Қаржылық бақылау және аудит

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 19:36, курсовая работа

Краткое описание

Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті- елдегі экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы, секторлардағы, шаруашылық жүйелерінің өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету. Бұрынғы әміршілдік - әкімшілдік басқару тәсілінен гөрі ұлттық экономиканың әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы- уақыт талап еткен қажеттілік болады.

Оглавление

Кіріспе
1. Қаржылық бақылауды ұйымдастырудың теориялық аспектілері
1.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
1.2. Қаржылық бақылаудың түрлері
1.3. Қаржылық бақылаудың әдістері
2. Қаржылық бақылаудың жағдайын талдау
2.1. Есеп комитетінің қаржылық бақылаудағы рөлі
2.2. Салық Комитетінің қаржылық бақылаудағы рөлі
2.3. Кеден Комитетінің қаржылық бақылаудағы рөлі
3 Қаржылық бақылауды оңтайландыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

каржылык бакылау курстык ж9мыс.doc

— 152.00 Кб (Скачать)

       139-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың  түрлері 

      Мемлекеттік қаржылық бақылау  органдары өкілеттігі шегінде  бақылаудың мынадай түрлерін  жүзеге асырады:

       1) кешенді бақылау - бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер бойынша тексеру және бағалау;

       2) тақырыптық бақылау - бақылау  объектісінің нақты кезеңдегі  қызметін жекелеген мәселелер  бойынша тексеру және бағалау;

       3) үстеме бақылау - тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы;

       4) бірлескен бақылау - мемлекеттік  қаржылық бақылау органдары басқа  мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау. 

       140-бап. Бақылау нәтижелері бойынша  қабылданатын актілер 

      Бақылау нәтижелері бойынша мынадай  актілер қабылданады:

       1) бақылау актісі - мемлекеттік қаржылық  бақылау органдары бақылау нәтижелері  бойынша жасаған құжат;

       2) бақылаудың қорытындылары туралы  есеп - белгілі бір уақыт кезеңі  ішіндегі бақылау бойынша жүргізілген  жұмыс нәтижелері туралы мемлекеттік  қаржылық бақылау органдары жасаған  құжат;

       3) қаулы - Республикалық бюджеттің  атқарылуы жөніндегі есеп комитеті және мәслихаттың тексеру комиссиясы қабылдайтын, бақылау нәтижелерін растайтын және шешімдерді қамтитын өздеріне арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті құжат;

       4) қорытынды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері және (немесе) аудиторлық есептер негізінде жасалатын құжат;

       5) ұсыну - анықталған бұзушылықтарды  және жұмыстағы кемшіліктерді  жою үшін бақылау объектілеріне жіберілген мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының орындауға міндетті құжаты. 
 
 
 
 

  Республикалық  бюджеттің атқарылуын бақылау  жөніндегі есеп комитеті:

       1) республикалық бюджеттің атқарылуын, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес бағалауды жүзеге асырады;

       2) өз қызметінің бағыттары бойынша  тиімділікті бақылауды жүзеге  асырады;

       3) бақылау объектілерінің есепке  алу мен есептілікті жүргізуінің  анықтығы мен дұрыстығын бақылауды  жүзеге асырады;

       4) орталық мемлекеттік органдардың  стратегиялық жоспарларының, мемлекеттік  және бюджеттік бағдарламаларының  іске асырылуын бағалауды жүзеге  асырады;

       5) республикалық бюджет қаражатын,  оның ішінде нысаналы трансферттер  мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;

       6) Қазақстан Республикасының Парламентіне  ағымдағы жылдың 15 мамырынан кешіктірмей  өзінің мазмұны бойынша Қазақстан  Республикасы Үкіметінің тиісті  есебіне қорытынды болып табылатын  өткен қаржы жылындағы республикалық  бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

       7) Қазақстан Республикасы Президентінің  мемлекеттік қаржылық бақылауды  жүзеге асыруға байланысты мәселелер  бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Президентінің  өзге де жеке тапсырмаларын  орындайды;

       8) Қазақстан Республикасының Президентіне  мемлекеттік қаржылық бақылау  объектілері лауазымды адамдарының  Қазақстан Республикасының нормативтік  құқықтық актілерін сақтамауының  анықталған фактілері бойынша,  сондай-ақ тиімділікті бақылау  нәтижелері бойынша ұсынымдар енгізеді;

       9) республикалық бюджетке түсетін  түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен  түсетін түсімдер сомаларының  қайтарылуын, салықтық және кедендік  әкімшілік ету тиімділігін бақылауды  жүзеге асырады;

       10) мемлекеттік төтенше бюджеттің  атқарылуын бақылауды жүзеге  асырады;

       11) республикалық бюджет қаражатын  және мемлекет активтерін пайдалану  кезінде Қазақстан Республикасының  мемлекеттік сатып алу туралы  заңнамасының сақталуын бақылауды  жүзеге асырады;

       12) Қазақстан Республикасы Президентінің  келісімімен ғана немесе оның  тапсырмасы бойынша Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің  активтерін пайдаланудың Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкестігіне  бақылауды жүзеге асырады;

       13) Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық деңгейдегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау мен жүргізуге қатысты мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы және ақпаратты сұратады және өздеріне белгіленген мерзімде алады;

       14) сыртқы мемлекеттік қаржылық  бақылауды жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілері лауазымды адамдарының тиісті есептерін тыңдайды;

       15) сыртқы мемлекеттік қаржылық  бақылауды жүргізуге мемлекеттік  органдардың тиісті мамандарын  және мәслихаттардың тексеру  комиссияларын (олармен келісім  бойынша), сондай-ақ қажет болғанда республикалық бюджеттен олардың көрсететін қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады;

       16) бақылау және талдамалық іс-шаралар  барысында анықталған (анықталатын)  бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды;

       17) бақылау объектісінен Қазақстан  Республикасының құжаттандыру және  сақтандыру мәселелерін реттейтін  заңнамасын сақтай отырып, бақылау  қорытындысын растайтын тиісті  материалдарды (дәлелдемелерді) кедергісіз  алады;

       18) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау актілерін талдайды және мемлекеттік қаржылық бақылаудың сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар береді;

       19) сыртқы мемлекеттік қаржылық  бақылау жүргізу тәртібін айқындайды, мемлекеттік қаржылық бақылау  стандарттарын әзірлейді, олардың сақталуына бақылау жүргізеді;

       20) талдау мен зерттеулер жүргізеді,  мемлекеттік қаржылық бақылау  саласында әдіснамалық басшылықты  жүзеге асырады, мемлекеттік қаржылық  бақылау саласындағы оқыту бағдарламаларын  іске асырады;

       21) Қазақстан Республикасының бюджет  және өзге де заңнамасын жетілдіру  жөнінде ұсынымдар енгізеді, мемлекеттік  қаржылық бақылау мәселелері  бойынша нормативтік құқықтық  актілерді әзірлейді және келіседі;

       22) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарға және бақылау объектілеріне жіберілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуына мониторинг, сондай-ақ бақылау жүргізеді;

       23) мәслихаттардың тексеру комиссияларына, оның ішінде мәслихаттардың тексеру  комиссиялары туралы үлгі ережені және мәслихаттардың тексеру комиссияларының қызметкерлері үшін үлгілік біліктілік талаптарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік көмекті жүзеге асырады, мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

       24) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің  оларға бюджеттік бағдарламаларда  көзделген мақсаттарға бөлінген  республикалық бюджет қаражатын  пайдалануын бақылауды жүзеге  асырады;

       25) Қазақстан Республикасының заңдарына  және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
 

Информация о работе Қаржылық бақылау және аудит