Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 09:50, курсовая работа

Краткое описание

Дүниежүзілік валютаның қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге халықаралық валюталық қор (ХВҚ) еніп, оған мынандай міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайырымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Ақшаның түрлері мен ақшалық белгілер, олардың дамуы
1.1 Ақшаның даму эволюциясы мен ақша айналысының сипаттамасы............5
1.2 Ақшаның қажеттілігі және экономикадағы рөлі............................................9
1.3 Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері.........................................12
1.4 Ақша жүйесінің типтері мен қызметтері......................................................15
2 Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің ерекшеліктері мен дамуы
2.1 Қазақстандағы ақша жүйесі мен ақша айланысының
ерекшеліктері.........................................................................................................19
2.2 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесін
талдау.....................................................................................................................20
3 Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері
3.1 Ақша жүйесін жетілдірудің жолдары...........................................................24
3.2 Қазақстан Республикасының ұлттық ақша тұрақтылығын
дамыту жолдары....................................................................................................26
Қорытынды............................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс - Ақша айналысы.doc

— 293.00 Кб (Скачать)

    - азық-түлік тауарларының бағасы 0,5%-ға төмендеді;

    - азық-түлік емес тауарлары 0,8%-ға қымбаттады;

    - ақылы қызметтердің бағалары мен тарифтерінің өсімі 0,6% құрады.

    2007-2008 жылдардағы инфляция деңгейі өткен айға қарағанда, %  2009 жылғы қаңтар-тамызда инфляция деңгейінің орташажылдық көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2008 жылғы қаңтар-тамызда 8,0%-бен салыстырғанда 19,4%-ды құрады. 

    Тұтыну  тауарлары мен қызметтерге баға өзгеруі, өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен, өсуі. Өңірлік бөлігінде 2009 жылғы тамызда 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда инфляцияның едәуір деңгейі көтерілген көрсеткіші Атырау (5,4%), Қостанай (5,3%), Ақмола және Батыс Қазақстан (әрбірі 4,8%), Шығыс Қазақстан (4,6%), Оңтүстік Қазақстан (4,5%), Жамбыл және Солтүстік Қазақстан (әрбірі 4,4%) облыстарында және Алматы (4,4%) қаласында қалыптасты.

    2008 жылдың желтоқсанына қарағанда  2009 жылғы тамыздағы өңірлер бөлігінде  инфляция деңгейі – орташа республикалық деңгей – 4,3%.

    Соңғы жылдары Қазақстанның экономикалық дамуына ықпал ететін сыртқы факторлар елеулі түрде өзгерді. Бұл, бірінші кезекте, мұнай экспорты өсуінің жоғары қарқынына және мұнайға, газға және металға дүниежүзілік бағалардың ұлғаюына, АҚШ доллары айырбас бағамының дүниежүзілік валюта нарығында өзгеруіне, шетел капиталының елге айтарлықтай мол келуіне және т.б. байланысты./14, 5 б./

    Халық пен кәсіпорындар тарапынан сұраныстың өсуі жұмыспен қамтудың ұлғаюы кезінде  болып жатқан фактісін атап көрсету  керек. Егер 2001 жылы ол 13,5%-ға (ең жоғары деңгей) жетсе, содан кейін ол 2006 жылы 8,4%-ға дейін және 2008 жылдың екінші токсанында 7,7%-ға дейін төмендеді. Мұның бәрі экономикада бос еңбек ресурстары резервінің азайып келе жатқаны, жиынтық сұраныстың одан өрі өсуі не импорт көлемінің көбейе түсуімен, не еңбек өнімділігінің артуымен, не бағалардың өсуімен болатынын айғақтайды. Бізді ЖІӨ өсуінің құрылымдық мазмұны алаңдатуы тиіс. Осының нақты дәлелі — азық-түлік өнімдеріне, аса қажетті тауарларға, тұрғын үй-коммуналдық және көліктік қызметтерге бағалардың өсуі.

    Инфляцияның өсуінде делдалдар мен алыпсатарлардың орны ерекше. Бұған Астанаға Өзбекстаннан әкелінген капустаның тұтынушылар үшін 4 есе қымбатқа түсетіні мысал бола алады. Соңдай-ақ картоп, көкеніс және жеміс-жидекке, етке, сүтке баға бірнеше еселеніп койылады. Осылайша бағаның көтерілуіне өндіруші емес сатушылар әсер етіп, көбінесе, делдалдар (алыпсатарлар, көтере сатып алушылар және сатушылар) арқылы қалыптасады.

    Осыған  байланысты мынаны атап етуге болады, инфляция бізде ақшаның молшылығын ғана емес, негізінен алғанда күнделікті сұраныс тауарларының жетіспеушілігі — "сұраныс инфляциясын" тудырып отыр. Соңғы екі-үш жыл ішінде отынға, ТКШ қызмет көрсетулерінің тарифтеріне бағалар елеулі түрде жоғарылады. Бір сөзбен айтканда, қазіргі кезде, біздің талдауымызша, инфляция өсуінің негізгі себептері мыналар:

    1) "сұраныс инфляциясы" немесе  жалпы тауар тапшылығы, әсіресе  күнделікті сұраныстағылары; 

    2) монополистер мен делдалдардың  багага келісуі; 

    3) қызмет көрсету, көлікке, энергияға  бағалар мен тарифтердін озық  есіп кетуі; 

    4) ақша массасының молшылығы;

    5) субъектілердін өнімділікті арттыруға  қарағанда пайда алуға көбірек  ұмтылуы: 

    6) сауда-сатып алу ұйымдарымен бірлесе  отырып, облыс, аудан орталықтары  және қалалардың сауда базарларына  жеткізу үшін ауылдық жердерде  азық-түлік тауарларын сатып алуды жүзеге асыру мүмкіндігін қарау;

    7) өңірлік кәсіпкерлердің пікірін ескере отырып, олардың лизингтік негізде тез бұзылатын азық-түлік тауарларын, соның ішінде жеміс-көкөніс өнімдерін тасымалдауға арналған мұздатқыш қондырғыларымен жабдықталған арнайы автомобильдер сатып алу;

    8) Қазақстан Республикасының колданыстағы  заңнамасына сәйкес-сауда базарлары  орналасқан жер учаскелерін жалға  беру мерзімін ұзарту меселесі; 9) ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін  шаруашылық жүргізуші субъектілерге  санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес келетін мамандандырылған алаңдар беру" мәселесі.

    Сөйтіп, бағаның өсуін негізінен делдалдардың немесе монополистердің басымдық көрсетуі салдарынан жасанды түрде өсіп отырғанын  атап көрсетуге болады. Бұған коса, тамақ өнімдеріне деген сұраныс ұсыныстан басым болып, бәсекенің төмендеуіне өсерін тигізуде. Инфляцияны тежеу үшін, біздің пікірімізше, мыналар қажет: біріншіден, азық-түлік нарықтарын шұғыл түрде монополиясыздандыруды жүргізу, жедел түрде тауар биржаларын құру және дамыту (бар болғаны — 11 биржа, олардың өзінде тауарлар шектеулі) қажет; екіншіден, өте қажетті тауарлардың тұрақты мониторингін жүзеге асыру және монополияға карсы тексерулердің тиімділігін арттыру керек; үшіншіден, елдегі инфляцияны тежеу бойынша кешенді шаралар қолдану қажет. Инфляцияның өсуі қоғамдық ұдайы өндірістің тереңде жатқан үдерістері және проблемаларымен түсіндіріліп яғни инфляция — бұл жай ғана аі проблемасы емес, ол жалпы экономикалық феномен. Осын барлығы инфляцияны тек ак айналысы заңының бұзылуы реті ғана анықтауға болмайтынын, мұз тамырының теренде жатқанында бұл үдерістің көптеген баска факторларға, мысалы, сұраныс ұсыныс немесе құн заңдары тәуелді екенін білдіреді./14, 5 б./ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    3 Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен даму мүмкіншіліктері 
 

    3.1 Ақша жүйесін жетілдірудің жолдары 

    Экономикасы дамыған елдердің осы заманғы  ақша жүйесі алтын-қағаз және несие  ақшаларына бөлінбеген жүйеге негізделген. Олардың әрбіреуі ұзақ уақыт бойы дербес дамыса да әрі ұлттық ерекшеліктерге ие болса да, олар көп жағынан бір-біріне ұқсас.

    Сонымен қатар, әрбір дамыған елдің осы  заманғы ақша жүйесінің мәнін  толық ашуға мүмкіндік беретін  тек өздеріне ғана тән ерекшеліктері  бар.

    АҚШ-тың  ақша жүйесі. АҚШ-тың ақша бірлігіне айналымға 1786 жылы енгізілген АҚШ дорллары жатады. Доллардың атауы бірқатар еуропалық елдерде айналыста болған күміс толерден шыққан. Қысқартылған белгісі - $. Бір доллар 100 центке тең. Бүгінгі таңда айналымда 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 долларлык кұны бар купюралар мен 1,5, 10, 25, 50 центтік кұны бар тиындар және 1 доллар колданылады. Қолма-қол ақша эмиттенттеріне Қаржы Министрлігі (қазына мекемесі) жэне федералдык резерв жүйесі (ФРЖ) жатады. Қазына мекемесі айналымға 1-ден 10 долларға дейін кұны бар ұсақ купюрлі ақша белгілерін, сондай-ақ 100 долларды шығарады, монеталар күмістен, никелден және мыстан дайындалды. Қазына мекемесі шығарған купюрдың айрықша белгісіне ондағы «Құрама штаттар билеті» дейтін жазу жатады. Қолма-кол ақша белгілерінің негізгі массасын айналымға ФРЖ шығарыды. АҚШ-тағы қолма-қол акшасыз ақша эмиссиясы басқа шетелдерге және коммерциялық банктерге жүзеге асырылады. Олармен айналымға чектер, вексельде, пластикалық карточкалар, электрондық ақшалар шығарылады. Экономикалық айналымда қолма-қол ақшасыз ақшаның үлес салмағы көп әрі бұл үлес салмақ өсу тенденциясына ие. АҚШ-та ақша массасы классикалық ақша-несие саясатының аспаптарымен реттеліп, басқарылады: құнды қағаздардың ашық нарығандағы операциялар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өзгерісі, коммерциялық банктер мен несие жинақтаушы мекемелердің міндетті резерв талаптарының өзгерісі.

    Ұлыбританияның  ақша массасы. Ақша бірлігі (өлшемі) -фунт стерлинг. Бұл ақша бірлігі мұндай атаумен XII ғасырдан бастап айналымға енген. 1964 жылы айналымға алғашқы қағаз банкноттар шығарылды. XIV ғасырда пайда болып XVIII ғасырдың соңына дейін күміспен бірге айналымда болды, яғни елде биметаллизм жүйесі орнықты.

    Ақша  жүйесі 1971 жылға дейін он екі еселік принцип бойынша құрылған болатын. Бұл 1 фунт стерлингтің 240 пенстен тұратынын, ал әрбір жиырма пенстің 1 шиллингті құрайтынын білдіреді. Бүгінгі танда 1 фунт стерлинг 100 жаңа пенсті құрайды және айналымда - Англия Банкінің 5, 10, 20, 50 фунт стерлингтік құны бар банкноттар, монеталардан - 0,5 пенни, 1,5, 10, 20, 50 пен-стер, 1 фунт стерлинг. Оның үстіне, айналымда 5, 10 және 25 пенстерге сәйкесетін 1, 2 және 5 шиллингтік құны бар ескі монеталар сақталған. Қолма-қол ақша (банкнот) эмиссиясының монополиялық құқығына Англия Банкі ие. Эмиссия мөлшерінің шамасын қазына мекемесі анықтап, парламент бекітеді. Қазына мекемесі айналымға монеталарды, ал коммерциялық банктер қолма-қол ақшасыз айналым ақшаларын шығарыды.

    Англия  Банкі айналымдағы ақша массасын ашық нарықтағы операциялар, банктің  есептік мөлшерлемелері, міндетті резервтік  талаптар секілді ақша-несие саясатының аспаптарымен басқарып, реттейді.

    «Евро»  еуропалық валюта зонасы. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақта (ЕО) ақша жүйесі бар. Ол Еуропаның 24 дамыған елі кіретін еуропалық ұжымдық «евро» ақша бірлігіне негізделген. ЕО-ның еуропалық ақша жүйесі 2001 жылы кұрылды және евроның ақша бірлігі алдымен қолма-қол ақшасыз айналымның есеп айырысу бірлігі ретінде енгізілді, ал 2003 жылы қолма-қол ақша айналымына банкноттар мен монеталар түрінде қағаз ақшалар шығарылды.

    Ресейдің ақша жүйесі. 1995 жылдың 12 сәуірінде қабылданған «РФ Орталық банкі туралы» РФ заңына сәйкес жұмыс істейді. Ресейдің ресми ақша бірлігіне рубль жатады. 1 рубль 100 копейкке тең. «Рубль» атауы Киев Русь тұсында пайда болған. Ол кезде ақша бірліктері гривна деп, ал, екіге тең бөлінгені рубль деп аталатын. Алтын мен рубльдің ресми арақатынасы белгіленбеген. Басқа ақша белгілері мен суррогаттардың шығарылуына тыйым салынған. Заңды төлем күші бар ақша түрлеріне банктің барлық активтерімен қамтамасыз етілген әрі Ресей Банкінің сөзсіз міндеттемелері болып табылатын банкноттар мен ұсак металл монеталар жатады. Қолма-кол ақшаны шығарудың, олардың айналымын ұйымдастырудың және РФ аумағынан оларды алып тастаудың айрықша кұкығы Ресей Банкіне тиесілі. Ресей Банкі мыналарға да жауапты: өндірісті болжауға және ұйымдастыруға, банкноттар мен монеталарды тасымалдауға және сақтаута, олардың резервтік қорын құруға; комерциялық банктер үшім қолма-қол ақшаны инкассациялаудың, тасымалдаудың және сақтаудың ережелерін белгілеуге; несие ұйымдары үшін кассалық операцияларды жүргізудің тәртібін анықтауға; қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды ұйымдастырудың талаптары мен бірыңгай ережесін белгілеуге.

      Ақша жүйесін жетілдірудің шетелдік  тәжірибесін зерттеу барысында  өнеркәсібі дамыған үш ел –  АҚШ-тың, Ұлыбританияның және Ресейдің ақша жүйелерін қарастырдым.

    Қазақстан осы заманға ақша жүйесінің басқа елдердің ақша жүйесінен көп айырмашылық жоқ, ол халықаралық стандарттарға ұқсас әрі оған осы заманғы әлемдік ақша жүйесінің жоғарыда аталған белгілері тән. Ол 1995 жылдың 30 наурызында қабылданған, 2003 жылдың 1 қыркүйегінде түзетулер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заңына сәйкес жұмыс істейді. Оны осы заңға сәйкес былайша сипаттауға болады:

    - ресми ақша өлшеміне (валютаға) 100 тиыннан тұратын теңге жатады;

    - теңге мен алтынның ресми арақатынасы белгіленбейді;

    - қолма-қол ақшаны шығарудың айырықша құқығына Ұлттық банк ие, Қазақстан аумағында олардың айналымын ұйымдастыру және айналымнан оларды алу да Ұлттық банктің мойнында. Ұлттық банк бұларды қолма-қол ақшасыз балама алумен банктерге банкноттарды және монеталарды сату формасында жүзеге асырады;

    - теңге мен суррогаттардан басқа ақша бірліктерінің шығарылуына тыйым салынған;

    - заңды төлем күші бар ақша түрлеріне банктің барлық активтерімен қамтамасыз етілген әрі ҚР Ұлттық банктің сөзсіз міндеттемелері болып табылатын банкноттар мен ұсақ металл монеталар жатады.

    Мынаны  айта кету керек, 1994-1998 жылдары теңге  көп құнсызданды, осының нәтижесінде  ұсақ монеталар айналымнан мүлдем шығып қалады әрі олар айналымда жоқ.

    ҚР  Ұлттық банк банкноттар мен металл монеталардың үлгілерін, олардың номиналдық құрамын, өрнектің сызбасының формаларын бекітті. Банкноттар мен монеталардың аталмыш сипаттамалары баспасөзде жарияланды.

    Ұлттық  банк айналымға шығарған банкноттар мен монеталар барлық төлем түрлері бойынша ҚР бүкіл аумағында олардың көрсетілуі құны бойынша міндетті түрде қабылданды, сондай-ақ банк шоттарына оларды аудару үшін және ақша аударымдары үшін олардың көрсетулі құны бойынша міндетті түрде қабылданады, шектеусіз айырбасталады және ҚР барлық банктерінде айырбасталады.

    Қазақстандағы ақша жүйесін жетілдіру барысында  мындай мәліметтер берілді:  Қазақстанда ақша  айналымын ұйымдастыру және айналымнан оларды алу  Ұлттық банктің қызметіне жатады. Ұлттық банк бұларды қолма-қол ақшасыз балама алумен банктерге банкноттарды және монеталарды сату формасында жүзеге асырады, Ұлттық банк банктер мен олардың клиенттеріне жаппай қызмет көрсетулерді ұйымдастырады.

    Ұлттық  ақша – теңге енгізілген алғашқы  күндерден бастап  құрылымдық қайта құруды тездету, инфляцияны төмендету, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу, төлем балансының тепе – теңдігін және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету алға қойылды. Осы мақсатта Үкімет пен Ұлттық банк қатаң макроэкономикалық саясат жүргізу бағытын ұстанды, бұған бюджет тапшылығын азайту  және  кредиттік өктемдікті шектеу кіреді. Ақшаның режимдік ырықтандыру дүниежүзілік стандарттарға жету жолында аса маңызды қадам болып табылады.  
 

Информация о работе Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері