Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 09:50, курсовая работа

Краткое описание

Дүниежүзілік валютаның қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге халықаралық валюталық қор (ХВҚ) еніп, оған мынандай міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайырымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Ақшаның түрлері мен ақшалық белгілер, олардың дамуы
1.1 Ақшаның даму эволюциясы мен ақша айналысының сипаттамасы............5
1.2 Ақшаның қажеттілігі және экономикадағы рөлі............................................9
1.3 Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері.........................................12
1.4 Ақша жүйесінің типтері мен қызметтері......................................................15
2 Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің ерекшеліктері мен дамуы
2.1 Қазақстандағы ақша жүйесі мен ақша айланысының
ерекшеліктері.........................................................................................................19
2.2 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесін
талдау.....................................................................................................................20
3 Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері
3.1 Ақша жүйесін жетілдірудің жолдары...........................................................24
3.2 Қазақстан Республикасының ұлттық ақша тұрақтылығын
дамыту жолдары....................................................................................................26
Қорытынды............................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс - Ақша айналысы.doc

— 293.00 Кб (Скачать)

    3.2 Қазақстан Республикасының ұлттық ақша тұрақтылығын дамыту жолдары 

    2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық банктің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі барлық функциялары дербес мемлекеттік органға – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне берілді. Әлемдік практика көрсеткендей, мұндай қадағалау және реттеу ұйымы қаржы секторын дамыту үшін неғұрлым тиімді.

    Өз  кезегінде Ұлттық банктің негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады, оны орындау үшін оған мынадай міндеттер жүктелген: мемлекеттің ақша – несие саясатын әзірлеу және жүргізу; төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру; қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

    Ұлттық  банктің негізгі мақсаттары мен  міндеттерін осылайша тұжырымдау жария  етілген еуростандарттарға өтуді  және инфляциялық таргеттеу қағидаттарын дәл көрсетеді.

    Қазақстанда өзгермелі айырбас бағамының режимі енгізілуіне байланысты Ұлттық банк валюта бағамын орталықтандырылған түрде қатаң басқаруды жүзеге асырмайды. Ұлттық банктің валюта нарығында мақсаты теңгенің бағамын, қандай да болмасын деңгейде ұстау емес, шетел валютасының теңгеге қатысты құны өзгеруінің күрт ауытқулары болып табылады.

    Банк  жүйесі Қазақстан Респубикасы қаржы секторының негізі болып табылады, ол бірнеше рет реформалаудан кейін оның ең қарқынды дамыған және тұрақта бөлігіне айналды.

    1996 жылғы Банк жүйесі реформалаудың  бағлдарламасында банктердің халықаралық стандарттауға өту міндетті айқындалды. 2003 жылдан бастап Қазақстанның барлық банктері қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істеуде.

    Банк  қызметін табысты реформалау жеткілікті түрде тұрақты банк жүйесін құруға мүмкіндік берді. Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, қазіргі Республикасының банк жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең қарқынды дамыған болып табылады. 2008 жылғы 1 қаңтарда банктердің жиынтық меншікті дамыған болып «баламасында 4,1 млрд. доллары» болды.

    Жиынтық активтер 3,3 трлн. теңге (16,8 млрд. АҚШ долларын) құрады. Банктер активтерінің 59% - на жуығы экономикаға кредиттер түрінде орналастырған.

    Өз  кезегінде, халықтың банк жүйесіне деген  сенімі банктердің ресурстық базасының жоғары өсу қарқындарына себепші болып отыр. Соңғы 5 жылда банк жүйесіндегі депозиттер 3,9 есе өсті және 1 қазанда 7,4 млрд. АҚШ доллары немесе ЖІӨ - ге 20,7 % болды. Осы кезеңдегі халықтың салымдары 5,2 есе 3 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.

    Жинақтаушы  зейнетақы жүйесі Қазақстан қаржы жүйесінің мақтанышы болып табылады, оған бұрынғы кеңестік аймақта ұқсас жүйе жоқ. Қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы қорлары ірі институционалдық инвесторларға айналды.

    Мемлекет барлық зейнетақы қорларындағы инфляция  деңгейін ескере отырып, барлық міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді. Соңғы жылдары қалыптасқан экономикалық тұрақтандыру сақтандыру  қызмет көрсетуінің көлемі өсу үшін  алғышарттар жасады.

    Бағалы  қағаздар нарығы 1994 жылдан бастап белсенді дамуда, ол кезде Қаржы министрлігі бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың инфляциялық емес нысандарына көше бастады және бағалы қағаздар шығару арқылы ішкі қарыз алып пайдалануды жүзеге асырды.

    1997 жылы қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздардың нарығы толығымен қалыптасты. Алғашқы орташа мерзімді бағалы қағаздар 1997 жылы шығарылды, 2000 – 2001 жылдары айналыс мерзімі 10 жылға дейінгі бағалы қағаздарды шығару реттелді.

    Республикаға  инвестициялық класс рейтингін беру Қазақстан экономикалық жағдайының жақсаруын тану болды. 2004 жылғы 27 қазанда Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша Қазақстаннның ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ-» - дан «ВВ+» - ге  дейін инвестициялық деңгейін көтерді. Агенттіктің талдаушылары «экономика бес жыл қатарынан ЖІӨ - нің тоғыз пайыздан астам өсу жолында, ал билік басындағылар мұнай экспортынан түскен кірістерді ақылмен басқаруын жалғастыруда»,  деп атап өтті.

    Ақша  – несие саясаты ұзақ мерзімді  кезеңде баға тұрақтылығын қолдай отырып, экономикалық өсуге барынша ықпал ететіні  жалпыға мәлім. Баға тұрақтылығы орын алған кезде ресурстар барынша тиімді бөлінеді, капиталды нақты өндіріске салу ынталандырылады, әлеуметтік тұрақтылыққа қолдау жасалады, халықтың жинақ ақшасы жылдам жиналады.

    Осыған  байланысты Ұлттық банк өзінің алдына орташа мерзімді кезеңде инфляцияның деңгейін төмендету міндетін қояды және ақша – кредит саясатын жүргізген кезде инфляциялық таргеттеу қағидаттарына өтуге дайындық  жұмысын жүргізеді.

    Ақшаның режимді ырықтандыру дүниежүзілік стандарттарға жету жолында аса маңызды қадам болып табылады. 2007 жылы теңгенің толық айырбасталуына, яғни ұлттық валютаның ағымдағы операциялар бойынша ғана емес, капитал қозғалысымен байланысты операциялар бойынша да айырбасталуына қол жеткізілді. 2010 жылы 1 мың теңгелік жаңа дизайнмен енгізілді.

    Қазақстанның көптеген іскер әріптес елдері өздерінің ұлттық валюталарын аса жоғары мөлшерде құнсыздандырды. 2008 жылдың басынан 2009 жылға дейін ұлттық валюталардың долларға қарағандағы құнсыздануы 25 пайыздан 50 пайызға дейінгі шаманы қамтыды.

    Бірқатар  мемлекеттерде, әсіресе, ұлттық валюталардың бағамын реттетуге араласпайтын мемлекеттерде де құнсыздану жүріп өтті.  Бұл 25-40 пайыздың деңгейінде болды.

    Әрине, теңгені бұдан да гөрі құнсыздандыру  Қазақстанның экспорттық тауарларының бәсекелестікке қабілеттірек болуын қамтамасыз етер еді. Ал экспорттық тауар өндірісі – еліміздегі экономиканың негізгі локомотиві. Өйткені біздің ішкі жалпы өнімімізде экспорттық тауар өндірісінің салмағы басым. Сондықтан да олар үшін теңгенің бұдан да гөрі құнсыздана түсуі пайдалырақ болатын. Тіпті осы пайдалар экспорттаушы өндірістен түсетін бюджет кірісін молайтатынын да білдік. Солай бола тұрса да, ел экономикасының басқа саласын естен шығаруға болмайтын еді. Мәселен, импортқа тәуелді саламыз да бар ғой. Бұлар үшін девальвация мөлшерін соншалықты өсіру мүлде тиімсіз болып шығар еді. Оның үстіне қаржы саласының да жағдайы белгілі.

    Қаржы жүйесінің сыртқы қарыздары баршылық екені ешкімге жасырын сыр  емес. Ал ол қарыз валюта күйінде  болды. Егер біз девальвацияны 50 пайыздық мөлшерде жүргізген болсақ, онда бірқатар банктер берешектерін қайтара алмау қаупін бастан кешуге тиіс болады. Міне, осылардың бәрін салмақтай келе, әрі-берісі 5 теңгеден аспайтын 150 теңгелік доллар құнын қалап алдық. Бұл – қай жаққа да болса зияны аз, жалпы ел өміріне пайдасы мол ең оңтайлы жол. Тіпті мұнай баррелінің бағасы қазіргідей 40-46 доллар көлемін сақтағанның өзінде бұдан былай теңге девальвациясын жасап жатудың қажеті болмайды.

    Әлемдік дағдарыс зардаптарын алғашқылардың  бірі болып 2007 жылдың қыркүйек айында-ақ сезіне бастағанына қарамастан Қазақстан девальвацияны көптеген елдерден кейін жүргізіп отыр. Әлемдік дағдарыстың алғашқы толқынын Қазақстан теңгенің тұрақтылығы жағдайында еңсере білді.  Уақыттан ұту өзге елдердегі (Украина, Ресей, Беларусь) девальвацияның теріс сценарийлерін бағалай отырып, әлемдегі жаңа ахуалды ескеруге, сөйтіп, ұтымды жолды таңдауға мүмкіндік береді. Қазір жедел де батыл түрде девальвация жүргізетін сәт туып отыр. Ол бірінші кезекте көршілес Ресей мен Қытайдың алып нарықтарында өз өндірісшілерін қолдау үшін рубль мен юаньнің девальвациялануы жүруіне байланысты туындап отыр.

    Өткен жылдың соңында Ресей өкіметі  рубльді девальвациялау туралы шешім қабылдады. Центробанк пен үкімет бұл сценарийден үлкен үміт күтіп, жағдайдың бұлайша өріс алуы экспорттаушы компаниялардың табысын және жергілікті жерде өндірілген тауарларға деген сұранысты ұлғайтады деп есептейді. Ресей сарапшыларының пайымдауынша, егер ел өкіметі рубльдің құнсыздануынан бас тартса, ол отандық экономикадағы теріс тенденцияларды тереңдетіп, оның өзі экспортқа бағытталған өнеркәсіптің күшті стагнацияға ұрынуына әкеліп соғар еді.

    Сарапшылардың пайымдауынша, Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы қадағалау агенттігі елдегі экономикалық және қаржылық жағдайды бақылауда ұстап отыр, сол арқылы девальвация туралы шешімді де ел үшін өте тиімді сәтте қабылдады.

    “2009 жылдың 4 ақпанынан бастап Ұлттық банк теңгені бұрынғы айқын емес дәлізде ұстап тұру жолын өзгертеді және ұлттық валютаның жаңа айырбас бағамының жаңа деңгейін объективті қажеттілік деп есептейді, теңгенің айырбас бағамының дәлізі шамамен бір доллар үшін 150 теңге деңгейінде, плюс-минус 3 пайыз немесе 5 теңге өзгеріспен, болады деп болжанды”.

    Қазақстан ұлттық валютаның тұрақтылығын өзге мемлекеттерден гөрі ұзағырақ сақтады, ол азаматтардың әлемдік дағдарыстың алғашқы соққысын өз қалталарына аз ғана шығын келтіре отырып қарсы алуына жағдай жасады.

    Валютаның тұрақтылығы жағдайындағы бір жарым жылға созылған дағдарысқа қарсы қатаң саясат – ол ерекше әлемдік жетістік, деп санайды мамандар.

    Тұтастай  алғанда, бағаның тұрақтылығына, яғни инфляцияның төмен және тұрақты деңгейіне  қол жеткізуге  бағытталған  ақша – кредит саясаты қаржы нарығының  тұрақтылығын сақтауға ықпал ететін болады.

    Теңгені енгізу байланысты алда тұрған басты  міндет – оның тұрақтылығы мен  жоғары сатып алу қабілетін қамтамасыз ету, оны болашақта конверсиялану қабілеті бар валютаға айналдыру. Ол үшін  ең алдымен экономиканы дүниежүзілік нарықты бәсекелестік қабілеті бар экономикаға айналдыру, ал валюта – қаржы жүйесін сыртқы сауда мен валюта несиелік қатынастардың халықаралық стандартына  сәйкес қайта құру керек.

    Республикада  ұлттық ақша теңгені енгізу, тәуелсіз мемлекеттің  барлық атрибуттарын қалыптастырудың  соңғы маңызы бар. Теңгені енгізуге байланысты алда тұрған басты міндет – оның тұрақтылығы мен жоғары сатып алу  қабілетін қамтамасыз ету, оны болашақта  валютаға айналдыру. Қазіргі таңда, теңгені тауарлармен, алтын – алмас қорымен, валютамен қамтамасыз ету, оны қажетті деңгейде ұстап отыру басты міндеттерінің бірі болып табылады.

    Теңгенің  енгізілуі республиканың экономикалық және саяси - әлеуметтік жағдайына әсер етті. Қазақстанның сол уақытқа дейін «сом зонасынан» шықпауы, бұрын қалыптасқан экономикалық кеңістікті және оның шаруашылықтық  байланыстарын сақтау мақсатында  болатын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

    Қазіргі таңда ұлттық ақшамыз - теңгенің конверсиялануы экономикалық реформаның міндеттерін шешудің өзіндік ерекшелігі бар «кілті» болып табылады.

    Ақшаның айырбас курстары әрдайым өзгеріп  отырады, оның өзі валютаның сұраным  мен ұсыным жағдайларына  сезімталдығын  көрсетеді.

    Ұлттық  ақшаны енгізу мүлдем жаңа міндеттердің пайда болуына алып келді. Негізгі  міндеттердің бірі теңгенің төлемдік функциясын  күшейту және ұлттық валютаға деген сенімді арттыру  болды. Осы бағытта қабылданған  шаралар: экспорттық және импорттық  баж салықтарына, кедендік төлемдерге ақы төлеуге теңгемен аудару, шетел валютасымен бөлшек саудаға тыйым салу болды. Өндірістің  дамуына, елге  шетел  капиталы  әкелінуінің өсуіне, отандық ірі инвесторлардың (зейнетақы қорлары сияқты) пайда болуына қарай ұлттық валюта сияқты ақша  нарығы да нығая түсті. Сонымен қатар ұлттық  ақшаға деген сенім жоғарылады.

    Ұлттық  ақша – теңге енгізілген алғашқы  күндерден бастап  құрылымдық қайта  құруды тездету, инфляцияны төмендету, тұрақты экономикалық өсуге қол  жеткізу, төлем балансының тепе – теңдігін және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету алға қойылды. Осы мақсатта Үкімет пен Ұлттық банк қатаң макроэкономикалық саясат жүргізу бағытын ұстанды, бұған бюджет тапшылығын азайту және кредиттік өктемдікті шектеу кіреді. Ақшаның режимдік ырықтандыру дүниежүзілік стандарттарға жету жолында аса маңызды қадам болып табылады. 2007 жылы теңгенің толық айырбасталуына, яғни ұлттық валютаның ағымдағы операциялар бойынша ғана емес, капитал қозғалысымен байланысты операциялар бойынша да айырбасталуына қол жеткізу болжанып отыр. Теңгенің енгізілуі республиканың экономикалық және саяси - әлеуметтік жағдайына әсер етті. Қазақстанның сол уақытқа дейін «сом зонасынан» шықпауы, бұрын қалыптасқан экономикалық кеңістікті және оның  шаруашылықтық байланыстарын сақтау мақсатында болатын.

    Қазақстан Республикасының ақша жүйесіне тоқталатын болсақ, 1992-1993 жж. егемен елдердің бірсыпырасы  өз ұлттық валютасын енгізуіне орай КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей  орталық банкінің 1961 – 1992 жылдардағы банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері қауырт өсіп, соның салдарынан тауарлар  бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.

    1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлық шығарды.1993 ж. 15 қарашада сағат 8 – де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта – теңге – енгізілді;

Информация о работе Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері