Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 14:28, курсовая работа

Краткое описание

Пәннің еңбек көлемі 135 сағатты құрайды, олардың 45 сағаты аудиториядағы жұмысқа арналған, ал қалған 90 сағаты пән оқуға арналған студенттердің өздік жұмысына арналған (СӨЖ). Аудиториялық уақытты сабақтар түріне бөлу тақырыптық жоспарда келтірілген.
Бұл пәнді беру мақсаты болып шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін зерттеу негізінде студенттердің экономикалық ой-өрісін дамыту болып табылады.
Осыған байланысты пәнді оқытуда келесі негізгі міндеттер қойылады:
- кәсіпорын мәнімен, оның ұлттық экономика жуйесіндегі орны мен рөлімен шаруашылық объектісі ретінде танысу;
- нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеуді ескере отырып нарықтық экономиканың агенті ретінде кәсіпорынға сипаттама беру;
- кәсіпорынның ресурстық базасы мен әр түрлі ресурстарды пайдалану тиімділігін қарастыру;
- кэсіпорынның қызмет етуінің шаруашылық механизмі мен оның қызметінің қаржылық нэтижелерін оқып білу.

Файлы: 1 файл

37196 (2).doc

— 456.00 Кб (Скачать)

Сыртқы орта – кәсіпорын аумағында  әрекет ететін және оның түрлі қызмет аясына әсер ететін белсенді шаруашылық субъектілер, экономикалық, қоғамдық және табиғи жағдайлар, ұлттық және мемлекет аралық институционалды құрылымдар мен басқа да сыртқы жағдайлар мен факторлардың жиынтығы. Сыртқы ортаны екіге бөледі:

- микроорта – кәсіпорынға тікелей әсер ету ортасы, оған материалды-техникалық ресурстармен жабдықтаушылар, кәсіпорын өнімін (қызметін) тұтынушылар, сауда және маркетингтік делдалдар, бәсекелестер, мемлекеттік органдар, қаржы-несие мекемелері, сақтандыру компаниялары мен басқа да байланыс аудиториялары;

- макроорта, кәсіпорынға және  оның микроортасына әсер етеді.  Оның құрамына табиғи, демографиялық,  ғылыми-техникалық, экономикалық, экологиялық,  саяси және халықаралық орта  жатады.

 

3-тақырып. Өндірістің  экономикалық және әлеуметтік  тиімділігі

Оқылған сұрақтар:

- Өндіріс тиімділігінің мәні, тиімділікке әсер ететін факторлар  жэне көрсеткіштер жүйесі;

- Өндірістік қызметінің тиімділік  көрсеткіштері;

- Кәсіпорын өтімділігін сипаттайтын  көрсеткіштер;

- Қаржы түрақтылық көрсеткіштері;

- Салыстыру базасын таңдау. Салыстырылған варианттардың дербес жағдайлары;

- Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтаудағы (көрсеткіштерді дисконттау) уақыт факторын есептеу әрдістері;

- Варианттарды салыстырудағы сапалық талдау. Кәсіпорындар қызметінің тиімділікті бағалау экологиялық аспектілері

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 12, 17]

Негізгі түсініктемелер

Өндірістің экономикалық тиімділігінің  мәні қоғамның мүдделеріне сай ең аз мүмкін болатын шығындармен барынша  жоғары нәтижелерге жету ретінде  экономистердің копшілігімен түсіндіріледі. Сондықтан ондірістің экономикалық тиімділігін анықтау өндірістің нәтижесін, осы нәтижені қамтамасыз ететін нақты және алдыңғы уақыттағы еңбектің тұтас шығындарымен салыстыруға негізделуі қажет.

Өндіріс тиімділігін аныктау үшін оның өлшемін, яғни мәнін ашып көрсететін бағалаудың басты бслгісін анықтау-дан басталады. Өндірістің экономикалық тиімділік өлше-мінің мағынасы кәсіпорынның алдына қойылған даму мақсаттарына сәйкес алынатын нәтижелерді барынша кө-бейту немесе жұмсалған шығындарды мүмкіншілігіне қа-рай аз жұмсау қажеттілігінен шығады. Мүндай мақсаттар ретінде өмір сүруді жэне тұракты өсуді камтамасыз ету, құрылымдықты қайта кұру, әлеуметтік стратегия және т.с.с. түрлері болуы мүмкін. Осы мақсаттардың алуан түрлілігіне қарамастан ең жоғары экономикалық нәтижелерге жету, ұзақ мерзімді даму болашағын ескере отырып, пайданың мол келемін табуға ұмтылу максаттары үстем болып табы-лады.

Жұмсалған капиталдан ең көп пайда алу кәсіпорынның ұзак мерзімді даму болашағын қамтамасыз ететін нарықтык іс-әрекетінің маңызды экономикалық нәтижесі болып табылады. Пайда мен бір мезгілді шығындардың арақатынасы өндірістіц тиімділігін шын мәнінде арттырудың бастапқы негізі болып табылады. Бірақ нарық заңдарына сәйкес өндіріс тиімділігін еңбек өнімділігімен бірдей деп қарастыруға болмайды.

Ақырында экономикалық тиімділігін  еңбек өнімділігінің өсу аркасында көруге болады. Демек, еңбек өнмділігінің деңгейі өндірістің экономикалық тиімділігінің өлшемі болып табылады. Еңбек өнімділігі жоғары болған сайын өндіріс шығындары төмен, ал еңбек шығындарының экономикалық тиімділігі жоғары болады.

Еңбек өнімділігі - нақты еңбск  шығындарының көрсет-кіші. Оны өндірілген өнім көлемін өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың бір жұмыскеріне (бір жұмысшыға емес) бөлу арқылы аңықталады. Экономикалық тиімділікті күндік немесе айлық еңбек өнімділігі емес, сағаттық еңбек өнімділіп аркылы сипаттаған дұрыс, себебі еңбек уакытының пайдаланылуына себептердің әсері әр түрлі болғандықтан, бұл уақытта оны дәлірек анықтауға мүмкіндік туады.

 

4-тақырып. Кәсіпорынның негізгі капиталы

Оқылған сұрақтар:

- Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың қүрамы және қүрылымы;

- Ұдайы өндірістің нысандары  және негізгі капиталды жетілдіру;

- Негізгі қорлардың амортизациясы  және тозуы;

- Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, өндіріс-тік, жеделдетілген  (кумулятивті,   қалдық  қүнын  азайту);

- Нарықтық қатынастар қалыптасу  кезіндегі Қазақстан Республикадағы  амортизациялық саясат;

- Негізгі капиталды пайдалану  көрсеткіштері;

- Кәсіпорынның тіркелген активтер.

Ұсынылған әдебиеттер [8,9,10,11,12]

Негізгі түсініктемелер

Негізгі қорлар (негізгі капитал) - өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт  бойы қызмет ететін және осы уақыт  ішінде өздерінің натуралды-заттық формасын сақтап, өз құнын дайын өнімге тозу мөлшеріне байланысты бөлшектеп, біртіндеп амортизациялық аударымдар түрінде аударатын өндірістік, материалды-заттық құндылықтар жиынтығы. Негізгі қорлар негізгі өндірістік және негізгі өндірістік емес қорлар деп екіге бөледі.

Салалық құрылым өнеркәсіп бойынша негізгі қорлардың жиынтық баланстық құнындағы өнеркәсіп салалары бойынша негізгі қорлар құнының үлестік салмағымен сипатталады.

Өндірістік құрылым – негізгі  қорлардың әр тобының немесе әр элементінің  жалпы құнындағы үлестік салмағымен сипатталады.

Технологиялық құрылым – негізгі қорлардың нақты тобының ішіндегі әр түрінің үлесін көрсетеді.

Өспелі құрылым – негізгі  қорлардың түрлі өспелі топтарының олардың жалпы құнындағы үлестік  салмағымен сипатталады.

Негізгі қорларды тиімді басқаруда оларды бағалаудың мәні зор. Тәжірибеде негізгі қорларды есепке алып, талдауда натуралды және ақшалай түрде бағалайды. Негізгі қорларды натуралды түрде есепке алу олардың техникалық жағдайын, кәсіпорынның өндірістік қуатын, жабдықтарды пайдалану дәрежесін анықтау және басқа да мақсаттар үшін қажет. Осы мақсатта жабдықтарды инвентаризациялау және паспорт жүргізу, оның шығарылғандығы және енгізілгендігі туралы есептер жүргізіледі.

Негізгі қорларды ақшалай немесе құндық бағалау негізгі  қорлардың жалпы көлемін, динамикасын, құрылымын, дайын өнімге аударылатын құн мөлшерін анықтау, сонымен бірге күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін есептеу үшін қажет.

Физикалық тозу – бұл табиғат күшінің, еңбек  үрдісінің және басқа да факторлардың әсерінен объектінің механикалық, физикалық, химиялық және басқа да қасиеттерінің өзгерісі, экономикалық тұрғыдан қарастырғанда бұл негізгі қорлардың өздерінің бастапқы тұтыну құнын біртіндеп жоюы.

Моралды тозу – олардың ұдайы  өндірісіне қажетті қоғамдық шығындардың  азаюы әсерінен машина мен қондырғылар құнының төмендеуі (моралды тозудың бірінші түрі) немесе жаңа, прогрессивті және экономикалық жағынан тиімді машиналар мен қондырғылар  түрін енгізу нәтижесінде олардың құнының төмендеуі (моралды тозудың екінші түрі).

Амортизация - негізгі қорлар құнының бір бөлігін өнімді өндіруге кеткен шығындарға қосу арқылы негізгі қорлардың тозуын ақшалай төлеу. Содан, амортизация - негізгі қорлардың физикалық және моралды тозуларын ақшалай көрсету.

Амортизация үрдісі – бұл негізгі  қорлардың қызмет көрсету кезеңі ішінде өз құнын өндірілетін өнімге біртіндеп ауыстыруы және осы құнды пайдаланылған негізгі қорлардың орнын толықтыру үшін қолдану деп түсіндіруге болады. Өнім құрамына ауыстырылған негізгі қорлар құны өндіріс сферасынан өтіп, айналым сферасына түседі. Өнім өткізілгеннен кейін негізгі қордың ауыстырылған құнына сәйкес ақшалай сомасының бір бөлігі амортизациялық қорға түседі. Амортизациялық қор тозған негізгі қорлардың орнына жаңа негізгі қорларды сатып алу үшін пайдаланылады.

 

5-тақырып. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар 

Оқылған сұрақтар:

- Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі;

- Пайдалы қазбалар қорлардың  жіктелуі және оларды экономикалық  бағалау;

- Қазақстан Республикасьшың шикізат  базасы және оны дамыту  бағыттары. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму жагдайындағы отын-энергетикалық кешенді дамыту;

- Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын  пайдалануды жақсарту жолдары;

- Шикізат таңдаудың экономикалық  негіздеуі, шикізатты кешенді  түрде пайдалану, өндіріс қалдықтарын өндіру, шикізатты алғашқы өндеуден өткізу және толықтырудың экономикалық тиімділігі;

- Материалдық ресурстарды пайдалануды  талдау әдістері, көрсеткіштері,  факторлары және мэні.

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 7-14]

Негізгі түсініктемелер                                                           

Шикізат, материалдар, отын, энергия - бұлар еңбек затына жатады, ягни олар еңбек кұралы мен адам еңбегінің әсеріне тап болып, нәтижесінде адамның өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлері мен қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар онеркәсіптің материалдық-техникалық базасының заттық элементі болып табылады. Олар айналым қорының кұрамына кіріп, толығымен өзінің құнын дайын өнімге өткізеді.

Отын-энергетикалық ресурстар ықтималды және нақты деп екі топқа бөлінеді.

Ыктималды отын-энергетикалык ресурстарға елдін белгілі бір экономикалық аймағындағы отын мен энергиянын барлық түрімен байланысты қорлар жатады.

Кең мағынада нақты отын-энергетикалық ресурстар деп ел экономикасында пайдаланылып жаткан энергияның барлық түрінің жиынтығын айтамыз.

Жекелеп айтқанда пайдаланылатын отын-энергетикалық ресурстарды төмендегіндей түрде көрсетуге болады.

  1. Табиғи отын-энергетикалық ресурстар (табиғи отындар) — көмір, мұнай, табиғи және пайдалы газ; судың, желдін табиғи механикалык энергиясы, атом энергиясы; табиғи отын көздеріне күннің, жер асты буының күші жатады.
  2. Отын ресурстары - өңдеу кезіндегі пайда болған 
    өнімдер (кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, 
    байытылған көмір және т.б.)
  3. Негізгі технологиялық үдерісте алынатын көмекші 
    (кайталама) энергетикалық ресурстар (отын қалдықтары, пай- 
    даланылмаған газ, ондірістегі өнімдердің жылуы және т.б.).

Экономикалық түрғыдан карағанда халық шаруашылығында пайдаланылатын шикізаттың барлық түрі екі үлкен топқа бөлінеді:

1. Өндірістік шикізат - бұл өндірістен алынады және көбінесе саланын ауыр өнеркәсібінде пайдаланылады.

II. Аумл шаруашылығының шикізаты - бүл ауыл шаруашылығы саласында өндіріліп, негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады.

Өндірістік шикізат өз алдына екі кәшә топқа бөлінеді:

-  минерал тектес шикізат, яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар;

-  жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар.

Негізгі шикізатқа жаңа дайындалған онімнін материалдық негізін калайтын еңбек заттары жатады. Дайын өнімді дайындауға мүмкіндік жасайтып бүйымдар көмекші шикізатқа жатады. Шікізат кей уақытта негізгі материал болып табылып, ал одан баска уақытта көмекші материалдын кызметін атқаруы ықтимал. Сондықтан корсетілғен саралану белгілі бір дәрежеде шартты сипаттама болып саналып, саланың ерекшелігіне, есепкисабына, жоспарлау және экономикалық талдауына байланысты болады. Сол себепті отын мен энергияның маныздылы-гын ескере отырып, көп салада оны көмекші материалдардың кұрамынан бөліп алып, жеке-дара қарастырады.

Тамақ өнеркәсібінде негізінен ауыл шаруашылығының шикізаты пайдаланылады. Қазақстанда әр түрлі табиги-климаттық ерекшелікке байланысты халықтың қажеттілігін қам-тамасып етуге толықтай жететін бірнеше түрлі ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылады.


Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырудің бірден-бір шарты аймақтық мамандандыру болып табылады. Елдің аймақтарына қай өсімдікті өсіруге болатынын көрсететін көрсеткіш — шығымдылык пен сапа.

 

6-тақырып. Айналым капитал

Оқылған сұрақтар:

- Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы. Айналым капиталды қаржыландыру көздері;

- Айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдету факторлары;

- Кәсіпорын жүмысының экономикалық  көрсеткіштерін жақсартудағы айналым  қаржылардың айналымдылығын жеделдетудің мәні;

- Айналым қаржылар қажеттілігін  анықтау: өндірістік қор, аяқталмаған  өндіріс және дайын өнімді  қалыптасу үшін;

- Кәсіпорындағы айналым қаржылардың  элементтерін үнемдеу;

- Кэсіпорын жүмысының нәтижесіне  айналым капиталды басқаруының әсері. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 7-14]

Негізгі түсініктемелер                                                           

Айналым қорлары – құндық түрдегі  өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорлары жиынтығын сипаттайтын активтер, кәсіпорын мүлігінің бір бөлігі. Бұл өндірістегі, қоймалардағы өндірістік запастарды жинақтау, жабдықтаушылармен, бюджетпен есеп айырысу, еңбек ақыны төлеу үшін кәсіпорынға қажетті ақша қаржылары. Айналым қорларының құрамы оны құраушы элементтердің жиынтығын сипаттайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу