Лекции по "Микроэкономика"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:37, курс лекций

Краткое описание

Сапалы экономикалық білім алу барысында «Микроэкономика» пәнін зерделеудің маңызы зор. Жеке экономикалық субъектілері қызметінің деңгейінде шаруашылық механизмінің жұмысын зерттеу микроэкономиканың пәні бола келе экономика теориясын зерделеу үдерісінде алған теориялық білімдерді бекітуге, ресурстардың (қорлардың) шектелген жағдайларында тиімді экономикалық ойлау дағдыларына ие болуға, соның негізінде осы салада өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты бағалауға мүмкіндік береді. Микроэкономика – динамикалы және қызықты ғылым, осымен қатар оны тәжірибелік бағыттылығы да айырады.

Оглавление

КІРІСПЕ

МИКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1. Микроэкономика теориясының пәні
2. Микроэкономика методологиясы
Сұрақтар мен тапсырмалар

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі
2. Сұраныс және ұсыныс моделі (үлгісі)
3. Нарықтың тепе-теңдігі
4. Бағалардың мемлекеттік реттеуі
Сұрақтар мен тапсырмалар

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ. САЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ
1. Баға бойынша сұраныстың икемделігі. Сұраныстың айқас икемделігі
2. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі
3. Ұсыныс икемділігі
4.Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі
Сұрақтар мен тапсырмалар

ТҰТЫНУШЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ТЕОРИЯСЫ
1.Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)
2.Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары
3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
4. Тұтынушының тепе-теңдігі
Сұрақтар мен тапсырмалар



САЛЫСТЫРМАЛЫ СТАТИКА ЖӘНЕ СҰРАНЫС ТАЛДАУЫ
1. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы
2. Табыс әсері мен ауысу әсері. Слуцкойдың теңдеуі
3. Игілікті тұрмыстың, әл-ауқаттың өзгеруі. Нақты табыс индекстері
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ПЕН КАПИТАЛ ҰСЫНЫСЫ
1. Өндіріс факторлар нарығындағы үй шаруашылықтары. Еңбек ұсынысы
2. «Табыс – демалыс» моделі (үлгісі)
3. Капитал ұсынысы
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ
1. Өндіріс пен технология. Өндірістік функция
2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы
3. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
1. Шығындар. Шығындарды жіктеу
2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары
3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар
4. Өндірушінің тепе-теңдігі. Изокоста
Сұрақтар мен тапсырмалар

БӘСЕКЕЛЕС ФИРМА ПАЙДАСЫНЫҢ КӨБЕЮІ
1. «Табыс» және «пайда» экономикалық категориялардың мәні
2. Нарық құрылымдардың түрлері (тұрпаттары)
3. Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі
4. Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
Сұрақтар мен тапсырмалар
МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПСОНИЯ. НАРЫҚ БИЛІГІ
1. Монополияға тән сипаттар
2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік
3. Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
4. Монополияның қоғамдық шығындары. Монополия билігінің көрсеткіштері
5. Монополиялардың мемлекеттік реттеуі
Сұрақтар мен тапсырмалар

МОНОПОЛИЯ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ
1. Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы
2. Монополия бәсекелестігіндегі тепе-теңдік
3. Монополия бәсекелестігінің салдары
Сұрақтар мен тапсырмалар

ОЛИГОПОЛИЯ
1. Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)
2. Олигополия үлгілері
3. Бәсекелестіктің бағалық кемсітуі және бағадан тыс факторлары
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТАРЫ
1. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына деген сұраныс
2. Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына сұраныс. Тепе-теңдік
3. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
4. Монополиялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
Сұрақтар мен тапсырмалар



ЖАЛПЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
1.Жалпы тепе-теңдікті талдау. Бір адам экономикасының үлгісі
2. «Таза» айырбас экономикасының үлгісі. Эджворт диаграммасы
3.Өндіріс нәтижелілігінің үлгісі. Парето – нәтижелілік
4.Игілік, әл-ауқат экономикасының негізгі теоремасы
Сұрақтар мен тапсырмалар

СЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕР – ЭКСТЕРНАЛИЯЛАР
1. Жиынтық және шекті сыртқы шығындар. Жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлер
2. Коуз теоремасы. Мемлекеттің рөлі: түзету салықтары мен жәрдемақылар
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕР
1. Жеке және қоғамдық игіліктер. Қоғамдық игіліктердің бәсекелессіздігі мен қосылушылығы
2. Қоғамдық игіліктер сұранысы мен ұсынысының қисық сызықтары.Тепе-теңдік
3. Қоғамдық игіліктерді пайдалануға беру тәсілдері Сұрақтар мен тапсырмалар

СИММЕТРИЯЛЫҚ ЕМЕС (БІР-БІРІНЕ САЙ ЕМЕС) АҚПАРАТЫ БАР НАРЫҚТАР
1. Сапаның белгісіздігі
2. Нарық белгілері. Кепілдіктер мен міндеттемелер рөлі
3. Моральдік тәуекел. «Тапсырыс беруші – агент» мәселесі
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



7

8

8
9
10

12

12
13
18
23
25

29

29

33
34
35

37

40
40

45

48
50
51



54

54

57
60

61

65

65

66
70
75

77
77
79
81
85

88
88
90
93
95
99

102

102
103
104

109
111
116

116
118

120
122

124
126

129
129
129
131
132

133
133

134
145

146

149
149

152

156

157

159



162
162

166

167
169
171

174
174

177

178

180
180

181

184
185

187

187
189
191

193

194

Файлы: 1 файл

Микроэконом каз.doc

— 1.67 Мб (Скачать)
  1. олар тұрақтылықты ұйғарады: Курнода – өндіріс көлемінің, Бертранда – бәсекелестер бағасының, өмірде бұған жету қиын.
  2. фирмалардың өндірістік қуаттары «өлшемсіз», яғни керек кезінде олар кеңееді не азаяды. Шекті және орташа шығындар өзгеріссіз қалып, ауқым әсері мүлде жоқ, осының негізінде келесі түйін туады: Курно бойынша және Бертран бойынша дуополия үлгілері олигополия жағдайларындағы стратегиялық мінез-құлық, іс-қимылдар туралы түсінік берсе де, олигополия барлық теорияларының ішіндегі ең қарапайым болып табылады.

Сұраныс сынық  қисық сызығының үлгісі – сынық қисық сызығының үлгісін 1939 жылы П. Суизи ұсынды. Бертран үлгісінде сияқты, мұнда негізгі басқару ауыспалы ретінде бағалар тұрады. Сұраныс сынық қисық сызығының үлгісі негізінде бағалардың «жабысқақтығы» деген қасиеті түсіндіріледі. Олигополия нарығындағы фирмалар бір түрлі тауар сатады дейік: Р бағасы бойынша сатулар көлемі Q бірліктерін құрайды (78 сурет).


 

          P2                                     MC2   MC1

                                       Майысу (бүгілу) нүктесі

          P

 

          P1

                                                                          D саланың

                                       MR           Dфирманың

                       

                        q2     Q2  Q      q1          Q1

78 сурет. Сұраныс сынық қисық сызығының үлгісі

 

Енді А фирмасы бағаны Р1 дейін төмендетеді дейік, онда оның сату көлемі Q1 дейін өсуге тиісті. Бірақ, қаралатын үлгіге сәйкес бәсекелес – фирмалар бағаның түсуін нарықты билеу деп түсінеді, себебі олардың ешқайсысы нарықтан кеткісі келмейді, сондықтан олар А фирмасы сияқты бағаны түсіреді, оның нәтижесінде нарық сұранысының қисық сызығы ауысады. Енді А фирмасы өнімнің тек қана q1 бірлігін сата алады. Егер А фирмасы төмендетпей, бағаны Р2 дейін көтерсе, бәсекелестер оған ермейді де, сату көлемі Q2 құрайды. Осы 2 жағдайда да біз сұраныстың сынық қисық сызығын аламыз. Олигополистер баға көтеру стратегиясынан бас тартады, өйткені бұл пайданың жоғалуына әкеледі.

Бағаның «жабысқақтығы» осында көрінеді – олигополист –  фирмалар бәсекелестердің бағаны көтеруіне  емес, түсуіне назар аударады. Сұраныстың сынық қисық сызығы үлгісінің  ең шекті жағдайы – бағалар  соғысы. Бұл бағаларды бірте-бірте төмендету жолымен бәсекелестік тудыру, бірақ ол олигополистер үшін тиімсіз. Сұраныстың сынық қисық сызығының үлгісінде де кемшіліктер бар. 1) Бәсекелестер көбінесе бағаның түсуін нарыққа ие болу, оны билеу деп қабылдамайды. Белгілі экономист, Нобель премиясының лауреаты Дж. Стиглер сұраныс сынық қисық сызығының үлгісін зерделеуінің керегі жоқтығы туралы, оны баяғыда ескірген деген пікір айтқан. Бұл сында шындық бар: осы үлгі олигополияның негізгі үлгісі ретінде қарала алмайды. Бірақ, сонымен бірге, ол олигополистердің белгіленген ахуалдарда мінез-құлықтары жөнінде түсінік береді (мысалы, жаңа нарықта, фирмалар бір-бірін жаңа «тани» бастағанда).

Картель. Олигополистердің кооперативтелмеген стратегиясы кооперативтелгеннен экономикалық жағынан тиімсіз, ұтымсыз. Олигополист – фирмалар қосылып, монополия сияқты қызмет жасауы мүмкін. Картель – олигополист – фирмалар тобы. Олар нарықты бөлу жөніндегі келісіммен бірігіп, өндірістің көлемі мен бағаларға қатысты бірдей іс-қимылдар жасап, монополиялық пайда алуға көзделген. Сондықтан, өз өніміне сұранысты біле тұра, олигополист – фирмалар жоғарылау баға және шектелген өндіріс көлемі туралы келісіп тұрақты экономикалық пайданы алады.

Картельге фирмалар немесе елдер де кіреді. Екінші тұрпатты картель  мысалы – мұнай экспорттаушы елдердің Ұйымы (ОПЕК). Егер картельге бірігуге заңнама бойынша тыйым салынса (мысалы, АҚШ-да сияқты), жасырын картель келісімдер құрылады. Оларды жасырын сөз байлау деп атайды. ОПЕК мысалында картельдің құруының пайдасын қарайық. 13 мүше – елдер кіретін ОПЕК 1973-74 жж 6 айдың ішінде мұнайға деген дүниежүзілік бағаларды бір барреліне 2,5 доллардан 11 долларға дейін көтерді. 1980 жылы мұнай бағасы 1 баррельге 32-34 долларға дейін жетті. Картельдің келісілген саясатының нәтижесі – ОПЕК мүше – елдердің адам айтқысыз пайдалары мен мұнайды импорттаушы – елдердің көптеген шығындары (70-ші жылдары болған «мұнай естен танулары») ОПЕК-тің сондай нәтижелі саясатының себептері:

  1. Дүниежүзілік мұнай нарығындағы билік – картельдің мүше – елдері дүниежүзілік нарыққа мұнайды жеткізетін жалғыз өздері ғана болған.
  2. Сатып алушылар жағынан мұнайға деген күннен күнге өсіп жатқан сұраныс
  3. Мұнайға деген сұраныстың икемсіздігі – өндірістің тіпті аз ғана (сәл) қысқаруы бағаның айтарлықтай өсуіне әкеледі. Жоғары баға өсіп кеткен валдық (жалпы) шығындарды, ал өндірістің қысқаруы – валдық (жалпы) шығындардың төмендеуін көрсетеді. Нәтижесінде бұл пайданың өсуіне әкеледі.

Осы шарттарды сақтаса, кез келген картель келісімі нәтижелі болады. Бірақ, бұрын айтып кеткендей, картельдің қирау механизмі картель табиғатының өзінде. Енді бұның қалай болатындығын қарайық. 79 суретте нағыз бәсекелестік (РК және QK) жағдайында салада өндірістің болуы мүмкін бағасы мен көлемі, сонымен қатар картель келісімін жасағанда белгіленетін баға мен өндіріс көлемі көрсетілген (Рkr мен Qkr). Картельдің бағасы жоғары, ал өндіріс көлемі бәсекелес нарықтан төмен, осының арқасында МС = MRkr экономикалық пайда алынады. Бірақ экономикалық пайданы алудың шарты – әр олигополист – фирма qkr өндіріс көлемін (өндірістің жиынтық көлемі Qkr құрау керек) қатал ұстануға тиісті. Әр жеке фирма q1 өнім шығарымында (мұнда баға шекті шығындарға тең) өз пайдасын көбейтетіні мәлім. Сондықтан, олигополист – фирмалар жасалған келісімге қарамастан, өндірістің q1 дейін өсуіне ұмтылады. Егер олар барлығы бағаны көтеріп, өндіріс көлемі Q жетіп, ал баға РК дейін түсетін деңгейге жетсе, экономикалық пайда нөлдік болады.

 

 

 

  Рkr             Сала               MC                     P              Фирма     MC       AC 


 

 

   Рk

 

   P1

                       MRkr                 Dсала

               

                  Qkr           Qk       Q1                                qkr            qk       q1

79 сурет. Картельдің қирау механизмі

 

Сонымен, картельдің тұрақтылығы  оған кірген олигополист – фирмалардың әр қайсысы қаншалықты қатал келісім шарттарын сақтап, ұстанатынына байланысты.

Баға билігі (баға көшбасшылығы). Картельдің құруына көптеген жағдайларда заңмен тыйым салынған (монополияға қарсы реттеу шара ретінде), сондықтан, олигополист – фирмалар картель артықшылықтарын алудың басқа тәсілдерін іздейді. Олар жасырын келісім жасауы да мүмкін, бірақ ол заңсыз болып саналады. Өз іс-қимылдары жөнінде жасырын түрде келіседі. Мұндай мінез-құлық саналы параллелизм деп аталады, оның бір түрі – баға көшбасшылығы. Баға көшбасшылығы – олигополистер баға стратегиясының жасырын түрі, олардың арасынан біреуі, қалғандардың қалауымен, баға көшбасшысы мәртебесін алып, осының негізінде өнім бағасын реттейді де басқалары оның бәсекелес ортасы, айналасы болады. Бұл стратегияның маңызды сипаттамасы – бәсекелес айнала, яғни олар баға көшбасшысы қойған бағаны қабылдайды. Әдетте, нарықтағы ең кұшті фирма – баға көшбасшысы. Баға көшбасшылығының 2 түрін айырады: ең төмен шығындары бар фирманың көшбасшылығы және сату көлемі бойынша нарықта беделді орын алатын фирманың көшбасшылығы. Мұндай үлгі барлық фирмалар үшін пайдалы. Көшбасшы – фирма монополист артықшылықтарына ие болып, ал қалған фирмалар өздерінен сұраныс зерттеулерінің және оңтайлы стратегияны іздеу ауырпалықтарын (қиындықтарын) түсіреді. Енді баға көшбасшылығы үлгісінде оңтайлы бағаны табу үдерісін (процесін) қарайық (80 сурет).

  

            D           Sn=ΣMCn


 

          P1                                 MCL

 

          PL

 

 

          P2                          MRL                   DL

 

         Qn      QL        QD

80 сурет. Баға көшбасшылығы

 

Ең бірінші: көшбасшы – фирма өз өніміне деген сұраныс  қисық сызығын салу керек. Нарық  сұранысы (D) қисық сызығын және басқа фирмалардың жиынтық ұсынысының қисық сызығын біліп алу қажет, олардың ұсыныс қисық сызығы шекті шығындар қисық сызықтарының сомасы – Sn, ол өз өніміне деген сұраныс функциясын (D – Sn) деп анықтайды. Р2 баға бойынша барлық салалық сұраныс баға көшбасшысымен қамтамасыз етіледі, Р1 баға бойынша – басқа фирмалармен. Сондықтан, көшбасшы – фирма (DL) өніміне сұраныс қисық сызығы – сынық қисық сызығы Р1 Р2 DL . Ары қарай көшбасшы – фирма оңтайлы бағаны анықтайды: ең жоғары пайданы әкелетін баға (яғни MCL = MRL) – PL. Осы бағаны белгілеген жағдайда көшбасшы – фирма QL тең өндіріс көлемін қамтамасыз етеді, ал қалған фирмалар – Qn (олардың өндіріс көлемдері шекті шығындарға сәйкес қалыптасады). Өзіне көшбасшы рөлін алған фирма үшін осы үлгіде әрқашанда тәуекел бар: қалғандары оның мәртебесін танығысы келмей, бағаның өзгеруіне дұрыс назар аудармауы мүмкін. Тіпті бұл жағдайда баға соғысы басталады. К. Макконелл, С. Брюдің «Экономиксінде» осындай мысал келтірілген: «Америкэн тобакко» мен «Рейнольдс» компанияларында 1924-1941жж. кезеңінде бағалар 8 рет өзгертілді. Нәтижесінде, баға көшбасшысы ақыры анықталғанда, сала фирмаларының пайдасы нормадан 2 есе көбейді.

Қоршалған баға белгілеу. Қоршалған баға белгілеудің үлгісі тәжірибеде баға көшбасшылықтың біліну түрі болып табылады. Оның мақсаты: салаға жаңа фирмалардың кіріуіне кедергі жасау. Бұл басқа фирмалар үшін де пайдалы, сондықтан олар қалыптасқан жағдайларды сақтауға тырысады. Әдетте, олигополия жағдайларында кіру кедергілері бар (негізінде ауқым әсерімен, яғни саладағы өндірістің жоғары шығындарымен себептелген).

Егер бұл кедергілердің  нәтижесі аз болса, олигополист –  фирмалар оларды нарық бағасын түсіру жолымен жасанды түрде көтереді. Бұл қалай болатынын қарайық. 81 суретте Р бағаға және Q өндіріс көлеміне сәйкес нүкте кооперативтелген олигополия жағдайларында қызмет жасайтын фирмаларға экономикалық пайда алуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, экономикалық пайда алу мүмкіндігі салаға жаңа фирмаларды тартады, оның нәтижесінде экономикалық пайданың деңгейі төмендейді. Оны болдырмау үшін олигополист – фирмалар нарық бағасын Р1 деңгейде (ең ұзақ мерзімді орташа шығындарға сәйкес) белгілеп, ұстауға тырысады. Бұл фирмаға экономикалық пайда алуына кедергі болса да, жаңа бәсекелестерден құтқарады. Олигополист – фирмалар таңдаған баға деңгейі шығындар деңгейінен тәуелді.

Қоршалған баға белгілеу стратегиясы саладан бәсекелестерді ығыстырып шығарып тастауға да мүмкіндік  береді. Баға көшбасшылықпен бірге келесі нұсқаны береді: фирма – баға көшбасшысы бағаны ең аз қысқа мерзімді орташа шығындардың деңгейінде белгілейді, бұл кейбір бәсекелестерді нарықтан кетіреді. Бірақ, фирма өзі де аздаған шығынға тап болады, бірақ оны ұзақ мерзімді кезеңде бәсекелестікті төмендету есебінен толтырады.

          P


                                                              MC

                                                                    LRAC

          P1

                                                                   D

 

                                           MR

                                    Q                 Q1

81 сурет. Қоршалған баға белгілеу үлгісі

 

Ойындар теориясы. Дж.фон Нейман мен О. Моргенштерннің 1944 жылы жазылған «Ойындар теориясы мен экономикалық мінез –құлық» деп аталатын кітабында баяндалған ойындар теориясын қарайық. Олигополия нарығында тепе-теңдікті іздеудің мүлде басқа методологиялық тәсілді ұсына отыра, ол басқа үлгілерге тән кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Балама теориялармен салыстырғанда, ойындар теориясының жағымды жағы – бәсекелестіктің нақты жағдайларына жақындығы. Онда берілген шамалар, параметрлердің тұрақтылығы, ақпараттың толықтығы деген түсініктер жоқ. Керісінше, ойындар теориясында шарт есебінде анықсыздық, тұрақсыздық, ақпараттың шектеулігі, демек, тәуекел қабылданады.

Ойындар теориясы көптеген ойындарды ұсынады –қатысушылар (ойыншылар) әр түрлі ахуалдарда оңтайлы шешімдерді қабылдауға тиісті. Мысалы, баға белгілеу, шығару көлемін, жарнамаға шығындарды анықтау немесе нарықта тауарларды жылжыту мақсаттарды қоятын ойындар. Ойыншылардың мінез-құлқының түріне байланысты ойындар кооперативтік және кооперативтік еместерге жіктеледі. Нәтижесіне байланысты нөлдік сомасы бар және нөлдік емес сомасы бар ойындарға бөлінеді. Ойындар теория методологиясының қағидасын белгілі «Тұтқын дилеммасы» мысалында түсіндіруге болады, – бұл қарапайым кооперативтік емес ойын (нөлдік сомамен). Жеке камерада (бөлмеде) отырып, бір-бірімен байланыса алмайтын 2 тұтқындардың шешім қабылдау процесін (үдерісін) қарастырады. Әр қайсысының алдында дилемма тұр: барлық шындықты айту немесе үндемеу. 3 мүмкін нұсқаның әр қайсысында қандай оқиға болатындығы оларға мәлім.

  1. Егер біреуі де шындығын айтпаса, олардың күнәсі дәлелденбейді, әр қайсысы ең аз жаза – 1 жыл тұтқынға алынады.
  2. Егер екеуінің біреуі шындығын айтса, екіншісі – үндемесе, шындығын айтқан босатылады, ал екіншісі – 15 жылға бас бостандығынан айырылады.
  3. Егер екеуі де шындығын айтса, 3 жылға бас бостандығынан айырылады.

Шешімдердің балама нұсқаларын есептеу матрица (қалып) түрінде  көрсетіп аламыз:

 

Шындықты айту

Үндемеу

Шындықты айту

3,3

0,15

Үндемеу

15,0

1,1


Егер тұтқындар дұрыс шешімге келіп, екеуі де шынын айтса, ең жоғары жазаны алу мүмкіндігі әрқайсысы үшін азаяды. Нәтижесінде екеуі де түрмеге 3 жылға отырады. Егер олар келісіп жасаса, (кооперативтік ойын жағдайында сияқты), шешімнің ең тәуір нұсқасын алушы еді. Осылай бұл ойын микродеңгейдегі оңтайлы шешімдер микродеңгейде оңтайлы емес нәтижеге әкелетіндігін көруге мүмкіндік береді. Бұл ойын экономика мәселелерінен алыстау болса да, негізінде олигополистердің мінез-құлқын көрсететін жақсы мысал болып табылады. Олардың алдында әрқашан стратегиялық бағыт (мінез-құлық) таңдау дилеммасы тұрады: агрессивтік бәсекелестікке, баға соғысына дейін барып, нәтижесінде жеңу немесе жеңілу: келісу (райласу), екеуіне де оңтайлы, ұтымды болатын нәтижеге жету. Олигополистердің оңтайлы (тепе-теңдік) стратегиясын таңдау мақсатын қоятын ойындардың мүмкін нұсқалары: бағаны түсіру немесе сол күйінде (деңгейде) қалдыру. «Тұтқын дилеммасы» сияқты, бірақ мүмкін нәтиже ретінде таңдалған бағыттың арқасында фирманың алынған/жоғалтқан пайдасы. Демек, олигополист – фирмалардың алдыңда тепе-тең (оңтайлы) мінез-құлық (іс-әрекет) бағыты, стратегиясын әзірлеу мәселесі тұрады. Мұнда 4 мүмкін нәтиженің біреуі іске асырылады:

Информация о работе Лекции по "Микроэкономика"