Лекции по "Микроэкономика"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:37, курс лекций

Краткое описание

Сапалы экономикалық білім алу барысында «Микроэкономика» пәнін зерделеудің маңызы зор. Жеке экономикалық субъектілері қызметінің деңгейінде шаруашылық механизмінің жұмысын зерттеу микроэкономиканың пәні бола келе экономика теориясын зерделеу үдерісінде алған теориялық білімдерді бекітуге, ресурстардың (қорлардың) шектелген жағдайларында тиімді экономикалық ойлау дағдыларына ие болуға, соның негізінде осы салада өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты бағалауға мүмкіндік береді. Микроэкономика – динамикалы және қызықты ғылым, осымен қатар оны тәжірибелік бағыттылығы да айырады.

Оглавление

КІРІСПЕ

МИКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1. Микроэкономика теориясының пәні
2. Микроэкономика методологиясы
Сұрақтар мен тапсырмалар

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі
2. Сұраныс және ұсыныс моделі (үлгісі)
3. Нарықтың тепе-теңдігі
4. Бағалардың мемлекеттік реттеуі
Сұрақтар мен тапсырмалар

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ. САЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ
1. Баға бойынша сұраныстың икемделігі. Сұраныстың айқас икемделігі
2. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі
3. Ұсыныс икемділігі
4.Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі
Сұрақтар мен тапсырмалар

ТҰТЫНУШЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ТЕОРИЯСЫ
1.Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)
2.Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары
3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
4. Тұтынушының тепе-теңдігі
Сұрақтар мен тапсырмалар



САЛЫСТЫРМАЛЫ СТАТИКА ЖӘНЕ СҰРАНЫС ТАЛДАУЫ
1. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы
2. Табыс әсері мен ауысу әсері. Слуцкойдың теңдеуі
3. Игілікті тұрмыстың, әл-ауқаттың өзгеруі. Нақты табыс индекстері
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ПЕН КАПИТАЛ ҰСЫНЫСЫ
1. Өндіріс факторлар нарығындағы үй шаруашылықтары. Еңбек ұсынысы
2. «Табыс – демалыс» моделі (үлгісі)
3. Капитал ұсынысы
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ
1. Өндіріс пен технология. Өндірістік функция
2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы
3. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
1. Шығындар. Шығындарды жіктеу
2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары
3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар
4. Өндірушінің тепе-теңдігі. Изокоста
Сұрақтар мен тапсырмалар

БӘСЕКЕЛЕС ФИРМА ПАЙДАСЫНЫҢ КӨБЕЮІ
1. «Табыс» және «пайда» экономикалық категориялардың мәні
2. Нарық құрылымдардың түрлері (тұрпаттары)
3. Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі
4. Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
Сұрақтар мен тапсырмалар
МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПСОНИЯ. НАРЫҚ БИЛІГІ
1. Монополияға тән сипаттар
2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік
3. Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
4. Монополияның қоғамдық шығындары. Монополия билігінің көрсеткіштері
5. Монополиялардың мемлекеттік реттеуі
Сұрақтар мен тапсырмалар

МОНОПОЛИЯ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ
1. Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы
2. Монополия бәсекелестігіндегі тепе-теңдік
3. Монополия бәсекелестігінің салдары
Сұрақтар мен тапсырмалар

ОЛИГОПОЛИЯ
1. Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)
2. Олигополия үлгілері
3. Бәсекелестіктің бағалық кемсітуі және бағадан тыс факторлары
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТАРЫ
1. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына деген сұраныс
2. Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына сұраныс. Тепе-теңдік
3. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
4. Монополиялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
Сұрақтар мен тапсырмалар



ЖАЛПЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
1.Жалпы тепе-теңдікті талдау. Бір адам экономикасының үлгісі
2. «Таза» айырбас экономикасының үлгісі. Эджворт диаграммасы
3.Өндіріс нәтижелілігінің үлгісі. Парето – нәтижелілік
4.Игілік, әл-ауқат экономикасының негізгі теоремасы
Сұрақтар мен тапсырмалар

СЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕР – ЭКСТЕРНАЛИЯЛАР
1. Жиынтық және шекті сыртқы шығындар. Жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлер
2. Коуз теоремасы. Мемлекеттің рөлі: түзету салықтары мен жәрдемақылар
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕР
1. Жеке және қоғамдық игіліктер. Қоғамдық игіліктердің бәсекелессіздігі мен қосылушылығы
2. Қоғамдық игіліктер сұранысы мен ұсынысының қисық сызықтары.Тепе-теңдік
3. Қоғамдық игіліктерді пайдалануға беру тәсілдері Сұрақтар мен тапсырмалар

СИММЕТРИЯЛЫҚ ЕМЕС (БІР-БІРІНЕ САЙ ЕМЕС) АҚПАРАТЫ БАР НАРЫҚТАР
1. Сапаның белгісіздігі
2. Нарық белгілері. Кепілдіктер мен міндеттемелер рөлі
3. Моральдік тәуекел. «Тапсырыс беруші – агент» мәселесі
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



7

8

8
9
10

12

12
13
18
23
25

29

29

33
34
35

37

40
40

45

48
50
51



54

54

57
60

61

65

65

66
70
75

77
77
79
81
85

88
88
90
93
95
99

102

102
103
104

109
111
116

116
118

120
122

124
126

129
129
129
131
132

133
133

134
145

146

149
149

152

156

157

159



162
162

166

167
169
171

174
174

177

178

180
180

181

184
185

187

187
189
191

193

194

Файлы: 1 файл

Микроэконом каз.doc

— 1.67 Мб (Скачать)

                                                                         AVC

 

                 А                            В                             MR 

                 

 

 

                                                                                           Q

  Q1                           Q'

65 сурет. Жетілген бәсекелестік нарығындағы фирма тепе-теңдігі

 

Сонымен, бәсекелес фирма  үшін тепе-теңдік шығаруы P = MR =MC =AC шартында мүмкін. Графикте біз MR мен MC қисық сызықтарының 2 қиылысу нүктесін алдық. Мұнда өнімнің әр қосымша бірлігі шығыннан асып түсетін табыс әкеледі, яғни MR > MC А-дан В-ға дейінгі кесіндіде – өндірістің кез келген көлемі бұл жерде шығынсыз. В нүктесі ғана тепе-теңдік сақтайды, өйткені А нүктесінде, фирма қызметі шығынсыз болса да, өндірісті кеңейту есебінде пайданы көбейту мүмкіндігі бар (Q1 > Q1). Пайда В нүктесінде ең жоғары деңгейіне жетіп, төмендей бастайды, яғни өнімнің қосымша бірлігін өндіруімен байланысты шығындар өнімді өткізуден алынған табыстардан асып кетеді. Бәсекелес фирма, нарықтық конъюнктураға байланысты, 3 мүмкін болатын нұсқадан 1 таңдайды.

1. Фирма пайдасын көбейтеді. Бұл іске асырылады, егер нарықта қалыптасқан баға фирманың орташа шығындарынан асып кетсе:

Р > АСmin, яғни фирма кәдімгі қарапайым пайдасын алады. Оны (пайданы) көбейту үшін өндіруші шекті табыс шекті шығындармен теңескенше өндіріс көлемін көбейтеді.

       C,R                                              MC


 

                A                              B                 P=MR

 

 

                                                          AC

                D                                C

              

 

 

                                                                                    Q 

66 сурет. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейтуі

 

2. Фирма шығындарды (залалдарды) азайтады. Бұл мүмкін болады, егер баға мына деңгейде тұрса: AVCmin<P<ACmin Осы жағдайда фирма дұрыс пайда алмайды, яғни залал шегеді. Бірақ өндірістің тоқталуы фирма үшін оның жалғасуынан да залалды. Шынында да, егер фирма өндірісін жалғастырса, ол пайдасын алмаса да ауыспалы шығындарды толық және тұрақты шығындарды жартылай жабады; егер өндірісін тоқтатса, тұрақты шығындар көлемінде залал шегеді. Сондықтан, фирма өндірісті таңдап, осылай залалдарды азайтады 67 сурет залалдарды азайту ахуалын көрсетіп тұр. Ондағы сызылған көлем (ABCD) залалдардың шамасына сәйкес. Ендігі назарды ABEF тікбұрышқа аударайық – бұл фирма жабылған жағдайда оның болатын залалдары.

 

 

 

 

      C, R


                                                 MC

                                                          AC

                A                        B



                C                          D                     P=MR

                                               AVC

                E                          F

 

 

67 сурет. Бәсекелес фирманың залалдарын азайту

 

3. Фирма өндірісін жабады. Егер фирма өніміне нарық бағасы орташа ауыспалы шығындардан төмен түссе (P< AVCmin), фирмаға өндірісін жалғастыруға қажеті жоқ, өйткені ол өндірістің кез келген көлемінде тіпті ағымдағы шығындарды да жаба алмайды. Бұл 68 суретте көрсетілген.

       C,R                                        MC


                                                                 AC

 

                                                              AVC

 

                                                         P=MR

 

 

                                                                 Q  

68 сурет. Фирма жабылған жәйт

 

Сонымен, фирма әрекеттері нарық бағасы мен орташа шығындар араларындағы қатынастарға байланысты. Пайданы көбейту қағидасы ретінде бағаның шекті шығындарға теңдігі болып келеді (МС = Р). Өндірістің оңтайлы көлемінің барлық нүктелері шекті шығындар қисық сызығында, орташа шекті ауыспалы шығындардың ең аз мағынасынан жоғары жатыр. Орташа ауыспалы шығындардың ең аз мағыналарынан жоғары жатқан шекті шығындар қисық сызығының көлемі фирма ұсынысының қисық сызығын қалыптастырады (69 сурет).

 

 

С                                                            MC       AVC


 

 

 

 

 

 

 

                                                                                Q 

69 сурет. Қысқа мерзімдегі фирма ұсынысының қисық сызығы

Бәсекелес фирма ұсынысы  қисық сызығының ұлғаймалы еңкіштігі  бар. Себебі, Q өсуімен бірге МС өседі және де келесі факторардан тәуелді: саладағы фирмалардың саны, олардың көлемі, ауыспалы ресурстардың бағалары, технологиясы.

 

4. Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігі.

 

Ұзақ мерзімді тепе-теңдік орнату ерекшелігі: ұзақ мерзімді кезеңде  фирма өндірістің барлық факторларын  өзгерте алады немесе ол өндірістен кетеді. Ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты шығындар болмағандықтан, тек қана «орташа шығындар» деген түсінік пайдаланады. Енді ұзақ мерзімді тепе-теңдік қалай болатындығын қарастырайық (70 сурет). Өнімге деген нарық сұранысы өсті дейік, бұл сұраныс қисық сызығын D орнынан D1 ауыстырады, ал тепе-теңдік бағасы. Р-ДАН – Р1 дейін өседі. Әр фирманың ұсынысы q1 дейін өседі, ал нарық ұсынысы – Q1 дейін. Р1 бағасы  ең аз орташа ұзақ мерзімді LRACmin шығындарынан асып түседі де, бұл фирманың экономикалық пайданы алуын білдіреді. Осының арқасында салаға жаңа фирмалар тартылып, нарық сұранысы өсе түседі. Нарық сұранысы S2 деңгейге жетті дейік, оның нәтижесінде нарық бағасының LRACmin төмен Р2 деңгейге түседі. Онда өндіріс шығынды (залалды) болып, фирмалар нарықтан кете бастайды. Бұнын салдарынан баға қайта өсіп, ұсыныс та S3 деңгейге өседі. Осындай нарықтық тепе-теңдікте саладағы кез келген фирманың пайдасы дұрыс болады: п = (Р – LRACmin)Q = 0 тепе-теңдік q шығару жағдайында. Экономикалық пайданың жоғы саланы басқаларға қарағанда, тартымсыз қылады, демек, жаңа фирмалар оған кірмейді, ал ондағы фирмалар тастамайды. (Q3> Q, яғни жаңа келген фирмалар салада қалады).

                  LRMC

   P                                            LRAC                                 S1    


                                                                                                             S3

   P1                                                                                                                          S2

 

   P

 

   P2

 

 

                                                                                                    D               D1

 

                        q            q1                                 Q      Q1        Q3

70сурет. Ұзақ мерзімді тепе-теңдік моделі (үлгісі)

 

Сонымен, ұзақ мерзімді тепе-теңдік қалыптасады, яғни фирмалар ең аз ұзақ мерзімді орташа шығындармен өндіріп, экономикалық пайда алмайды (түсірмейді). Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді ұсынысының қисық сызығы – ұзақ мерзімді орташа шығындардың қисық сызықтарымен қиылысу нүктесінен жоғары жатқан оның ұзақ мерзімді шекті шығындар қисық сызықтарының ұлғаймалы кесіндісінің  жартысы. Фирмалардың бәрі де пайда алмайды, кейбіреулері бір себептерден төмен шығындары болса да, экономикалық пайда түсіреді. Бұл жағдайда ол «экономикалық» рента нысанын алады.

5. Бәсекелес саласының тепе-теңдігі. Біз бәсеке тепе-теңдігін қарастырдық. Енді бәсеке саласының ұзақ мерзімді тепе-теңдігін немесе нарықтық тепе-теңдікті – саладағы барлық фирмалар өндірісінің жиынтық көлемін қарайық. Нарық ұсынысының қисық сызығы жеке фирмалар ұсынысы қисық сызығының сомасы ретінде қалыптасады. Бірақ бұл тек қана қысқа мерзімді кезеңге келеді. Нарық ұсынысының өсуі ауыспалы факторларға сұраныстың өсуіне әкеледі де, қосымша сұраныс бағаларды көтереді. Сондықтан, ұзақ мерзімдегі нарық ұсынысы қисық сызығының жағдайы саладағы өндіріс көлемінің өзгеруі факторлардың құнын өзгерткеніне байланысты салалардың 3 түрін айырады:

1. Тұрақты шығындары  бар сала – ресурстарға (қорларға) бағалар ұсыныс ықпалымен өзгермейді де ұзақ мерзімді ең орташа шығындар деңгейінде сақталады. Демек, нарық ұсынысының қисық сызығы – көлденең (горизонтальді) тура сызық.

2. Өсіп жатқан  шығындары бар сала – егер нарық ұсынысының көбеюі ресурстарға (қорларға) бағалардың өсуіне әкелсе, демек, шығындарға, онда LRAC қисық сызығы жоғарыға ауысады, ал МС қисық сызығы – солға. Нарық ұсынысының жаңа қисық сызығында жоғарыға қарай еңкіштігі болады.

3. Төмендейтін  шығындары бар сала – егер нарық ұсынысының өсуі ресурстарға (қорларға) бағаның төмендеуіне әкелсе (бірақ, бұл сирек кездеседі), онда фирма шығындарының қисық сызықтары төмен ауысып, LRACmin сәйкес нүктесінде тепе-теңдік қалыптасады. Бұл жағдайда тепе-теңдік баға өндірістің өсуімен бірге төмендейді, ал нарық ұсынысының қисық сызығында төмен еңкіштік пайда болады.

