ҚР жастарды жұмыспен қамту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 12:28, реферат

Краткое описание

Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысының салдарынан 2008 жылғы күзден бастап Қазақстан Республикасында өндіріс қарқыны төмендей бастады, инфляцияның өсуі байқалды, жұмыспен қамтудың төмендеуі және тиісінше халық табысының азаюы белең алды. Еліміздегі 264 кәсіпорын өндірісін толық немесе ішінара токтатты. Қырық мыңнан астам қызметкер ішінара жұмыспен қамту режиміне ауыстырылды не ақысы төленбейтін демалыстарға жіберілді. Жұмыссыз халық саны экономикалық белсенді халықтың 6,6 пайызын кұрады.

Оглавление

Кіріспе
1. ҚР жастардың жұмыспен қамту үрдісі мен жолдары
2. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамытудың 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Жастарды жұмыспен қамту.docx

— 42.53 Кб (Скачать)

  Тұжырымдаманы іске асыру тұтастай алғанда:

  жастардың жұмыспен орнықты қамтылуын;

  жастар үшін тұрғын үйдің қол жетімділігін;

  кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері қатарынан жастардың елеулі бөлігінің кәсіптік құзыреттілігін;

  бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін;

  мемлекет, бизнес және жұмыс істейтін жастар арасында әлеуметтік әріптестікті арттыруға ықпал етеді. 
 

  Қорытынды

  Кез келген мемлекетте жастардың еңбек рыногында алатын орны ерекше екенін ескере отырып, біз осы өзіндік жұмысты жасау барысында топ мүшелері арасында жастар – ол, қай жағынан алып қарасақ та, жұмыспен қамтылып, елдің экономикалық ахуалын түзетуші әлеуметтік топ деген шешімге келдік.

  Жастардың еңбек нарығына енуі елеулі қиыншылықтармен  және қайшылықтармен қатар жүреді. Олар ең алдымен мамандық таңдауда оның еңбек нарығында қажеттілігіне  емес, қоғамдағы беделділігі мен  абыройына қарай бағыт ұстауына байланысты туындайды. Осыған    байланысты оқу орнын бітірген жастардың  көп бөлігі алған мамандығы бойынша  жұмыс істемейді немесе мүлдем жұмысқа  орналаспайды, бұл жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің артуына  әкеледі. Сол себепті жастарды нарықта сұранысы көп маман иесі болуына итермелеу керек.

  Қоғамның  стратегиялық ресурсы болып табылатын  жастар, қалыптасып жатқан өмір шындығын өзінше қабылдай және бағалай отырып Қазақстан пайдасы үшін қызметке қатысуға ұмтылады және бүгінгі таңда  оларға қолдау көрсеткен жөн, мемлекеттің  еңбекке қабілетті халқының арасында жастардың үлесін арттыру үшін осы  қызметке жас ұрпақ потенциялын  қосу керек.

  Қазақстан Республикасында жастарды жұмыспен қамту мемлекет тарапынан аса  тиімді жүргізіліп отырған жоқ десе де болады. Өйткені қалада оқып, ЖОО-да білім алған жастардың көпшілігінің мақсаты өз мамандығы сәйкес келмесе де басқа мамандық бойынша жұмысқа тұру амалын қарастырып, барынша ыңғайлы жұмысқа орналасу. Ол жаңа нарық заманында белгілі құбылыс ретінде санамызға сіңіп бара жатқан дұрыс нәтиже беру дәрежесі төмен құбылысқа айналуда. Дегенмен, жұмыссыздықпен күрес шаралары Қазақстан Республукасында мүлде жүргізілмей жатыр деген теріс пікір қалыптастыру да дұрыс болмас. Сол себепті статистика көрсеткендей жастар арасында жұмыссыздықтың белең алу процесін төмендету билік басында отырғандарға шешімін табуға тиіс мәселе ретінде бірінші кезекте тұруы керек. 
 
 
 
 
 
 

  Пайдаланылған әдебиеттер

  1 http://qz.government.kz/docs/n990073.htm

  2 www.kazeu.kz/files/autoreferat/dis.../2008/ApievKS_abstract.doc

  3 www.zhasotan.kz/.../Zhastardyn_basekege_kabletin_koldau_KZ.doc

  4 http://blogs.e.gov.kz/categories/category04/questions/complaint?lang=kk

  5 www.akmeshit-zhastar.kz/download/normativ/30

Информация о работе ҚР жастарды жұмыспен қамту жолдары