Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 12:28, реферат
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысының салдарынан 2008 жылғы күзден бастап Қазақстан Республикасында өндіріс қарқыны төмендей бастады, инфляцияның өсуі байқалды, жұмыспен қамтудың төмендеуі және тиісінше халық табысының азаюы белең алды. Еліміздегі 264 кәсіпорын өндірісін толық немесе ішінара токтатты. Қырық мыңнан астам қызметкер ішінара жұмыспен қамту режиміне ауыстырылды не ақысы төленбейтін демалыстарға жіберілді. Жұмыссыз халық саны экономикалық белсенді халықтың 6,6 пайызын кұрады.
Кіріспе
1. ҚР жастардың жұмыспен қамту үрдісі мен жолдары
2. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамытудың 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Осы жұмыс бойынша жасалған қорытындыларды, жастарды жұмыспен қамтудың реттелуiн қадағалайтын субъектерге жолдауға болады:
- Мектептi,
жоғары оқу орындарын,
- Оқу
орындарында жұмыс iздеу
- Оқу
орындарындағы оқу iсiнiң
- Еңбекке
үйрену мен тәрбие жұмыстары
бойынша өздерiнiң iс-
-
Жастардың жұмыс бастылығы
-
Өз аймағында немесе көршi аймақтарда
жұмысқа орналасу үшiн бос
-
Жалпы ақпарат құралдарымен
-
Жастардың кәсiпкерлiгi, аймақ арасында
жас мамандардың көш-қонуы
-Жастардың
өз әрекеттерiн бiрлестiру
-
Оқушылар мен студент жастарды
оқудан тыс уақыттарда, уақытша
жұмыстармен қамту мәселелерi
бойынша өз жұмыстарын, жұмыспен
қамту қызмет орындарымен, оқу
орындарымен, кәсiпорындарымен
Елбасымыз биылғы Жолдауында да жастардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік жағдайына ерекше мән берген. Жалпы, біздің елімізде оқушылар мен студенттердің сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалып отыр. Сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту ісі де оң жолға қойылған. Соның бір айғағы — студенттік құрылыс жасақтарында еңбек ететін жастарға жалақы төленуі. Жастарды «Жасыл ел» жасақтарына тарту да — жұмыспен қамтудың бір әдісі.
Бүгінде жастарды жұмыспен қамту мәселесі ерекше қаралуда. Осыған орай Президенттің Жолдауынан кейін әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастардың өндірістік тәжірибе бағдарламаларын кеңейту мақсатында 8,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы Астанада өткен партияаралық кеңестің мәжілісінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, биыл жұмыспен қамту мәселесінде жоғары оқу орындарын бітіретін 191 мыңға жуық түлек мемлекет тарапынан қолдауды қажет етеді. Осыған орай бөлінген қаржының есебінен 96 мың әлеуметтік жұмыс орындарын құрып, өндірістік тәжірибе бағдарламаларын кеңейту жоспарланып отыр. «Бүгінгі таңда елімізде ресми жұмыссыздықтың деңгейі 6,9 пайызды құраса, жастар арасындағы жұмыссыздық 7,7 пайызға дейін көтеріліп отыр», - дейді Б.Нұрымбетов. Вице-министрдің мәліметі бойынша бүгінде қосымша әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастардың өндірістік тәжірибе бағдарламаларын кеңейту аясындағы жұмыстармен 26 мыңға жуық адам қамтылып отыр.
Жастар саясатын қалыптастыра
отырып, мемлекет жастардың келешекте
маңызды салмаққа ие болар
халықтың бірден-бір белсенді
тобы екендігін ескереді. Мұның
өзі жастардың мемлекет
Мемлекеттік жастар саясатының
дәстүрлі әлеуметтік саясаттан
айырмасы ол тек өтелу
Қоғамдық өзгерістердің
Қазақстандық жас буын бойында
отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік
қасиеттер қалыптастырмай, жастардың
ізгілікті, рухани өркендеуіне,
Мемлекет, меншік нысанына қарамастан,
ұйымдар мен кәсіпорындардың
жас мамандарды жұмысқа алуы
мен жұмыс орындарын өсіруге
мүдделілігін арттыруда;
Жастардың жеке тұлға ретінде
қалыптасу басымдығы олардың
шағын және орта бизнес
Жастарды жұмыспен қамту
Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жұмыс таңдауға және жұмысқа орналасуға жастарға жәрдем көрсетуде. Жұмыспен қамту органдарына жұмыссыз ретінде тіркелген еңбекке қабілетті жастағы жастар олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберіледі немесе кәсіби даярлықтан және қайта даярлықтан өте алады. Бұл ретте, 21 жасқа дейінгі жастар, 23 жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар басымдықты тәртіппен қоғамдық жұмыстарға қатысуға немесе кәсіби даярлықтан және қайта даярлықтан өтуге құқылы.
Халықты жұмыспен қамтудың өзгеру серпіні жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің төмендегенін дәлелдеп отыр. Мәселен, жұмыссыз жастардың деңгейі 2001 жылғы 19,1 %-дан 2006 жылғы 12,1%-ға дейін азайды.
Жұмыссыздардың
жалпы санында жұмыссыз жастардың үлесі
- 2001 жылғы 30,8%-дан 2006 жылғы 27%-ға дейін айтарлықтай
қысқарды.
Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамытудың 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Жастардың
бәсекеге қабілеттілігін қолдау және
дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама)
жастар саясаты, жастарды жұмыспен қамту
және оларды оқыту, тұрғын үй проблемалары
мен оларды іске асыру тетіктері
саласындағы мемлекеттік
Тұжырымдама
Қазақстан Республикасының Конс
Тұжырымдама жастарды жұмыспен қамтуды жалпыұлттық басымдық ретінде айқындайды, Қазақстан Республикасының ұзақ кезеңге арналған мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін бағыттар сілтейді және мемлекеттің кадр және әлеуметтік саясаты үшін негіз болып табылады.
Осы Тұжырымдаманың құрылымы мыналарды қамтиды:
республиканың жастар еңбек нарығындағы ахуалды талдау;
Тұжырымдаманың мақсаты мен негізгі міндеттері;
Тұжырымдаманы қаржылай қамтамасыз ету;
Тұжырымдаманы іске асыру тетігі;
күтілетін нәтижелер.
Тұжырымдаманың мақсаты мен негізгі міндеттері
Тұжырымдаманың мақсаты жастардың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін отандық кәсіптік білім алуына жағдай жасау және жұмыспен қамту әрі тұрғын үй проблемаларын шешу жолымен жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу болып табылады.
Тұжырымдаманың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1. Жастардың халықаралық стандарттарға сәйкес отандық кәсіптік білім алуы.
2. Жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру деңгейін
арттыру.
3. Ішкі мигранттардың бейімделу мүмкіндіктерін арттыру үшін жағдай жасау, ішкі көші-қон үдерісін реттеу тетігін айқындау мен маргиналды жастарды әлеуметтендіру және оларды қалалық жағдайларға бейімдеу нысандары мен әдістерін әзірлеу.
4. Тұрғын үйге қол жетімділікті қамтамасыз ету, жастардың тұрғын үй проблемаларын шешу тетігін әзірлеу.
Күтілетін нәтижелер
Тұжырымдаманың негізгі ережелерін нақты іске асыру жастар саясаты саласындағы, жұмыспен қамту және кәсіптік даярлық, тұрғын үй проблемалары, Қазақстанның орнықты және тұрақты дамуының жалпы аясына қосылған жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамытудың әлеуметтік бағдарланған моделін қалыптастыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тұжырымдама еңбек нарығында осы заманғы өндірістік технологияларға ие құзыретті және бәсекеге қабілетті еңбек ресурстарын күн ілгері қалыптастыруды қамтамасыз етеді.