Экономика, есеп және аудит

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 09:12, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі әлемде тауарлардың барлық түрлерін өндіру, өндіріс факторларының барлық типтерін құру және жетілдіру сияқты бірде елдің қолынан келмейді. Халықаралық экономика барлық елдер мүддесінде осы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін механизм болып табылады.
Халықаралық экономиканың белгілері болып табылады:
1) халықаралық сауда негізінде тауарлардың халықаралық айырбасының дамыған сферасы;
2) өндіріс факторларының халықаралық қозғалысының дамыған сферасы;
3) бірнеше елдерде орналасқан кәсіпорындардағы өндірістің халықаралық формалары;
4) тауарлардың халықаралық қозғалысын, не өндіріс факторларының қозғалысын қызмет етумен байланысты емес, дербес халықаралық қаржылық сфера;
5) экономикалық дамудың тепе-теңдігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық реттеудің ұлтаралық, мемлекетаралық және мемлекет аралық емес механизмдердің жүйесі;
6) мемлекеттердің экономикалық саясаты.
Халықаралық экономика теориясының пәні болып халықаралық айналымдағы тауарлар мен өндіріс факторларына сұраныс және ұсыныстың қалыптасу заңдылықтары табылады.

Файлы: 1 файл

1.doc

— 962.50 Кб (Скачать)

3.Өндіріс факторларының  арақатынасы теориясын эмперикалық  тексеру және олардың шектеулілігі  мәселесі. Сауда нәтижесінде саудаланатын тауарлардың салыстырмалы бағаларының жақындау тенденциясы байқалады. Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды: егер де еңбекті көп қажет ететін тауардың бағасы өзгерсе, осы тауарды өндіретін еңбек күші мол елде еңбектің бағасы өзгере ме? Егер сауда нәтижесінде капиталы мол елдегі капиталды көп қажет ететін тауар бағасы өзгерсе, капитал бағасы қалай өзгереді?

Бұл сұраққа  американ экономисі Пол Самуэльсон жауап берді. Хекшер-Олин теоремасының алғышарттарының дәлдігінен шыққан дәлелденген теоремасы өндіріс факторлар бағасының теңелу теоремасы немесе Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы деп аталады.

Өндіріс факторларына бағалардың тенестірілу теоремасы (Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы) - халықаралық сауда саудаласатын елдердегі өндірістің гомогенді факторларына абсолютті және салыстырмалы бағалардың теңестірілуіне алып келеді.

Қарапайым сөзбен айтқанда, сауда нәтижесінде тауарлардың салыстырмалы бағаларының теңестірілуі тауарды өндіруге қажетті өндіріс факторларының салыстырмалы бағаларының теңестірілуіне әкеледі. Капитал гомогендігі дегеніміз - капиталдың бірдей өнімділігімен, қатерлігімен, тәуекелдігімен сипатталып, ал еңбек гомогендігі - еңбектің бірдей дайындық, білім және өнімділік Деңгейімен сипатталады. Берілген теореманың әділдігі Хекшер-Олин берілген шарттарын толық ұстануды қажет етеді.

Сөйтіп, сауда  нәтижесінде, жалақысы темен болған 1-і елде ол жоғарылайды, ал жалақысы жоғары болған 2-і елде ол төмендейді. Соған сәйкес салыстырмалы пайыздың қойылымы жоғары болған 1-і елде ол төмендейді, 2-і елде ол жоғарлайды. Сондыктан елдер арасында факторлар бағасының айырмашылығы қысқарады. Халықаралық тауарлар саудасы өзінің өндіріс фактор құнына кері әсерімен бағалардың теңелуінің орнын басады. Ол өндіріс факторлар ауысуы нәтижесінде жүзеге асырылуы мүмкін еді, бірақ жасалған шарттарға сәйкес өндіріс факторлары ауыса алмайды. Теория жүзінде халықаралық сауда өндіріс факторларының салыстырмалы бағаларындағы айырмашылық болғанға дейін дами береді. Егер де елдер арасында салыстырмалы бағалар үйлескен болса, өндіріс факторларының салыстырмалы бағалары да үйлестірілген болады.

Хекшер-Олин-Самуэльсон қорытындыларын қолдамаған атақты зерттеуді 1953 жылы американдық орыс Василий Леоньтев жариялады.

Леонтьев  Хекшер-Олин теориясының шарттары іс жүзінде сақталмайтындығын көрсетті. Екінші дүнеижүзілік соғыстан кейін АҚШ ең бай және капиталы мол, басқа мемлекеттермен салыстырғанда еңбек жалақысы жоғары ел болып саналған, сондықтан теорияға сәйкес, ол капиталды көп қажет ететін тауарларды экспорттауы керек еді. Бұл гипотезаны тексеру үшін, Леонтьев құны 1 млн. доллар болатын экспорт тауары мен онымен бәсекелесетін жергілікті тауарларды өндіруге қажетті еңбек күші мен капитал мөлшерін есептеді. Әрбір өндірістің саласында бір өнім данасына еңбек пен капитал шығынын санады. Ол тек автомобиль сияқты дайын өніммен шектелмей, аралық өнімдерге (болат.әйнек, резина) де сәйкес есептеулерді жүргізді. Одан кейін АҚШ-ң 1947 жылғы экспорт құрылымың пайдаланып, 1 млн. долларға тең экспорт тауарларын өндіруге қажетті капитал мен еңбек шығындарының арақатынасын есептеді. АҚШ-та өндірілмейтін тауарларды өндіруге қажетті капитал мен еңбек шығындарының арақатынасын есептеді.

Іс жүзінде ол бір американдық импортты (К/L)im өндіруге қажетті еңбек пен капитал арақатынасын, бір американдық экспорт (К/L)х өндіруге қажетті еңбек пен капитал арақатынасымен салыстырды. Осы "Леонтьев статистикасы" деп аталған арақатынасқа сәйкес, егер (К/L)im/(К/L)х<1 мемлекет капиталы мол болып, орындалса саналады. Мемлекет (К/L)im/(К/L)х>1 орындалса еңбек күші мол болып саналады.

Леонтьев, Хекшер-Олин теориясына сәйкес американдық экспорттық тауарлар импорттың орнын басатын американдық тауарларға карағанда, бір жұмысшыға көп капиталды қажет ететіндігін көрсетеді деп күткен еді. Алынған нәтиже оған қарама-қарсы болды, американдық импорттың капитал сыйымдылығы экспорттан 30 % асып түсіп, ол АҚШ капиталы мол ел емесі екендігін білдіріп, керісінше еңбек күші мол ел екенін көрсетті. Бұл теориядағы түсініктерге толық қайшы келді.

Екінші дүниежүзілік соғыс статистикалық мәліметтерге көп бұрмалау енгізді деп есептеп, Леонтьев 1951 жылдың деректері бойынша есептеулерін қайта жүргізді. Нәтижесінде американдық импорт экспортпен салыстырғанда тағы да 6% капиталды көп қажет ететіндігі шықты. Леоньтевтің ізбасарлары бәрін 1962 жыл бойынша есептеп шықты. Олар күтпеген нәтижелерге жетті: американдық импорт экспортқа қарағанда 27%-ға капиталды көп қажет етті. Басқа елдер үшін де есептеулер жүргізілді. Жапония 50-жылдары айқын еңбек күші мол ел болғанымен, экспортқа капиталды көп қажет ететін тауарлар шығарды. Мол еңбек ресурстары бар. Үндістан негізінен еңбекті көп қажет ететін тауарларды экспорттаса да, АҚШ-қа жіберілген экспорт капиталды көп қажет ететін болып шықты .

Леонтьев парадоксы - Хекшер-Олиннің өндіріс факторлар  арақатынасы теориясының іс-жүзінде  расталмағаны: енбек күші мол елдер капиталды көп қажет өнімді, ал капиталы мол елдер - еңбекті көп қажет ететін өнімді экспорттады.

Парадокстың түсіндірілуі

  • Жұмысшы күшін маманданған және маманданбаған топтарға 
    бөлу және экспорт тауарлар өндірісіндегі шығындар үлесін 
    жекелеген топтарға бөліп есептеу қажет. Американдық ғалым 
    Дональд Кисинг 1966 жылы жарияланған зерттеуінде еңбек күшін 
    мамандық деңгейіне байланысты 8 топқа   бөліп, АҚШ-та маманданған жұмысшы күшінің салыстырмалы молдығы мен маманданбаған жұмысшы күшінің жетіспеушілігін дәлелдеді. Сондықтан АҚШ маманданған еңбек өнімін экспортқа шығарады, ал оны дайындау мен оқытудың шығынын есептесе, капитал ретінде санауға болады.
  • АҚШ өндіруге көп капиталды қажет ететін шикізаттың көп 
    мөлшерін импорттайды. Сондықтан, егер экспорттық тауарлар 
    капиталды көп к.ажет ететін шикізаттың көп мөлшерін қажет етсе, 
    бұл американдық экспортқа капиталды көп қажет еткізеді. 
    Американдық Джеймс Хартигэн бастаған бір топ ғалымдар 
    Леонтьев есептеулерін сол жылдар негізінде қайта жасады. Бірақ капиталды көп қажет ететін шикізатқа қатты тәуелді салаларды алып тастады. Парадокс жойылып, Хекшер-Олин теориясы расталды.

• Леонтьевтің тесті американдық импорттық тарифті есепке 
алмады. Ол болса американ өндірісінің еңбекті қажет ететін салаларын шет ел бәсекелестерінен қорғау үшін енгізілген еді. 1971 жылы американ экономисі Роберт Бэлдвин қайта жасаған есептеулері, тариф факторын алып тастау Леонтьев парадоксін 5%-ға азайтса да, толық жоя алмады.

Американдық тұтынушылар талғамы дәстүрлі түрде  капиталды көп қажет ететін технология өнімдеріне бағытталған. Өзі капиталы мол ел болса да, өнімдерді шет елден сатып алатын еді. Бұл іс-жүзінде Хекшер-Олин теориясының алғышарттарының біреуін және халықаралық сауданы өндіріс факторлар арақатынасы емес, басқа себептермен түсіндірілуін жоққа шығарғанын көрсетеді.

• Өндіріс факторларының екі жақтылығы: бір тауар еңбек күші мол елде еңбекті көп қажет ететін, капиталы мол елде капиталды 
көп қажет ететін тауар болуы мүмкін. Ол өндіріс факторларының 
орнын басу мүмкіндігі жоғары жағдайларда болады. Мысалға, капиталы мол АҚШ-ғы өндірілген күріш, алдыңғы қатарлы технология көмегімен өндірілгендіктен капиталды көп қажет ететін тауар болады.

Ал еңбек күші мол Вьетнамда өндірілген сол күріш, тек ауыр енбек негізінде өндірілгендіктен, еңбекті көп қажет ететін тауар болып саналады.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2

 

 

Тақырып 4. Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік

 

  1. Халықаралық сауданың стандартты моделі
  2. Жалпы тепе- теңдік моделі
  3. Халықаралық сауданы талдаудың құралдары
  4. Халықаралық саудаға ықпал ету көзқарасы тұрғысынан экономикалық өсудің типтері

 

Неоклассикалық ұсыныс пен сұраныс балансының постулаттарына негізделген халықаралық сауданың стандартты моделі көптеген неоклассик экономистерінің қоғамдық жалпылама сұранысына көңіл шоғырландырған зерттеулерінің қорытынды нәтижесі болды. Стандартты модельде қолданылатын негізгі ұғымдарды әр түрлі жылдары ирланд экономисі Фрэнсис Эджуор мен американ экономисі австралиялық Готтфрид Хэберлер қалыптастырды.

Классикалық модельдерде  шектелген нақты тауарлар шеңберіндегі ұсыныс пен сұраныс қарастырылған. Стандартты модель оны жиынтық ұсыныс пен сұранысқа дейін кеңейтті. Жеңіл түсіну үшін бұрынғыдай екі ел (I мен II) және екі-ақ тауар (I мен II) бар деп алынған. Салыстырмалы артықшылықтар моделінде тұрақты орнын басу шығындары шарттарындағы жағдайды қарастырды, Графикте өндірістік мүмкіндіктер шекаралары түзу сызық болып, 2-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін 1-і тауардың тұрақты мөлшерінен бас тарту қажет екенін көрсеткен. Бұл жағдай елдің өзінің салыстырмалы артықшылыққа не тауарға маманданып, салыстырмалы артықшылық басқа елде болған тауар өндірісінен бас тартуын білдіреді. Көріп отырғанымыздай, бұл экстремалды жағдай стандартты модель үшін жекелеген жағдай ғана болып табылады Стандартты модель орнын басу шығындары мен жалпы экономикалық теориядан белгілі бар экономикалық жағдайларға сәйкес келетін заңдылықтар өсуінің алғышарттарына негізделген.

Орнын басу шығындарының өсуі 2-і тауардың әрбір қосымша  бірлігін өндіру үшін 1 тауардың тұрақты емес, қосымша мөлшерінен бас тарту керектігін білдіреді.

Елдер бір-бірімен  саудаға түскенге дейін баланс шекті трансформация деңгейі (ұсыныс) мен шекті орнын басу деңгейініі (сұраныс) өзара әрекеті жолымен қалыптасады.

1 -і елдің өндірістік мүмкіндер к.исығы орнын басу шекті деңгейінің 1-і қисығы елдің максималды қажеттіктері өтелетін А нүктесінде жанасады. Ел өзі өндіретін 1-і және 2-і тауардың максималды мөлшерін тұтынады. 2-і елдің өндірістік мүмкіндіктер кисығы орнын басу шекті деңгейі І-і кисығы осы елдің 1-і және 2-і тауардың максималды мелшерін тұтынуды керсететін А1 нүктесінде жанасады. 1-і елдегі 1-і тауардың салыстырмалы бағасы графикте А нүктесі арқылы өтетін түзумен көрсетіліп, ол 2-і тауардың 1/4 бөлігін кұрайды. Ал.2-І елдегі 1-і тауардың салыстырмалы бағасы графикте А1 нүктесі арқылы өтетін түзумен көрсетіліп, 2-і тауардың 4 бөлігін құрайды. Р/А<Р/А1 болғандықтан, 1-і ел 1-і тауар, ал 2-і ел 2-і тауар бойынша салыстырмалы басымдылыққа ие болады. 1-і мен 2-і елдің максималды өндіріс көлемі А және А1 нүктелерінде жетеді.

2.6. суретте өндірістік  мүмкіндіктер қисығы көрсеткендей, 1-і ел салыстырмалы артықшылыққа  ие тауардың қосымша бірлігін  өндіру үшін 2-і тауардың көп мөлшерін беру қажеттігін білдіреді. Ал 2-і елдің өндірістік мүмкіндіктер графигі өзі салыстырмалы артықшылыққа ие 2-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін, Т-і тауардың көп мөлшерін беру қажеттігін білдіреді.

Трансформацияның шекті  деңгейі - 1-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін 2 -і тауар өндірісінен бас тарту қажетті даналар саны.

Графикте бұл экономикалық теория пайдаланатын өндірістік мүмкіндіктер қисығы, бірақ бір тауардың екінші тауардың орнын басу шығындарының өсуін көрсетеді.

Елге 1-і тауардың қосымша  бірлігін өндіру үшін барған сайын 2-і тауардың көп мөлшерінен бас тартуы қажет. Сондықтан график шығындар тұрақты деп алынған салыстырмалы артықшылықтар теориясындағыдай түзу емес, қисық сызық болды. Ол тауардың ішкі ұсынысың көлемін көрсетеді.

Орнын басу шекті деңгейі - к,алыптасқан тұтыну деңгейін сақтауды қамтамасыз етіп, 1-і тауардың қосымша данасын алу үшін 2-і тауардың өндіруден бас тартатын даналарының мөлшері.

График жүзінде бұл жекелеген талғамсыздық қисықтарының ел ауқымында көрсетіліп, (тұтынушының бірдей әл-ауқат деңгейін), осы екі тауар бар арақатынасынын тұтыну барысында қамтамасыздығын керсетеді. Ол тұтынушының әл-ауқаты төмендемей сол деңгейде қалып, одан алынып жатқан тауарды орын басатын тауардың қандай мөлшері керектігін көрсетеді. Орын басудың шекті деңгейі рыноктағы бар сұранытсы сипаттайды.

Стандартты  модель төмендегідей белгілермен сипатталады:

• әр түрлі тауарлардың шығарылу арақатынасын көрсететін 
өндірістік мүмкіндіктер қисығы әр түрлі елдерде өзгеше болып, 
оларды бір-бірімен сауда жасауға итермелейді.

  • егер қисықтар сәйкес келіп, басқаша айтқанда   тауар шығарылу арақатынасы екі елде бірдей болса, онда сауда өте жақын елдерде сәйкес келмейтін тұтынушылардың талғауындағы ерекшеліктеріне негізделеді;
  • ұсыныс трансформацияның шекті деңгей қисығымен, ал 
    сұраныс орын басудың шекті деңгейінің қисығымен анықталады;
  • халықаралық сауда пайдаланатын тепе-теңдік баға 
    салыстырмалы әлемдік сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен 
    анықталады.



Елдер өзара сауда  қатынастарға түскенге дейін, баланс трансформациясының шекті деңгейі (ұсыныс) мен орын басудың  шекті деңгейі (сұраныс) өзара әсер жолымен анықталады (2.6 сурет) 1-і елдің өндірістік мүмкіндіктер қисығы орын басудың шекті деңгейінің І-і қисығы елдің максималды қажеттіктері өтелетін А нүктесінде жанасып, ел өзі өндіретін 1-і және 2-і тауардың максималды тұтыну мөлшерін көрсетеді. Екінші елдің өндірістік мүмкіндіктер қисығы орын басудың шекті деңгейінің І-і қисығы А1 нүктесінде жанасып, осы елдің 1-і және 2-і тауардың тұтыну мүмкіндігінің максималды мөлшерін көрсетеді. Айта кететін жағдай, талғаусыздық қисықтары бір-бірімен қиылыспайды, ал елдер сауда жоқ жағдайда жоғары талғаусыздық қисығына жете алмайды, сондықтан бұл елдерде қажеттіліктерді максималды қанағаттандырудың тек бір нүктесі бар.

Сурет 1. Сауда  жағдайындағы баланс

 

Өндірістік мүмкіндіктер қисығы мен орын басудың шекті деңгейінің қисығының әр елдегі конфигурациясы әр түрлі болғандықтан, 1 -і және 2-і тауардың А және А1 нүктелерінде салыстырмалы бағалардың да өзгешеленетіні айқын. 1-і елдегі 1-і тауардың А нүктесінен өтетін түзу сызық арқылы тепе-тең салыстырмалы бағасы көрсетіліп, 2-і тауардың 1/4 бөлігін құрайды.

Ра= Р12=1/4

Осы 1-і тауардың 2-і елдегі салыстырмалы бағасы А1 нүктесі арқылы көрсетіліп, 2-і тауардың 4 данасын құрайды.

Р= Р12=4

Раа1 болғандықтан 1-і ел 1-і тауар бойынша, ал 2-і ел 2-і тауар бойынша салыстырмалы артықшылыққа ие болады. (+) (1-і және 2-і елдің) өндірістік максималды көлемі (V) А және А1 нүктесінде жетіп, 1-і және 2-і тауардың көлемі Q1 және Q2 болып көрсетеледі.

Р1х Q1+ Р2х Q2= V

Информация о работе Экономика, есеп және аудит