Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 16:17, курс лекций
Лекция 1 Кіріспе. Экологиялық нормалау түсінігі, Мақсаты міндеттері
Мақсаты: Эколологиялық нормалау ұғымымен таныстыру
Лекция 10 Қоғамдық экологиялық сараптама.
Мақсаты: Қоғамдық экологиялық сараптама негіздерін түсіну
Лекция 11 Экологиялық аудит
Мақсаты: Студенттерді экологиялық аудит түсінігімен, жүргізілу тәртібімен, даму болашағымен таныстыру
Мемлекеттiк экологиялық
1. Мемлекеттiк экологиялық
сараптаманы жүзеге асыратын
сарапшылық бөлiмшелерi басшыларының:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен экологиялық
сарапшылық комиссияларын, топтарын құруға,
жұмысқа қатысуға отандық және шетелдiк
мамандарды, сондай-ақ заңды тұлғаларды
тартуға;
2) сарапшылық бөлiмшелерiнiң, құрылатын
комиссиялар мен топтардың қызметiне бақылау
жасауды жүзеге асыруға;
3) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
сараптама кеңестерiн басқаруға, олардың
қызметiн ұйымдастыруға;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзу әдiстерiн айқындауға;
5) Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасының талаптарына сай келмейтiн,
мемлекеттiк экологиялық сараптамаға
ұсынылған материалдарды қабылдамай тастауға;
6) есептеулерде қате және басқа да олқылықтар
жiберiлген, оны түзету қосымша зерттеулердi,
iздестiру жұмыстарын не қосымша қаражат
бөлудi қажет ететiн құжаттар мен материалдарды
пысықтау үшiн қайтаруға;
7) мемлекеттiк экологиялық сараптама
қорытындыларына қол қоюға;
8) сараптама объектiсiн iске асырудың қоршаған
ортаға жағымсыз зардаптарын куәландыратын
мән-жайлар анықталған не тапсырыс берушi
жоғарыда аталған қорытынды талаптарын
орындамаған кезден бастап бiр ай iшiнде
бұрын берiлген мемлекеттiк экологиялық
сараптаманың оң қорытындыларын керi қайтарып
алуға;
9) мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзуге қажеттi қосымша материалдарды
сұратуға;
10) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
оң қорытындысы алынбаған объектiлер туралы
мәлiметтердi банктер мен өзге де қаржы
ұйымдарына табыс етуге;
11) Қазақстан Республикасы заңнамасының
бұзылуына кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту
туралы мәселелердi шешу үшiн тиiстi материалдар
дайындап, құқық қорғау органдары мен
өзге де органдарға тапсыруға құқығы бар.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi органның сараптама бөлiмшелерiнiң
басшылары Қазақстан Республикасының,
облыстардың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) Бас мемлекеттiк экологиялық
сарапшылары болып табылады.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы
ұйымдастыру мен жүргiзу кезiнде сараптама
бөлiмшелерiнiң басшылары тәуелсiз болады
және Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасына сәйкес iс-әрекет жасайды.
3. Сарапшылық бөлiмшелерi басшыларының
тәуелсiздiгi қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi орган және жергiлiктi атқарушы
органдар бекiткен, оларды тағайындау
және босату тәртiбi мен Қазақстан Республикасының
заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шарттарды
қамтитын солар туралы ережелермен қамтамасыз
етiледi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы
1. Арнаулы бiлiмi бар және
2. Экологиялық сараптама жасалуға тиiстi
құжаттама тапсырыс берушiнiң өкiлi немесе
мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсiн
әзiрлеушi, сондай-ақ тапсырыс берушiмен
немесе әзiрлеушiмен еңбек немесе өзге
де шарттық қатынаста тұрған заңды және
жеке тұлғалар мемлекеттiк экологиялық
сараптама сарапшысы бола алмайды.
3. Мемлекеттiк экологиялық сараптама
сарапшысы өзi жасаған сараптама үшiн Қазақстан
Республикасының заңдарына
4. Сарапшының мемлекеттiк экологиялық
сараптама жүргiзуге байланысты қызметiне
мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың
және лауазымды адамдардың араласуына
тыйым салынады.
5. Мемлекеттiк экологиялық сараптама
сарапшысы құқықтарының бұзылуы сот және
әкiмшiлiк тәртiппен қорғалуға тиiс, ал мұндай
жолсыздықтарға кiнәлi тұлғалар Қазақстан
Республикасының заңдарына
6. Мемлекеттiк экологиялық сараптама
сарапшысының:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптама
жасалатын объектiге жан-жақты және объективтi
баға беру үшiн мәнi бар қосымша материалдар
табыс етiлуiн талап етуге;
2) экологиялық сараптама жүргiзуге мамандарды
қосымша тартуға;
3) сараптама жұмысын, әдiснамасын ұйымдастыруды
жетiлдiру, оны жүзеге асыру тәртiбi мен
принциптерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптама
объектiсi жөнiнде, мемлекеттiк экологиялық
сараптама қорытындысына қоса тiркелетiн
ерекше пiкiр қалыптастыруға құқығы бар.
7. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
кешендi, объективтi және сапалы жүргiзiлуiн
қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасы экологиялық
заңнамасының талаптарын сақтауға;
3) қолданылып жүрген нормалар мен ережелер
негiзiнде мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзуге;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы
жүзеге асырудың белгiленген мерзiмi мен
тәртiбiн сақтауға;
5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
дәлелдi қорытындыларын дайындап, оларды
сараптама объектiсiн iске асыру туралы
шешiм қабылдайтын органдарға және тапсырысшыларға
уақтылы беруге;
6) сараптама жасалатын объектiлердi одан
әрi қарауға қабылдамаған не оларды негiздейтiн
материалдар пысықтауға қайтарылған кезде
мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
қорытындысын объективтi бағалап, дәлелдi
түрде негiздеуге;
7) материалдардың сақталуын қамтамасыз
етуге және өзiнiң құпия құжаттарға қатысты
әрекеттерiн олардың иесiмен келiсуге,
өзiне сенiп тапсырылған мәлiметтердiң
жария етiлуiне жол бермеуге мiндеттi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу процесiне сырттан сарапшылар тарту
Мемлекеттiк экологиялық
Мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының тiзiлiмi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады және оларға тiркеу нөмiрлерiн бередi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерi
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi органның жанынан консультациялық-кеңесшi
органдар болып табылатын және өздерi
туралы ережелерге сәйкес әрекет ететiн
мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
сарапшылық кеңестерi құрылады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық
сараптамасының сарапшылық кеңестерi
туралы ережелердi және олардың жеке құрамдарын
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi
органның басшысы бекiтедi.
3. Функциялары қоршаған ортаны қорғаумен
байланысты мемлекеттiк органдардың лауазымды
адамдары, ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң,
жоғары оқу орындарының ғалымдары, практик-мамандар
мен жұртшылық өкiлдерi мемлекеттiк экологиялық
сараптаманың сарапшылық кеңестерiне
мүше бола алады.
4. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
сарапшылық кеңестерiнiң қарауына:
1) экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде
экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң,
қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды
пайдалану мен молықтырудың күрделi проблемаларын
талқылау;
2) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
экологиялық қауiптiлiгi жоғары объектiлерге
қатысты қорытындыларын қарау жатады.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жариялылығы және халықтың шешiмдер қабылдауға қол жеткiзуi
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар
нормативтерiнiң жобаларына мемлекеттiк
экологиялық сараптама жүргiзуге өтiнiмдердi
қоспағанда, мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзуге өтiнiмдi белгiленiп отырған қызметке
тапсырыс берушi бұқаралық ақпарат құралдарында
мiндеттi түрде жариялауға тиiс.
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзу кезеңiнде барлық мүдделi азаматтар
мен қоғамдық бiрлестiктерге өз пiкiрiн
бiлдiру мүмкiндiгi берiледi.
3. Iске асырылуы қоршаған ортаға және
азаматтардың денсаулығына тiкелей ықпал
етуi мүмкiн жобалар бойынша қоғамдық тыңдау
өткiзiледi.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi орган қоғамдық тыңдау өткiзу
тәртiбiн белгiлейдi және онда:
1) мүдделi тұлғалардың анықталуы;
2) ақпарат пен консультация алуға болатын
жердiң көрсетiлуi;
3) халықты хабардар ету тәсiлiнiң көрсетiлуi
(белгiлi бiр жерлерге афишалар iлу, газеттерге
жариялау, жоспарларды, сызбаларды, кестелердi,
графиктердi, үлгiлердi көрсете отырып
көрмелер ұйымдастыру);
4) халыққа консультация берудi жүзеге
асыру тәсiлiнiң (жазбаша таныстыру, халыққа
сұрау салу) белгiленуi;
5) қоғамдық тыңдау өткiзу мерзiмi айқындалуға
тиiс.
5. Мемлекеттiк экологиялық сараптама
қорытындысы бойынша шешiм қабылданғаннан
кейiн барлық мүдделi тұлғаларға осы Кодексте
көзделген тәртiппен сараптама объектiсi
жөнiнде ақпарат алу мүмкiндiгi берiледi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезiндегi келiспеушiлiктердi қарау тәртiбi
1. Мемлекеттiк экологиялық
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама
мәселелерi бойынша келiспеушiлiктердi
кез келген мүдделi тараптың, оның iшiнде
белгiленiп отырған қызметке тапсырыс
берушiнiң, жергiлiктi атқарушы органның
өтiнiшi бойынша қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкiлеттi орган келiссөздер
арқылы қарайды. Бұл ретте мемлекеттiк
экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы
келiспеушiлiктердiң нысанасы бола алмайды.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қаржыландыру
Мемлекеттiк экологиялық
Өзін-өзі тексеру тапсырмалары:
1.Мемлекеттік экологиялық сараптама дегеніміз не?
2.Экологиялық сараптама түрлері қандай?
Әдебиеттер тізімі:
1. Буторина М.В., Воробьув П.В.
Инженерная экология и
2.Галаневич А.Г. Оценка
3.Гончарук Е.И., Сидоренко Г.И. Гигиеническое нормирование химических веществ в почве. М., 1986
4.Донченко В.К. , Питулько В.М., Растоскуев
В.В. и др Экологческая
5.Чегасов Г.С. ОГЭЭ. Экологическая экспериза и ОВОС.-1996.-№ 1
6.Шестаков А:с: экологический
аудит; Вопросы теории и
Лекция 10 Қоғамдық экологиялық сараптама.
Мақсаты: Қоғамдық экологиялық сараптама негіздерін түсіну
Жоспары:
1.Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізуді ұйымдастыру формалары, сарапшылары
2.Қоғамдық экологиялық сараптама құқықтары мен міндеттері, тапсырылатын құжаттар мен қаржыландыру .
3. Қоғамдық экологиялық сараптама қорытындылары .
Лекцияның қысқаша мазмұны Қоғамдық экологиялық сараптама
1. Қоғамдық экологиялық
2. Қоғамдық экологиялық сараптама кез
келген шаруашылық және өзге де қызметтi
азаматтардың өмiрi мен денсаулығына
қолайлы қоршаған ортаны сақтау жөнiндегi
қоғамдық мүдделердiң сақталуы тұрғысынан
қарайды.
3. Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi
iске асырылған жағдайда мүдделерi қозғалатын
жеке тұлғалар немесе қоғамдық бiрлестiктер
қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы
болуы мүмкiн.
Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы
1. Қоғамдық экологиялық
2. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының:
1) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң
тапсырыс берушiсiнен қоғамдық экологиялық
сараптама жүргiзуге қажеттi құжаттар
мен материалдар сұратуға;
2) сараптама жүргiзу үшiн сарапшылық комиссия
құруға;
3) қоғамдық экологиялық сараптаманың
қорытындысын жергiлiктi атқарушы органдарға
және қаржы ұйымдарына табыс етуге құқығы
бар.
3. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы:
1) қоғамдық экологиялық сараптаманы осы
Кодексте жазылған талаптарға сәйкес
ұйымдастыруға;
2) қоғамдық экологиялық сараптаманың
барысы мен нәтижелерi туралы жұртшылықтың
хабардар етiлуiн және қоғамдық экологиялық
сараптама қорытындысын әзiрлеуде қоғамдық
пiкiрдiң есепке алынуын қамтамасыз етуге;
3) қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысының
барлық мүдделi тараптар үшiн ашық болуын
қамтамасыз етуге мiндеттi.
Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылары
1. Қаралатын мәселе бойынша
ғылыми және (немесе) практикалық
бiлiмi бар және қоғамдық
2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың
сарапшысы мыналар бола алмайды:
1) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң
тапсырыс берушiсiнiң өкiлi;
2) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн
әзiрлеушiнiң өкiлi;
3) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң
аталған тапсырыс берушiсiмен немесе оны
әзiрлеушiмен еңбек немесе өзге де шарттық
қатынаста тұрған жеке тұлға;
4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң
аталған тапсырыс берушiсiмен немесе оны
әзiрлеушiмен шарттық қатынаста тұрған
заңды тұлғаның өкiлi.
3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың
сарапшысы оны жүргiзуге Қазақстан Республикасының
заңнамасына және қоғамдық экологиялық
сараптаманы ұйымдастырушы берген тапсырмаға
сәйкес қатысады.
4. Қоғамдық экологиялық сараптама сарапшысының
қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу
кезiнде қоғамдық экологиялық сараптама
объектiсi жөнiнде қоғамдық экологиялық
сараптаманың қорытындысына қоса тiркелетiн
ерекше пiкiр бiлдiруге құқығы бар.
Қоғамдық экологиялық сараптама сарапшысы:
1) Қазақстан Республикасы экологиялық
заңнамасының талаптарын сақтауға;
2) экологиялық сараптама объектiсi бойынша
өз қорытындысы тұжырымдарының объективтiлiгi
мен негiздiлiгiн, сондай-ақ қоғамдық экологиялық
сараптаманың атына мүдделi жеке тұлғалар
мен қоғамдық бiрлестiктерден келiп түскен
ескертпелер мен ұсыныстардың ескерiлуiн
қамтамасыз етуге;
3) материалдардың сақталуын және қоғамдық
экологиялық сараптамаға ұсынылған мәлiметтердiң
құпиялылығын, сондай-ақ зияткерлiк меншiктiң
қорғалуын қамтамасыз етуге мiндеттi.