Сақтандыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 20:02, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.
Инвестициялық саясат ең біріншіден экономиканың тиімділігін өсіру және жоғарлату темпін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мәселелерді шешуде республика экономикасына шетел капиталын тарту маңызды орын алады. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту обьективті қажетті процес болып табылады.

Оглавление

Кіріспе.........................................................................................................................3

I тарау. Сақтандыру мәні және сақтандыру компанияларының қызметі
1.1 Сақтандырудың функциялары және мәні..........................................................5
1.2 Экономикада сақтандырудың мәні мен рөлі.....................................................8
1.3 ҚР сақтандыру компанияларының қызметі………………………………..17

II тарау. Сақтандыру команияларының инвестициялық қызметін талдау
2.1 Сақтандыру компанияларының қаржылық қызметін талдау.......................20
2.2 "Альянс Полис" сақтандыру компаниясы және оның қаржылық жағдайын талдау..........................................................................................................................22
2.3 Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін бағалау............26


III тарау.ҚР сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жетілдіру бағыттары
3.2 Қазақстандағы сақтандыру нарығын жетілдіру шаралары............................23
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары мен реттеу әдістерін жетілдіру...................................................................................................25

Қорытынды ..............................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................31
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

сақтандыру.doc

— 296.00 Кб (Скачать)


 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе.........................................................................................................................3

 

I тарау. Сақтандыру мәні және сақтандыру компанияларының қызметі

1.1 Сақтандырудың функциялары және мәні..........................................................5

1.2 Экономикада сақтандырудың мәні мен рөлі.....................................................8

1.3 ҚР сақтандыру компанияларының қызметі………………………………..17

 

II тарау. Сақтандыру команияларының инвестициялық қызметін талдау

2.1 Сақтандыру компанияларының қаржылық қызметін талдау.......................20

2.2 "Альянс Полис" сақтандыру компаниясы және оның қаржылық жағдайын талдау..........................................................................................................................22

2.3 Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін бағалау............26

 

 

III тарау.ҚР сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жетілдіру бағыттары

3.2 Қазақстандағы сақтандыру нарығын жетілдіру шаралары............................23

3.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары мен реттеу әдістерін жетілдіру...................................................................................................25

 

Қорытынды ..............................................................................................................29

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................31

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.

Инвестициялық саясат ең біріншіден экономиканың тиімділігін өсіру және жоғарлату темпін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мәселелерді шешуде республика экономикасына шетел капиталын тарту маңызды орын алады. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту обьективті қажетті процес болып табылады.

Сақтандырудың басты мақсаты - залалды ынтымақтастық бастаулар негізінде жайып салу ойы және өзін залал мен құлдыраудан қорғану тілегі.

Сақтандырушылық өзара көмек келесі тәртіпте жүреді:

-       қатысушылардың біреуінің  өміріндегі қолайсыз жағдайлардың келуі кезінде көмекті көрсету туралы қатысушылар арасындағы ауызша келісім;

-       залалды келісімнің барлық қатысушылары арасында бөлу және осы залалды оған ұшыраған адамға компенсациялау;

-       сақтандыру қорын ұйымдастыру. Сақтандыру қатынастарына түскен кезде сақтандырудың қатысушылары төлейтін сақтандыру төлемдері есебінен қалыптасады  және осы  қордың  қаражаттарынан адамдарға залал өтеледі.

Сақтандыру қорын құру сақтандыру қатысушысы сақтандырылатын объектінің құнынан төмен болатын сақтандыру төлемін төлеу түрінде жүреді.

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін оның мақсатын, міндетін, қызметі мен экономикаға пайдасын ашып көрсету.

Курстық жұмыстың мақсатын ескере отырып келесі міндеттер беріліп, оларды шешу жолдары қарастырылды:

-         Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызмет мәнін анықтау;

-         Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің қызмет ету механизмін ашып көрсету;

-         Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінде кездесетін мәселелер мен оларды жетілдіру жолдарын айқындау.

Сақтандыруды нарықтық қайта құрулардың үдерісінде рөлі күшейе түсетін Қазақстан экономикасының стратегиялық секторы ретінде қарастыру керек. Нарықтың қазіргі заманғы жағдайы сақтандыру ісінің кейінгі дамуын жэне жаңартылуын, оның сақтандыру қатынастарын ұйымдастырудың әлемдік қағидаларына бейімделуін талап етеді. Бұл, ең алдымен, заң шығарушы жэне ақпараттық базаларының кемшіліктеріне, сақтандыру сферасындағы әдістемелік зерттемелеріне, сонымен қатар нарықтық экономикаға сәйкес келетш сакгандырушылық қорғау нысандарына қатысты.

«Сақтандыру» бойынша зерттеу болып ақша қаражаттарының мақсатгы қорларын қалыптастыру әдістері мен нысандарын және осы қорларды әр түрлі қолайсыз құбылыстардьщ залалын өтеуге, сондай-ақ адам өміріндегі белгілі бір жағдайлар болған кезде азаматтарға көмек көрсетуге пайдалануды біріктіретін экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.

Сақтандырудың мәні нарық жағдайындағы қоғамдық қайта өндірістегі оның мәні, сақтандыру нарығының мазмұны және оның қатысушыларының сипаттамасы, ұлттық сақтандыру нарығының құқықтық базасының сипатгамасы, сақтандырудың негізгі салаларының сипаттамасы, сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір сұрақтары, қайта сақтандыру қорғауының негізгі әдістері қарастырылған.

Курстық жұмыс негізгі үш тараудан тұрады.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде сақтандыпу туралы оның мәні мен маңызы, экономикадағы рөлі туралы, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің құрылымын, Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тенденцияларына түсінік берілді.

Екінші бөлімде, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін, инвестиция  құрылымын   талдау, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызмет капиталдарымен байланысы және оның бәсекеге қабілеті себептері мен салдары қаралды.

                   Жұмыстың үшінші бөлімінде  Қазақстандағы сақтандыру нарығын жетілдіру шаралары,  кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары мен реттеу әдістерін жетілдіру, инвестициялардың әлеуметтік тиімділігі, мәні әрі бағалау концепциясы, инвестициялық саясат және шетел инвестицияларын құқықтық қорғау турады жазылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Сақтандыру мәні және сақтандыру компанияларының қызметі

1.1 Сақтандырудың функциялары және мәні

 

 

Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түпкі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен эл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде калыптасады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтаңдыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

-  қатынастардың ықтималдық сипаты;

-              қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда -мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

-    сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;

-    сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

- оның іс-қимыл ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып
отыруы;

-    сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;

-    ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қанынастардың баламасыздығы).

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметі, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы - кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдык зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.[2;394-397]

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бүл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

-    міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;

-    сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүліктік;

-    сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша - жинақтаушы және
жинақтаушы емес.

Міндетті сақтандыру — заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сактандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізуші жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асьфылатын сақтандыру.

Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандьфу) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уэкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.

Сақтық қызметтің ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымның сақтық қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.

Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақгандыру; аннуитетгік сақтандыру.

Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан жэне аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сактандыру; мүлікті сақтандыру(көлік құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша азаматтық - құқықтык жауптылықгы сақтандыру; зиян келтіргені үшін азаматтық - кұқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қоспағанда).

Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнімі болып табылады.

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бүл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты.

Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мұліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі жэне өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.

Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.

Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның косымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Информация о работе Сақтандыру