Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 09:50, курсовая работа

Краткое описание

Дүниежүзілік валютаның қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге халықаралық валюталық қор (ХВҚ) еніп, оған мынандай міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайырымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Ақшаның түрлері мен ақшалық белгілер, олардың дамуы
1.1 Ақшаның даму эволюциясы мен ақша айналысының сипаттамасы............5
1.2 Ақшаның қажеттілігі және экономикадағы рөлі............................................9
1.3 Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері.........................................12
1.4 Ақша жүйесінің типтері мен қызметтері......................................................15
2 Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің ерекшеліктері мен дамуы
2.1 Қазақстандағы ақша жүйесі мен ақша айланысының
ерекшеліктері.........................................................................................................19
2.2 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесін
талдау.....................................................................................................................20
3 Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері
3.1 Ақша жүйесін жетілдірудің жолдары...........................................................24
3.2 Қазақстан Республикасының ұлттық ақша тұрақтылығын
дамыту жолдары....................................................................................................26
Қорытынды............................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс - Ақша айналысы.doc

— 293.00 Кб (Скачать)

    Ақша  айналымының бір бөлігіне банктің  несиелік ресурстарын жұмылдыру  және оларды орналастыру (инвестицияны несиелеу) жатса, тағы бір бөлігіне сақтандыру бойынша төлем, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және т.б. төлемдері жатады.

    Ақша  айналымының жалпы көлеміне халықтың тұрғын үй, коммуналдық қызмет, газ, электр энергиясы, жылу энергиясы, байланыс қызметі және кәсіпкерлердің тұрмыстық  қызметі, көлік және басқа да осындай  қызмет түрлері үшін төлейтін төлемдермен байланысты айналым да кіреді.

    Осылайша, бүкіл ақша айналымы қолма-қол ақша айналымына және қолма-қол ақшасыз  айналымға бөлінеді, сондай-ақ, ол төменде  келтірілген ретінде де бөлінеді:

    - тауарлық сипаттағы, яғни өнімдерді өндіру мен өткізу процесін бейнелейтін ақша айналымы;

    - еңбекақы төлеумен сақтандыру төлемдерін төлеумен, коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу, халықтық, көліктік, тұрмыстық және тағы басқа төлемдермен байланысты орын алатын тауарлық емес сипаттағы ақша айналымы.

    Сонымен, ақша айналымы төлем құралы және айналыс құралы қызметінде төлемдердің ақша арқылы жүзеге асатын процесінде қалыптасатын кәсіпорындардың, шаруашылық, мемлекеттік, жеке және кооперативтік ұйымдардың, қаржы және несие мекемелерінің, халықтың қаражаттар жиынтығын білдіреді. Қолма-қол ақшаның көмегімен және қолма-қол ақшасы есеп айырысу тәртібімен жүзеге асырылатын жоғарыда аталған әрі әлі атала қоймаған барлық ақшалай төлемдердің жиынтығы ақша айналымының мазмүнын қүрайды.

    Экономика тиімді басқарылғанда ғана ақша айналымын дұрыс ұйымдастыруға болады. Ақша айналымы экономикаға оң әсерін де, теріс әсерін де тигізуі ықтимал. Шаруашылықты жүргізудің тәжірибесі мемлекеттің бірыңғай эмиссия, несие, есеп айырысу орталығы болып табылатын банктің (ҚР Ұлттық банк) ақша айналымын шоғырландырып басқаруының мақсатқа лайықтығын дәлелдеп берді. Ол елдегі ақша айналымы мен ақша айналысына жауапты ұйым.

    Ақша  айналымы мынадай принциптердің  негізінде ұйымдастырылады:

    - барлық ұйымдар мен мекемелер, шаруашылық органдары өз ақшаларын банктерде сақтауы керек;

    - шаруашылық органдарының арасындағы ақшалай есеп айырысу, әдетте, қолма-қол ақшасыз аударымдар мен өзара талаптарды шегеру жолымен жүзеге асырылады;

    - есеп айырысу құжаттары тек банктер мен байланыс органдары арқылы өтетін төлемдер үшін пайдаланылады әрі олар айналыстың несие құралы бола алмайды;

    - төлемдер тек төлеушінің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Бұл келісімшарт тәртіптерінің сақталуына тиімді бақылауды ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады.

    Мынаны  айрықша айта кету керек, ақша өзінің айналысында қолма-қол ақша айналысынан қолма-қол ақшасыз айналысқа және осыған керісінше қолма-қол ақшасыз айналыстан қолма-қол ақша айналысына ұдайы өтіп отырады. Мәселен, банкке қолма-қол акшамен берілетін сауда ұйымдарының түсімі олардың есеп айырысу шарттарында қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатқа айналады, олар осылайша өз жабдықтаушыларына ақша сомасын аудара алады. Соңғысы (жабдықтаушылар) өз шоттарына кеп түскен бұл ақша сомасын жұмысшылар мен қызметкерлердің қолма-қол ақшасымен еңбекақысын төлеу үшін пайдаланады.

    Ақша  банк кассасынан шаруашылық органдардың кассасына, шаруашылық органдардың кассаларынан халыққа, халықтан сауда-саттық, тұрмыстық, көліктік кассаларға және мекемелерден банк кассасына түсіп, ұдайы ауыспалы айналым жасап, қозғалыс үстінде болады. Мұның бәрі ақша айналымының бірыңғай болатынын көрсетеді. Бірыңғай ақша қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар да және қолма-қол ақшамен есеп айырысуда пайдаланылады.

    Ақша  айналысы тек қолма-қол ақшаның қозғалысын ғана қамтиды, ал ақша айналымына қолма-қол ақша қозғалысы да, қолма-қол ақшасыз айналымы да кіреді. Ақша айналымы ақша айналысына қарағанда сыйымдылығы жоғары, яғни мағынасы кең ұғым болды.

    Осы бөлімнің аты «Ақша айналысының  сипаттамасы» болғандықтан, бөлімді  қорыта келе, ақша айналысы туралы мынадай сипаттама беруге болады: ақша -  айналыс құралы, ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді./5, 251 б./ 
 

    1.2 Ақшаның қажеттілігі және экономикадағы рөлі 

    Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық  мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

    Айналыс құралы ретінде ақша  қызметтерінің  ерекшеліктері мыналар:

    - тауар мен ақшаның қарама – қарсы  қозғалысы;

    - оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма - қол) ақшалар орындайды,

    - ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте  тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.

    Ақшаның қатынастары - әлемдік шаруашылықта ақша айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Ақша қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египтте, Римде) вексель және айырбастау істері пайда болған. Ақша қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше да әсер (жағымды немесе жағымсыз) етеді. Ақша қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен реттеледі.

    Сыртқы  экономикалық байланыстардың дамуына  қарай валюта жүйесі пайда болды. Ақша жүйесі – ол экономикалық көзқарас тұрғысынан – шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасқан ақша-экономиканың қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан – ол белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.

    Тарихи  үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.

    Ұлттық  ақша жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайданалатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық ақша – елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төменгілер:

     - ұлттық валюта;

     - ұлттық валютаның шетел валютасына  айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың  екі түрлі болуы: 

    а) шетел валютасына шектеусіз еркін  айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық  валюта қорының (ХВҚ) Жрғысында «еркін қолданылатын валюта» деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар, немістің маркасы, жапон иені, франсуздық франк, ағылшындық фунт стерлинг;

    ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль;

    б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта; валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы.

    Ақша  өлшемінің алтын мазмұнына негізделген  ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал  КСРО-да 1991 жылдан). ХВҚ ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР – арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны (корзина) негізінде анықталады.  Ақша қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын, сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатын валюталардан құралады, қазір ондағы американдық доллардың үлесі шамамен 39%, неміс маркасы -21, жапон иені – 18, француздық франк және фунт стерлингтің әрқайсысының үлесі 11%-тен болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (ЭКЮ) он екі елдің валютасынан тұратын валюта қоржынынан құрылған, ЭКЮ 1999 жылдың 1 қаңтарынан ұжымдық валюта – еуромен біртіндеп алмастырылмақшы.

    Валюта  бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі  бір аралықта өзгермелі). Мысалы, Еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамында  он екі валюта бағамының өзара  ауытқу шегі ± 15% шамасында бекітілген; 1995 жылдың екінші жартысында Ресейде АҚШ-тың 1 долларына шаққанда 4300-4900 руб. аралығында, ал 1997 ж. 5750-6350 руб. болды. 1998 ж. валюта коридорының жоғары шегі 9500 рубльге дейін көтерілді. Валюта-қаржы дағдарысы кезінде, 1998 жылдың тамызынан, рубльдің долларға шаққандағы бағамы бұл шектен шығып, деноминацияланған 15-25 рубльге дейін көтерілді. Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген;

    - ақшаның шектеудің болуы немесе  болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер берте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылғы Ресей ХВҚ жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды;

     - төрт қосындыдан тұратын (елдің  ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро (1999 жылдан  ЭКЮ-дың орнына, ХВҚ резервтік  позициясы (бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің) халықаралық валюта өтімділігін реттеу;

    - халықаралық несиелік айналым  құралдары мен халықаралық есеп  айырысу формаларын қолдану тәртібін  белгілеу;

    - ақша нарығы мен алтын нарығы ережесі;

    -ақша  қатынастарын реттейтін ұлттық  органдардың статусы (орталық  банк, Қаржы министрлігі, арнаулы  органдар, мысалы, Қазақстанда Ұлттық  банк, Рессейде – валюталық және  экспорттық бақылаудың федералдық  қызметі).

    Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітілді.

    Дүниежүзілік  ақша жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол – халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық-шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы ақша жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты – кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.

    Ақша  жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда  дербес рөл атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. «Дүиежүзілік валюта жүйесі» деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілері.

    Ақшаның курсы – оларға  сұраным мен ұсынымның арақатынасымен анықталады. Сұраным мен ұсынымның әсерімен валюталық курстың құбылуы күшті ақшаға да, сонымен бірге әлсіз валютаға да тән болады. Ақша курсын қою 1 -  схемада көрсетілген (Р- шетел валютасының бағасы,

    А – шетел ақшасының саны

    Шетел  ақшасына сұраным мөлшері мына  фактордан тәуелді болады:

  1. елдің  импортта тауар  мен қызметке қажеттіліктерінен;
  2. туристер шығынан;
  3. елдің міндетті түрде орындайтын  әртүрлі төлемдерінен және тағы басқаларынан.

Информация о работе Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері