Лекции по "Микроэкономика"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:37, курс лекций

Краткое описание

Сапалы экономикалық білім алу барысында «Микроэкономика» пәнін зерделеудің маңызы зор. Жеке экономикалық субъектілері қызметінің деңгейінде шаруашылық механизмінің жұмысын зерттеу микроэкономиканың пәні бола келе экономика теориясын зерделеу үдерісінде алған теориялық білімдерді бекітуге, ресурстардың (қорлардың) шектелген жағдайларында тиімді экономикалық ойлау дағдыларына ие болуға, соның негізінде осы салада өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты бағалауға мүмкіндік береді. Микроэкономика – динамикалы және қызықты ғылым, осымен қатар оны тәжірибелік бағыттылығы да айырады.

Оглавление

КІРІСПЕ

МИКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1. Микроэкономика теориясының пәні
2. Микроэкономика методологиясы
Сұрақтар мен тапсырмалар

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі
2. Сұраныс және ұсыныс моделі (үлгісі)
3. Нарықтың тепе-теңдігі
4. Бағалардың мемлекеттік реттеуі
Сұрақтар мен тапсырмалар

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ. САЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ
1. Баға бойынша сұраныстың икемделігі. Сұраныстың айқас икемделігі
2. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі
3. Ұсыныс икемділігі
4.Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі
Сұрақтар мен тапсырмалар

ТҰТЫНУШЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ТЕОРИЯСЫ
1.Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)
2.Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары
3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
4. Тұтынушының тепе-теңдігі
Сұрақтар мен тапсырмалар



САЛЫСТЫРМАЛЫ СТАТИКА ЖӘНЕ СҰРАНЫС ТАЛДАУЫ
1. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы
2. Табыс әсері мен ауысу әсері. Слуцкойдың теңдеуі
3. Игілікті тұрмыстың, әл-ауқаттың өзгеруі. Нақты табыс индекстері
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ПЕН КАПИТАЛ ҰСЫНЫСЫ
1. Өндіріс факторлар нарығындағы үй шаруашылықтары. Еңбек ұсынысы
2. «Табыс – демалыс» моделі (үлгісі)
3. Капитал ұсынысы
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ
1. Өндіріс пен технология. Өндірістік функция
2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы
3. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
1. Шығындар. Шығындарды жіктеу
2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары
3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар
4. Өндірушінің тепе-теңдігі. Изокоста
Сұрақтар мен тапсырмалар

БӘСЕКЕЛЕС ФИРМА ПАЙДАСЫНЫҢ КӨБЕЮІ
1. «Табыс» және «пайда» экономикалық категориялардың мәні
2. Нарық құрылымдардың түрлері (тұрпаттары)
3. Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі
4. Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
Сұрақтар мен тапсырмалар
МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПСОНИЯ. НАРЫҚ БИЛІГІ
1. Монополияға тән сипаттар
2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік
3. Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
4. Монополияның қоғамдық шығындары. Монополия билігінің көрсеткіштері
5. Монополиялардың мемлекеттік реттеуі
Сұрақтар мен тапсырмалар

МОНОПОЛИЯ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ
1. Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы
2. Монополия бәсекелестігіндегі тепе-теңдік
3. Монополия бәсекелестігінің салдары
Сұрақтар мен тапсырмалар

ОЛИГОПОЛИЯ
1. Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)
2. Олигополия үлгілері
3. Бәсекелестіктің бағалық кемсітуі және бағадан тыс факторлары
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТАРЫ
1. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына деген сұраныс
2. Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына сұраныс. Тепе-теңдік
3. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
4. Монополиялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
Сұрақтар мен тапсырмалар



ЖАЛПЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
1.Жалпы тепе-теңдікті талдау. Бір адам экономикасының үлгісі
2. «Таза» айырбас экономикасының үлгісі. Эджворт диаграммасы
3.Өндіріс нәтижелілігінің үлгісі. Парето – нәтижелілік
4.Игілік, әл-ауқат экономикасының негізгі теоремасы
Сұрақтар мен тапсырмалар

СЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕР – ЭКСТЕРНАЛИЯЛАР
1. Жиынтық және шекті сыртқы шығындар. Жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлер
2. Коуз теоремасы. Мемлекеттің рөлі: түзету салықтары мен жәрдемақылар
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕР
1. Жеке және қоғамдық игіліктер. Қоғамдық игіліктердің бәсекелессіздігі мен қосылушылығы
2. Қоғамдық игіліктер сұранысы мен ұсынысының қисық сызықтары.Тепе-теңдік
3. Қоғамдық игіліктерді пайдалануға беру тәсілдері Сұрақтар мен тапсырмалар

СИММЕТРИЯЛЫҚ ЕМЕС (БІР-БІРІНЕ САЙ ЕМЕС) АҚПАРАТЫ БАР НАРЫҚТАР
1. Сапаның белгісіздігі
2. Нарық белгілері. Кепілдіктер мен міндеттемелер рөлі
3. Моральдік тәуекел. «Тапсырыс беруші – агент» мәселесі
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



7

8

8
9
10

12

12
13
18
23
25

29

29

33
34
35

37

40
40

45

48
50
51



54

54

57
60

61

65

65

66
70
75

77
77
79
81
85

88
88
90
93
95
99

102

102
103
104

109
111
116

116
118

120
122

124
126

129
129
129
131
132

133
133

134
145

146

149
149

152

156

157

159



162
162

166

167
169
171

174
174

177

178

180
180

181

184
185

187

187
189
191

193

194

Файлы: 1 файл

Микроэконом каз.doc

— 1.67 Мб (Скачать)

                                                                 

                                                  Е1                         


                         Е                                                  

 

 

Х игіліктің жалпы  көлемі

94 сурет. Шарттар (келісімдер) қисық сызығы

 

Шарттар қисық сызығы 2 игіліктің мүмкін үлестірулерін көрсетеді, олардан кейінгі өзара пайдалы мәмілелер мүмкін емес.

 

3. Өндіріс нәтижелілігінің  үлгісі. Парето – нәтижелілік

 

Сонымен, Эджворт жәшігін  және шарттар қисық сызығын салу нәтижесінде біз 2 тұтынушы араларында 2 тауарды мүмкін нәтижелі үлестіруін алдық, бірақ олардың қайсысы ең ұтымды екенін айталмаймыз. Бұл сауалға жауап беру үшін өндіріс нәтижелілігін табуға Эджворт диаграммасын салу қажет, яғни өндіріс нәтижелілігінің үлгісін. Ол сәйкес салынады, айырмасы: тауарлар емес, өндіріс факторлары (еңбек пен капитал), олар 2 тұтынушы емес, X пен Y тауарлар өндірісі араларында үлестіріледі. Парықсыздық қисық сызықтарының орнына біз изокванта саламыз, факторлардың өндірісті нәтижелі үлестіруін табу үшін – өндірістік шарттар қисық сызығын. Егер экономика нәтижелі болса, Х тауарды өндірудің жалғыз мүмкіндігі – Y тауардың біршама санын өндіруден бас тарту. (X,Y) координаталар жүйесіндегі өндірістік шарттар қисық сызығын салғанда, біз 2 тауардың өндірісі үшін өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығын аламыз – бұл 1 тауардың өндірісі екінші тауар өндірісінен тәуелділігі. Әр нүктедегі өндірістік мүмкіндіктер қисық сызықтарының еңкіштігі түрленудің шекті нормасы деп аталады (95 сурет).

Y Тауары



 

 

 

 


Х Тауары

                             

95 сурет. Өндірістік мүмкіндіктер қисық сызығы

 

MRTXY түрленудің шекті нормасы (marginal rate of transformation) – Y тауардың әр қосымша бірлігін алу үшін бас тартуға қажет Х тауардың саны.

 MRTXY = MCY/MCX, мұнда МС – әр тауар өндірісінің шекті баламалы шығындары

Нәтижелілік үлгісін, «таза» ауыстыру мен өндіріс нәтижелілігі үлгісін қосып, біз жалпы үлгіні аламыз, табамыз. Оның көмегімен қойылған міндетті шешеміз: өндіріс факторларын, тауарларды ең жоғары тұтыну нәтижемен қалай үлестіру керек?

Парето – нәтижелілікті көрсететін ахуал 96 суретте салынған. Парето – нәтижелі үлестіру Е нүктесінде, онда өндіруші көзқарасы бойынша нәтижелілік тұтынушы көзқарасы бойынша нәтижелілікпен сәйкес келеді. Бұл нүктедегі парықсыздық қисық сызығының (MRC) еңкіштігі өндірістік мүмкіндіктер қисық сызықтарының еңкіштігіне тең (MRT). MRTXY = MRSAXY = MRSBXY

Y Тауары


 

 

                                Е                                

                                     

 

 

                                                 Х Тауары  

96 сурет. Парето – нәтижелілік

 

Барлық нүктелерді қосып, пайдалылық шегін табамыз. 97 суретте көрсетілген (пайдалылық сызығын), онда UA – A тұтынушы пайдалылығы; UВ – В тұтынушы пайдалылығы.

UB


 

       •Н

 

     E

 

UA

97 сурет. Пайдалылық шегі

 

4. Игілік, әл-ауқат экономикасының негізгі теоремасы

 

Әл-ауқат жаңа классикалық  экономикасының негізгі теоремасы бойынша, бәсекелестің барлық шарттарын сақтай отыра, экономика Парето – нәтижелі жағдайға ұмтылады. Басқаша айтқанда, нағыз бәсекелестің бары нәтижелі өндіріс пен үлестіруді ұйғарады. Игіліктердің үлестіруі пайдалылық шегіне сәйкес деңгейде қамтамасыз етіледі. Әл-ауқат экономикасының теоремасына сәйкес қоғамдық әл-ауқат функцияларына анықтама беруге болады. Әр жеке адамның әл-ауқаты сияқты, қоғамдық әл-ауқат қоғам түтынған игіліктер сонымен анықталып, қоғамның әр мүшесі пайдалылығының жиынтық функциясы болып табылады, яғни қоғамдық әл-ауқат тең

f(UA, UB, …., Un), мұнда UA, UB, …., Un – қоғамның әр мүшесінің пайдалылығы. Егер «қоғам» 2 адамнан тұрса, қоғамның әл-ауқат функциясының графикалық түрі осындай болады:

       UA


 

 

 

UB

98 сурет. Қоғамдық әл-ауқаттың өсуі

 

98 суретте қоғам мүшелерінің  пайдалылығы үшін салынған парықсыздық  қисық сызықтары көрсетілген.  Қоғамдық әл-ауқат қоғам мүшелерінің  пайдалылықтары жоғарылаған сайын  өседі. Парықсыздық қисық сызықтарының  жағымсыз еңкіштігі мынаны көрсетеді: егер бір субъектінің пайдалылығы азайса, қоғамдық әл-ауқатты өсірудің жалғыз тәсілі – екінші субъектінің пайдалылығын көбейту. Әл-ауқат экономикасының теоремасы күрделі математикалық есептердің көмегімен дәлелденеді. Бірақ, тіпті бәсекелес ортада да Парето – нәтижелілік тәжірибеде емес, көбінесе теорияда өмір сүреді. Оның объективтік себептері бар. Олар 4: нарық билігі, қоғамдық игіліктер, сыртқы әсерлер мен ақпараттың бір-біріне сай болмауы. Біріншісін біз қарадық, қалғандарына келесі тақырыптар арналған. Әл-ауқат экономикасының талдауына көшер алдында Парето – нәтижелілік қоғамдық әл-ауқаты мен әлеуметтік әділдікпен қалай өзара қатынаста болғандығын көрейік.

1. Әр жеке адам тілейтін  үлестіруді Парето – нәтижелілік қамтамасыз ете ме? Қоғамдық әл-ауқаттың өлшеміне сай ма? Ол үшін 97 суретке назар аударайық. Графиктегі Н нүктесі Парето – нәтижелі емес: оған сәйкес үлестіру бойынша мәмілеге қатысушы жағдайының жақсаруы екіншісінің жағдайы төмендегенін ұйғарады. Сонымен бірге, Н нүктесіндегі үлестіру В тұтынушыға көбірек пайдалылық әкеледі (А тұтынушымен салыстырғанда). Сондықтан В тұтынушы осындай үлестіруді Е нүктесіндегі үлестіруден әділдеу деп санайды. Нәтижелі үлестіру әділ үлестіру деген емес. Экономикалық нәтижелілік пен әлеуметтік әділдік қазіргі замаңғы экономикасының ең өткір мәселесінің бірі. Экономикалық теорияда әділдікке деген 4 негізгі көзқарас қалыптасты:

1. Үлестірудің эгалитарлық үлгісіне сәйкес (фр. egalite – теңдік) өркениет теңдікке ұмтылу керек, яғни игіліктердің тең үлестіруіне. Бұл көзқарасты марксистер алып, оның нәтижелеріне өзіміз куә болдық. Оның жақсы жақтары да, кем жақтары да болады.

2. Унитарлық көзқарас – ол қоғамның барлық мүшелерінің жалпы пайдалылығын өсіретін үлестіруді насихаттайды.

3. Нарықтық көзқарас – нарықтық үлестіруді жақтайды тең болмаса да, экономикалық нәтижелі. Нарықтық үлестірудің нәтижелері әділ, кім қабілетті және еңбексүйгіш, сол көпке ие болады.

4. Ролсуандық көзқарас – қоғамның ең аз қамтамасыз етілген мүшелерінің пайдалылығы өсіріледі. Бұл көзқарас теңсіздікті туғызады (ең жоғары қамтамасыз етілген азаматтар жоғары салық төлейді). Бәрі де бай бола алмайды, бірақ ешкім де кедей болмау керек. Біз әл-ауқат экономика теориясын жіктей аламыз. Ол әділдік түсінігіне деген утилитарлық және нарықтық амалдардың қосындысының мысалы болып табылады. Осыдан оның барлық кемшіліктері туындайды. Қазіргі заманда көптеген нарықтар – олигополиялық және монополистік бәсекелес нарықтар. Олар нағыз бәсекелес нарықтардан ерекшеленеді. Әл-ауқат экономика теориясының артықшылығы: ол ресурстарды (қорларды) үлестіру мәселесіне анық және айқын амал ұсынады.

 

Сұрақтар мен  тапсырмалар

Талқылауға  арналған сұрақтар

 

  1. Жалпы тепе-теңдік деген не? Жалпы тепе-теңдікті анықтаудың күрделілігі қандай?
  2. Робинзон Крузо экономикасының үлгісін көрсетіңіз. Робинзон Крузо экономикасындағы тепе-теңдік қалай анықталады?
  3. «Таза» ауыстыру экономика үлгісін және Эджворт диаграммасын сипаттаңыз.

Шарттар қисық сызықтары  деген не?

  1. Өндіріс нәтижелілігінің үлгісін сипаттаңыз.
  2. Парето – нәтижеліліктің мәнін көрсетіңіз. Пайдалылық шегі деген не?
  3. Әл-ауқат экономикасының негізгі теоремасының мәнін ашыңыз.
  4. Әлеуметтік әділдік табиғатына деген қандай көзқарастар сізге мәлім?

 

Есептер, жаттығулар, тестілер

 

1. Қаралатын  саламен тік байланыстағы салада  ұсыныстың қысқаруы болды. Ол неге әкелді?

а) қаралатын салада бағалардың төмендеуіне 

б) қаралатын салада бағалардың өсуіне

в) қаралатын салада сұраныстың төмендеуіне (азаюына)

г) қаралатын салада ұсыныстың  жоғарылауына

2. Парето –  нәтижелілік ұйғарады:

а) экономикалық нәтижелі үлестіруді

б) әділ үлестіруді

в) тең үлестіруді

г) өндіріс факторларына иелік бойынша үлестіруді

3. Игіліктерді ең алғашқы үлестіру нүктесінде А тұтынушы үшін Х тауарды Yтауармен ауыстырудың шекті нормасы = 3, ал В тұтынушы үшін =1. Бұндай үлестіру Парето – нәтижелі болады және қай себептен? Бұл ахуалда Сіз не ұсынасыз?

4. Өндірістік  мүмкіндіктердің қисық сызықтары:

а) ресурстардың тапсырылған  мағынасында бір игілік өндірісінің  екінші өндірісінен тәуелділігін көрсетеді

б) игілік өндірісінің  игілік – субтитут өндірісінен тәуелділігін көрсетеді

в) игілік өндірісінің  өндіріс факторларынан тәуелділігін көрсетеді

г) барлық жауаптар дұрыс

5. Парето бойынша  нәтижелі экономика өндірістік мүмкіндіктер графигінде көрсетілген:

а) график ішіндегі нүктемен

б) график сыртындағы нүктемен

в) өндірістік мүмкіндіктер қисық сызығындағы нүктемен

г) Парето – нәтижелілік  өндірістік мүмкіндіктер қисық сызығында  көрсетілмеген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13 тақырып. СЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕР – ЭКСТЕРНАЛИЯЛАР

 

1. Жиынтық және шекті сыртқы шығындар. Жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлер

 

Кез келген нарық операциялар  шығындар мен пайдалармен қосақталады. Олар нарық қызметімен тікелей байланысты немесе байланысты емес. Экономикалық қызмет нәтижесінде алынған пайда (олар экономикалық қызметтің мақсаты) жеке пайда – РВ (private benefit) деп аталады. Экономикалық агенттер өздерінің қызмет нәтижесінде шығындарға тап болады. Олар жеке шығындар (private costs) деп аталады.

Тура пайдалар мен  шығындардан басқа кез келген экономикалық қызмет қосымша (жанама) әсерлермен байланысты. Нарық мәмілелер оған мүлде қатыспаған адамдарға әсер етеді – қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорын сол аймақтың тұрғындарына зиян келтіреді. Бұл әр түрлі ауруларға әкеліп, жүрт емдеуге көп шығынданады. Бұндай қосымша әсерлер сыртқы әсерлер немесе экстерналиялар деп аталады. Сыртқы әсерлер (экстерналиялар) – баға түрінде есептелмеген, нарық операциялар үдерісінде пайда болатын, шығындар мен пайдалар түріндегі қосымша (жанама) әсерлер. Сыртқы шығындар ЕС (external costs) деп белгіленеді. Сыртқы пайдалар – ЕВ (external benefit). Жоғарыда келтірілген экологияны ластау мысалы сыртқы шығындар мысалы болып келеді. Сыртқы пайда мысалы – тұмаудан егу – оны жасаған адам да, оның қоршауы да ұтады, яғни жұгу тәуекелі азаяды. Мұнда игілік бағасына сыртқы әсерлер кірмейді. Жеке және сыртқы шығындар сомасы – қоғамдық (әлеуметтік) шығындар – нарық мәмілелерге тікелей қатысушылардың және осы қызмет әсер еткен үшінші тұлғалардың жиынтық шығындары: SC = PC + EC (social costs). Осыған сәйкес, қоғамдық пайда – ол нарық қызметіне қатысты барлық тұлғалардың жиынтық пайдалары:

SB = PB + EB (social benefit).

Қосымша игілік бірлігінің өндірісімен немесе өткізуімен, тұтынуымен байланысты шығындардың өсуі (жеке, сыртқы немесе қоғамдық) – ол шекті (жеке, сыртқы немесе қоғамдық) шығындар. Сәйкес, игіліктің қосымша өсуімен байланысты пайданың өсуі – шекті пайда.

Шығындар мен пайдалардың  қисық сызықтары 99 суретте көрсетілген.


  С                             SC                             B                         

                                PC                            MSB                             SB

                         

                         MSC                             MPB                             PB            

                               MPC                       

                                    EC                                                           EB                                                           

                                                   MEC                                                      MEB

 

                                    Q                                                              Q

99 сурет. Шығындар мен пайдалар қисық сызықтары

 

Нарық агенттерінің қызметі  үшінші тұлғаларға зиян келтірген жағдайда осымен байланысты қосымша шығындар пайда болғанда, жағымсыз сыртқы әсер туралы айтады. Жағымсыз сыртқы әсерлер болғанда қоғамдық шекті шығындар әрқашан жеке шекті шығындардан асады. MC + t

           Р                                                           MSC


 

                                             

                                                                            MPC

          Р1                       

         Р*                                    

                                     Пигу салығы                          

                                                                 MPB=MSB

                                   Q1                Q*                   Q

100 сурет. Жағымсыз сыртқы әсер әрекетінің салдары

 

100 суреттегі графикте  жағымсыз сыртқы әрекетінің салдары  көрсетілген. Р* мен Q* – жағымсыз сыртқы әсерсіз игілік өндірісінің тепе-теңдік бағасы мен тепе-теңдік көлемі. Осындай игілікке сұраныстың қисық сызығы игіліктің шекті қоғамдық пайдалылығына сәйкес, өйткені сұраныс игілікті тұтынудан алынатын (пайдалылықпен) пайдамен анықталады. Сұраныс қисық сызығы оның жеке шекті шығындарының қисық сызығына сәйкес келеді (МРС). Егер игілік өндірісінде жағымсыз сыртқы әсер орын алса, онда өндірістің шекті шығындарына жеке шекті шығындармен бірге жеке сыртқы шығындар да кіреді, яғни олар МРС + МЕС = МSC.

Информация о работе Лекции по "Микроэкономика"