 

Сұрақтар мен  тапсырмалар

Талқылауға  арналған сұрақтар

 

  1. «Табыс» пен «пайда» категорияларға анықтама беріңіз. Бухгалтерлік және экономикалық пайда дегеніміз не? Қарапайым пайда деген не?
  2. Валдық (жалпы), орташа шекті табыс деген категорияларға түсінік беріңіз.
  3. Нарық құрылымдар түрлерінің (тұрпаттарының) жіктеуін келтіріңіз. Әр қайсысына сипаттама беріңіз.
  4. Нағыз бәсекелестік жағдайда қызмет жасайтын фирманың шекті табысы неге тең? Қай себепте?
  5. Пайданы көбейтетін өндіріс көлемін анықтау үшін қандай қағидалар пайдаланады? Шекті шығындардың шекті табысқа теңдігі ережесінің мәні неде?
  6. Қай ахуалдарда (жағдайларда) бәсекелес фирма пайдасын көбейтеді, залалдарын азайтады, өндірісті жабады? Осыларды графикте көрсетіңіз.
  7. Қысқа мерзімдегі фирманың ұсыныс қисық сызығының графигі қандай?
  8. Фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігін сипаттаңыз. Ұзақ мерзімді ұсыныстың қисық сызығын салыңыз (сызыңыз).
  9. Бәсекелес саланың тепе-теңдігі қалай қалыптасады?

 

Есептер, жаттығулар, тестілер

 

1. Қарапайым (кәдімгі) пайда өндірістің қандай шығындарына кіреді?

а) кірмейді

б) көрінетін

в) ауыспалы

г) тұрақты

д) көрінбейтін

2. Нағыз бәсекелестік  жағдайларға не жатады?

а) ақпараттың шектеулігі

б) комплиментарий-тауарлардың  жоқтығы

в) нарыққа кіру және одан шығу қиынға түседі

г) еркін баға белгілеу

д) әр түрлі тауарлар

3. Пайданы көбейтуге  ұмтылған бәсекелес фирма өндірістің  келесі көлемін ұстануға тиісті

а) ол ең жоғары бағаны белгілей алады

б) орташа шығындар азаяды

в) шекті шығындар шекті табысқа тең

г) шекті шығындар орташа шығындарға тең

4. Бәсекелес фирма валдық (жалпы) шығындарының шығару көлемінен тәуелділігі мына кестеде көрсетілген:

Q

0

1

2

3

4

5

TC

8

16

20

28

40

56


Келесі сұрақтарға жауап бер:

а) Қысқа мерзімді фирма бағасы 10 доллар құрайтын өнімді шығара ма? Егер шығарса, пайда ала ма және Q қандай жағдайында ол ең көп болады? Алынатын пайданың шамасы қандай?

б) Егер бағасы 15 долларға жетсе, валдық (жалпы) және шекті табыс қалай өзгереді? Осы баға болғанда фирмаға пайда түсе ме? Егер түссе, оны көбейту үшін өндіріс көлемі қандай болу керек?

в) Егер баға 8 долларға дейін түссе, не болады? Фирманың іс-қимылдары: саладан шығады немесе өндірісін жалғастырады. Егер ары қарай өндірісін жалғастырса, қандай Q таңдап алады?

г) жаңағы сұрақтарға жауап бер (егер нарық бағасы 5 долларға дейін түссе).

5. Бәсекелес  фирманың нарық тепе-теңдік нүктесінде:

а) Р = МС

б) Р = АС

в) Р = МU

г) жауаптар дұрыс (а) және (б)

д) жауаптар дұрыс (а) және (в)

6. Нағыз бәсекелестік салада 1000 бірдей фирмалар қызмет істейді дейік. Олардың валдық (жалпы) шығындарының шығару көлемінен тәуелділігі кестеде көрсетілген:

Q

0

1

2

3

4

5

TC

10

12

16

22

30

40


Келесі кестеде осы  фирмалардың өніміне деген нарық  сұранысының қисық сызығы көрсетілген:

Р

3

5

7

9

QD

3000

2000

1500

1000


Сұрақтарға  жауап беріңіз:

а) Тепе-теңді баға неге тең?

б) Фирмалардың әр қайсысы  өнімнің қандай көлемін өндіреді?

Информация о работе Лекции по "Микроэкономика"