Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 12:28, реферат
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысының салдарынан 2008 жылғы күзден бастап Қазақстан Республикасында өндіріс қарқыны төмендей бастады, инфляцияның өсуі байқалды, жұмыспен қамтудың төмендеуі және тиісінше халық табысының азаюы белең алды. Еліміздегі 264 кәсіпорын өндірісін толық немесе ішінара токтатты. Қырық мыңнан астам қызметкер ішінара жұмыспен қамту режиміне ауыстырылды не ақысы төленбейтін демалыстарға жіберілді. Жұмыссыз халық саны экономикалық белсенді халықтың 6,6 пайызын кұрады.
Кіріспе
1. ҚР жастардың жұмыспен қамту үрдісі мен жолдары
2. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамытудың 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
ӘЛ
– ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: ҚР жастарды жұмыспен
қамту жолдары
Орындаған: Фрунзебекұлы Ерзат
Ануаров Сұлтанғали
Ғабитова Шұғыла
Нұрсағатов Досхан
Малайбекова Назира
Уталина Шынар
Құрманғали Төремұрат
Тексерген:
Садуллаева Айгүл
Файзуллақызы
Алматы 2011
Жоспар
Кіріспе
1. ҚР жастардың жұмыспен қамту үрдісі мен жолдары
2. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамытудың 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Қорытынды
Пайдаланған
әдебиеттер
Кіріспе
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысының салдарынан 2008 жылғы күзден бастап Қазақстан Республикасында өндіріс қарқыны төмендей бастады, инфляцияның өсуі байқалды, жұмыспен қамтудың төмендеуі және тиісінше халық табысының азаюы белең алды. Еліміздегі 264 кәсіпорын өндірісін толық немесе ішінара токтатты. Қырық мыңнан астам қызметкер ішінара жұмыспен қамту режиміне ауыстырылды не ақысы төленбейтін демалыстарға жіберілді. Жұмыссыз халық саны экономикалық белсенді халықтың 6,6 пайызын кұрады.
Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі де бүгінгі таңдағы еңбек нарығында өзекті мәселелердің біріне айналып отырғаны жасырын емес. Мамандық бойынша тәжірибенің жоқтығы мен еңбек нарығындағы біліктілік бәсекесінің аздығы - жастар арасындағы жұмыссыздықтың пайда болуының басты себептері.
Жастар – қоғам дамуының маңызды бөлігіне жатады. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің басты оң игіліктеріміз – халқымыздың санасы. Біз ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары білім өресі биік халқымыз бар, соның ішінде болашағы мол – жастар. Осы қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз» ,- деп белгіленегендей еліміз де жастардың жұмыссыз қалуына қарсы күресті тиімді жүргізуіміз қажет.
Жастар қоғамдық қатынаста, материалды өндірісте және рухани құндылықта маңызды орын алады. Жастардың қоғамдағы жағдай мен оған қатысу деңгейі қоғам мен мемлекеттің тікелей іс-әрекетіне байланысты. Яғни мемлекеттік жастар саясаты мен жастармен әлеуметтік жұмыс туралы сөз қозғап отырмыз.
Жастар – бұл кез келген заманауи мемлекеттің
стратегиялық әлеуеті. Еліміздің қазіргі
жастары жаңа жағдайда – тәуелсіздік
алып, өсіп өркендеген, демократиялық
реформалар мен нарықтық түрленуден соң
тәрбиеленіп, ер жетті. Сондықтан да жастар
саясатына қатысты мәселелерді шешуде
мазмұны жағынан принципті түрде алғанда
жаңартылған, қазіргі заманауи тәсілдерге
сәйкестікті талап етеді. Мемлекеттік
жастар саясаты – әрбір жастың Қазақстан
Республикасының аумағында жарамды Ата
Заңмен, өзге де нормативті құқықтық актілермен
бекітілген, әлеуметтік-экономикалық,
саяси, жеке бас еркіндігі мен құқығын
мойындауға негізделеді.
Жас ұрпаққа Қазақстанның мемлекеттік
дамуының негізгі идеялары және Конституцияны,
өзге де заңдарды сақтап, құрметтеуге
үйрету және жастар құқығы мен мүдделерін
қорғау қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға
үндейді. Жас азаматтың тұлға болып қалыптасуы
үшін жағдай туғызып, білім саласында,
еңбекте, жұмыспен қамтуда, әлеуметтік
қорғауда кепілдіктерді қамтамасыз ету
үшін мемлекетіміз барлық күш-жігерін
бағыттайды.
Сонымен қатар,
отбасы, оқу орындары, бұқаралық ақпарат
құралдары, үкіметтік емес сектор – Қазақстанымызды
гүлдендірудің кепілі болып табылатын
жас ұрпақта отаншылдық, кәсібилік, ұқыптылық,
жауапкершілік сынды қасиеттердің болуы
жолында ұштасуы қажет.
Жас ұрпақтың әлеуметтік белсенділігінің
артуы, саналы құқықтық және саяси мәдениетін
қалыптастыруы, олардың өмірлік көзқарастарын
қайта қарауы кезінде, өмірлік қағидасы
күшті, рухты болып бекітілуі мемлекеттік
жастар саясатының алға қойған жұмысы
– мемлекеттік үкіметтік органдардың
және азаматтық қоғамның өзге де институттарының
басым бағыттарының бірі саналады.
Әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне тұрақты еңбекпен қамтамасыз ету жатады. Халықты еңбекпен қамту кеңістігіндегі мемлекеттік саясаттың бағыты лайықты жұмыс орнында қызмет ету мүмкіндіктерін кеңейту мен жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады. Халықты жұмыспен қамту барысында ықпал жасау, келесі шаралармен қамтамасыз етіледі: әлеуметтік жұмыс орындарын құру, квалификация мен қайта даярлауды жоғарылату, қоғамдық жұмыстар, жұмыссыз жастардың кәсіпкерлік қызметіне ашуда мүмкіндік беруге материалдық көмек көрсету.
Бүгінгі күнде көптеген бағдарламалар бар, мысалы, «Жастар тәжірибесі», «Вакансия жәрмеңкесі», «Жол картасы», «Дипломмен ауылға» және т.б. Жасөспірімдерді жұмысқа орналастыру оларға еңбек дағдысын меңгеруге, қалта шығынына ақша табуға және еңбек мотивациясын меңгеруге мүмкіндік береді.
ҚР жастарды жұмыспен қамту үрдісі мен жолдары
Қазіргі
қоғамдағы жастар ролі, жас буынның
әлеуметтік қызметтері, оның саяси
позициясы мен көзқарасы, білімі
мен кәсіби біліктілігі деңгейі,
адамгершілігі мен мәдени қажеттіліктері
туралы мәселелерді зерттеудің теориялық
және практикалық мәні аса зор. Қоғамдық
үрдістегі жастар рөлі, оның қызметінің
түрлері, құндылықтары, дүниетанымы, қызығушылығы,
қажеттіліктері мен психологиялық
қасиеттері әлеуметтік және геосаяси
даму сипаты, қоғамдық қатынастар, тарихи
жағдайлар сипатымен
Халықтың
осы тобын зерттеудің негізгі
мәселелерінің біріне, біздің ойымызша,
жастар еңбегінің пайдаланылуын
бағалау жататын сияқты. Бұл өз
негізінде жастардың еңбек
Жастардың
орнын әлеуметтік-экономикалық жүйеде
талдау қажеттілігі ең аз дегенде
екі маңызды шартпен
18-24
жас аралығындағы жастар, бұл
– студенттер немесе кәсіптік
дайындықты аяқтаған жастар. Олар
еңбек нарығына кіріп жатқан,
жеткілікті кәсіптік және
25-29
жастағы жастар, негізінен, кәсіптік
таңдау жасайды, қандай да бір
өмірлік және кәсіптік
Еңбек
нарығындағы жағдайларда
Экономикалық жүйедегі жастарды жұмыспен қамту мәселесіне сәйкес келетін жүйені қалыптастыру керек .
Бұл жүйе төмендегідей қалыптасу кажет:
Еңбек
ресурстарының тобы ретінде жастарға
басты назар аудару, бұл елдің
маңызды ресурсы екені
Экономикалық жүйеде жастарды жұмыспен
қамтуды
басқару жүйесі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі» заңына сәйкес жастар - бұл 16 жастан бастап 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттердің азаматтары және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты өмір сүріп жатқан азаматтығы жоқ тұлғалар.
Заңнамада анықталған еңбек ресурстарының төменгі шекарасы болып 16 жас есептелетіндігін, сондай-ақ осы жасқа қарай жас адамда бұлшық ет пен сүйек жүйесі қалыптасатындығын және оның белгіленген жұмысты орындай алатындығын назарға ала отырып, осы жас жұмыс істеу кезеңінің заңды негізделген бастапқы сатысы болып табылады.
Сонымен қатар, дәл осы жаста жастардың басым көпшілігі жалпы білім мектебін аяқтайды және әр түрлі себептерге байланысты ЖОО-ға немесе басқа білім мекемелеріне түсе алмағандары өзінің төмен біліктілігімен ерекшеленетін белгілі бір еңбек түрімен айналыса бастайды.
Қазақстан Республикасында 1998 жылдан бастап 2001 жыл аралығында Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнеткерлікті қамтамасыз ету жөніндегі» заңына сәйкес зейнеткерлік жас өзгертілді. Қазіргі кезде олар әйелдер үшін 58 жас және ерлер үшін 63 жас деп қабылданған.
Қазіргі таңда физиологтар былай деп тұжырымдайды, яғни отыз жастан асқан жас адамның денесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұлғаюы, басы мен бас миының көлемінің өсуі өз жалғасын табады және осы процесс ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда ұзағырақ созылады.
Жоғарыдағы
барлық айтылғандарды жалпылай отырып,
Қазақстан Республикасында
Бұған сәйкес, заңнамада және тәжірибелік қызметте жастардың еңбек ресурстарының жас шектерінің ұлғаюы статистикалық материалдарды өте объективті түрде өңдеуге және осы санаттағылар санын талдауға ғана ықпал етіп қоймай, сонымен бірге зор ғылыми нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігіне, жастар өмірінің жағдайлары мен өмір сапасын жақсартуға, оның кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ ұсынылатын жас аралығында өте өнімді қызметті жүзеге асыруға ықпал етеді.