Экономика, есеп және аудит

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 09:12, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі әлемде тауарлардың барлық түрлерін өндіру, өндіріс факторларының барлық типтерін құру және жетілдіру сияқты бірде елдің қолынан келмейді. Халықаралық экономика барлық елдер мүддесінде осы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін механизм болып табылады.
Халықаралық экономиканың белгілері болып табылады:
1) халықаралық сауда негізінде тауарлардың халықаралық айырбасының дамыған сферасы;
2) өндіріс факторларының халықаралық қозғалысының дамыған сферасы;
3) бірнеше елдерде орналасқан кәсіпорындардағы өндірістің халықаралық формалары;
4) тауарлардың халықаралық қозғалысын, не өндіріс факторларының қозғалысын қызмет етумен байланысты емес, дербес халықаралық қаржылық сфера;
5) экономикалық дамудың тепе-теңдігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық реттеудің ұлтаралық, мемлекетаралық және мемлекет аралық емес механизмдердің жүйесі;
6) мемлекеттердің экономикалық саясаты.
Халықаралық экономика теориясының пәні болып халықаралық айналымдағы тауарлар мен өндіріс факторларына сұраныс және ұсыныстың қалыптасу заңдылықтары табылады.

Файлы: 1 файл

1.doc

— 962.50 Кб (Скачать)

Тікелей шетел инвестицияның  салалық құрылымына қарасақ, шетел капиталын салуға жаңа мүмкіндіктер ашылғанын атауға болады. Бұл көптеген елдердің экономика секторларындағы ырықтандару мен реттеуден бас тарту прогресінің нәтижесі және үкіметтердің шетелдік капитал ресурстары мен технологияны тарту шараларынан болды. 90 жылдар басынан инфрақұрылым салаларына жыл сайын 7 млрд. доллардай шетел инвестициялары салынып келді. Соған қарамастан, бұл салалардың инвестициялық қажеттіліктері әлі де толық қанағаттанбаған, оған жаңа капитал салымдары үшін көп мүмкіндіктер қалуда.

ТҰҚ орналасқан негізгі елдерден келетін инвестициялық ағымында инфрақүрылым салаларына тек 3-5% ғана тиеді. Көптеген елдерде экономиканың осы секторына тікелей шетел инвестицияларының жалпы көлемінің 1%-нен аспай отыр. 1994 жылғы мәліметтер бойынша, ТҰҚ басқа елдердің инфрақұрылым салаларына 14 млрд. долл. салды, ал ол жинақталған шетел активтерінің тек 2,3% құрайды. Трансұлттандыру басында инфрақұрылым салаларының маңызы жоғары болған еді. 1940 жылы АҚШ фирмаларының Латын Америка мемлекеттеріне салымдарының 1/3 бөлігі тиетін еді.

Бірақ келесі онжылдықтарда  ұлттандыру мен экспроприация процесінің толқыны шетел капиталының инфрақұрылымындағы қатысу үлесін күрт төмендетті. Тек соңғы уақытта бұл тенденцияның өзгеруі байқалуда.

Қазіргі уақыттағы  ТҰҚ инфрақұрылым салаларына қызығушылығы бірнеше факторға байланысты.

Үкімет инфрақұрылымның  дамымағандығы ұлттық экономиканың дамуына тежеу болатынын түсініп, осы салаларда мемлекеттік бақылауды азайту мен жекешелендіруге барып, инфрақұрылымға шетел инвестициялары мен технологияны тарту шараларын жасауда.. Жекешелендіру 1988 жылдан 1995 жылға дейінгі кезеңде инфрақұрылым салаларына жекеше капиталдың 40 млрд. доллар ресурсын тартуды қамтамасыз етті және оның 50% астамын шетелдік тікелей және портфельді инвестициялары құрады.

Ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу нәтижесінде, инфра-құрылым салалары, ең алдымен телекоммуникация түбегейлі езгерістерге ұшырады. Егер бұрын, бұл сфераларда табиғи монополия үстемдігі жүрсе, енді олар тиімді инвестициялар жасаудың үлкен потенциалы бар бәсекелес салаларға айналды. Көптеген елдерде инфрақұрылым дамуын қаржыландыруға мемлекет бюджетінің ресурстары жеткіліксіз болуда. Соған сәйкес, жеке меншік капиталды тарту қажеттілігі туындайды. Көбінесе ол ТҰҚ жинақталып, мысалға мына тізбектер арқылы құрылыс-басқару-беру; құрылыс-иелену-басқару; құрылыс-иелену-беру сияқты жобаларды қаржыландырудың жаңа тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Тікелей шетелдік инвестициялардың инфрақұрылым салаларындағы жеткіліксіздігіне қарамастан, ТҰҚ іс-әрекетін кеңейту үшін жағдайлар өте көп. Капитал салымдарының қажетті мөлшер деңгейінің жоғары болғанына карамастан, көптеген жобалар инвесторлар үшін қызықты және тартымды болуда. Тікелей шетел инвестициялары мен инфрақұрылым салаларын мемлекеттік реттеудің ырықтандырылуы және инвестицияға кепілдік берумен жүргендіктен, ұлттандыру мүмкіндігінің қатерін төмендетуде. 

Сөйтіп, халықаралық капитал  қозғалысы әр түрлі каналдар арқылы жүргізіліп жаткан қазіргі заманда  дүниежүзілік байланыстардың ең қарқынды дамып келе жатқан түрі болып табылады. Интернационализация процестері соңғы он жылдықтарда тікелей шетелдік инвестициялар, соған сәйкес, оның басты субъектілері - халықаралық корпорацияның, әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастарда маңызын жоғарылатты.

3.Тікелей инвестициялардың  себептері және құрамы. Мақсатына байланысты кәсіпкерлік капитал салымдар тікелей және портфельді болып бөлінеді. Алғашқылары, ұзақ мерзімдегі мүддеге байланысты болып, меншік құқығы мен басқарудағы құқықтарына ие болуын қамтамасыз етеді. Көбінесе Шет елге дайын өнім өндіру үшін шетелдік инвестициялар түрінде өндіріс факторларының халықаралық ауысуы жүзеге асырылуда. Шетелдік инвестициялар шетелде меншікке иелену мен өз еліне қарағанда жоғарырақ пайда алу мақсатымен жүзеге асырылады. Капиталды шетке шығару арқылы елдер арасында тығыз экономикалық байланыстар қалыптасады. Сөйтіп, фирмалар үшін, экономикалық тұрғысынан қарастырғанда, бұл:

  • өзі үшін қалыпты рынокты қамтамасыз ету немесе үшінші 
    елдер рыногына шығудың бастамасы;
  • әр түрлі секторлары жекелеген елдерде орналасқан өзіндік ішкі рынокты құру;
  • аймақтық және халықаралық деңгейдегі мемлекеттік 
    қатынастарға өзінің мүддесін қосу;

Тікелей инвестициялардың капиталды қабылдаушы елдегі негізгі түрлері болып;

  • шет елде кәсіпорындар, оның ішінде филиалдар мен (тәуелді) 
    кәсіпорындарды құру;
  • контаркт негізінде бірлескен кәсіпорындарды құру;
  • табиғи ресурстарды бірлесіп өндіру;
  • елдің кәсіпорындарын сатып алу немесе жаулап алу (захват) 
    болып табылады.

Тікелей инвестициялар  әлемдік рынокта халықаралық корпорациялардың үстемдігінің негізін құрайды. Олар, оған шетелдік кәсіпорынды толық иеленуіне немесе акционерлік капиталдың инвестор тарапынан толық бақылауына мүмкіндік беретін бөлігін иемденуге қамтамасыз етеді. Бұл жағдай көбінесе шетелдік инвесторда компанияның акционерлік капиталының 25-нен аз емес бөлігі болғанда жүзеге асады. АҚШ, ГФР, Жапония статистикасы бойынша, тікелей инвестицияларға, акционерлік капиталдың 10 жоғары болып, кәсіпорынды бақылауға мүмкіндік беретін инвестицияларды жатқызады. П.Х.Линдерт пікірі бойынша, тікелей және портфельді инвестициялардағы айырмашылык,... ең алдымен бақылау мәселесінде.

Тікелей инвестициялар  дегенде, компанияның акцияларының 10 және одан көп пайызына шетелдік бақылау немесе кәсіпорынды басқарудағы "тиімді дауысын" түсінеміз. Кейбіреулері үшін бұл тек меншікпен, акционерлік капиталдағы бөлігімен байланысты. Оны мына жолдармен жүзеге асыруға болады:

  1. шет елде акциялар сатып алу;
  2. пайданы қайта инвестициялау;
  3. ішкі фирмалық қарыз беру мен қарыздану.

Одан басқа да әр түрлі акционерлік емес түрлері бар. Оған: субконтрактар, басқару келісімдері, франчайзинг, лицензиялар, келісім-шарттар, өнімді бөлісу және тағы басқалар кіреді. Шет елдік тікелей инвестициялардың әдістері мен түрлері түсінігі кеңею процесі, глобалды мәні бар мәселелерді туындатып, оны шешу үшін жаңа тәсілдер мен шешімдерді қажет ететінін мойындауымыз қажет.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 1914 жылдан екінші дүниежүзілік соғыс аяғына дейін шетелдік капитал салымдары 1/3-ге көбейді. Одан кейін ол әр 10 жыл сайын, одан кейін 6-7 жыл сайын еселеніп отырады. 50-жылдар ортасынан ол 4 есе өсті, ал 80-жылдарға әлем 450 млрд. доллары бар капитал салымдарымен аяқ басты. 1990 жылы оның көлемі 1,7 трлн. долларға жетіп, 1996 жылы тікелей инвестициялардың жалпы сомасы 3 трлн. АҚШ долларына жақындады.

Соғыстан  кейінгі жылдары жеке меншік компаниялар  тарапынан шетелдік кәсіпорындарға капитал салымдарының күрт өсуі байқалды. Тікелей инвестициялардың негізгі бөлігі өндірісі дамыған елдердің өңдеуші салаларына бағытталды. Бұл сала капитал тартушы ел үшін ең тиімді болып табылады. Экспорттаушы ел тікелей инвестицияларды белгілі бір ресурстарға қол жеткізу мен өнімі үшін рыноктарды жаулау мақсатында жүзеге асырады. Көбінесе ірі шет ел компаниялары жаңа идеяларды пайдалану үшін шет елдегі жас және қауіп-қатерлігі жоғары компанияларды сатып алуда. Мысалға, GеnегаL Моіогs компаниясы Жапон кәсіпорындарын сатып алу арқылы олардың шығынды азайту мен жобалау тиімділігін, жаңа өнімдерді құрастыру технологияларын алды, ал неміс автомобиль жасау фирмасын сатып алғанда, олар немістердің баскарудағы іс-әрекет ұйымдасуы мен методикасын пайдаланды. Және бұл көлденең болсын, тік бағытта болсын іске асырылуы мүмкін. Сөйтіп, ірі американдық капитал сыртқы инвестицияларды жоғары пайда алу мақсатында ғана емес, өзінің өндірісін дамыту үшін пайдалануда. Басқа елдердің жетістіктері, әсіресе, АҚШ-та қолданылуда. Ал американдық тәжірибені пайдалану мақсатында жапон және еуропалық компаниялар өз капиталдарын АҚШ экономикасына салуда. Осы мемлекетаралық капитал ауысу арқылы индустриалды елдер даму деңгейінің бірдей болуына әкеледі.

60-жылдардан  70-жылдар соңына дейін капитал  миграциясының ең үлкен аймағы Батыс Еуропа болды. Бұл интеграция процесінің дамуымен тікелей байланысты. Инвестициялардың қарама-қарсы жүруі Еуропа экономикалық одағының өзара салымдары және басқа елдерден капитал ағымы есебінен жүзеге асырылады. Ал 80-жылдары АҚШ шетел капиталын тартудың негізгі, қуатты орталығына айналды. Ол, көбінесе, пайыз мөлшерін жоғарылатқан, Р.Рейган  үкіметінің саясатымен байланысты болды.

Дамыған елдер  арасындағы капитал сіңісуінің бірнеше  себептері бар. Алғашқысы, 50-60 жылдардағы дамушы елдердегі инвестициялық ахуалдың төмендеуіне байланысты. Сол кезеңде дамушы елдерде ұлт азаттық қозғалыстың кең етек жаюы шетелдік меншікті ұлттандырумен сипатталған еді. Арзан өндірістік ресурстар, оның ішіндегі арзан жұмысшы күші сияқты факторлар өз мәнін жоғалтты. Жаңа технологияларды пайдалану шикізатты үнемді пайдалану мен жоғары маманды жұмыс күшін қажет етті. Екінші себебі дамыған елдерде ғылымды көп қажет ететін өнімінің ірі өндірісін құру үшін алғышарттарының болуында. Оған жоғары маманды жұмысшы күші, қаржы ресурстары мен сыйымды ішкі рыноктар кіреді. Үшінші себеп ғылыми-техникалық революциясының өрістеуіне байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың бұл даму кезеңінде капиталдың өзара қозғалысы үшін жаңа себеп - жекелеген индустриалды елдердің ғылыми-техникалық жетістіктерін толық пайдалануға тырысуымен сипатталды. Алдыңғы қатарлы технология жетістіктеріне қол жеткізу үшін ол елдерде филиалдар, бірлескен кәсіпорындар және т.б. ұйымдар ашылды. Төртінші себебі, орта және ұсақ кәсіпорындардың үшінші елдерден тауар әкелуін қиындатқан интеграциялық топтарының кедендік шектемелерін айналып өтуімен байланысты болды.

Ең соңында капиталды шетке шығарудың басты мақсаты -максималды пайда алу. Ол үшін пайда нормасындағы айырмашылық, салық салудағы ерекшеліктер, шикізат пен материал бағаларындағы өзгешеліктер пайдаланылады.

Капитал экспортының  географиясының өзгеруі туралы айтқанда, бір қызық жәйтке көңіл аудару қажет. Қазіргі кезде капитал миграциясы тек өндірісі дамығын елдер арасында ғана емес, солар мен дамушы елдер арасында да өтуде. Біз дамушы елдерден, әсіресе ОПЕК ұйымының елдерінен дамыған елдерге капитал экспортына куә болып отырмыз. Бұл бағыттағы капиталды шығару дамушы елдерге жоғары табыс әкелумен қатар, олардың өндірісі дамыған елдермен экономикалық байланысын нығайтады.

Бірақ, бастапқы кезеңде  капитал экспорты негізінен индустриалды елдерден, өздеріне тәуелді аграрлы  елдерге бағытталған еді. Мысалға, Англия мен Франция өз қаржыларын Үндістан, Египет, Алжир, Сирия және тағы басқа да отарларына салған, АҚШ өз капиталын Латын Америкасына, ал Германия - Оңтүстік-Батыс Африкаға бағытталған.

Сол кездің өзінде өндірісі дамыған, бірақ экономикалық даму қарқыны төмен елдерден үрдісті қарқынмен дамып жатқан индустриалды елдерге капитал ауысуы жүріп жатқан. Мысалға, Англиядан АҚШ-қа, Франция мен Англиядан Германияға капитал ауысуы болған. Бірақ осы елдер арасында қарама-қарсы капитал қозғалысы байқалған. Ол ішкі рыноктың өсуі тез дамып келе жатқан АҚШ пен Германия ұлттық шаруашылықтарынан қалып қалуына байланысты. АҚШ ағылшын капиталын қабылдаса да, өзі Англияда бірталай инвестициялар жасады.

Шетелдік капитал салымдарының салалық құрылымы қабылданушы елдің даму деңгейімен белгіленеді. Мысалға, өндірісі дамыған елдерде шетел капиталы алдыңғы қатарлы техника мен технологияларды қажет ететін дайын өнім өндірісіне салынған болатын. Ал нашар дамыған елдерде, керісінше, машина, құрал-жабдыққа қажеттілігіне қарамастан, капитал ең алдымен тау-кен, металлургия мен басқадай негізгі салаларға, несие жүйесі мен инфрақұрылымға барып, олардың табиғи ресурстарын игеруді жүзеге асырған. Одан кейін ғана шетел капиталы өңдеуші салаларды қаржылан-дыруға бағытталған. Оның өзінде де ең алдымен күрделі емес, жаппай өндірісті ұйымдастыруға есептелген салаларға салынған еді.

Қазіргі кезде  түгелдей дерлік елдер тікелей инвестициялардың экспортерлері және импортерлері болып табылады. Соған қарамастан, оның географикалық құрылымдағы инвестицияларынын бөлінуі біркелкі емес. Мысалға, Жапония ірі капитал экспорттаушы болғанымен, өз экономикасында тікелей шет ел инвестициялар мөлшері тек 173831 млн. АҚШ доллары болып отыр.

Соңғы жылдары тікелей  инвестициялар ағымында өзгерістер байқалуда. Дамыған елдердің үлесі азайып, дамушы және өтпелі экономикасы бар елдердің үлесі артуда. Тікелей инвестициялардың негізінен индустриалды елдер үлесіне 85%-дан астамы тиеді. Бірақ бұл елдер ірі капитал импортерлері де болып табылады. 1996 жылы тікелей шетел инвестиция көлемі 349 млрд. долларға жетті. Оның 100 млрд. дамушы елдерге бағытталса, дамыған елдерге 220 млрд. доллардан астам инвестиция келді.

Қазіргі кезде тікелей  инвестициялардың үш полюсті глобалды құрылымы туралы айтуға негіз бар. Оған: АҚШ, Еуропа Одағы, Жапония кіреді. Осы үштік капиталды шетке шығару мен қабылдаудың 4/5 бөлігін иеленеді. АҚШ ең ірі капитал импортері болды. Еуропа Одағының аймақтық тікелей инвестиция негізінде интеграция деңгейі өсіп, бүкіл аймақ ең ірі капитал экспорттаушы болды. Жапонияда капиталды сыртқа шығару қарқыны жоғарылығымен ерекшеленуде және сыртқы экономика көлемі бойынша әлемде өз позицияларын әлі де нығайта алады. Азия елдері (Жапонияны санамағанда) жақын жылдары-ақ тікелей шет ел инвестицияларын тартудан Батыс Еуропа елдерінен озады. Ар     Андерсен консультанттық топтың мәліметі бойынша, шет елге капитал салымдарының негізгі итермелеуші себебі болып, өндірістік шығындарды төмендету емес, шет ел рыноктарына кіруді кеңейту болып табылады.

Информация о работе Экономика, есеп және аудит