Қаржылық бақылау және аудит

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 19:36, курсовая работа

Краткое описание

Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті- елдегі экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы, секторлардағы, шаруашылық жүйелерінің өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету. Бұрынғы әміршілдік - әкімшілдік басқару тәсілінен гөрі ұлттық экономиканың әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы- уақыт талап еткен қажеттілік болады.

Оглавление

Кіріспе
1. Қаржылық бақылауды ұйымдастырудың теориялық аспектілері
1.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
1.2. Қаржылық бақылаудың түрлері
1.3. Қаржылық бақылаудың әдістері
2. Қаржылық бақылаудың жағдайын талдау
2.1. Есеп комитетінің қаржылық бақылаудағы рөлі
2.2. Салық Комитетінің қаржылық бақылаудағы рөлі
2.3. Кеден Комитетінің қаржылық бақылаудағы рөлі
3 Қаржылық бақылауды оңтайландыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

каржылык бакылау курстык ж9мыс.doc

— 152.00 Кб (Скачать)

    қаржылық тәртіпті бұзуларды  жою және ескерту. 

    Қаржылық бақылаудың міндеттерін  жүзеге асыру нәтижесінде заңдылық  жақтарының бірін білдіретін  қаржылық тәртіп нығаяды. 

       Қаржылық тәртіп- бұл мемлекеттік, жергілікті өзін- өзі басқару субъектілерінің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақшалай қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың белгіленген ұйғарымдары мен тәртібін айқын сақтау.    Қаржылық тәртіптің талаптары кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік билік пен жергілікті өзін- өзі басқару органдарына, олардың лауазымды тұлғаларына да таратылады. Сөйтіп, қаржылық бақылау мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың мүдделерін қамтамасыз етеді, сондай- ақ нақтылы азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына мүмкіндік туғызады (мысалы, бюджетке төленетін төлемдер бойынша жеңілдіктер беру заңнамасының сақталуын, салықтарды алудың дұрыстығын, бюджеттен бөлінетін қаржының уақытылығын бақылау және т.б.).

  Қаржылық бақылаудың функциялары:

  1. қаражаттардың жұмсалуын тексеру;
  2. қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресуртарға қаражаттарды жұмылдырудың уақытылығы мен толымдылығын тексеру;
  3. есеп және есептеме ережелерінің сақталуын тексеру.
 
    1. Қаржылық  бақылаудың түрлері

      Финансовый  контроль как специализированный вид  управленческой деятельности и особая отрасль экономических знаний располагает  разнообразными методическими приемами, разработанными этой дисциплиной или  основанными на достижениях смежных  областей (бухгалтерского учета, статистики, финансов, государственного бюджета).

      Системность контроля достигается комбинированным  использованием его различных видов: логического и математического, документального и фактическог

      Методы  финансового контроля

      Финансовый контроль проводится разнообразными методами, под которыми понимают приемы и способы его осуществления. Применение конкретного метода зависит от ряда факторов: правового положения и особенностей форм деятельности органов, осуществляющих контроль, от объекта или цели контроля, оснований возникновения контрольных правоотношений и др.

      Используются  следующие методы финансового контроля: наблюдения, надзор, ревизии, проверки (документации, состояния учета и  т.д.), рассмотрение проектов финансовых планов, заявок, отчетов о финансово-хозяйственной деятельности и др. 

Өндірістік  күштердің өркениетті дамуы тәжірибесі мен әр түрлі әлеуметтік экономикалық қоғам қатынастары өндіріс үдерістерін  басқару тетіктерін үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететінін көрсетеді. Бұған тек қана қабылданған заңдар мен қоғамдық тәртіп мөлшерін сақтап отырғанда ғана қол жеткізуге болады. Экономикалық субъектілердің заңдарды сақтап отыруы меноларға бекітілген жеке меншікті тиімді басқаруын бақылап отыру қажет. Бақылау басқару тетігі болғандықтан, басқарудың алға қойған міндеттері мен шешімдеріне бағынады. Сондықтан бақылау маңызы басқарудың экономикалық және саяси заңдылықтары қоғамдағы белгіленген заңдылықтарменанықталады. Экономикалық бақылау міндеттерін белгілейтін белгілі бір қоғамды басқару мақсатына бақылау маңызы сәйкес келуі қажет.

 Бақылау  қоғамдық даму үдерістерін басқарудың  жүйесі болып табылады. Бұл халықтық  демократиялық-құқықтық мемлекеттің  саяси басшылығына, әлеуметтік  басқаруына тікелей қатысты. Бақылау  әлеуметтік басқару тетігі болғандықтан, ол әрқашан қажет. Ол бақылау кезеңіндегі обьектінің іс барысына бағыт бере отыра, басқару үдерісін басқарудың бекітілген ең жоғарғы үлгісімен бағыттайды.

         «Бақылау» латынның «контра рутулус», яғни, белгіленген немесе болжанған белгілі бір оқиғаға не үдеріске «қарсы қою» деген мағынаны білдіреді. Бірақ ол «контроле» сөзінің негізін ала отырып, трансформацияға түсу арқылы «бақылау» мағынасын беретін болған.

        Бақылау мәселелерін жоспарлау үшін істің сараптамасын талдау қажет. Біріншіден экономистердің, заңгерлердің, әлеуметтанушылардың көзқарасы бойынша бақылау мемлекеттік және шаруашылық саласы қызметіне және оны атқарушы, басқарушы қызмет нысанына жатады. Екіншіден кибернетика тұрғысынан бақылау қайта айналмалы заңы тәрізді, басқарушы жүйе бақылау арқылы өзіне қажетті деректреді жинап, оны тиімді басқаруда пайдаланады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері 

      Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өкілеттігі шегінде бақылаудың мынадай түрлерін жүзеге асырады:

       1) кешенді бақылау - бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер бойынша тексеру және бағалау;

       2) тақырыптық бақылау - бақылау  объектісінің нақты кезеңдегі  қызметін жекелеген мәселелер  бойынша тексеру және бағалау;

       3) үстеме бақылау - тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы;

       4) бірлескен бақылау - мемлекеттік  қаржылық бақылау органдары басқа  мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау.

 

 Ревизиялық  бақылау қызметіне арналған арнаулы  әдебиеттерде бақылаудың 

 негізгі  мәні – шаруашылық жүргізуші  объектінің заңдарды сақтауын  қадағалау мен мемлекеттік тәртіптің  бұзылуын анықтау деп түсіндіреді.  Ал, шындығында, басқарушы субъект объектіні тексергенде оның жүктелген тапсырманы орындалу барысын тексеру үшін жүргізеді.

 Бұл  бақылау - басқарылушы объектілердің  жұмысын тексеру және бақылап  отыратын, әрі басқарушы тетік  екенін білдіреді. Қаржылық бақылау  объектідегі қабылданған шешімнің орындалу сатысын, оның тиімді жүзеге асырылып жатқанын анықтай отырып, ондағы кемшіліктер мен ауытқуларды басқарушы органдарға хабарлайды. Бұл объектідегі жұмысты уақытында жақсартуға мүмкіндік береді. 

    1. Қаржылық  бақылаудың  әдістері

      Қаржылық  бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен  немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы  әдісті қолдану қаржылық бақылауды  жүзеге асырушы органдар қызметі  нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-өимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.

      Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай  әдістері пайдаланылады: тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің  қызметін тексеру), инспекция (кәсіпорынның қааржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру), қадағалау (кәсіпорында қаржылық өқаражаттардың жай-күйімен жалпы танысу), тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекелеген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды үстеме (ыңғайласпа) тексеру, ақшалай құжаттар мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында салыстыру және басқалары.

      Аталған жалпы әдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады.

      Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен шолып  визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер, анықтамалар  жасалынбайды. Бүкіл іс тыйым салу және тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.

      Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен  жүзеге асырылады. Оларға жататындар: текмеру, экономикалық талдау, тексеріс (ревизия). Тексеру шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін.

      Есептемені  шоттық тексеру – бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың салықтық есеп-қисаптардың ақиқаттығын тексеру. Ол үш кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезеңде есептеменің әр түрлі нысандары көрсеткіштерінің келісушілігіайұындалады; екінші кезеңде жекелеген есептік көрсеткіштерді бухгалтерлік есептің тіркелімдеріндегі жазбалармен салыстыру жүзеге асырылады; үшінші кезеңде бастапқы құжаттардың мәліметтері бойынша есептік тіркелімдердің негізділігі анықталады. Мұндай дәйектілік шоттық тексерулерді бухгалтерлік есеп пен есептеменің қойылымына бақылау жасаудың өте тиімді құралы етеді және қаржылық тәртіптің бұзылуларын анықтауға және ескертуге жәрдемдеседі.

      Тақырыптық  тексеру-бұл бақылауға жататын  объектінің шаруашылық – қаржылық жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін  зерделеу, мысалы, жалақыдан ұстап  қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру және т.б.

      Экономикалық  талдау – бұл объектінің шаруашылық-қаржылық қызметіне баға беру; қызметтің түрлі  нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.

      Экономикалық  талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге бақылаудың сыртқы органдары –банктер, қаржы, аудит  фирмалары да жүргізеді.

      Тексерулер  мен қарап шығаруды бақылау органдары  шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселері бойынша немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен, (учаскесімен) танысу жолымен бір мәселе (тақырып) бойынша жүргізіледі. Сондықтан тексерулер негізінен тақырыптық болып келеді. Тексеру мен қарап шығудың мақсаты шаруашылық және қаржылық қызметтің жекелеген учаскесінің жай-күйін анықтау болып табылады. Камералық тексеружергілікті орынға шықпай-ақ жүзеге асырылады және шаруашылық органның құжаттық тексеруінен бұрын болады.

      Үстеме тексеру – тексеріліп отырған шаруашылық жүргізуші субъектінің әріптестерінде немесе клиенттерінде қаржылық – шаруашылық операциялардың нақтылы бейнелеп көрсетілуін тексеру арқылы бұл операциялардың растығын анықтау әдісі.

      Қаржылық  бақылаудың негізгі әдісі – тексеріс – кейінгі (келесі) бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен учаскелерін мұқият зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық қарап шығу. Тексерісті әр түрлі бақылаушы органдар, ең алдымен қаржы, сонымен бірге ведомоствоға қарасты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органдары жүргізеді. Тексеріс бұл органдардың жоспары бойынша да, сондай-ақ басқа құзырлы органдар – жоғарғы, тергеу органдарының нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.

      Тексеру объекті бойынша құжаттық, нақтылы, толық жаппай, іріктемелі, ішінара  тексеріс болып ажыратылады. Ұйымдық  белгісі бойынша олар жоспарлы және жоспардан тыс, кешендік болуы мүмкін.

      Құжаттық  тексерісті жүргізген кезде есептер, қаржыландырудың жеке жоспарлары ғана емес, сондай-ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақшалай құжаттар (шоттар, төлем тізімделері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі. Нақтылы тексеріс құжаттарды  ғана емес, сонымен бірге қолда бар ақшаны, материалдық құндылықтарды да тексереді. Толық тексеріс деп белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бүкіл қызметін тексеруді айтады.

      Іріктемелі  тексеріс кезінде бақылау қаржылық – шаруашылық қызметтің әйтеуір  бір жағына бағытталады.

      Тақырыптық  тексерістер бір моделдегі бірнеше  кәсіпорындарда, мекемелерде немесе бірнеше министрліктер мен ведомстволарда қаржылық – шаруашылық қызметтің  жеке мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар сонымен бірге шаруашылық жүргізуші  субъектілердің белгілі бір учасклерінің мән – жайын тексеруге және бұл мәселе бойынша көлемді материал алуға, оны талдауға, тұжырым жасауға, жұмысты жақсарту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

      Тексерістердің  тәсілдер: материалдық құндылықтарды  түгендеу, кассадағы нақтылы ақшаны тексеру, тексерілетін объект қызметінің жоспарлық, нормативтік және есептік көрсеткіштерін салыстыру, құжаттық және үстеме тексерулер.

      Әрбір тексеріс пен тексеру мұқият әзірленуі  тиіс, өйткені олардың сапасы осыған байланысты болады. Бұл үшін қажетті заңдарды, қаулыларды, жарлықтарды оқып-біліп, зерделейді; бұрынғы тексеріс пен тексеру материалдарымен , анықталған бұзушылықты жоюдың нәтижелерімен танысады; ақпарат органдарының сын материалдарын, өндірістік қызметтердің ерекшеліктерін зерделейді және т.б.

Информация о работе Қаржылық бақылау және аудит