Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 14:28, курсовая работа

Краткое описание

Пәннің еңбек көлемі 135 сағатты құрайды, олардың 45 сағаты аудиториядағы жұмысқа арналған, ал қалған 90 сағаты пән оқуға арналған студенттердің өздік жұмысына арналған (СӨЖ). Аудиториялық уақытты сабақтар түріне бөлу тақырыптық жоспарда келтірілген.
Бұл пәнді беру мақсаты болып шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін зерттеу негізінде студенттердің экономикалық ой-өрісін дамыту болып табылады.
Осыған байланысты пәнді оқытуда келесі негізгі міндеттер қойылады:
- кәсіпорын мәнімен, оның ұлттық экономика жуйесіндегі орны мен рөлімен шаруашылық объектісі ретінде танысу;
- нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеуді ескере отырып нарықтық экономиканың агенті ретінде кәсіпорынға сипаттама беру;
- кәсіпорынның ресурстық базасы мен әр түрлі ресурстарды пайдалану тиімділігін қарастыру;
- кэсіпорынның қызмет етуінің шаруашылық механизмі мен оның қызметінің қаржылық нэтижелерін оқып білу.

Файлы: 1 файл

37196 (2).doc

— 456.00 Кб (Скачать)

Айналым қорлары - өндіріс үрдісінің міндетті элементі, өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Өнім бірлігіне шаққандағы шикізат, материалдар, жанармай мен энергия шығындары аз болған сайын, оның өндірісіне шығындалатын еңбек үнемді шығындалады, соншалықты өнімнің құны да төмен болады.

Өндірістік запастар - өндірістік үрдісті жүргізу үшін дайындалған еңбек құралдары. Оларға жататындар: шикізат, негізгі және қосымша материалдар, жанармай, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен бұйым бөлшектері, негізгі қорларды жөндеуге қажетті бөлшектер.

Болашақтағы шығындар – сол кезеңде  жүзеге асырылатын, бірақ болашақ  кезеңдегі өнімге жататын, жаңа өнімді дайындау, оны игеру шығындарын қамтитын айналым қорларының мүліктік емес элементтері. Мысалы, бұйымның жаңа түрінің технологиясын дайындау және оны жасақтау, құрастыру шығындары, құрал-жабдықтар орнын ауыстыру шығындары және т.б.

Айналыс қорлары айналым аясын қамтамасыз етеді, оған жататындар: қоймадағы дайын өнім, жолдағы тауарлар, ақша қаржылары және тұтынушылармен есеп айырысу қаржылары, соның ішінде көбіне дебиторлық қарыз.

 

7 тақырып. Еңбек ресурстары

Оқылған сұрақтар:

- Енбек нарығы: мәні және қызмет ету механизмі;

- Қазақстан Республикада халықты әлеуметтік қорғау түжырымдамасы;

- Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптасу көздері. Кадрлардың құрамы және құрылымы;

- Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттігін анықтау;

- Кәсіпорындағы кадрлық жұмыс;

- Кәсіпорынның қызметін тиімді істеу үшін ұймдастырушылық мінез-қүлықтың мэні жэне маңызы.

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 7-14]

Негізгі түсініктемелер                                                           

Кәсіпорын кадрлары – бұл кәсіпорында  қызмет ететін және тізімдік құрамына енетін түрлі кәсіби-біліктілік топтар қызметкерлерінің жиынтығы. Кәсіпорын қызметкерлерінің жеке құрамы мен категорияларының құрамдық және сандық ара қатынасы кадрлар құрылымын сипаттайды.

"Кадрлар", "персонал", және "кәсіпорынның еңбек ресурстары" түсініктері де әр түрлі. "Кәсіпорынның еңбек ресурстары" түсінігі оның потенциалды жұмыс күші, "персонал" – тұрақты және уақытша жұмыс жасайтын біліктілігі бар және біліктілігі жоқ қызметкерлердің барлық жеке құрамы. "Кадрлар" деп кәсіпорынның көп жағдайда біліктілігі бар негізгі (штаттық, тұрақты) қызметкерлер құрамы.

Қызметкерлер санының нормасы (Нс) – нақты өндірістік, басқарушылық қызметтерді немесе нақты жұмыс  көлемін орындау үшін қажетті  кәсіби-біліктілік құрамындағы қызметкерлердің  бекітілген саны. Қызметкерлер санының нормасы бойынша кәсіби, мамандығы, жұмыс түрлері мен топтары, толықтай кәсіпорын, цех немесе оның құрылымдық бөлімшелері бойынша еңбек шығындары анықталады.

Тәжірибеде кадрлады есепке алу  және жоспарлауда олардың тізімдік, келгендер және орташа тізімдік құрамы қолданылады.

Тізімдік сан – нақты күндегі  қызметкерлердің тізімдік құрамының  саны, онда сол күні жұмысқа қабылданған  және шығарылған қызметкерлер есепке алынады.

Келгендер саны – нақты күні жұмысқа  келгендердің, соның ішінде іс-сапардағы қызметкерлердің тізімдік құрамының санын сипаттайды.

Ай ішіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны әр күнгі тізімдегі  барлық қызметкерлер санының қосындысын сол айдағы календарлық күндер санына қатынасы арқылы анықталады.

Қызметкерлердің демалыс және мейрам күндеріндегі тізімдік саны деп оның алдыңғы күніндегі саны есепке алынады.

Кәсіпорындағы персоналға деген қажеттілік өнеркәсіпті-өндірістік және өнеркәсіптік емес персонал топтары бойынша жеке-жеке жүргізіледі. Персоналға деген сандық қажеттілікті есептеудің негізгі тәсілдері:

- өндірістік бағдарламаның еңбек  сыйымдылығы бойынша;

- өндіру нормасы бойынша;

- қызмет ету нормасы бойынша;

- жұмыс орындары бойынша.

Өнімділіктің екі түрі бар: тірі жан еңбегінің өнімділігі және қоғамдық еңбек өнімділігі. Тіріжан еңбегінің өнімділігі әрбір жеке өндірістегі жұмыс уақытының шығындарымен анықталады, ал қоғамдық (жиынтық) еңбек өнімділігі тіріжан және затқа айналдырылған еңбек шығындарымен анықталады.

Барлық халық шаруашылығына  қытасты қоғамдық (жиындық) еңбек өнімділігі материалды өндіріс саласындағы жұмыспен қамтылған – бір адамға шаққандағы ұлттық табыс ретінде есептелінеді.

 

8-тақырып. Еңбек ақы  төлеу

Оқылған сұрақтар:

- Еңбек мотивацияның формалары және мәні;

- Еңбек ақы төлеудің мэні  жэне қағидалары, еңбек ақыны дифференциациялаудың экономикалық негіздері;

- Тарифтік жүйе, оның мазмүны  және еңбек ақыны ұйымдастырудағы  мәні;

- Жүмысшылардың   еңбек  ақы   жүйелері  және   формалары;

- Еңбек ақыны үйымдастырудың  шетелдік тәжірибесі;

- Еңбек ақының тарифсіз жүйесі;

- Кәсіпорынның пайдасымен зиянда  қатысу жүйесі. Кәсіпорынның капиталында  қатысу жүйесі.

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 14, 12]

Негізгі түсініктемелер                                                           

Кәсіпорындағы қызметкерлердің табысы өндіріс шығынының құрамына енетін еңбекақыдан, әлеуметтік және еңбек жеңілдіктері бойынша төленетін ақша төлемдері, пайдадан төленетін сыйақыдан, акциялар бойынша төленетін дивидендтерден және еңбек ұжымы мүшелерінің кәсіпорын мүлігіне салған салымдарынан, натуралды түрдегі өнім құнынан және басқа да табыстардан құралады. Еңбекақы – материалдық игіліктер мен қызмет түрлерін жеке тұтыну қорының бір бөлігі болып табылады, осының негізінде қызметкерлерге олардың еңбегінің сапасы мен санына сәйкес, сонымен бірге оның нәтижелігіне (ұжым еңбегінің нәтижесінде қосқан үлесіне) сәйкес беріледі. Еңбекақы еңбек шарты бойынша орындалған жұмыстары үшін натуралды ақы құны мен ақшалай төлемдердің қосындысы.

Шаруашылық етудің қазіргі заман  жағдайында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру бірнеше қағидаларды ескеру арқылы құрылады:

- еңбекақы төлеуді ұйымдастыруда қызметкерлерге еңбекақы төлеудің нысандарын, жүйесін және мөлшерін анықтаудағы кәсіпорынның дербестігі;

- еңбекақы төлеуді мемлекеттік  реттеу;

- еңбекақыны еңбек жағдайы мен мекендеген жеріне байланысты дифференциялау;

- еңбектің соңғы нәтижелері жоғары болу үшін қызметкерлердің еңбекке деген материалдық қызығушылықтарын туғызу;

- еңбек өнімділігі өсу қарқынының жалақы өсу қарқынынан артық болуы.

Нақты еңбекақы мөлшеріне сұраныс пен ұсыныс маңызды ықпал жасайды. Жұмыс күшіне сұраныс жоғары болған сайын, нақты жалақы да жоғары болады, ал еңбек ұсынысы жалақы динамикасына кері пропорционалды байланыста болады.

Қазіргі кезде кәсіпорындағы жалақы қорын мемлекеттік реттеу ретіндегі құрал әлеуметтік салық болып табылады. Оны кәсіпорындар, құрылымдық бөлімшелер, жеке кәсіпкерлер, жеке адвокаттар мен нотариустар төлейді.

Өнеркәсіпте қолданылатын еңбекақы төлеу жүйелері мен нысандары. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің екі нысаны қолданылады: кесімді және мерзімді, әрқайсысы өз алдына бірнеше нысандаға бөлінеді.

Кесімді еңбекақы төлеу нысаны кеңінен  қолданылады.  Ол қызметкерлерде еңбек  нәтижесіне, оның өнімділігіне деген  материалдық жағынан қызығушылық  тудырады, қызметкер біліктілігін жоғарлатуға ынталандырады, жұмыс уақыты мен қондырғыны толықтай пайдалануға жағдай жасайды.

Еңбекақы төлеудің кесімді нысаны төмендегі жағдайларда тиімді болып  табылады:

- шығарылымның натуралды өлшемдердегі сандық көрсеткіштері мен еңбек нәтижелерін дәл есепке алу мүмкіншілігі болған жағдайда;

- еңбекті нормалаудың ғылыми түсініктемесі болған жағдайда;

- технологиялық процесті бұзбай нормалардың артығымен орындалуы үшін мүмкіншіліктер құрылған жағдайда;

- тоқтап қалуларды болдырмайтын жұмыс орындарына қызмет көрсетуді нақты ұйымдастырған жағдайда;

- өндіріске сапалы және уақытында техникалық жағынан дайындық жүргізілсе.

Кәсіпорын алдында тұрған технико-ұйымдастырушылық жағдайлар мен міндеттердің ерекшеліктеріне  байланысты кесімді нысанның бірнеше жүйесі қолданылады: тікелей жеке, кесімді-прогрессивті, кесімді-сыйақылы, жанама, ұжымдық және аккордтық.

Еңбекақы төлеудің жанама-кесімді  жүйесі өнім өндірісімен айналыспайтын, бірақ өз еңбегімен негізгі жұмысшылардың  еңбек нәтижелеріне әсерін тигізетін жұмысшыларды еңбек өнімділігін ынталандыру үшін қолданылады. Бұл жүйе бойынша станок наладчиктерінің (жөндеушілердің) еңбегі, зауытішілік транспорттық, қондырғыға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар еңбегі төленуі мүмкін.

Негізгілердің еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызғанда жанама кесімді ақыны қолданған тиімді.

Жанама бағаны анықтау үшін жанама кесімді жүйе бойынша төленетін  жұмысшының күндік тарифтік ставкасын  оған бекітілген қызмет көрсету нормасына  немесе қызмет көрсететілетін жұмысшылардың  күндік шығарылым нормасына бөлінеді.

Ұжымдық (бригадалық) кесімді еңбекақы ұйымның ұжымдық нысанында қолданылады, онда өндірістік процесс бірнеше жұмысшымен немесе бригадамен жүзеге асырылғанда және еңбектің толық бөлінісі жоқ және бірнеше мамандықтардың қызметтерін бірдей атқарғанда жүргізіледі. Ұжымдық жалақы жеке мөлшері арасында олардың қосқан үлестеріне байланысты бөлінеді.

Жеке жалақыны есептеудің бірнеше  тәсілі бар. Ағымдық желілерде жалақы жеке баға мен соңғы операциядағы бригадамен шығарылған өнім көлеміне қатысты есептелінеді. Жеке баға шығарылымның бригадалық нормасы мен бір жұмысшының тарифтік ставканың негізінде есептелінеді.

Екінші бір тәсіл – жұмысшының жалақысы бригаданың жалпы жалақысының, жұмысшының біліктілік деңгейі мен  оның жұмыс жасаған уақытының  негізінде анықталады.

Жұмысшының бригада еңбегінің  нәтижесіне қосқан жеке үлесін толықтай есепке алу үшін бригада мүшелерінің келісімімен еңбекке қатысу коэффициенті қолданылуы мүмкін.

Еңбекке қатысу коэффициенті (КТУ) бригаданың әр жұмысшының қосқан еңбегін бағалаудың жалпылама сипаттамасы, ол жеке еңбек  өнімділігіне және жұмыс сапасына, күрделі жұмыстарды орындауына, қызмет көрсету аймақтарының арытуына, бригаданың басқа жұмысшыларының жұмысына көмек көрсетуге, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға байланысты. Бұл коэффициент арқылы кесімді жалақы, сыйақы, персоналды жұмыспен босату нәтижесінде алынған жалақы қоры бойынша үнемдеуді бөлу үшін қажет. Еңбекке қатысу коэффициентін анықтау және қолдану тәртібі бригаданың жалпы жиналысымен анықталады және кәсіподақ ұйымдарымен келісе отырып, кәсіпорын басшысымен бекітіледі.

Келесі түрі – аккордты еңбекақы жүйесінің мәні: жұмысшыға немесе топқа нақты жұмыс көлеміне берілетін  жалақының көлемімен байланысты болады.

Жалақының мерзімдік нысаны бойынша  жұмыс жасаған уақыты есепке алынады, және жұмсаған уақыты мен біліктілік деңгейіне байланысты болады. Қызметкерлерге жалақысының тарифтік ставкасына сәйкес немесе нақты жұмыс жасаған уақытына бекітілген ақы бойынша есептелінеді. Оны кеңінен қолданатын жағдайлары: еңбекті детальды түрде нормалау мен есепке алу экономикалық жағынан тиімсіз болса, шығарылым қабылданған технологиялық режим бойынша анықталып, бастысы - өнімнің жоғары сапасы болған жағдайда қолданылады.

Мерзімдік ақының екі түрі бар –  қарапайым және мерзімді-сыйақылы. Қарапайым мерзімді жүйесі бойынша  жалақы біліктілік деңгейін ескеру арқылы жұмыс жасаған уақытына төленеді. Мамандар мен қызметкерлер – лауазымдық жалақы, ал жұмысшылар – тарифтік ставка алады.

 

9-тақырып. Кәсіпорынның  инвестициялық және инноциялық саясаты

Оқылған сұрақтар:

- Инвестициялар: мәні мен түрлері;

- Мемлекеттік даму институттар;

- Инвестицияларды талдау бағыттары.  Жобалық талдаудың тұжырымдамасы;

- Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің  стратегиясы: мәні және әзірлеу  қағидалары;

- Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын  бағалау әдістемесі;

- Инвестицияларды қаржыландыру  көздері;

- Қаржы инвестициялар. Лизинг - өндірістік инвестициялау қүралы;

- Кэсіпорындардың инновациялық  менеджменті: мәні және міндеттемелері.

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 7, 16, 18]

Негізгі түсініктемелер                                                           

Инвестиция – табыс (пайда) алу  мақсатында инвесторлармен кәсіпкерлік  объектілеріне және басқа да қызмет түрлеріне салынатын қаржылық, материалдық  және басқа да құндылықтардың барлық түрлері. Инвестициялық көрсеткіштер динамикасы ел дамуының әлеуеті мен жақсы жағдайын сипаттайтын басты макроэкономикалық индикатор болып табылады.

Инвестицияға арналған ресурстар  шартты түрде төмендегі бағыттарға бөлінеді:

  • жаңа өнімді игеру және шығару;
  • техникалық жағынан қайта жарақтау;
  • өндірісті кеңейту;
  • қайта құру;
  • жаңа құрылыс.

Кәсіпорында техникалық жағынан қайта  жарақтау – ескі өндірістік техника  мен технологияны жаңаға ауыстыру. Өндірісті кеңейту – жаңа қосымша  цехтардың құрылысы мен басқа  да бөлімшелерді құру арқылы өндіріс  көлемін арттыру мақсатындағы инвестициялау. Жаңартуға моралды жағынан ескірген және физикалық жағынан тозған машиналар мен қондырғыларды ауыстыру және құрылыс пен ғимараттарды жетілдіру, қайта құру шаралары жатады. Жаңа құрылыс – жаңа өнеркәсіпті кәсіпорындардың құрылысы, толықтай жобалық қуатына енгізілгеннен кейін аяқталған деп есептелінеді.

Кәсіпорынның техникалық жағынан қайта жарақтануы мен  қайта жаңартылуында басты негізгі  қорлардың белсенді бөлігі ғана жаңартылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу