлігі екінші деңгейдегі банктер арқылы инвестицияланса, қаржылық емес сектордың кәсіпорындардың облигация және акцияға орналастырылған активтері тікелей нақты секторда инвестициялауға жұмсалынады. Сақтандыру комапанияларының инвестиция портфеліндегі үлес салмағы активтердің жалпы көлемінің10-15%-нан аспайды. Бұл екінші деңгейдегі банктердің берген несиелерінің көлемі он есе аз.
Өткен жылдардағы жағымды ортада дамыған сақтандыру нарығы қиыншылықтарға тап болды. Бұрын болған проблемаларға инвестицияланған сақтандыру резервтері бойынша табыстылығының төмендеуімен байланысты проблема қосылды. Портфельдің диверсификациялау бойынша шектеулі мүмкіншіліктер, долларға шаққандағы теңгенің нығаюы және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ноталарының төмен табыстылығы өзгерген жағдайда адекватты түрде жауап қайтаруға мүмкіндік бермеді. Осылайша, сақтандыру резервтерін инвестициялау үшін өтімді қаржы инструменттерінің тапшылығы нарықтағы мөлшерлемелердің төмендеуіне әсер етті және зейнетақы қорларының инвестициялық табыс көлеміне жағымсыз ықпал етті.
Қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі корпоративтік қағаздардың нарығы және акция нарығының дамымай отырғандығы. Қаржы нарығынан экономиканың нақты секторына ақшаны аударудың нарықтық механизмінің болмауы, тек осы нарықтың емес, жалпы ел экономикасының дамуының тежеушісі болады.