Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 09:50, курсовая работа
Дүниежүзілік валютаның қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге халықаралық валюталық қор (ХВҚ) еніп, оған мынандай міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайырымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Ақшаның түрлері мен ақшалық белгілер, олардың дамуы
1.1 Ақшаның даму эволюциясы мен ақша айналысының сипаттамасы............5
1.2 Ақшаның қажеттілігі және экономикадағы рөлі............................................9
1.3 Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері.........................................12
1.4 Ақша жүйесінің типтері мен қызметтері......................................................15
2 Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің ерекшеліктері мен дамуы
2.1 Қазақстандағы ақша жүйесі мен ақша айланысының
ерекшеліктері.........................................................................................................19
2.2 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесін
талдау.....................................................................................................................20
3 Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері
3.1 Ақша жүйесін жетілдірудің жолдары...........................................................24
3.2 Қазақстан Республикасының ұлттық ақша тұрақтылығын
дамыту жолдары....................................................................................................26
Қорытынды............................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................
Ақшаны ұсыным мөлшері елдің экспорт көлемімен, мемлекет алатын заемдермен және тағы басқаларымен анықталады. Жалпы, сұраным мен ұсынымға байланысты валюта курсының қалыптасуы, өздігінен ақшаның ара қатынасқа әсер ететін нақты процестер туралы ештеңе айта алмайды, валюта курсына, тікелей және жанама түрде елдің ішкі және сыртқы экономикалық қатынастарының барлық жиынтығы әсер етеді.
Ақша курсының динамикасына әсер етеін факторлардың ішінен мынаны айтуға болады:
- ұлттық табыс және өндіріс шығындарының деңгейі;
- ақшаның нақты сатып алу қабілеті және елдегі инфляция деңгейі;
- ақшаның сұраным мен ұсынымына әсер етеін төлем балансының жағдайы;
- елдің пайыз нарқының деңгейі;
- дүниежүзілік нарықта ақшаға сенім және т.б.
Қолдану саласы мен тәртібіне қарай ақшалар:
а) еркін толық айналымды (конверсияланатын), яғни кез келген шетел ақшасына белгілі бір эквивалент (балама) бойынша шектеусіз айырбасталатын, ішінара айналымды, яғни, барлық ақшалық операциялар бойынша айналымды бола алмайтын; басқа шетел ақшасына айырбастала алмайтын болып бөлінеді.
Сонымен қатар, ақшаның қаржылық және тауарлық конверсиялануы болады. Қаржылық - бұл шет мемелекеттің Ақшаларында конверсиялануы.
Тауарлық - кез келген тауарда сатып алу қабілеті.
Конверсиялануына қарай ақшаларды сыртқы және ішкі ақша деп айырады.
Ақшаның
сыртқы конверсиялануы деп бұл ұлттық
ақшаны ел ішінде де, одан тыс жерде де
шетел азаматтарының пайдалануына шектеудің
болмауы. Бұндай жағдайда, ішкі нарықтық
механизм ұлттық ақшаның кез келген ақшаға,
тауар массасына, әр түрлі бағалы қағаздарға
(мемлекеттік, жекеменшік) конверсиялануына
кепілдік береді.
1.3
Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері
Ақша жүйесі - қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай формасы - ақшаның пайда болуымен байланысты. Ұлттық акша жүйесі ХV-ХVІІ ғасырлардан қалыптаса бастады.
Ақша жүйесі өз эволюциясында ақша - тауар қатынасының даму деңгейіне тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады. Әрбір мемлекеттің өз акша жүйесі бар. Ол мынадай элементтерді қамтиды:
- ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;
- ақша бірліктерінің атауы;
- ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
- ақша айналымын ақша-несие тұрғысынан реттеудің тетігі;
- ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.
Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:
- ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі. Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уэждемесіне (мотивация) негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді;
- тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі;
- ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері, ақша айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда инфляцияның дамуына жол бермеуі қажет;
- ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі. Бұл ақша эмиссиясының несие операциялары негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді;
- эмиссияланған ақшаның қамтамасыз етілу принципі;
- Орталық банк тәуелсіздігінің принципі.
Ақша бірліктерінің атауы. Ақша бірлігі - барлық тауар бағаларын өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін, заңмен бекітілген ақша белгісі. Орталық банк монополиялық тұрғыдан эмиссиялайтын барлық ақша белгілері заңды төлем құралы болып табылады, яғни бұл Қазақстан аумағында борыштарды өтеуге заң бойынша міндетті түрде қабылданатын ақша белгілері:
Ақша бірлігі (ұлттық валюта) Қазақстан Республикасында 100 тиыннан тұратын казақстандық теңге болып табылады.
Теңге мен алтын немесе басқа да құнды металдар арасында ресми арақатынас белгілейді.
Ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты. Барлық төлем түрлеріне олардың көрсетулі құны бойынша міндетті түрде қабылданатын, банкнот пен тиыннан тұратын айналымдағы мемлекеттің ақша белгілері. Ақша белгілерін шығаруды олардың айналымын ұйымдастыруды және айналымнан алуды Орталық банк қолма-қол ақшасыз балама алу арқылы банкнот пен монетаны сату түрінде тек бір өзі ғана жүзеге асырады.
ҚР Ұлттық банк банкноттары мен тиындары Ұлттық банктің сөзсіз (даусыз) міндеттемелері болып табылады әрі оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ұлттық банк алтын-валюталық активтердің мөлшерлері туралы хабарламаларды бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялап отырады.
Ақша түрлері. Заңды төлем құралдары: қағаз жэне несие ақшалар - ақшаның түрлеріне жатады.
Ақша-несие айналымының тетігі - ақша-несиелік реттеу (тікелей және жанама) құралдарының, ақша-несие тұрғысынан реттеуші органдардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.
Ақша-несие саясатының негізгі құралдарына мыналар жатады:
- ҚР Ұлттық банктің банктерге несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейлері;
- Ұлттық банкте депозиттелген ең аз шамадағы міндетті резервтердің нормативі;
- мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу бойынша ашық нарықтағы операциялары;
- банктерге несиелер;
- валюта нарығындағы интервенция;
- айрықша жағдайларға жекелеген түрлердің несиелік операциялардың деңгейі мен мөлшеріне тікелей сандық шектеулерді қою;
- ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме.
Ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі. Валюта бағамы - бұл басқа елдің ақша бірлігінде бейнеленген бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Валюталарды шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі «Валюталық реттеу туралы» ҚР заңында белгіленген. Валюта бағамы баға белгілеудің негізінде анықталады. Валютаның ресми және еркін (нарықтық) баға белгілеулері бөліп көрсетіледі. Қазақстанда көбінесе «қоржынға» кіретін басқа шетелдік валюта «қоржыны» негізінде баға белгілеу тәсілі пайдаланылады.
Ақша функциясы келесі элементтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. ҚР- ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылды.
Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.
Эмиссия тәртібі. Қолма – қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма – қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.
Ақша
реформасына мемлекеттік билігі
мен ақша жүйесінің толық немесе
ішінара өзгеруі және ақшаның
бір жүйесінің екіншісіне немесе ақшаның
жаңа түріне ауыстырылуы жатады. Кеңес
Одағы тұсында үш рет-1922-24, 1947,1960 ж. ақша
реформасы болды. Жаңа экономикалық саясат
кезінде червонецтер шығарылды. Ол алтынның
78,24 үлесінің бір мысқалына (7,74234 г), яғни
ескі он сомдық шақаға тең болды. Сонымен
қатар кұны 1, 3, 5 сомдық қазыналық билеттер,
1 сомдық, 50, 25, 15, 10 тиындық күміс және 1,
2, 3, 5 тиындық қара шақалар шығарылды.
1947 ж. айналыстағы ақшаның 10 сомы жаңа
ақшаның 1 сомына айырбасталды. Сөйтіп
айналыстағы артық ақша жойылды. Ал 1960
ж. 1, 3, 5, 10, 25, 50, 100 сомдық ақша билеттері
және 1,2, 3, 5, 10, 15, 20 тиындар, сондай-ақ 50
тиындық және 1 сомдық күміс ақша шығарылды.
1961 жылдың 1 каңтарынан бастап, сомның
алтын бағамы таза алтынның 0,222168 г-нан
0,987412 г-на дейін арттырылды, яғни Американың
1 доллары жаңа ақшаның 90 тиынына тең болды.
Қазақстанда ақша реформасы 1993 ж. жүзеге
асырылып, ұлттық ақша — теңге айналысқа
енгізілді. 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 500, 1000, 2000 теңгелік
билеттер шыға-рылды.
1.4
Ақша жүйесінің типтері мен қызметтері
Ақша жүйесі ұдайы даму үстінде болатындықтан ақша жүйесінің түрлері өзгеріп отырады. Ақша жүйесінің түрлері ақшалардың қандай формада қызмет атқаратынына қарай қалыптасады: тауар ретінде немесе құн белгісі ретінде ме? Ақша жүйесін құру формаларындағы принциптік айырмашылықтардың түп-төркіні металдық айналым жүйесінде және несие мен қағаз ақшаларының айналым жүйесінде жатыр.
Металдық айналымға ақша жүйесінің биметаллизм және монометаллизм деп аталатын екі түрлері тән.
Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:
- металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;
- несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылды және қазынаға айналды.
Металдық айналысқа қатысты аталып өткен екі ақша жүйесі - биметаллизм және монометаллизмге тән.
Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады. Ақша жүйесі - ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI - XVII ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар-ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.
Ақша жүйесінің типі: ақша - ерекше тауар ретінде жүруіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша - құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі:
Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады; несне ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.
Биметаллизм – бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент ролін заңды түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды:
-
параллельді валюта жүйесі, алтын
және күміс монеталар
- қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынас мемлекет анықтады;
- «ақсақ» валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі болып қалыптасты.
Ақша ретінде екі металдың
қолданылуы жалпыға ортақ
Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 ж, Германияда – 1871-1873 жж., АҚШ – та – 1900 ж. белгіленді. Күміс монометаллизм Ресейде 1834 – 1852 жж., Үндістанда 1852 – 1893 жж. қолданылды.
Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі үш түрге бөлінді:
Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және т.б. тән.
Алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгізілді. Мұнда банкноталар заңмен бекітілген сомманы (Ұлыбританияда – 1700 фунт стерлинг, Францияда 215 мың франктың құны 12 кг массасындағы стандарт құймаларына айырбасталды).
Алтын девиз стандарты – Германияда, Австралияда, Данияда, Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизіне) айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Қазіргі экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:
Информация о работе Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері