Экономика, есеп және аудит

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 09:12, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі әлемде тауарлардың барлық түрлерін өндіру, өндіріс факторларының барлық типтерін құру және жетілдіру сияқты бірде елдің қолынан келмейді. Халықаралық экономика барлық елдер мүддесінде осы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін механизм болып табылады.
Халықаралық экономиканың белгілері болып табылады:
1) халықаралық сауда негізінде тауарлардың халықаралық айырбасының дамыған сферасы;
2) өндіріс факторларының халықаралық қозғалысының дамыған сферасы;
3) бірнеше елдерде орналасқан кәсіпорындардағы өндірістің халықаралық формалары;
4) тауарлардың халықаралық қозғалысын, не өндіріс факторларының қозғалысын қызмет етумен байланысты емес, дербес халықаралық қаржылық сфера;
5) экономикалық дамудың тепе-теңдігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық реттеудің ұлтаралық, мемлекетаралық және мемлекет аралық емес механизмдердің жүйесі;
6) мемлекеттердің экономикалық саясаты.
Халықаралық экономика теориясының пәні болып халықаралық айналымдағы тауарлар мен өндіріс факторларына сұраныс және ұсыныстың қалыптасу заңдылықтары табылады.

Файлы: 1 файл

1.doc

— 962.50 Кб (Скачать)

Еуровалюта  рыногының операциялары Батыс Еуропанын  ірі қаржы орталықтарында - Лондон, Париж, Цюрих және басқадай калаларда жинақталған. Валютаның ірі партиялары АҚШ лен Батыс Еуроладан келеді. Осы аймақтар және Канада, Жапония, Швеция еуровалютаның ірі қарыз алушыларына жатады.

Еуровалюта рыногының  қалыптасуы жоғары қарқынмен дамығандығын атап кету қажет. Егер 1979 жылы операциялардың жалпы көлемі 1 трлн. долларға тең  болса, 1988 жылы ол 5 трлн. доллардан асып түсті.

Халықаралық қарыз капиталының  рыногы қарқынды дамып келе жатқан рынок болып табылады. Бұл қазіргі  жағдайларда сыртқы қаржыландыру көздерінің маңызы артуын көрсетеді. Компанияның ұлғаюы халықаралық банк беретін ақша қаражатынсыз мүмкін емес. Тек 1998 жылдан 1993 жыл аралығында оның көлемі екі есе өсті.

Қарыз алу құрылымындағы  үлес салмағының басым бөлігі облигациялық, синдикаттық (евронесие) мен евровексельдер үлесіне тиеді. Несиенің бұл түрлері  тәуекелділікті қарыз берушілер арасында бөліп, қарыз алушыларға қатысты позицияларын күшейтуге мүмкіндік береді.

Қарыз капиталының  негізгі көзі ретінде, жеке меншік капиталының мөлшері елеулі болғанымен, көбінесе мемлекеттік қаржылар пайдаланылады. Евронесие рыногындағы негізгі қарыз алушыларға ТҰҚ, үкіметтер, халықаралық қаржы ұйымдары жатады. Қарыз берушілер болып әлем қаржы ұйымдары, мемлекеттер, жекелеген мемлекеттік органдар, валюта-несие ұйымдары (ХВҚ, ЭРКҚБжәне т.б.) әрекет етеді.

Қаржыландыруды облигациялар сату арқылы қарыз алып жүзеге асыруға болады. Еуровалютадағы қарыздар өндірістік өнеркәсіптерге ауқымды жобаларды қаржыландыру, мемлекеттің төлем балансының дефицитін жабу үшін қалқымалы пайыз мөлшерімен беріледі. Еуровалютаның төрт қарыз түрі бар:

  • пайыз мөлшері бекітілген қарыз, ол екі жылға дейінгі мерзімге беріледі;
  • қалқымалы пайыз мелшері бар қарыз, ол бес жыл мерзіміне дейін беріліп, пайыз мөлшері тұрақты түрде қайта қарастырылады;
  • резервтік несие;
  • синдикаттық несие, ұзақ мерзімге және банк синдикатымен 
    жинаған ірі қарыз болып табылады.

Жоғарыда көрсетілгеннен басқа, басқа мемлекет үкіметтері мен  компанияларға бір жылға дейін  берілетін қысқа мерзімді несиелер бар. Қысқа мерзімді капиталдар қозғалысы, ең алдымен, елдің ағымдағы төлемдер жағдайы (баланс дефициті) немесе пайыз мөлшеріндегі айырмашылық нәтижесіндегі капиталдың пайдалы колдануды іздестіруіне байланысты болады.

Бірақ қысқа  мерзімді несиелердің басым бөлігі банкаралық несиелер болып табылады. Қысқа мерзімді несиелердің жаңа түрі- жоғары өтімділігі бар, бағалы қағаздар рыногында алынып-сатылатын және жоғары сұранысқа ие болатын еуровалюта сертификаты болды.

Орта мерзімдегі еуронесие  рыногында корпорациялардың 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімге өзгермелі  пайыз мөлшерімен шығарылып, бағалы қағаз болатын еуроноталар кең тарады.

Қазіргі уақытта, еурорынокта  несиелердің негізгі түрі - уақытша  банк операциялары мен қатерді азайту үшін құрылған, халықаралық банк синдикаттарының бір жылдан он жылға дейін мерзімге берілетін несиелері болып табылады.

ОЭСР елдер қарызға  алынған ресурстардың 80%-нен астам үлесіне ие болған. Ал ірі қарыз алушыларға АҚШ, Жапония мен Германия кіреді. Бұл рынокты дамушы елдер кең пайдалануда. Бірқатар жаңа индустриалды елдер қаржы рыноктарының интер-ұлттандыруының белсенді мүшелері болып отыр, олар қарыз алушы ретінде ғана емес, капитал экспортерлері ретінде де көрінуде. Бұл ең алдымен Оңтүстік Корея, Бразилия, Аргентина, Гонконг, Тайланд, Индонезия, Қытай сияқты елдерге қатысты болып отыр.

Қазіргі жағдайда, әлемдік  қаржы рыногында дамушы елдердің жағдайы қиындады. Өйткені ресурстарды тартуда, жоғары білімді және мәдениетті халқы бар, жоғары маманды жұмысшы күші бар, дамыған ғылыми-индустриалды потенциалы бар өтпелі экономикадағы елдер белсенді бәсекелес болып отыр. Осы елдердің көптеген салалары мен кәсіпорындары жаңартуды қажет етіп отыр, ал экспорттары негізінен шикізат пен материалдар болуда. Халықаралық несие рыногының жалпы даму тенденциясы бұрынғы социалистік елдердің халықаралық қаржы ұйымдарына қарызының тез өсуі болып отыр.

Шетелден капиталды  тартуда қарыз алу ең жеңіл түрі болып табылады, өйткені оның басты талабы - несиені уақтылы қайтару. Осы жол арқылы ел қазіргі тұтынуын жоғарылатып, ағымдағы қаржы мәселелерін шешуге мүмкіндік алады. Бірақ одан кейін елдерге негізгі сома мен пайыздарын төлеуі қажет, ал ол болашақта ел тұтынуын қысқарту қажет екендігін көрсетеді. Осы тұрғыдан қарастырғанда, тікелей шетел инвестицияларының артықшылығы бар.

 

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2

 

 

Тақырып 9. Жұмысшы күшінің  халықаралық миграциясы

 

  1. Халықаралық еңбек миграциясының мәні және себептері
  2. Миграцияның экономикалық эффектілері
  3. Жұмысшы күші миграциясын мемлекеттік реттеу

 

1.Халықаралық еңбек миграциясының мәні және себептері. Еңбек миграциясы - адамзаттың өмір сүруі сияқты көне құбылыс. Тарихымыздың басында әскери жаулау сипатында болған халықтардың көшіп-қонуы байқалған. Миграция тарихы адамдардың жаппай көшуінің әр түрлі түрлерін енгізді. Алғашқы қауымдық құрылыста бос жерлерге көшіп-қону, ең алдымен, өмір сүруге қажетті заттарды табу, оның ішінде мал бағу, аңшылыққа негізделген еді. Жер өңдеудің дамуы да адамдарды құнарлы, ауылшаруашылыққа жарамды жерлерді іздестіруге мәжбүр еткен.

Кұл иеленушілік және феодалдық құрылыс кезінде территориялық қозғалыстар шектелген ауқымда болды. Ол өндірушінің жеке тәуелді болуына байланысты болды. Соған қарамастан, құлдар еңбегі мен құлдар саудасы, мысалға Америкаға құлдық плантациялық шаруашылық үшін жеткілікті жұмыс күшін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Капиталистік құрылысқа дейін кеңістіктегі еңбек мобильдігі әр түрлі формалар - отарлау, құл саудасы - арқылы жүзеге асырылды.

Капитализм  жағдайында халықтың территориялық  орын ауыстыру сипаты күрт өзгерді. Жұмысты іздеуге байланысты көшіп-қонудың жаңа түрі пайда болды. Капитализм мен нарықтық экономиканың осы жағдайларында экономикалық мәжбүрлікке негізделген жұмысшы күші миграциясы халықаралық деңгейге шығады,

Территориялық мобильдіктің күшеюі бір жағынан жұмысшының өндіріс құралдарынан бөлініп, заңды еріктілігіне негізделген жұмысшы күшінің тауарға айналуы болса, екінші жағынан капитал қорлану процесі жұмысшы күші қозғалысының объективті себебі болды. Сөйтіп, капитализм кезіндегі өндіргіш күштердің өсуі мен дамуы жұмысшы күшінің миграциясын күшейтуді меңзейді. Капитализм дамуымен миграциялық процестегі жұмысшы күші миграциясы, басқаша айтқанда еңбек миграциясы кең өріс алды.

Капитализм дамуының әр сатысында еңбек миграциясы ұғымына  өзіндік  түсінік болған.

1880 жылға дейін Батыс  Еуропа, Англия, Германия және Швецияның бір бөлігінде ескі имиграция деп аталатын миграция басым болды. Осы кезеңде ірі машина индустриясы дамуына байланысты ағымдағы халықтың тығыздығы, әсіресе аграрлық халық тығыздығы басым болды. Сөйтіп миграциялық ағымдар АҚШ-қа, Австралияға, Канадаға бағытталды.

Жаңа миграция кезеңі американдық өндірістің артта қалған Шығыс және Оңтүстік Еуропадан, Австро-Венгрия, Италия және Россиядан жұмысшыларды әкелуінен басталды.

Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін бұрынғы әлемдік шаруашылық байланыстар күрт өзгеріп, ғылыми-техникалық прогресс күш ала бастап, еңбек күші рыногының интернационализациясы жұмысшы күшінің миграция процесіне елеулі өзгерістер әкелді.

Сөйтіп. енбек  миграииясы - бұл еңбекке жарамды халықтың қандай да бір қоғамның экономикалық қажеттілігіне айналған, еңбек күшін қажет ететін орындарға байланысты қозғалысы.

Халық миграциясының  басты функциясы әр түрлі елдердегі, аудандардағы және елді мекендердегі жұмысшы күшінің түрлі мамандану  мен бағытталуының, ұсынысы мен сұранысының сандық және сапалық сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.

Миграцияны  ішкі және сыртқы миграцияға бөледі.

Халықаралық миграцияға иммиграция, эмиграция, рэмиграция, білімділердің кетуі, миграциялық сальдо ұғымдары тән.

Иммиграция - жұмысшы күшінің басқа елге, жұмысқа немесе оқуға белгілі мерзімге орналасу мақсатымен келуі немесе жұмысшылар импорты.

Эмиграция – жұмысшы күшінің экспорты, басқаша айтқанда шетелде жұмыс орындарын алу мақсатымен елден кетуі.

Реэмиграция - эмигранттардың Отанына тұрғылықты өмір сүру үшін қайтып келуі (оралмандар).

"Милардың  ағымы" -жоғары білімді мамандардың халықаралық қозғалысы.

Миграциялық сальдо - кетіп қалған және келген мигранттар арасындағы айырма. Егер эмиграция иммиграциядан көп болса, миграциялық сальдо теріс болып, елден жұмысшы күшінің кетуі байқалады. Ал егер эмиграция иммиграциядан аз болса, миграциялық сальдо оң болып, елге жұмысшы күшінің келуі байқалады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының топтастыруына сәйкес, сыртқы миграцияның төмендегідей түрлері бар:

  1. Қайтпайтын -тұрғылықты мекендеуге бағытталған миграция. 
    Миграцияның бұл түрі белгілі бір жағдайларда АҚШ, Канада, 
    Австралия, Германия, Израильде рұқсат етілген.
  2. Маусымдық - қабылдаушы елде бір жылдан кем уақытқа 
    төлемді жұмыс табу үшін келген, уақытша немесе маусымдық 
    мигранттар болып табылады.
  3. Маятникті мигранттарды "фронтальерлер"   деп атайды. 
    Жұмысшы-фронтальер-мигранттар күн сайын көрші мемлекетте 
    жұмыс істеу үшін шекарадан өтеді.
  4. Амалсыз миграция. Амалсыз миграция экономикалық емес 
    себептерден болса да, ол эмиграция мен иммиграция елдерінің 
    дамуына әсер ететін еңбек ресурстарының қайта бөлінуіне әкеледі.

Соғыстан  кейінгі жылдары болған ірі миграциялық  ағымдар жаңа мемлекеттік шекаралар орнауы, әлемдік социализм жүйесінің пайда болуы және отарлық жүйенің күйреуімен байланысты болды.

КСРО, АҚШ, Ұлыбритания  арасындағы Потсдам келісіміне сәйкес Германия шекарасы халықтың басым бөлігі ГДР мен ГФР территориясына көшуіне әсер ететіндей өтті. Шығыс Азияда Қытай мен Кореядан Жапонияға 6 млн. адам көшірілді.

Израиль, Вьетнам, Куба, Эфиопия, Ауғаныстандарда саяси өзгерістер, басқаша айтқанда әскери агрессия мен азаматтық соғыстар халықтың ірі көшіп-қонуына әсер етті.

XX ғасыр босқындар ғасыры деп аталуда. 1999 жылы әлемде олардың саны 27,4 млн. адамнан асып кетті. (1980-9,6 млн.) Амалсыз миграция көптеген елдерге әсер етіп, әлемдік сипат алды. Амалсыз мигранттардың басым бөлігі - 83 пайызы - дамушы елдерде орнықты.

Мигранттардың заңды статусы бойынша, халықаралық  миграция Ресми және заңсыз болып бөлінеді.

Заңсыз мигранттар - елге жұмыс іздеу барысында, заңды (жеке шақырулар, турист ретіне) немесе заңсыз негіздерде келіп, жұмысқа орналасқан адамдар. Рұқсатсыз орналасқандар заңсыз деп саналады.

Халықаралық миграцияға бірқатар заңдылықтар тән:

    1. Миграция процесінде басты орынды еңбек миграциясы 
      алады. Мемлекетаралық миграцияда, қазіргі еңбек күші рыногында 
      еңбек детерминантасы басты болып табылады.
    2. Халықаралық миграция қоғамның әлеуметтік-экономикалық 
      өмірінде күнделікті құбылыс болды. Бұл процесс қалыпты түрде 
      дамуда. Әлемдік миграция айналымына көптеген елдердің 
      жұмысшылары қатысуда. Сондықтан капитал, тауар рыноктарымен 
      бірге халықаралық еңбек күші рыногы пайда болып, оның негізгі 
      қозғаушы күші еңбек миграциясының процесі болды.
    3. Заңсыз миграцияның кең ұлғаюы байқалуда
    4. Мигранттар арасында жоғары маманданғандардың үлесі өсуде.

2.Миграцияның экономикалық  эффектілері. Халықаралық еңбек күші миграциясы көптеген ғасырлар бұрын пайда болды, осы уақыт ішінде жұмысшылардың қозғалысын түсіндіретін теориялық негіздерде елеулі өзгерістер болды. Экономистер арасында еңбек күші миграциясы анықтамасында, оны зерттеудің тәсілдерінде біраз қайшылықтар бар.

Бірқатар ғалым-экономистердің пікірінше, халықаралық еңбек миграциясы - бұл басқа елдің территориясындағы  еңбек іс-әрекетімен байланысты халықтың территориялық қозғалысының барлық түрлерінің жиынтығы. Бұл жерде территориялық халық қозғалысы оның басқа түрлерімен - табиғи және әлеуметтік-қозғалысымен - тығыз байланыстылығы түсіндіріледі.

Зерттеушілердің бір бөлігі миграцияны еңбек рыногында ішкі тепе-теңсіздікті жою әдісі ретінде қарастыруда. Егер елде еңбек күшінің тапшылығы болса, шетел жұмысшы күші тартылады, ал артықшылығы болса, жұмысшыларды шетелге жұмысқа орналастыру ынталандырылады.

Батыс экономикалық әдебиеттерінде еңбек күшінің территориялық қозғалысы экономикалық  ғылымның дәстүрлі тақырыбы болып табылады.

Белгілі ғалымдар Е.Ли, Р.Харрис, М.Тодаро, М.Тапинос еңбектерінде миграция донор-елдер мен рецепиент-елдердегі жағдай теңсіздігі салдары немесе осы екі топ елдердің ішкі теңсіздіктер нәтижесі ретінде көрсетілген. Бұл авторлар миграцияның қозғаушы мүдделерін нақтылап, жекелеген факторлар арасындағы сандық тәуелділігін анықтап және миграция ағымдарының қарқындылығын нақтылауға талаптанды. Көрсетілген авторлар халықаралық миграцияны рецепиент-елдің экономикасына мигранттардың еңбегін пайдаланудың салдары негізінде қарастырды.

Информация о работе Экономика, есеп және аудит