Қаржылық бақылау және аудит

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 19:36, курсовая работа

Краткое описание

Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті- елдегі экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы, секторлардағы, шаруашылық жүйелерінің өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету. Бұрынғы әміршілдік - әкімшілдік басқару тәсілінен гөрі ұлттық экономиканың әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы- уақыт талап еткен қажеттілік болады.

Оглавление

Кіріспе
1. Қаржылық бақылауды ұйымдастырудың теориялық аспектілері
1.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
1.2. Қаржылық бақылаудың түрлері
1.3. Қаржылық бақылаудың әдістері
2. Қаржылық бақылаудың жағдайын талдау
2.1. Есеп комитетінің қаржылық бақылаудағы рөлі
2.2. Салық Комитетінің қаржылық бақылаудағы рөлі
2.3. Кеден Комитетінің қаржылық бақылаудағы рөлі
3 Қаржылық бақылауды оңтайландыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

каржылык бакылау курстык ж9мыс.doc

— 152.00 Кб (Скачать)
Мазмұны
  Кіріспе  
1. Қаржылық  бақылауды ұйымдастырудың теориялық аспектілері  
1.1. Қаржылық бақылаудың мәні,  міндеттері және қағидаттары  
1.2. Қаржылық бақылаудың түрлері  
1.3. Қаржылық бақылаудың  әдістері  
2. Қаржылық  бақылаудың жағдайын талдау  
2.1. Есеп  комитетінің  қаржылық бақылаудағы   рөлі  
2.2. Салық  Комитетінің  қаржылық бақылаудағы  рөлі  
2.3.   Кеден   Комитетінің  қаржылық бақылаудағы   рөлі  
3 Қаржылық  бақылауды оңтайландыру  
  Қорытынды  
  Қолданылған әдебиеттер  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

    Республикамыз егемендігін алғалы бері   әлемдік тәжірибедегі  жалпы қабылданған талаптарға жауап беретін  мемлекеттік қаржылық бақылау  жүйесін жетілдіру бойынша  әрдайым жұмыстар атқарылып жатырҚазақстанРеспбликасының Үкіметімен 2011 жылы  республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуын  бақылау  жүйесін дамыту концепциясы мақұлданса,  ал 2002 жылдың 29 қаңтарында «Республикалық және жергілікті  бюджеттің орындалуын бақылау туралы»  Заң қабылданды.  Бұл заңның қабылдануы  мемлекеттік барлық қаржылық бақылау органдарының  қызмет етуінің құқықтық базасының негізгі болды. Оның  негізгі мақсаты- жоспарлау, ревизия өткізу, тексеру және  бақылау іс шараларының материалдарын жүзеге асыру бойынша органдардың жұмысын жүйелендіру.

      Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті- елдегі экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы, секторлардағы, шаруашылық жүйелерінің өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету. Бұрынғы әміршілдік - әкімшілдік басқару тәсілінен гөрі ұлттық экономиканың әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы- уақыт талап еткен қажеттілік болады.

        Мемлекеттік бақылау  мемлекетті басқарудың  жалпы және міндетті элементтерінің бірі ретінде мемлекеттің  атынан  және оның қызығушылығы жағынан  әр түрлі бағытта дамиды .Мемлекеттік басқаруды   әр  түрлі аспектілерді қарастыруға  болады:  әкімшілік, қаржылық,  экологиялық  және т.б.  Бұл  аталған әрбір  облыста  бақылаудың өзінің  бір қызметі бар: әкімшілік,  экологиялық  және т.б.  Аталған  курстық жұмыста қаржылық бақылаудың теориялық негізі мен

      Мемлекет  әрдайым   қаржыларды басқарудың тиімді  жүйесін құруға тырысты, сәйкесінше қаржылық бақылаудың тиімді жүйесін, себебі  мемлекеттің  әл ауқатты оның қорытындысына байланысты.  

        Нарық жағдайында жалпы экономиканың, жеке шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа кезендерінен де үлкен дәрежеде қажетсінетінін шет елдердің тәжірибесі, республиканың өзіндік тәжірибиесі көрсетіп отыр.

       Мемлекеттің алдында жан-жақты, жүйелі, кешенді бақылауды, соның ішінде қаржылық бақылауды да үйымдастыру міндеті туып отыр. Бүл шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді бідціреді. Қойылып отырған міндетті іске асыру үшін қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиіс:

- мемлекеттік бақылауды нығайту;

- тәуелсіз  аудиторлық бақылауды дамыту;

- түрлі  бақылаушы органдар мамандарының  еңбегін компьютерлендіру;

- бақылаудың барлық органдарының қызметін үйлестіру және басқалары. 

      Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшылық қызмет. Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі.

        Курстық жұмыстың  өзектілігі  еліміздің экономикасының өркендеуіне  байланысты республикалық және жергілікті  бюджетке түсетін түсімдердің  көбеюі мен  қоғамның  әлеуметтік- экономикалық  жағдайын  және  ел экономикасын одан  әрі 50 бәсекеге   қабілетті  елдер қатарына қосуға  бағытталған  индустриалдық- инновациялық бағдарламаларға  сәйкес  бюджеттен  бөлінетін қаржылардың  жылдан жылға  көп  бөлінуі,  оның  мақсатты  жұмсалуын қадағалауды талап  етеді.

Курстық  жұмыстың  мақсаты болып  қаржылық бақылау түсінігін, оның  мәнін  ашу, қызметтеріне анықұтама беру,  сонымен қатар  қаржылық бақылаудың  ұйымдастыруға   талдау жасау.  Алдыға қойған мақсаттарға  қол жеткізу  үшін келесі тапсырмаларды шешу керек: 

  • «қаржылық бақылаудың» теориялық аспектілері мен табиғатын анықтау;
  • қаржылық бақылаудың түрлеріне  сипаттама беру;
  • Қазақстандағы қаржылық бақылаудың  жағдайына талдау жасау;
  • Қаржылық бақылауды ұйымдастыруға талдау жасау;
  • Республикалық бюджеттің орындалуы бойынша  Есеп комитетінің    рөлің анықтау;

         Курстық  жұмыс кіріспеден,  3 бөлімнен,  қорытынды мен қолданылған  әдебиеттер тізімі  мен  қолданылған   әдебиеттерден тұрады.Бірінші бөлімде  қаржылық бақылаудың  теориялық негіздері: оның  мәні,  міндеттері және қағидаттары қарстырылса, екінші  бөлімде бүгінгі күндегі Есеп  комитеті,  Салық комитеті, Кеден комитеттері мысалында қаржылық бақылаудың  кейінгі үш  жылдық жағдайы талданған;  сонымен қатар үшінші  бөлімде   қаржылық бақылау қызметің   жетілдірудің  жолдары қарастырылған.  Қолданылған  материалдарда    Есеп комитеті  Төрағасы О.Өскікбаевтың «Қаржылық бақылауды Қазақстанда   дамыту  жөніндегі  мақаласынан    үзінділер алынған.

          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Қаржылық  бақылауды ұйымдастырудың теориялық аспектілері
 
    1. Қаржылық  бақылаудың мәні,  міндеттері және қағидаттары
 

     Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың  қаржылық қызметінің ажырағысыз  құрамды бөлігі қаржылық бақылау  болып табылады. Қаржылық бақылау- қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айырықшылық қызмет және қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

    Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық  категория ретіндегі қаржыға 

бақылау функциясының тән болумен объективті түрде шарттастылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімдері қорлардың ара слмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өңдіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрағанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын регламенттегенде шындыққа аййналады.

    Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны  бақылаудың құралы ретінде пайдалану  үшін объективті жағдай жасайды,  ал оны саналы түрде қолдану  қоғамдық өндірісте    қаржының  іс- әрекет ету барысында жүзеге  асырылады. Егер қаржы экономикалық  базистің қатынастарын, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің (жоспарлау, есеп және талдау мен қатар) бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды  бірдей деуге болмайды. Бақылау функциясы- қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.

    Ғылыми негізделген қаржылық саясатты, тиімді қаржылық механизмді қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржылық- шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.

     Қаржылық бақылаудың өзіндік өзгешілігі- оның ақшалай нысанда жүзеге асыратылығында.

     Қаржылық бақылаудың объекті  қаржылық ресурстарды, соның ішінде  ұлттық шаруашылықтың барлық деңгейлері мен буындарында табыстар мен қорланымдарды қалыптастыру үрдістері, ақшалай қорларды жасау және пайдалану болып табылады.

    Алайда қаржылық бақылаудың объекті  тек ақшалай қаражаттарды ғана  тексерумен шектелмейді. Түпкілікті  қорытындыда қазіргі жағдайларда өндіру мен бөлу үрдісі ақшалай қатынастармен ортақтастырылатындықтан ол елдің материалдық, еңбек, табиғи және басқа ресурстарын пайдалануды бақылауды білдіреді.

   Қаржылық бақылаудың іс- әрекеттінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін.  Шаруашылық ұйымдардың қаржылық жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болғандықтан қаржылық бақылауды шаруашылықтық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржылық операциялардың көбінде шаруашылық қызметтің басқа үрдістері бейнелеп көрсетіледі.

    Мемлекеттік қаржылық бақылауды  жүргізу құпиялық режимді қамтамасыз  ету ескеріле отырып, тәуелсіздік,  объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырылық, жариялық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.

    Тәуелсіздік қағидаты- мемлекеттік  қаржылық бақылау органдарының  және олардың жұмыскерлерінің  қызметті жүзеге асыру кезінде  тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін  кез келген араласушылыққа жол бермеу.

    Бақылаудың объективтілік қағидаты- бақылауды Қазақстан Республикасы заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкстікпен жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау.

     Анықтық қағидаты- бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен, бақылау объектінің өзге құжаттармен расттау.

Бақылаудың ашықтық қағидаты- бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасы Президентіне, Үкіметіне, мәслихаттарға, жұртшылыққа есеп берушілігі.

    Құзырылық қағидаты- мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жұмыскерлерінің бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы.

    Жариялық қағидаты- құпиялық режимді, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелерін міндетті жариялау.

    Мемлекеттік қаржылық бақылауға  қойылатын бірыңғай талаптар  мемлекеттік қаржылық бақылау  жүргізу стандарттарымен айқындалады. Бұл стандарттарды Республиалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып әзірлейді және Қазақстан Республикасы Президенті бекітеді. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары орындауға міндетті.

    Қаржылық бақылаудың алдында  тұрған міндеттерге мыналар жатады:

    Шаруашылық жүргізуші субъектілердің  қарамағында ақшалай ресурстарды  (бюджеттік және меншікті қаражаттарды, банк кредиттерін, бюджеттен тыс  қаражаттарды) пайдаланудың дұрыстығын тексеру;

    мемлекет, ұйымдарда және халық  алдында қаржылық міндеттіліктердің  орындалуын тексеру;

    қаржылық ресурстарды өсірудің, соның ішінде өзіндік құнды  төмендету және өнім, қызметтер  рентабельдігін арттыру жөнінде ішкіөндірістік резервтерді анықтау;

    кәсіпорындарда, ұйымдарда және  мемлекеттік мекемелерде қаржылық  операцияларды, есеп айырысуларды  жасаудың және ақшалай қаражаттарды  сақтау ережелерін сақтауды материалдық  құндылыұтар мен ақшалай ресурстарды  ұтымды жасауды тексеру;

Информация о работе Қаржылық бақылау және аудит