Экономика, есеп және аудит

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 09:12, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі әлемде тауарлардың барлық түрлерін өндіру, өндіріс факторларының барлық типтерін құру және жетілдіру сияқты бірде елдің қолынан келмейді. Халықаралық экономика барлық елдер мүддесінде осы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін механизм болып табылады.
Халықаралық экономиканың белгілері болып табылады:
1) халықаралық сауда негізінде тауарлардың халықаралық айырбасының дамыған сферасы;
2) өндіріс факторларының халықаралық қозғалысының дамыған сферасы;
3) бірнеше елдерде орналасқан кәсіпорындардағы өндірістің халықаралық формалары;
4) тауарлардың халықаралық қозғалысын, не өндіріс факторларының қозғалысын қызмет етумен байланысты емес, дербес халықаралық қаржылық сфера;
5) экономикалық дамудың тепе-теңдігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық реттеудің ұлтаралық, мемлекетаралық және мемлекет аралық емес механизмдердің жүйесі;
6) мемлекеттердің экономикалық саясаты.
Халықаралық экономика теориясының пәні болып халықаралық айналымдағы тауарлар мен өндіріс факторларына сұраныс және ұсыныстың қалыптасу заңдылықтары табылады.

Файлы: 1 файл

1.doc

— 962.50 Кб (Скачать)

• глобалды салалар, ол әлем бойынша бір бәсекелесу аймағы 
болуымен ерекшеленеді. Осындай салаларда бәсекелестік артықшылыққа жету өте маңызды болады, өйткені оны бүкіл дүние 
жүзінде пайдалану   мумкіндігі туады. Осы салаларда көптеген 
елдерде сатылуға арналған бір тәсілді қалыптастыратын және 
пайдаланылатын глобалды стратегия қажет. Көп ұлтты компания- 
лардың өмір сүруі глобалды стратегиясы барын көрсетпейді, өйт- 
кені көп түрлі ұлттық салаларда көп ұлы компаниялар филиалдары 
жеке дара жұмыс істейді. М.Портер глобалды стратегияда 
бәсекелестік артықшылыққа жетудің екі жолын көрсетеді.

1. Іс-әрекет конфигурациясы. елдің ерекшеліктерін пайдалану  үшін іс-әрекетті әр түрлі елдерде орналастыру болып табылады.

Бір елде өндірістік іс-әрекеттің  түрлерін шоғырландыру кезінде, тауар  экспорты арқылы сыртқы рынокқа шығу, ал өндірісті әр түрлі елдерде орналастыру кезінде, тікелей шетел инвестициялары арқылы сыртқы рынокқа шығу жүзеге асырылады.

Іс-әрекет түрлерін орналастыру кезінде ел төмендегідей критерийлер бойынша таңдалады:

  • факторлардың минималды құны;
  • ГЗТКЖ (НИОКР) өткізу үшін қажетті жағдайлардың болуы;
  • маманданған дағдыларға қол жеткізу мүмкіндігі;
  • сатып алушылармен қатынастардың даму дәрежесі т.б. 
    2. Филиалдар іс-әрекетін үйлестіру, оған кіретіндер:
  • (информация) ақпаратпен алмасу;
  • жауапкершілікті бөлу.

Үйлестірудің (координация) өзі бәкеселестік артықшылық болып  табылады, өйткені ол әр түрлі жерде  алынған білім мен тәжірибе жинақталуына әсер етеді. Соның арқасында фирмалар рыноктағы өзгеріске тез жауап қайтаруына мүмкіндік алады.

Бәсекелестік  артықшылық детерминанттары.

Бәсеке ретінде тепе-теңдік емес, тұрақты болатын өзгерістер түсініледі. Әрбір сала тұрақты түрде жаңарып, жетіле бергендіктен, осы процесті ынталандыруда тұрғылықты мемлекет маңызды орын алады. Тұрғылықты мемлекет (страна базирования) - бұл қажетті дағдылы еңбек күші бар, негізгі технология, өнім, стратегия әзірленетін ел.

М.Портер жергілікті фирмалар бәсекелесетін және оның халықаралық табысына әсер ететін ортаны қалыптастыруда мемлекеттің 4-қасиетін көрсетеді.

Фирмалар

стратегндсы,

оньш күрьсшмы

мен бәсекелсстіп



 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3. Елдің  бәсөкөлестік артықшылығының детерминанттары

Бұл детерминанттар, әрқайсысы  бөлек және бәрі бірге жүйе ретіндө осы елдің фирмаларының пайда болып, іс-әрекет ететін ортасын қалыптастырады.

Елдердің қандай да бір  салада табысқа жетуі осы елдердегі ортаның серпінді түрде дамуына тікелей байланысты, сонымен к.атар ол фирмалардың алдына күрделі міндеттер қоя отырып, колда бар бәсекелестік артықшылықтарды тиімді пайдалануға және жаңа артықшылықтар іздеуге мәжбүр етеді. Елдер ұлттық "ромб" өзара күшейетін, яғни әрбір детерминант басқаларына әсер ететін салаларда немесе олардың бөліктерінде (сегмент) табысқа жету мүмкіншілігіне ие.

Жоғары бәсекелестік қабілетіне жету үшін ішкі рыноктағы күшті бақталастық өте маңызды орын алады.

Үкіметтің орны (ролі)

Ұлттық артықшылықты қалыптастырудағы үкіметтің ролі төрт детерминантқа әсер етуінде:

  • факторлар параметріне - субсидия, капитал рыногына қатыс- 
    ты саясат, тағы сол сияқтылар арқылы;
  • сұраныс параметріне - әр түрлі стандарт қою мен мемлекеттік 
    тапсырысты жүзеге асыру жолымен;
  • туыстас салалар мен жабдықтаушы салалардың даму жағ- 
    дайына - жарнама құралдарына бақылау орнату мен инфра- 
    құрылым дамуын реттеу;
  • Фирмалар құрылымы, бақталастығы мен стратегияларына - 
    өзінің салық салу саясаты, монополияға қарсы заңы, инвестицияны 
    реттеу мен бағалы қағаздар рыногындағы іс-әрекеттер және т.б. 
    арқылы.

Осы барлық төрт детерминант кері әсер беруі мүмкін. Үкіметтің орны да оң немесе теріс болуы мүмкін.

 

 

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2

 

Тақырып 3. Өндіріс факторлары арақатынасы теориясы

 

  1. Халықаралық асуданы талдаудың неоклассикалық әдіснамсы
  2. Хекшер- Олин моделі
  3. Өндіріс факторларының арақатынасы теориясын эмперикалық тексеру және олардың шектеулілігі мәселесі

 

1. Халықаралық  сауданы талдаудың неоклассикалық  әдіснамсы. XIX ғасырда еңбек теориясы әр түрлі өндіріс факторлар теорияларымен ығыстырыла бастағаннан бері, классикалық мектептің негізін қалаушылардың ізбасарлары - экономист-неоклассиктер халықаралық сауданы да өндіріс факторлар теориясы арқылы түсіндіре бастады. Бірақ халықаралық сауда теориясында шынайы жаңалықты тек ХХғ. 20-жылдары ортасында экономист-неоклассиктер - швед экономисі Эли Хекшер мен оның шәкірті Бертил Олин енгізді. Ол кейін Хекшер-Олин теориясы деп аталған, халықаралық сауданың тізбектелген теориясын құрды.

Өндіріс факторларының  арақатынасы өндіріс факторларына, рынок, өндіріс және тауарлар сипатына қатысты көптеген жорамалдарға негізделген. Оның басым бөлігі абсолютті және салыстырмалы теориялардағы жорамалдарға ұқсас. Айырмашылығы мынада: өндіріс факторларының арақатынасы, бұрынғыдай, тек к,ана 2 елдің (1 ел және 2 ел) және тек қана 2 таңардың (бірі -еңбекті, екіншісі - капиталды көп қажет етеді), бір емес екі өндіріс факторының (еңбек - L капитал К) өмір сүруінен пайда болады. Одан кейін әрбір ел түрлі дәрежеде өндіріс факторларына ие болды. Еңбек теориясы бұл жерде жоққа шығарылмайды, қайта құнды қалыптастыруға еңбектен басқа да өндірістің факторлары қатысады деген оймен толықтырылады. Елдердің бір тауарға мамандануы мүмкін емес және елдердің технологиялары бірдей деп алынған. Сөйтіп, өндіріс факторларының арақатынасы теориясының маңызды шарттары болып жекелеген тауарлардың түрлі фактор интенсивтілігі ( бір тауар - еңбекті, екіншісі - капиталды көп қажет етеді) және фактор толықтылығы ( бір елде салыстырмалы түрде капитал көп, екіншісінде - аз) енді.

Факторинтенсивтілік дегеніміз - белгілі бір тауар өндіріс шығынындағы әр түрлі факторлардың салыстырмалы шығындары.

Егерде белгілі бір  тауардың бір данасын өндіруге екінші тауарға қарағанда капитал көбірек жұмсалатын болса, бірінші тауар капитал сыйымды болып саналады.

Фактортолықтылыққа - елдің өндіріс факторларымен салыстырмалы қамтамасыз етілгендігін анықтайтын көрсеткіш жатады.

Фактортолықтылық екі  әдіспен анықталады: әрбір фактордың  салыстырмалы бағасы және өндіріс факторларының  абсолютті көрсеткіші. 2-і ел капиталмен салыстырмалы түрде қамтамасыз етілген, өйткені онда капитал бағасы мен еңбек бағасының арақатынасы 1-і елге қарағанда төмен, яғни 2-і елде 1-і елге Қарағанда капитал арзанырақ болды.

Әдетте, капиталдың бағасы - пайыз қойылымы, ал еңбектің бағасы - жалақы болып саналады, Әңгіме, факторинтенсивтілігіндегідей, өндірістің абсолютті емес, салыстырмалы көрсеткіштері туралы болып отыр,

Егер фактортолықтылықты өндіріс факторларының абсолютті  көлемі арқылы анықтасақ, онда 2-і елдегі капиталдың (Т) жалпы көлемінің жұмыс  күшінің жалпы көлеміне қатынасы 1-і елдегіге қарағанда жоғары болатын жағдайда, 2-і ел капиталға бай болып есептеледі.

Фактортолықтылықтың бірінші анықтамасы рынок тепе-теңдігінің екі жағы - ұсыныс пен сұранысты есепке ала жасалған, өйткені, анықтама ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдігі нәтижесі болатын өндіріс факторларының бағасы арқылы беріледі. Өндіріс факторларының бағасы оларды түрлі елде пайдалану мүмкіндігінің дәрежесін анықтап, оның технологиялық даму деңгейін көрсетеді. Екінші анықтама тек ұсынысты есептеп, сұранысқа көңіл бөлмейді. Ал сұраныс бұл жерде өте маңызды, өйткені дайын өнімге деген сұранысқа байланысты оларды өндіруге қажетті өндіріс факторларына сұранысты шығаруға болады.




 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Өндіріс факторларымен  әр түрлі деңгейде қамтылған 

елдердің өндірістік мүмкіндіктерінің шекарасы

 

Сөйтіп, айтылып  жатқан тәсілге сәйкес, 2-і елдің  капиталы көп, ал 2-і тауар капиталды көп қажет ететін болғандықтан, 2-і ел 1-і елге қарағанда 2-і тауарды салыстырмалы түрде көп шығара алады. Ал 1-і елдің еңбек күші көп, ал 1-і тауар еңбекті көп қажет еткендіктен, 1-і ел 2-і елге қарағанда 1-і тауарды көбірек шығара алады. Сондықтан екі елдің 1-і және 2-і тауар бойынша өндірістік мүмкіндіктер шекарасы графигі 1 суретінде көрсетілген. Графиктен көріп отырғанымыздай, 1-і елдің еңбек күші көп, ал 1-і тауар еңбекті көп қажет еткендіктен өндірістік мүмкіндіктер шекарасы 1-і тауар көлденең осьқа жақын орналасады. Бұл жағдай осы 2-і ел мен 2-і тауар үшін де әділ болады. 2-і тауардың өндірістік мүмкіндіктер шекарасы тік осіне жақын орналасады.

 

 

2. Хекшер- Олин моделі. Халықаралық сауданың негізі ретінде өндірістік факторлармен түрлі қамтамасыз етілу теориясын бір-бірімен байланысқан екі теорема: Хекшер-Олин және өндіріс факторларына бағаның теңесу теориясы арқылы көрсетуге болады.

Хекшер-Олин теоремасы  бойынша - әрбір ел салыстырмалы мол  мөлшердегі өндірістік факторды қолданып өндірген тауарды экспортқа шығарып, өндіру үшін өндірістік факторлар жетіспеушілігі байкалған тауарларды импорттайды.

Жоғарыда көрсетілген  арақатынастарға сүйеніп, 1-і ел салыстырмалы түрде еңбекті көп қажет ететін 1 -і тауарды өндіреді және экспорттайды, ал 2-і ел капитал молдығына байланысты көп капиталды қажет ететін 2-і тауарды өндіріп, экспорттайды.

Сөйтіп, Хекшер-Олин теориясы классикалық салыстырмалы артықшылықтар теориясынан бір қадам алға басты. Ол сауданың салыстырмалы артықшылықтарға негізделгенін мойындап қана коймай, оның себебі - елдердің өндірістік факторлармен әр түрлі деңгейде қамтамасыз етілгендігінен екенін анықтады. Тауарларға әр түрлі елдердегі салыстырмалы бағалар айырмашылығы және олардың арасындағы сауда әр елдің өндіріс факторларымен әр түрлі деңгейде қамтамасыз етілгендігімен түсіндіріледі.

Теореманы көрсету мен  дәлелдеу үшін графиктерге зер салайық ( 2 сурет, а,б). Жасалған шарттарға сәйкес теорема екі елде де тұтынушылар талғамы бірдей немесе ұқсас деп алынды.

 


 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2. Хекшер-Олин

Бірақ теорияда әрбір ел тұтынушылар талғамы қатты ерекшеленіп, талғаусыздық қисықтары ешқашан жанаспайтын жағдай болуы мүмкін. Ол кезде Хекшер-Олин теоремасы іске аспайды. Ол екі елдегі тұтынушылар талғамы абсолютті бірдей болып, бір талғаусыздық қисығына жатуын талап етпейді. Ол тек бұл талғамдардың қатты өзгешеленбей бір-бірінен толық оңашаланып, өзара саудаға ынтасы жойылып қалмауын болжамдайды. Сонда да тұтынушылар талғамы екі елде бірдей болып, тұтынушыға бірдей пайдалылық деңгейін қамтамасыз ететін екі тауардың талғаусыздық қисығын анықтайтын арақатынасы екі елге де бірдей болады деп болжам жасайық (2 сурет).

Ол 1-і елдің А нүктесінде, 2-і елдің А' нүктесінде өндірістік мүмкіндік қисығымен шектеседі. Сөйтіп I талғаусыздық қисығы және А, А' нүктелері әрбір елдің сауда жоқ кезіңдегі максималды мүмкін өндіріс пен тұтыну көлемдерін көрсетеді. Ал жанама тік сызықтар 1-і және 2-і елдегі 1-і, 2-і тауардың салыстырмалы бағаларын анықтайды, өйткені, графиктен көріп отырғанымыздай, Р Р' болып, 1-і ел 1-і тауарды өндіруде екінші ел 2-і тауарды өндіруде салыстырмалы артықшылыққа ие болады.

Сауданы дамыту барысында, еңбек күші мол 1-і ел еңбекті көп қажет ететін 1-і тауарға, ал капиталы мол 2-і ел - капиталды көп қажет ететін 2-і тауарға маманданады. (2.3 сурет). Бұл жерде өндіру мен тұтыну көлемдерін көрсететін нүктелер, 1-і елде А дан В-ға, 2-і елде А' дан В'-ға жылжиды. Елдердің мамандануы елдер салыстырмалы әлемдік баға Р-ның жалпы деңгейіне жеткенге дейін жүреді. Салыстырмалы әлемдік баға Р екі елдің сауда жүргенге дейінгі ішкі салыстрмалы бағалары арасында орналасады Р<Рw<Р'. График жүзінде ол екі елдің өндірістік мүмкіндіктер шекараларына және жаңа талғаусыздық қысығы П жанама болады да, ол талғаусыздық қисығы 1-ші жоғары тұрған тұтынудың жалпы өсуін көрсетеді. 1-і ел 1-і тауарды ВС көлемінде экспорттап, СЕ көлемінде 2-і елдің 2-і тауарын импорттайды да, ұсыныс пен сұраныстың теңдігі Б нүктесінде болады. 2-і ел В'С көлемінде 2-і тауарды экспорттап, С'Е' көлемінде 1-і елдің 1-і тауарын импорттап, Е нүктесінде ұсыныс пен сұраныстың тепе-теңдігіне келеді. Осыдан көріп отырғанымыздай, 1-і елдің 1-і тауардың экспорты 2-і ел импортымен теңеседі.

Е нүктесі А нүктесімен салыстырғанда "өзінің" 1-і тауарды азырақ, ал "бөтен" 2-і тауарды көбірек тұтынуды көрсеткенге қарамастан, сауда нәтижесінде оның жаңа талғаусыздық қисығы жоғары көтеріліп, тұтынудың ұлғайғанын көрсетеді. Сондай жағдай екінші елде де қалыптасады. Екі ел де саудадан пайда тапты. Өйткені талғамсыздық қисықтары (П) графикте жоғары кетеріледі.

Сөйтіп өндіріс факторларының салыстырмалы құндылығындағы айырмашылық, сауда жоқ жағдайдағы салыстырмалы бағаларындағы айырмашылықтын себебі болады. Ол өз кезегінде сыртқы сауданың алғышарты болады. Сыртқы сауда басталысымен мемлекет өндіру үшін салыстырмалы мол өндіріс факторлы факторинтенсивті тауарларды экспорттап, өндіріс факторлы салыстырмалы жетіспеушілігі бар тауарларды импорттайды. Еңбек күші мол 1-і елдің еңбекті көп қажет ететін 1-і тауарды экспорттауы мен капиталы мол 2-і елдің капиталды көп қажет ететін 2-і тауарды импорттауы нәтижесінде екі ел де екі тауардың тұтынуының жоғарылауын қамтамасыз етті.

Осы тұтынудың өсуі екі  елде де мол өндіріс факторлар  иелеріне бағытталып, саудадан пайда  алуына әкелді. Ал жетіспейтін факторлар  иелері өз елдерінде ұтылысқа ие болды.

Информация о работе Экономика, есеп және аудит