Лекции по "Экологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 16:17, курс лекций

Краткое описание

Лекция 1 Кіріспе. Экологиялық нормалау түсінігі, Мақсаты міндеттері
Мақсаты: Эколологиялық нормалау ұғымымен таныстыру
Лекция 10 Қоғамдық экологиялық сараптама.
Мақсаты: Қоғамдық экологиялық сараптама негіздерін түсіну
Лекция 11 Экологиялық аудит
Мақсаты: Студенттерді экологиялық аудит түсінігімен, жүргізілу тәртібімен, даму болашағымен таныстыру

Файлы: 1 файл

тарр.doc

— 425.00 Кб (Скачать)

3.Гончарук Е.И., Сидоренко Г.И.  Гигиеническое  нормирование  химических веществ в почве.  М., 1986

4.Донченко В.К. , Питулько В.М., Растоскуев  В.В. и др Экологческая экспертиза  М.: Издательский центр «Академия», 2004

Лекция 13 Табиғат пайдалануды лизензиялау

Мақсаты: Табиғатты пайдалану лицензиялау түсіндіру

Жоспары:

  1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар
  2. Кешендi экологиялық рұқсаттар берiледi.
  3. Лекцияның қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасында табиғат пайдаланушыларға мынадай экологиялық рұқсаттар:  
          1) Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар

 

      2) кешендi экологиялық  рұқсаттар берiледi.        

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат      

1. Қоршаған ортаға эмиссияларды  жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар  қоршаған ортаны қорғау саласындағы  уәкiлеттi органнан қоршаған ортаға  эмиссияларға рұқсат алуға мiндеттi. 
      2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғат пайдаланушыға оның өтiнiмiне сәйкес осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiледi. 
      3. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетiлген шарттарды орындауға мiндеттi және оларды сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.  
      4. Өз меншiгiнде өндiрiстiк объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн:  
      1) бiр облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан әрбiр объект бойынша да, олардың тұтас жиынтығы бойынша да өтiнiм бере алады; 
      2) әртүрлi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан әрбiр объектiнiң орналасқан жерi бойынша өтiнiм беруге тиiс. 
      5. Егер қоршаған ортаға эмиссиялар ортақ табиғат пайдалану процесiнде жүретiн болса, бұл эмиссияларға рұқсат алу талап етiлмейдi.       

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың  мазмұны      

1. Қоршаған ортаға эмиссияларға  рұқсат: 
      1) табиғат пайдаланушы және ол жүргiзiп отырған шаруашылық және өзге де қызмет туралы мәлiметтердi; 
      2) рұқсаттың қолданылу мерзiмiн; 
      3) табиғат пайдалану шарттарын, оның iшiнде олардың барлық көздерi бойынша эмиссиялардың нормативтерiн; 
      4) рұқсаттың қолданылуы кезеңiне арналған қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар бағдарламасын; 
      5) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын қамтитын, белгiленген үлгiдегi құжаттар жиынтығы болып табылады.  
      2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат бланкiлерiнiң нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. 

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу талап етiлетiн объектiлердiң санаттары      

1. Қоршаған ортаға эмиссиялар  үшiн табиғат пайдаланушыларға  рұқсат берiлетiн oбъектiлер I, II, III және IV болып төрт санатқа бөлiнедi. 
      2. I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныпты объектiлерi жатады. 
      II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныпты объектiлерi жатады.  
      III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныпты объектiлерi жатады.  
      IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныпты объектiлерi жатады. 
      3. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты I санат объектiлерiне қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органнан, II санат объектiлерiне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарынан, III санат объектiлерiне - оңайлатылған схема бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарынан, IV санат объектiлерiне - хабарлау декларациясының негiзiнде осы объектiлердiң орналасқан жерi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарынан алады.      

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн табыс етiлетiн материалдар     

1. Табиғат пайдаланушы қоршаған  ортаға эмиссияларға рұқсат алу  үшiн қоршаған ортаны қорғау  саласындағы уәкiлеттi органға қажеттi құжаттар топтамасын табыс етедi.  
      2. I және II санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн құжаттар топтамасы:  
      1) рұқсат алуға өтiнiмдi; 
      2) қоршаған ортаға әсердi бағалау жөнiндегi бөлiмi бар, белгiленiп отырған қызмет жобасына мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын; 
      3) пайдаланылатын технологиялық шешiмдердiң қысқаша сипаттамасын; 
      4) қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтерi немесе мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы бар қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi негiзiнде белгiленген тәртiппен есептелген эмиссиялар нормативтерiнiң жобасын;  
      5) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын;  
      6) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының жобасын;  
      7) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар үшiн мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн қамтиды. 
      3. III санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн құжаттар топтамасы:  
      1) рұқсат алуға өтiнiмдi; 
      2) қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтерi немесе мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы бар қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi негiзiнде белгiленген тәртiппен есептелген эмиссиялар нормативтерiнiң жобасын;  
      3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын;  
      4) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының жобасын; 
      5) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар үшiн мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн қамтиды.  
      4. IV санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған оpтаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн құжаттар топтамасы: 
      1) рұқсат алуға өтiнiмдi; 
      2) қолданылатын техникалық шешiмдер, кәрiз, желдеткiш, қалдықтарды шығару, көлiк құралдарын пайдалану туралы ақпарат бар хабарлау декларациясын қамтиды.  
      5. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға өтiнiмнiң және хабарлау декларациясының нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.      

1. Табиғат пайдаланушының Қазақстан  Республикасында жүзеге асыратын қызмет түрлерi үшiн арнаулы экологиялық талаптар мен нормалар қабылданған болса, қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн рұқсатқа осы талаптар мен нормалардың орындалуын қамтамасыз ететiн табиғат пайдалану шарттары енгiзiлуi мүмкiн. 
      2. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн рұқсатқа табиғат пайдаланудың белгiлi бiр шарттарын енгiзу туралы шешiмдi рұқсат берген органдар қабылдайды. 
      3. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларда көзделмеген табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн рұқсатқа енгiзуге тыйым салынады. 
      4. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн рұқсатқа табиғат пайдалану шарттарын енгiзу тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн өтiнiмдер беру, қарау және рұқсат беру мерзiмдерi      

1. Өтiнiмдер беру қолданыстағы  рұқсат мерзiмi аяқталғанға дейiн  не жаңа объект пайдалануға  берiлгенге дейiн төрт айдан  кешiктiрiлмей жүзеге асырылады. 
      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiм тiркелген кезден бастап бiр айдан аспайтын мерзiм iшiнде өтiнiмдi табыс етiлген материалдардың толымдылығы тұрғысынан қарайды. Осы мерзiм iшiнде табыс етiлген өтiнiм бойынша қосымша құжаттар сұратылуы мүмкiн. Осы мерзiм аяқталғаннан кейiн өтiнiм қарауға қабылданады не табыс етiлген материалдардың толық болмауы салдарынан қабылданбайды. 
      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiм тiркелген күннен бастап төрт айдан аспайтын мерзiмде қабылданған өтiнiмдердi қарайды. Осы мерзiм аяқталғаннан кейiн қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн рұқсат берiледi не өтiнiмнiң осы Кодекс талаптарына сәйкес келмеуiне байланысты оны қабылдамау жөнiнде дәлелдi түрде бас тарту туралы шешiм берiледi.       

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшiн негiздер      

1. Табиғат пайдаланушыға I және II санаттағы объектiге мына шарттар  сақталған жағдайда: 
           2) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобасы Кодекстiң талаптарына сәйкес келсе; 
      3) қоршаған ортаға әсердi бағалау материалдары қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң және табиғат пайдалану шарттарының Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келетiнiн растаса;  
      4) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келсе және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз етсе;  
      5) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес келсе, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берiлуге тиiс. 
      2. Табиғат пайдаланушыға III санаттағы объектiге, егер:  
      1) Кодекстiң 72-бабына сәйкес қажеттi құжаттар мен материалдар табыс етiлсе; 
      2) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобасы Кодекстiң талаптарына сәйкес келсе; 
      3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келсе және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз етсе; 
      4) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес келсе, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берiлуге тиiс. 
      3. Егер табиғат пайдаланушы қажеттi өтiнiм мен хабарлау декларациясын табыс етсе, оған IV санаттағы объектiге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берiлуге тиiс.

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың қолданылу мерзiмдерi      

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар қолданыстағы рұқсатта көрсетiлген, қолданылатын технологиялар мен табиғат пайдалану шарттары өзгергенге дейiн, бiрақ: 
      1) табиғат пайдаланушылар үшiн I санаттағы объектiге үш жылдан аспайтын; 
      2) табиғат пайдаланушылар үшiн II, III және IV санаттағы объектiлерге бес жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас   тарту, оны тоқтата тұру және жою      

1. Қоршаған ортаға эмиссияларға  рұқсат беретiн органдар мынадай  жағдайларда: 
      1) рұқсат алу үшiн табыс етiлген материалдар толық емес және дұрыс емес болғанда; 
      2) сұратылған табиғат пайдалану шарттары Кодекстiң 73-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкес келмегенде, рұқсат беруден бас тартуы мүмкiн. 
      2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берген орган мынадай жағдайларда:  
      1) табиғат пайдаланушылардың дұрыс емес деректердi табыс ету фактiлерi, оның iшiнде қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiн есептеуге байланысты қателiктер анықталғанда; 
      2) табиғат пайдаланушылар рұқсатта көрсетiлген табиғат пайдалану шарттарын, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларды бұзғанда, рұқсаттың қолданылуын үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруы мүмкiн.  
      3. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты берген органдар мынадай жағдайларда: 
      1) табиғат пайдаланушылар рұқсатта көрсетiлген табиғат пайдалану шарттарын, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларды ұдайы (рұқсаттың қолданылу мерзiмi iшiнде 3 реттен астам) бұзғанда;  
      2) рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұруға қатысты жолсыздықтар белгiленген мерзiмде жойылмағанда; 
      3) қоршаған ортаға елеулi залал келтiрiлгенде және халықтың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiне қатер төнгенде; 
      4) қоршаған ортаға эмиссияларға жаңа рұқсат ресiмделiп, берiлгеннен кейiн рұқсатты жоюы мүмкiн. 
      4. Рұқсатты тоқтата тұру және жою осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген жағдайлар туындаған кезден бастап бiр ай мерзiм iшiнде табиғат пайдаланушыға қабылданған шешiмнiң себептерi және (немесе) оларды жою мерзiмдерi туралы жазбаша түрде хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. Хабарлама алу арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соғады. 
      5. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат жаңа рұқсат берiлген күннен бастап жойылады. 
      6. Табиғат пайдаланушы хабарламада көрсетiлген жолсыздықтарды жойған жағдайда рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру жөнiнде шешім қабылдаған органның жазбаша растауы негiзiнде рұқсаттың қолданылуы жаңғыртылады. 

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресiмдеу тәртiбi      

1. Рұқсат: 
      1) қоршаған ортаға эмиссияларға берiлген лимиттердi түзетудi қажет ететiн табиғат пайдалану режимi өзгергенде; 
      2) табиғат пайдаланушының қызмет бейiнi және (немесе) оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгергенде, технологиясы ауыстырылғанда қайта ресiмделуi мүмкiн.  
      2. Мынадай құжаттар: 
      1) заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк; 
      2) салық төлеушiнiң куәлiгi; 
      3) статистикалық карточка; 
      4) табиғат пайдалану режимiнiң өзгергенiн растайтын инспекторлық тексеру актiсi болғанда, рұқсатты қайта ресiмдеу жүзеге асырылады.       

Кешендi экологиялық рұқсат      

1. Кешендi экологиялық рұқсат табиғат  пайдаланушының ең озық қолжетiмдi технологияларды енгiзу және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген эмиссиялардың техникалық үлес нормативтерiн сақтау шартымен қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын бiртұтас құжат болып табылады.  
      2. Өнеркәсiптiң жекелеген процестерi мен салалары үшiн ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбелерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мүдделi орталық атқарушы органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
      3. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алынуы мүмкiн өнеркәсiп объектiлерi типтерiнiң тiзбесiн және оларды беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.  
      4. Кешендi экологиялық рұқсат осы Кодекстiң 70-бабында көрсетiлген ақпаратпен қатар мыналарды:  
      1) шикiзат пен энергияны үнемдi пайдалану шарттарын; 
      2) қалдықтарды басқару жүйесiн; 
      3) қоршаған ортаға қауiп төндiретiн жағдайларда объектiнi пайдалану жөнiндегi iс-әрекеттер мен шараларды;  
      4) ең озық қолжетiмдi технологияларды енгiзу мерзiмдерi мен шарттарын қамтуға тиiс. 
      5. Кешендi экологиялық рұқсат осы рұқсатта көрсетiлген қолданылатын технологиялар мен табиғат пайдалану жағдайлары өзгерген кезге дейiн қолданылады

Өзін-өзі тексеру  тапсырмалары:

1.Табиғатты пайдалау рұқсаты дегеніміз не?

2.кешенді экологиялық рұқсат дегеніміз не?

Әдебиеттер тізімі:

1. Буторина М.В., Воробьув П.В.  Инженерная экология и экологический менеджмент. М: Логос, 2003

2.Галаневич А.Г. Оценка воздействия  на окружающую среду и экологическая  экспертиза. Экологическая экспертиза.  М. 1999

3.Гончарук Е.И., Сидоренко Г.И.  Гигиеническое  нормирование  химических веществ в почве.  М., 1986

Информация о работе Лекции по "Экологии"