Лекции по "Микроэкономика"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:37, курс лекций

Краткое описание

Сапалы экономикалық білім алу барысында «Микроэкономика» пәнін зерделеудің маңызы зор. Жеке экономикалық субъектілері қызметінің деңгейінде шаруашылық механизмінің жұмысын зерттеу микроэкономиканың пәні бола келе экономика теориясын зерделеу үдерісінде алған теориялық білімдерді бекітуге, ресурстардың (қорлардың) шектелген жағдайларында тиімді экономикалық ойлау дағдыларына ие болуға, соның негізінде осы салада өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты бағалауға мүмкіндік береді. Микроэкономика – динамикалы және қызықты ғылым, осымен қатар оны тәжірибелік бағыттылығы да айырады.

Оглавление

КІРІСПЕ

МИКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1. Микроэкономика теориясының пәні
2. Микроэкономика методологиясы
Сұрақтар мен тапсырмалар

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі
2. Сұраныс және ұсыныс моделі (үлгісі)
3. Нарықтың тепе-теңдігі
4. Бағалардың мемлекеттік реттеуі
Сұрақтар мен тапсырмалар

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ. САЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ
1. Баға бойынша сұраныстың икемделігі. Сұраныстың айқас икемделігі
2. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі
3. Ұсыныс икемділігі
4.Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі
Сұрақтар мен тапсырмалар

ТҰТЫНУШЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ТЕОРИЯСЫ
1.Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)
2.Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары
3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
4. Тұтынушының тепе-теңдігі
Сұрақтар мен тапсырмалар



САЛЫСТЫРМАЛЫ СТАТИКА ЖӘНЕ СҰРАНЫС ТАЛДАУЫ
1. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы
2. Табыс әсері мен ауысу әсері. Слуцкойдың теңдеуі
3. Игілікті тұрмыстың, әл-ауқаттың өзгеруі. Нақты табыс индекстері
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ПЕН КАПИТАЛ ҰСЫНЫСЫ
1. Өндіріс факторлар нарығындағы үй шаруашылықтары. Еңбек ұсынысы
2. «Табыс – демалыс» моделі (үлгісі)
3. Капитал ұсынысы
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ
1. Өндіріс пен технология. Өндірістік функция
2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы
3. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
1. Шығындар. Шығындарды жіктеу
2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары
3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар
4. Өндірушінің тепе-теңдігі. Изокоста
Сұрақтар мен тапсырмалар

БӘСЕКЕЛЕС ФИРМА ПАЙДАСЫНЫҢ КӨБЕЮІ
1. «Табыс» және «пайда» экономикалық категориялардың мәні
2. Нарық құрылымдардың түрлері (тұрпаттары)
3. Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі
4. Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
Сұрақтар мен тапсырмалар
МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПСОНИЯ. НАРЫҚ БИЛІГІ
1. Монополияға тән сипаттар
2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік
3. Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
4. Монополияның қоғамдық шығындары. Монополия билігінің көрсеткіштері
5. Монополиялардың мемлекеттік реттеуі
Сұрақтар мен тапсырмалар

МОНОПОЛИЯ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ
1. Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы
2. Монополия бәсекелестігіндегі тепе-теңдік
3. Монополия бәсекелестігінің салдары
Сұрақтар мен тапсырмалар

ОЛИГОПОЛИЯ
1. Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)
2. Олигополия үлгілері
3. Бәсекелестіктің бағалық кемсітуі және бағадан тыс факторлары
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТАРЫ
1. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына деген сұраныс
2. Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына сұраныс. Тепе-теңдік
3. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
4. Монополиялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
Сұрақтар мен тапсырмалар



ЖАЛПЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
1.Жалпы тепе-теңдікті талдау. Бір адам экономикасының үлгісі
2. «Таза» айырбас экономикасының үлгісі. Эджворт диаграммасы
3.Өндіріс нәтижелілігінің үлгісі. Парето – нәтижелілік
4.Игілік, әл-ауқат экономикасының негізгі теоремасы
Сұрақтар мен тапсырмалар

СЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕР – ЭКСТЕРНАЛИЯЛАР
1. Жиынтық және шекті сыртқы шығындар. Жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлер
2. Коуз теоремасы. Мемлекеттің рөлі: түзету салықтары мен жәрдемақылар
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕР
1. Жеке және қоғамдық игіліктер. Қоғамдық игіліктердің бәсекелессіздігі мен қосылушылығы
2. Қоғамдық игіліктер сұранысы мен ұсынысының қисық сызықтары.Тепе-теңдік
3. Қоғамдық игіліктерді пайдалануға беру тәсілдері Сұрақтар мен тапсырмалар

СИММЕТРИЯЛЫҚ ЕМЕС (БІР-БІРІНЕ САЙ ЕМЕС) АҚПАРАТЫ БАР НАРЫҚТАР
1. Сапаның белгісіздігі
2. Нарық белгілері. Кепілдіктер мен міндеттемелер рөлі
3. Моральдік тәуекел. «Тапсырыс беруші – агент» мәселесі
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



7

8

8
9
10

12

12
13
18
23
25

29

29

33
34
35

37

40
40

45

48
50
51



54

54

57
60

61

65

65

66
70
75

77
77
79
81
85

88
88
90
93
95
99

102

102
103
104

109
111
116

116
118

120
122

124
126

129
129
129
131
132

133
133

134
145

146

149
149

152

156

157

159



162
162

166

167
169
171

174
174

177

178

180
180

181

184
185

187

187
189
191

193

194

Файлы: 1 файл

Микроэконом каз.doc

— 1.67 Мб (Скачать)

в) Ұзақ мерзімді кезеңде  фирманың іс-қимылдары қандай болады: олар саланы тастап кете ме немесе ол салаға жаңа фирмалар кіре ме?

7. Бәсекелес фирманың шығындары 30 долларға тең. Оның өніміне нарық бағасы 50 доллар деңгейінде. Енді фирманың іс-қимылдары қандай болу керек?

а) нарық бағасы мен  орташа жалпы шығындар аралығындағы айырмасы ең жоғары болатын өндіріс  көлемін ұстану (ұстап тұру)

б) МС = 50 деңгейіне өндіріс көлемін көтеру

в) өндірістің бұрынғы  көлемін сақтай отыра, 50 доллардан  жоғары бағаны қою

г) орташа жалпы шығындар ең аз болатын өндіріс көлемін  ұстау

8. Кестеде бәсекелес фирманың жалпы шығындары келтірілген:

Q

0

1

2

3

4

5

TC

5

8

10

13

18

26


Фирма өз өндірісін тоқтатуға  мәжбүр болу үшін оның өніміне баға қай деңгейден төмен түсу керек?

9. Бидайдың құны 1 бушельге – 4 доллар. Егер фермер бидайды нағыз бәсекелестік нарықта сатса, 1 бушельге оның шекті табысы 4 доллардан аз болады. Осы дұрыс па?

10. Бәсекелес фирма валдық (жалпы) шығындарының шығару көлемінен тәуелділігі мына кестеде келтірілген:

 Q

0

1

2

3

4

5

TC

50

80

100

130

180

260


Өнімнің әр көлеміне АС, АVC, МС есептеп, келесі сауалдарға жауап беріңіз:

а) фирма экономикалық пайда алу үшін нарық бағасы қай деңгейден жоғары болу керек?

б) залалдарды азайту мақсатымен фирма өндірісін жалғастыру үшін нарық бағасы қандай шектерде болу керек?

в) фирма өндірісін  тоқтату үшін нарық бағасы қай  деңгейден төмен түсу керек?

11. Бәсекелес  салада қандай сұраныс ең икемді – жеке фирма өніміне деген сұраныс немесе нарық сұранысы?

а) жеке фирманың өніміне  сұраныс икемділеу

б) жеке фирманың өніміне  деген сұранысынан нарық сұранысы икемділеу

в) нарық сұранысы немесе жеке фирманың өніміне деген сұраныс икемділеу деп бірден айтуға болмайды, бәрі де нақты нарыққа байланысты

г) сұраныстың екеуі де икемсіз

12. Нағыз бәсекелес салада тұрақты ұзақ мерзімді шығындары бар 20 бірдей фирма қызмет жасайды. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кезеңдерде барлық фирмалардың шекті шығындары бірдей және MC = q2 – 12q + 36 теңдеуге сәйкес. Нарық сұранысы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерде P = 189 – Q теңдеуге сәйкес. Қысқа мерзімді кезеңде шығару q = 8, ұзақ мерзімді кезеңде -q = 9 орташа шығындар азаяды. Сала ұзақ мерзімді тепе-теңдік күйде екендігін айтуға бола ма? Салаға бағасы = 5 өнімін ұсынған фирмалар кірсе не болады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9 тақырып. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПСОНИЯ. НАРЫҚ БИЛІГІ

 

1. Монополияға  тән сипаттар

 

Монополия – нарық үлгісі, оның негізгі сипаттамалары: бір сатушының қолында нарық ұсынысының шоғырлануы, субтитут – тауарлардың, салаға кіру үшін кедергілердің жоғы. Дүниежүзінің дамыған елдерінде ХІХ ғасырдың аяғында монополиялар (трестер) пайда бола бастады, әсіресе көлік пен коммуникациялар, ауыр өнеркәсібі, кең өнеркәсібі салаларында. Олар қазіргі заманда  да пайда болады, негізінде компаниялардың қосылу, яғни бірігу жолымен. Бірігу, қосылу себебі: нарық үлесі айтарлықтай үлкееді де ауқым әсері қосылады (ауқым әсері монополияның өмір сүру себебі ретінде кейінірек қаралады). Бірігудің (қосылудың) бірнеше түрлерін айырады. Көлденең бірігу – бір салада, бір нарықта қызмет жасайтын, яғни бәсекелес компаниялардың қосылуы. Тік бірігу – бір салада, бірақ әр түрлі өндіріс сатыларында қызмет жасайтын компаниялардың қосылуы. Конгломераттық бірігу – технологиялық бір-бірімен байланысы жоқ,  әр салада қызмет жасайтын компаниялардың бірігуі.

Монополиялық биліктің негізгі көздері ретінде әдетте айырады:

  1. Заңды, яғни қызметтің осы түрін жүргізуге айрықша құқық. Біріншіден, олар мемлекеттік және жергілікті органдарымен коммуналдық (шаруашылық аясындағы қызмет) немесе коммерциялық ұйымдармен беріледі (франшиза – бір фирманың екінші фирмаға белгіленген қызмет жасауға берілетін монополиялық құқық), екіншіден, авторлық құқық аясында заңнамамен қамтамасыз етіледі (патенттер, лицензиялар). АҚШ заңнамасы бойынша өнертапқыш өзіне берілген заң жүзінде бекітілген айрықша құқығын 17 жыл бойы сақтайды. Дәл осы жағдай «Ксерокс», «Ай-би-эм», «Майкрософт» сияқты алыптардың өсіп, орнығып, дамуында басты рөл атқарады.
  2. Экономикалық – олар бөлінеді:

а) ауқым әсеріне – қызметтің кейбір аяларында тұрақты жағымды әсері байқалады; бұл жағдайда баға бәсекесі мынаған әкеледі: салада ең аз ұзақ мерзімді орташа шығындарды қамтамасыз етуге қабілетті бір ғана фирма қалады. Мысал ретінде ауыр машина жасау, өнеркәсіптің алюминий, болат балқыту салалары, оларды барлық елдерге бір компания – өндіруші жібереді.

б) ресурстарды (қорларды) бақылау – бір ресурстың (қордың) өндірісіне монополиялық құқығы бар фирма автоматты түрде басқа фирмалардың өндірісін жаба алады (оларға осы ресурс қажет болса да). Осылай, кейбір трансұлттық корпорациялар өз монополиялық орнын ұстап тұр, шикізаттың негізгі көздерін бақылаудың арқасында, мысалы, «Де Бирс» компаниясы дүниежүзілік алмаз рудниктерінің көбіне ие болушы.

в) тұтынушылардың ұнатымдары – кейде тұтынушылар бір ғана сауда маркасының өнімдерін тұрақты түрде ұнатады. Монополия, сонымен бірге, нарықтағы адал емес (арам) бәсекелестіктің нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Монополиялық биліктің көздеріне байланысты монополияның әр түрлерін айырады:

1 жабық монополия – оның пайда болу себебі: егер монополиялық жағдай заңнамамен қорғалса

2 ашық монополия – инновациялық (жаңалықтар) әзірлемелерімен байланысты: бір уақытта фирма бірегей тауардың жалғыз өндірушісі болып қалады – (өз жаңалығының нәтижесінде).

3. Табиғи монополия – жоғарыда келтірілген тұрақты жағымды ауқым әсері. Басқаша айтқанда, бұл саладағы шығындар өте жоғары (көп), оларды тек үлкен фирма ғана жаба алады. Егер осындай фирманың өнімі өмірлік қажет болса, ол мемлекеттің қорғауына түседі, себебі, мемлекеттің басты мақсаты – тұтынушылардың құқығын қорғау (темір жол көлігі, коммуналдық шаруашылық, электр-жабдық пен телекоммуникациялар жүйелері).

4. Сатып алушы монополиясы – монопсония – мұнда монополиялық билік сатып алушының қолында шоғырланады. Бірақ бұл билікті ол монополистен өзгеше пайдаланады, монополист қымбаттау сатуға тырысады, ал монопсонист – арзандау сатып алуға. Бұл монополияның монопсониядан жалғыз айырмашылығы. Монопсония мысалы – жергілікті еңбек нарығы, онда еңбекті сатып алатын жалғыз жұмыс беруші – фирма қызмет жасайды.

5. Екі жақты монополия – нарықтағы жалғыз сатушысы мен жалғыз сатып алушысы бар ахуал. Екеуі де нарық билігіне ие болғандықтан, өндірістің бағасы мен көлемі олардың келісім жүргізу қабілеттілігі мен бір-бірі жөнінде мәлімет алу деңгейіне байланысты.

 

2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік

 

Нағыз бәсекелес фирма  мен монополист – фирма араларындағы шешуші айырмашылық – нарықтық сұраныста. Монополия жағдайларында бір фирма барлық саланы көрсетіп тұрғанда оның өніміне деген қисық сызығы нағыз бәсекелестік жағдайлардағы нарықтық сұраныстың қисық сызығына тең, яғни төмен түсетін еңкіштігі бар. Бұнын түсінігі: монополист бағаны түсіре отыра, өз сатуларын көбейте алады, өйткені шекті пайдалылықтың азаю заңы әрекетте. Фирма өніміне деген сұраныстың қисық сызықтарының айырмашылығымен таза бәсекелестік жағдайларындағы және таза монополия жағдайларындағы өндіріс арасындағы айырмашылық себептелген. Бәсекелес фирманың шекті табысы тұрақты да өнімнің бағасына тең. Ал монополистің бағасы шекті табыстан асады. 71 суретте монополистің өніміне деген сұраныстың қисық сызығы көрсетілген. Тауардың төртінші бірлігін сатқысы келген монополист бағасын 5 тен 4 төмендетуге мәжбүр.

Бірақ, бұл баға төртінші бірлікке ғана емес, барлығына да таралады. Сондықтан валдық (жалпы) табыстың көбеюі тауардың төртінші бірлігін сату есебінен табыстың көбеюіне тең, шекті табыс – А көлемі үш алдыңғы бірліктердің бағасын төмендетуден айырылған табысты алу – В көлемі. Шекті табыс тауардың әр келесі бірлігін сатудан азаяды. Сондықтан, табыстың шекті қисық сызығында да төмен түскен еңкіштігі бар.

 

 

P                  D


 

 

5

4                   B

3

2                                       A

1

 

     1      2      3      4        5                        Q

71 сурет. Монополистің өніміне деген сұраныстың қисық сызығы

 

Монополистің екінші айырмашылығы: ол бағаны өзі қояды (price maker). Сонымен, егер бәсекелес фирма өндірістің көлемі жөнінде (ұсыныс көлемі) шешім қабылдаса, монополист өндіріс көлемі мен бағалар деңгейі жөнінде де шешім қабылдауға тиісті. Сонымен бірге монополист өндіріс көлемін шектейді, себебі, оның үлкейген жағдайында баға түседі. Қорытындай келе, монополистің алдында 2 мақсат тұратындығын айтуға болады:

1) ең жоғары пайда  түсетін (Q) өндіріс көлемін табу (бұл MR = MC өндіріс көлемі)

2) Q тең өндіріс көлемінде сұраныс бағасына сәйкес келетін бағаны (Р) табу. Бірінші мақсатқа жету үшін монополист MR = MC ережесін басшылыққа алады. Бұл жағдайда монополистің ұсыныс көлемі бәсекелес ұсыныстан аз болып шығады. Баға белгілегенде, ол пайданы көбейту ережесінен алынған формуланы пайдаланады:

Р = MC/(1 + 1/ED) (американдық тәжірибеде бұл ереже «бас бармақ» ережесі деп аталады).

Монополист өндіріс  шығындарын сұраныс икемділігіне кері пропорционал шамадан асатын бағаны белгілейді. Мұндай монополиялық баға шекті шығындар мен шекті табыстан асып кетеді, сондықтан ол бәсекелес бағадан көп: Р>MR = MC (ED = ∞ жағдайды санамағанда). Бұл баға пайданы көбейту тұрғыдан қарағанда, ең тиімді, оңтайлы. Осындай баға монополиске жоғары пайда алуын қамтамасыз етеді. Солай, біз монополистің қысқа мерзімді тепе-теңдік үлгісін алдық (72 сурет): М1 – тепе-теңдік нүктесі, ол QМ өндірістің тепе-теңдік көлеміне, мұнда (MR = MC) және РМ тепе-теңдік бағасына сәйкес. Бұл жағдайда РМ>MR = MC

A


                                                           MC

                                      

         PM                           M'                           

                                                 E

         PE

                                      М

                                                   MR                  D

                        QM     QE

72 сурет. Монополистің қысқа мерзімді тепе-теңдігі

 

Монополиялық нарық  билігі кейде дұрыс түсіндірілмейді: монополистің әрекеттеріне қатысты  көптеген қисық пікірлер бар:

  1. Монополист әрдайым жоғары бағаны белгілейді. Бұл олай емес: монополистің бағасы жоғары емес, ең нәтижелі, яғни ең жоғары пайданы қамтамасыз ететін.
  2. Монополиялық билікке ие болу – пайда алудың кепілдігі. Бұл дұрыс емес, өйткені кейбір жағдайларда (сұраныс азайғанда) монополист шығындарға ұшырайды.
  3. Монополист орташа пайданы өсіруге (көбейтуге) ұмтылады (өнім бірлігінен пайда алу). Бұл пікір де дұрыс емес. Шын мәнінде, монополист валдық (жалпы, жиынтық) пайданы көбейтуге (өсіруге) ұмтылады. Бағасы 32 доллар тұратын өнімнің 4 бірлігін сатып, 128 доллар пайда алғанша, ол бағасы 28 доллар тұратын өнімнің 5 бірлігін сатуын қалайды.

 

  1.  Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі

 

Келесі ахуалды қарайық: фирма – монополист ұзақ мерзімді кезеңде өндірісі кеңейту жөнінде  шешім қабылдайды. Ол бар өндіріс  шеңберінде жаңа өндірістік қуаттарды  енгізуге дайын, яғни өздеріндегі бар зауытпен шектеледі. Бірақ ол екінші, үшінші, төртінші зауыттарды салып, ары қарай дами алады. Өндірісті кеңейту жөніндегі монополистің шешімі ұзақ мерзімді шығындар мен нарық сұранысы ара қатынастарынан тәуелді. MR = LRMC жағдайында ұзақ мерзімді тепе-тендікке жеткен монополист пайданы өсіруге мүмкіндік беретін өндірістің кез келген көлемін таңдай алады.

Егер монополист ең аз орташа ұзақ мерзімді LRACmin шығындардан жоғары шығындармен өндірсе, бұл өндіріс факторларын пайдалану нәтижесіздігінің көрсеткіші болып табылады. Ауқым әсерінің жартылай пайдалану немесе кері ауқым әсерінің әрекеті себеп болуы мүмкін. Монополия жағдайында ауқым әсерінен фирма ұтады, егер нарық сұранысы МС = MR жағдайын қамтамасыз етсе. Енді монополист өндірісті кеңейту жөнінде шешім қалай қабылдайтынын қарайық 73 суретте монополист ұсынысының q-дан Q-ға дейін өсуі көрсетілген. Q тең өндіріс көлемінде ең аз қысқа мерзімді орташа шығындар АС2 қисық сызығымен белгіленген. Сонда ұзақ мерзімді орташа LRAC2 шығындар q тең өндіріс көлеміне LRACmin айтарлықтай асады, q ауқымды 2 зауыт салып, монополист жиынтық ұсынысты 2q дейін көбейтеді. Бұл өндірістің ең аз ұзақ мерзімді орташа шығындарда іске асырылуын білдіреді: MR = LRMC = LRACmin. Нарық бағасы нәтижесінде азаяды (РQ – Р2q дейін), бірақ монополистің жиынтық пайдасы ұсыныстың өсуі мен өндірістің орташа шығындарының төмендеуі есебінен өседі.

Информация о работе Лекции по "Микроэкономика"