Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 09:50, курсовая работа

Краткое описание

Дүниежүзілік валютаның қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге халықаралық валюталық қор (ХВҚ) еніп, оған мынандай міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайырымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Ақшаның түрлері мен ақшалық белгілер, олардың дамуы
1.1 Ақшаның даму эволюциясы мен ақша айналысының сипаттамасы............5
1.2 Ақшаның қажеттілігі және экономикадағы рөлі............................................9
1.3 Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері.........................................12
1.4 Ақша жүйесінің типтері мен қызметтері......................................................15
2 Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің ерекшеліктері мен дамуы
2.1 Қазақстандағы ақша жүйесі мен ақша айланысының
ерекшеліктері.........................................................................................................19
2.2 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесін
талдау.....................................................................................................................20
3 Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері
3.1 Ақша жүйесін жетілдірудің жолдары...........................................................24
3.2 Қазақстан Республикасының ұлттық ақша тұрақтылығын
дамыту жолдары....................................................................................................26
Қорытынды............................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс - Ақша айналысы.doc

— 293.00 Кб (Скачать)

    ЖОСПАР 
 

Кіріспе.......................................................................................................................3 

1 Ақшаның түрлері мен ақшалық белгілер, олардың дамуы 

1.1 Ақшаның  даму эволюциясы мен ақша айналысының сипаттамасы............5

1.2 Ақшаның қажеттілігі және экономикадағы рөлі............................................9

1.3 Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері.........................................12

1.4 Ақша жүйесінің типтері мен қызметтері......................................................15 

2 Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің ерекшеліктері мен дамуы 

2.1 Қазақстандағы ақша жүйесі мен ақша айланысының

ерекшеліктері.........................................................................................................19

2.2 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесін

 талдау.....................................................................................................................20 

3 Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен  мүмкіншіліктері 

3.1 Ақша жүйесін жетілдірудің жолдары...........................................................24

3.2 Қазақстан Республикасының ұлттық ақша тұрақтылығын

дамыту  жолдары....................................................................................................26 

Қорытынды............................................................................................................31 

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................33 

Қосымша 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе 

    Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі Қазақстан экономикасының дамуындағы ең өзекті тақырыптардың біріне арналған. Өйткені, экономиканың тиімділігі толассыз ақша айналымын ұйымдастыруда айналыс шығындарын азайта түсудің жаңа ғылыми технологиялық әдістерін іске қосқан сайын арта түспек. Әсіресе, жаңа төлем инструменттерін ақша айналымында қолданудың және банк секторында осыған байланысты озық электрондық технологияны ақшаның белсенді қызметтерін атқаруды жеделдету үшін тәжірибеге енгізудің келешегі зор. Әрине, бұл экономикасын жаңа инновациялық негізде дамытуға бет алған Қазақстанның қаржы нарығының инфрақұрылымын әлемдік стандартқа сай қалыптастыруда өзекті мәселе.

    Дүниежүзілік  валютаның қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге халықаралық  валюталық қор  (ХВҚ) еніп, оған мынандай міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайырымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.

    Куртық  жұмыстың мақсаты ҚР ақша жүйесі мен  ақша айналымына талдау жасау болып  табылады. Осыған сәйкес келесі міндеттерді  шешеміз:

    - Ақша – жүйе – ақша айналысының  өзара қатынасын талқылау;

    - ақша заңдарын қарастыру;

    - Ақшаның түрлері мен белгілерін, олардың дамуын қарастыру;

    - Қазақстан Республикасындағы ақша  жүйесінің дамуын талдау;

    - ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен даму мүмкіндіктерін қарастыру;

    - Қазақстан Республикасында ақша  жүйесін ұйымдастыруды және ақша  айналысын ұйымдастыруды талдау;

    - валюта – қаржы жүйесін сыртқы сауда мен валюта несиелік қатынастардың халықаралық стандартына  сәйкес қайта құру керек.

    Республикада  ұлттық валюта теңгені енгізу, тәуелсіз мемлекеттің барлық атрибуттарын қалыптастырудың соңғы маңызы бар. Теңгені енгізуге байланысты алда тұрған басты міндет – оның тұрақтылығы мен жоғары сатып алу қабілетін қамтамасыз ету, оны болашақта валютаға айналдыру. Қазіргі таңда, теңгені тауарлармен, алтын – алмас қорымен, валютамен қамтамасыз ету, оны қажетті деңгейде ұстап отыру басты міндеттерінің бірі болып табылады.

    Зерттеудің  теориялық негізі танымал экономист ғалымдардың еңбектерінде баяндалған ақша айналымына қатысты теориялық және тәжірибелік аспектілері жөніндегі зерттеулерге сүйенеді. Зерттеу жұмысына тақырыпқа байланысты Қазақтан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, Президент Жарлықтары, Ұлттық Банктің есептік материалдары, Қаулылары мен шешімдері, екінші деңгейлі банктердің мәліметтері мен есептік материалдары және басқа мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, отандық және шетелдік әдістемелік-анықтамалық мәліметтер тартылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1 Ақшаның түрлері мен ақшалық белгілер, олдардың дамуы 

    1.1 Ақшаның даму эволюциясы мен ақша айналысының сипаттамасы 

    Б.з.б. 3 ғ - дағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланып келсе, б.з. 1 ғ – нда салық есебіне алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі - руни) жазуы бар теңгелер жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны  айналымға енгізуді өмір  қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6-8 ғ – да билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6 – 8 ғ – дың 1 жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Біріншісі, сәл ұмтылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер; екінші бетінде садақ және шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы бейнелеген. Екіншісі, үшбұрыш таңбалы (түркінің ана әулетінің таңбасы) теңгелер. Мұнда соғды жазуымен жазылған сөздерді бедері өшкендіктен ғалымдар күні бүгінге дейін оқи алмай келеді. Бұлардың да бір бетіне арыстан бейнесі салынған.

    Б.з. 704 – 766 ж. Таразда құйылып, айналымға  енген теңгелердің бетінде «Түргеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар бар. Бұл – тайпалық  дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемл. дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. Осы сияқты 6 – 8 ғ. аралығына жататын мыс, қола, күміс теңгелер Суяб, Ақбешім қалаларында да шығарылып тұрған. Испиджаб қаласында арнайы теңге сарайы болған.

    ХVI – ғасырда отырардың мыс теңгелері, Иасының (Түркістанның ) күміс  теңгелері  Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда  айналымында  өз міндетін атқарып  келді. ХVI – ғасырдың соңы - ХVIІ – ғасырдың басында Қазақ хандарының атымен өндірілген мыс ақшалар болды. Бұл ақшалардың дизайндық  шеберлігі жоғары дәрежеде болғанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 жылы Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы шығарылды (Тенге); 

    Ақша  (итальян сөзі, сөзбе-сөз, құн) – елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.

    Шаруашылық  жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін  интенсивтендіру (күшейту) халықаралық  нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен  ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етеді. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.

    Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс  пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды  талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалысты жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы.

    Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған  мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етеді. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып - оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.

    Елдердің  әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа кіруі) ақша капиталының  бір бөлігінің ұлттық ақшадан  шетел валютасына және керісінше  айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.

    Ақша  айналысы ұдайы өндірістік процестің  әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте  күрделі жүйе.

    Тауарлық  немесе тауарлық емес фирмада болатын  өндірістік және жеке тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.

    Сондай-ақ ақшаның көмегімен несие мен  басқа қаржы ресурстары қалыптасып, қайта бөлінеді және пайдаланылады. Бұл арада шаруашылық жүргізуші органдар мен жекелеген кәсіпкерлер арасындағы, олардың мемлекет арасындағы, шаруашылық жүргізуші субъектілер және олардың жұмыскерлері арасындағы, халық пен мемлекеттің арасындағы, сондай-ақ жеке азаматтардың арасындағы тікелей ақша қатынасында қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшалай формада есеп айырысулар болады. Бұл жағдайда есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз формасы мен қолма-қол ақша қозғалысы бір-бірімен өзара тығыз әрекеттесіп, бірыңғай ақша айналымын құрайды. Сондықтан да барлық ақша қызметтерінің олардың тауар айналысының процесіне қызмет етуі барысында, өндірісті ұлғайту процесінде жалпы ұлттық өнімнің одан әрі және ұлттық табыстың бұдан бұлай жиынтық құнын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу барысында пайдаланылуы ақша айналымын қалыптастырады.

    Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында, олар мен халықтың арасында, жекелеген азаматтардың арасында тауарлар мен қызметтерді өткізу себебі бойынша орын алатын ақшалай  есеп айырысулар ақша айналымының көп  бөлігін құрайды.

    Алайда, ақша айналымы тауар айналымының ақшалай жағын ғана білдірмейді. Ақшалай айналымның жиынтық көлемі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өткізген тауарлары мен қызмет бағаларының сомасынан әрдайым көп жоғары болады. Мұны ақша қызметінің тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен ғана шектелмейтіндігімен түсіндіруге болады. Ақшаны шаруашылық жүргізуші органдар жұмысшылар мен қызметкерлерді ынталандыру мақсатында оларға еңбекақыны төлеу үшін пайдаланады. Ақша, сондай-ақ жәрдемақы, зейнетақы, шәкіртақы, сақтандыру, айыппұл және т.б. төлемдер үшін пайдаланылады. Жалпы ақша айналымының көп бөлігін - ұлттық табыстың қалыптасуымен, бөлінуімен және қайта бөлінуімен байланысты жүзеге асатын айналым құрайды. Ұлттық табыстың қалыптасу сатысында ақша айналымы шаруашылық органдардың да, жеке азаматтардың да төлемдерін бейнелейді. Тауарларды өндіру мен өткізу процесінде қалыптасатын шаруашылық органдардың таза табысы пайда мен айналымнан салынатын салыққа бөлінеді. Мемлекеттік бюджеттің табысана айыалымнан алынатын салық пен пайданың бір бөлігі толық аударылады. Халық та өз табысының бір бөлігін мемлекеттік бюджеттің табысына аударады./5, 121 б./

    Ақша  айналымының біршама бөлігі мемлекеттік  бюджеттің табысын пайдалану  сатысында, яғни әлеуметтік қажеттіліктерді, экономиканы, мемлекетті, капиталдық шығындарды және т.б. қаржыландыруда жүзеге асады.

Информация о работе Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері