Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 09:50, курсовая работа
Дүниежүзілік валютаның қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге халықаралық валюталық қор (ХВҚ) еніп, оған мынандай міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайырымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Ақшаның түрлері мен ақшалық белгілер, олардың дамуы
1.1 Ақшаның даму эволюциясы мен ақша айналысының сипаттамасы............5
1.2 Ақшаның қажеттілігі және экономикадағы рөлі............................................9
1.3 Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері.........................................12
1.4 Ақша жүйесінің типтері мен қызметтері......................................................15
2 Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің ерекшеліктері мен дамуы
2.1 Қазақстандағы ақша жүйесі мен ақша айланысының
ерекшеліктері.........................................................................................................19
2.2 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесін
талдау.....................................................................................................................20
3 Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері
3.1 Ақша жүйесін жетілдірудің жолдары...........................................................24
3.2 Қазақстан Республикасының ұлттық ақша тұрақтылығын
дамыту жолдары....................................................................................................26
Қорытынды............................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................
1. Ақша құн өлшемі және баға масштабы. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайындағы туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма – қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
2. Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату – сатып алу процесіне қызмет етеді.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы;
- оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма - қол) ақшалар орындайды,
-
ақшаның бұл қызметінде
3. Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немес керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшадай төлемдерді төмендегідей етіп топтатуға болады:
- тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
- еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
-
банктік қарыз, мемлекет және
тұтыну несиесі бойынша
- сақтандыру міндеттемелері;
- әкімшілік – сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақшалар төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
4. Ақша қорлану және қор жинау құралы. Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т- А- Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т айрылуымен байланысты.
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып, олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретінде түсе алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.
5. Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу ретінде қызмет етеді.
Бірақ алтын айналысы тұсында да ағымдық
халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы
елдердің ұлттың валюталары қызмет етті.
1913 ж. халықаралық есеп айырысуларының
80 пайызы ағылшын фунт стерлингінде бейнеленген
аударым вексельдер көмегімен жүзеге
асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысуларының
қалдығын жабуға ғана қызмет етті.
2
Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің
ерекшеліктері мен дамуы
2.1
Қазақстандағы ақша жүйесі мен ақша айланысының
ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының ақша жүйесіне тоқталатын болсақ, 1992-1993 жж. егемен елдердің бірсыпырасы өз ұлттық валютасын енгізуіне орай КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей орталық банкінің 1961 – 1992 жылдардағы банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері қауырт өсіп, соның салдарынан тауарлар бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.
1992
жылдың бірінші жартысында
- 1993 ж. 15 қарашада сағат 8 – де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта – теңге – енгізілді;
-
1993 ж 18 қарашадан бастап теңге
Қазақстан Республикасында
-
қолма – қол ақша, рубльдік
шоттардағы жинақтар мен
Қазақстан Республикасының жасы 16 – дан асқан азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіліп, ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі арнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалануға құқығы болмады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тенгенің валюталық курсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 тенге тең болды.
1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашқы ұлттық валюта – теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап Қазақстанда өндірілген алтын мен күміс енді Москваға жіберілмей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резерв қорына айналдырды. Сондай – ақ резерв қорына экспорттық валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіретін. айналымға теңгені енгізугежарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенті валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.
Айналымға теңгені енгізу инфляцияның қарқындауы және бұрынғы одақтас республикалардың өзара байналысының үзілуі мен саяси ала ауыздығы тереңдей түскен қаржы экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Тенгені енгізгеннен кейін 2,5 айда.Келесі төрт айда, яғни кәсіпорындар мен бюджеттің арасындағы қарызды өзара есептеудің кең ауқымы компаниясы басталған да теңгенің курсы – 1 долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті.
Нарыққа өту кезінде, Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек. Қазақстанның алдында шетелдер мен дербес валюта қатынастарының құруымен қатар, халық шаруашылығын қайта құру, оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрды.
Қазақстан 1992 – жылдың шілдесінде, ХВҚ – ға мүше болып кіргеннен бастап, өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін, 1993 – жылдың 14 сәуірініде «Валюталық реттеу туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол кезде, Қазақстан сом аймағында болғандықтан, шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқтың қасы болатын. Сонымен қатар, еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта қорларын құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған, заң бағаны ырқына жіберу деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама – қайшы сипатта болды.
Бұл
бөлімде Қазақстандағы ақша жүйесі
мен ақша айналысының даму ерекшеліктері
қарастырылды. Қазақстандағы ақша жүйесінің
тарихы, 1993 жылғы ұлттық валюта – теңгенің
алғаш енгізілуі, Қазақстандағы ақша реформасын
жүргізу т.б. мәселелер қозғалды.
2.2
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы
ақша айналысын талдау
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің. қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында" атты Қазақстан халқына Жолдауында, ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету болып табылады және бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі деп атап көрсетті. Осыған орай бүгінгі таңдағы инфляцияның өсуі көп себептерге негізделген және тиісті органдар мен нарық субъектілерінің нақты іс-әрекеттеріне байланысты күрделі көп факторлы құбылыс екендігін айта кеткен жөн.
Баға өсуі және факторларына тоқталатын болсақ, Қазақстанда реформаның алғашқы жылдары бағаның қозғалысы көптеген факторлармен айқындалды, олардың басымдары мыналар болды: азық-түлік тауарларына және кейбір тауарларға арналған бағаның белгіленген шекті деңгейін біртіндеп алып тастау, энергия ресурстарына арналған бағаны ырықтандыру және ұлттық валютаның құнсыздануы. Одан кейінгі жылдары монетарлық және фискалдық реттеу құралдарын пайдалану, сондай-ақ баға белгілеу саласында жүргізілген саясат тұтыну тауарларына арналған бағаның өсуін — 1998 жылы 1,9%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Тұтыну нарығындағы бағаның 1999 жылы өсіп кетуі (17,8%-ға), негізінен, теңгенің "құбылмалы айырбастау бағамын" енгізуге байланысты, ал тұтыну тауарларына және қызмет көрсетулерге арналған баға өсімі 2000 жылы 9,8%-дан 2004 жылы 6,7%-га дейін баяулағаны байқалды.
Тұтастай алғанда 2009 жылғы тамыздағыҚазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша инфляция деңгейі 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда 4,3%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,2%-ға (7,5%) төмен.
ТБИ (тұтыну бағалар индексі) құрылымында 2009 жылдың тамыз қорытындысы бойынша баға өсімінің көш басында 2008 жылғы желтоқсанына 6,2%-ға қымбаттаған азық-түлік емес тауарлары болды (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%). Ақылы қызметтер 4,7%-ды құрады (7,5%). Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 2,7%-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 6,0%-ға төмен (8,7%).
2009 жылғы тамыздағы инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсанына қарағанда және тұтыну бағалары индексін құрайтын бағаның өсуі пайызбен
Ағымдағы жылдың тамызында шілдеге қарағанда азық-түлік тауарларында күріш – 1,1%, күнбағыс майы – 0,6%, шұжық өнімдері – 0,5%, макарон өнімдері – 0,3% бағасында едәуір өсуі байқалды. Жемістер мен көкіністер – 5,0%, жұмыртқа – 0,8%, қой еті – 0,3% бағасында төмендеуі орын алды.
Азық-түлік емес тауарлары тобында едәуір деңгейде бензин – 5,8%-ға, дәрі-дәрмектер – 0,9%-ға, дизелдік отын – 0,7%-ға, киім және аяқ киім – 0,5%-ға қымбаттаған. Сұйытылған газ – 0,1%-ға, төмендеген.
Ақылы қызметтер құрамында электр энергиясы – 2,7%-ға, ыстық су – 1,1%-ға, теміржол көлік қызметі – 1,0%-ға, медициналық қызметтер – 0,9%-ға, білім беру – 0,7%-ға бағасы едәуір деңгейде өскен.
2009
жылғы тамызда тұтыну
Информация о работе Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері