Лекции по "Экологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 16:17, курс лекций

Краткое описание

Лекция 1 Кіріспе. Экологиялық нормалау түсінігі, Мақсаты міндеттері
Мақсаты: Эколологиялық нормалау ұғымымен таныстыру
Лекция 10 Қоғамдық экологиялық сараптама.
Мақсаты: Қоғамдық экологиялық сараптама негіздерін түсіну
Лекция 11 Экологиялық аудит
Мақсаты: Студенттерді экологиялық аудит түсінігімен, жүргізілу тәртібімен, даму болашағымен таныстыру

Файлы: 1 файл

тарр.doc

— 425.00 Кб (Скачать)

Мiндеттi экологиялық аудит есебiн қарау тәртiбi     

1. Мiндеттi экологиялық аудиттiң  нәтижелерi бойынша экологиялық  аудиторлық есептi экологиялық  аудитор немесе экологиялық аудиторлық  ұйым бiр мезгiлде қоршаған  ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға және аудиттелетiн субъектiнiң басшысына жiбередi. 
      2. Мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерiн аудиттелетiн субъект Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау, қоршаған ортаға қызметтiң терiс салдарларын азайту және қоршаған ортаға залал келтiрудiң алдын алу, экологиялық есептiлiктiң дұрыстығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдау үшiн пайдаланады. 
      3. Мiндеттi экологиялық аудит барысында аудиттелетiн субъектiлердiң экологиялық есептiлiгiнде дұрыс емес фактiлер анықталған жағдайда, аудиттелетiн субъект экологиялық аудиторлық есептi алған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей өзiнiң есептiлiгiн экологиялық аудит ұсынымдарына сәйкес келтiруге, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау жөнiндегi өзге де шараларды қолдануға және бұл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органды хабардар етуге тиiс. 
      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерi бойынша экологиялық аудиторлық есептi алған күннен бастап бiр ай мерзiмде оны қарауға мiндеттi.  
      5. Мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган аудиттелетiн субъектiнiң экологиялық талаптарды және қоршаған орта сапасының нормативтерiн сақтауы туралы дұрыс ақпарат алу үшiн пайдаланады.  
      6. Мiндеттi экологиялық аудиттiң экологиялық аудиторлық есебiн қараудың нәтижелерi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:  
      1) аудиттелетiн субъектiнiң қызметiн тоқтата тұру туралы талап қою арқылы сотқа жүгiнуге;  
      2) экологиялық рұқсат талаптарына өзгерiстер енгiзуге немесе табиғи ресурстарды пайдалану және алып қою шарттарының (келiсiмшарттардың) және табиғат пайдалануға өзге де рұқсаттардың талаптарын өзгерту туралы ұсыныспен арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жүгiнуге;  
      3) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасына өзгерiстер енгiзу ұсынымдарын беруге құқылы.  
      7. Мiндеттi экологиялық аудиттiң экологиялық аудиторлық есебi бойынша туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.       

Экологиялық аудитор      

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы  жұмыстарды орындауға және қызметтер  көрсетуге лицензия алған жеке  тұлға экологиялық аудитор болып  табылады. 
      2. Экологиялық аудитор экологиялық аудиторлық қызметтi дара кәсiпкер немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметкерi ретiнде жүзеге асыруға құқылы. 

Экологиялық аудиторлық ұйым     

1. Экологиялық аудиторлық ұйым - жауапкершiлiгi шектеулi серіктестіктің  ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия алған коммерциялық ұйым.  
      2. Шетелдiк экологиялық аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында экологиялық аудиторлық қызметтi тиiстi экологиялық аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерiн құрған кезде ғана жүзеге асыра алады. 
      3. Экологиялық аудиторлық ұйымның құрамындағы экологиялық аудиторлардың саны үш адамнан кем болмауға тиiс.       

Экологиялық аудиторлар палатасы     

1. Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың құқықтарын қорғау және мемлекеттiк органдарда олардың заңды мүдделерiн бiлдiру үшiн құрылады.  
      Экологиялық аудиторлар палатасы өз мүшелерiнiң жалпы жиналысында бекiтiлген жарғының негiзiнде жұмыс iстейтiн және мүшелiк жарналар мен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым  салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылатын коммерциялық емес, тәуелсiз, кәсiби және өзiн-өзi басқаратын ұйым болып табылады.  
      2. Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың қызметiн реттейдi, халықаралық тәжiрибе негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық аудит стандарттарын әзiрлейдi. 

Экологиялық аудиторлардың және экологиялық  аудиторлық ұйымдардың құқықтары      

Экологиялық аудиторлар мен экологиялық  аудиторлық ұйымдар: 
      1) экологиялық аудиттi жүргiзудiң әдiстерiн дербес айқындауға;  
      2) экологиялық аудиттi жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi құжаттаманы алуға және тексеруге;  
      3) экологиялық аудиттi жүргiзуге қатысуға көрсетiлген адамдардан басқа әртүрлi кәсiп мамандарын шарттық негiзде тартуға; 
      4) аудиттелетiн субъект экологиялық аудиттi жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда, экологиялық аудиттi жүргiзуден не экологиялық аудиторлық есептi беруден бас тартуға құқылы.       

Экологиялық аудиторлардың және экологиялық    аудиторлық ұйымдардың мiндеттерi      

Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар: 
      1) Кодекстiң 92-бабында көрсетiлген мән-жайлардың салдарынан экологиялық аудиттi жүргiзудiң мүмкiн еместiгi жөнiнде хабарлауға; 
      2) аудиттелетiн субъектiден алынған, сондай-ақ экологиялық аудиттi жүргiзу процесiнде жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге; 
      3) аудиттелетiн субъектiге экологиялық аудит нәтижесiнде құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сай келмеуiнiң анықталғаны туралы хабарлауға;  
      4) экологиялық аудиторлық есептердiң, сондай-ақ экологиялық аудиттi жүргiзу кезiнде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердiң құпиялылығын сақтауға; 
      5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға мiндеттi экологиялық аудит нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы жөнiнде хабарлауға; 
      6) экологиялық аудиттi жүргiзуге арналған шарт бойынша мiндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.        

Экологиялық аудиттi жүргiзу құқығын шектеу      

Экологиялық аудиторлық ұйымның немесе экологиялық аудитордың:  
      1) осы экологиялық аудиторлық ұйым немесе экологиялық аудитор өзiнiң қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушiлерге; 
      2) орындаушылары аудиттелетiн субъектiмен еңбек қатынастарында тұратын немесе оның лауазымды адамдарының, сондай-ақ аудиттелетiн субъектi акцияларының он және одан да көп процентiн (немесе жарғылық капиталға қатысу үлесiн) иеленген акционердiң (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын жағдайда;  
      3) орындаушыларының аудиттелетiн субъектiде жеке мүлiктiк мүдделерi бар болса;  
      4) егер, экологиялық аудит жүргiзу жөнiндегi мiндеттемелердi қоспағанда, экологиялық аудиторлық ұйымның немесе экологиялық аудитордың аудиттелетiн субъектi алдында немесе аудиттелетiн субъектiнiң олардың алдында ақшалай мiндеттемелерi болса, экологиялық аудит жүргiзуiне тыйым салынады.        

Аудиттелетiн субъектiнiң құқықтары  мен  мiндеттерi      

1.Аудиттелетiн субъект: 
      1) экологиялық аудиторды немесе экологиялық аудиторлық ұйымды таңдау туралы шешiмдi дербес қабылдауға;  
      2) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан экологиялық аудиттi жүргiзуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға; 
      3) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның ескертпелерi мен қорытындыларына негiз болған нормативтiк құқықтық актiлермен танысуға; 
      4) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан экологиялық есептiлiктiң және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессiздiгi анықталған жайлар туралы ұсыныстар, ақпарат алуға;  
      5) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым экологиялық аудиттi жүргiзу шартының талаптарын бұзған жағдайда олардың қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқылы.  
      2. Аудиттелетiн субъект:  
      1) мiндеттi экологиялық аудиттiң жүргiзiлуiн ұйымдастыруға;  
      2) экологиялық аудиттi уақтылы әрi сапалы жүргiзу үшiн экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық ұйымға жағдай жасауға;  
      3) экологиялық аудиттi жүргiзу үшiн экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық ұйымға қажеттi толық әрi дұрыс құжаттаманы және өзге де ақпаратты ұсынуға, ауызша немесе жазбаша түрде түсiнiктемелер беруге; 
      4) қоршаған ортаға әсер ету туралы дұрыс есептiлiктi және экологиялық аудиттi жүргiзуге қажеттi өзге де құжаттарды табыс етуге;  
      5) егер экологиялық аудиттi жүргiзу шартында өзгеше көзделмесе, экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметiн шектемеуге; 
      6) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның талабы бойынша қажеттi ақпарат алу үшiн өз атынан үшiншi тұлғаларға жазбаша сауал жiберуге;  
      7) экологиялық аудиторлардың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметтер көрсетуiне ақы төленуiн қамтамасыз етуге;  
      8) экологиялық аудиттi жүргiзу шарты бойынша мiндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға мiндеттi. 

Экологиялық менеджмент жүйелерiнiң аудитi      

1. Экологиялық менеджмент жүйелерiнiң  аудитi бастамашылық аудит болып  табылады. 
      2. Экологиялық менеджмент жүйелерi аудитiнiң нәтижелерi бойынша жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғауды басқарудың енгiзiлген жүйесiнiң халықаралық стандарттарға сәйкестiгiн растайтын құжатты ала алады.

Өзін-өзі тексеру  тапсырмалары:

1.Экологиялық аудит дегеніміз не?

2.Экологиялық аудитті жүргізу негіздері қандай?

Әдебиеттер тізімі:

1. Буторина М.В., Воробьув П.В.  Инженерная экология и экологический  менеджмент. М: Логос, 2003

2.Галаневич А.Г. Оценка воздействия  на окружающую среду и экологическая  экспертиза. Экологическая экспертиза.  М. 1999

3.Гончарук Е.И., Сидоренко Г.И.  Гигиеническое  нормирование химических веществ в почве. М., 1986

4.Донченко В.К. , Питулько В.М., Растоскуев  В.В. и др Экологческая экспертиза  М.: Издательский центр «Академия», 2004

5.Чегасов Г.С. ОГЭЭ. Экологическая  экспериза и ОВОС.-1996.-№ 1

6.Шестаков А:с: экологический аудит; Вопросы теории и практики № Экологическая экспериза, №1 М.,1999

Лекция 12ҚР экологиялық аудитті жүргізу ерекшеліктері.    

Мақсаты: Қазақстан Республикасында экологиялық аудиттің жүргізілу ерекшеліктерімен танысу

Жоспары:

   1.Экологиялық аудит саласындағы заңдар.

2.Экологиялық аудитті жүргізудегі дүниежүзілік тәжірбие

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық  қауіпсіздікті сақтау саласындағы  іс-әрекеттерді, табиғат пайдалануды  лицешиялау тәртіптері мен принциптері. Табиғат пайдалануды лицензиялау. Табиғат пайдалану құкығын алудың лицензиялық (руқсатгык тәртібі). Табиғат ресурстарының пайдалану шеңберіндегі рұқсаттың әртүрлілігі. Комллекстік табиғат пайдалану. Табиғат пайдаланудың комплексті лицензиялау туралы негізгі ережелері. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамассыз ету саласьшдағы лицензиялау. Табиғи ресурстық лицензиялардың құқықтық мәні. табиғат пайдаланудағы келісім шарттық бастаманың дамуы.

Экологиялық аудиттің құқықтық негіздері

Мәндетті экологиялық аудит пен бастамашылық экологиялық аудит экологиялық аудиттің түрлері болып табылады. Жеке және заңды түрлерінің міндетті экологиялық аудиттін жүргізу үшін негіздер мыналар болып табылады:

- құжат жүзінде дәлелденген  жеке және заңды тұлғалардың  шаруашылық және өзге де қызметімен келтірілген қоршаған ортаға нұқсаны;

- заңды тұлға табиғат пайдаланушыны  қайта ұйымдастыру;

- қарауында стратегиялық трансшекаралық  және экологиялық жағынан қауіпті  обьектілері бар заңды тұлғалардың  банкротқа ұшырауы.

Бастамашылық экологиялық аудит бастамашы мен экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның арасындағы экологиялық аудитті жұүргізуге жасалған шартта көзделген экологиялық аудиттің нақты міндеттерін, мерзімдері мен көлемін ескере отырып ауңдиттін субьектілердің не қатысушының бастамасы бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 23таыздағы «Экологиялық аудиторлық қызметті лицензиялаудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына  сәйкес экологиялық аудит бірнеше  кезеңдерде жүргізіледі

1.Экологиялық аудиттің мақсаттарын анықтау аудиттелетін адам қызметінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасына және экологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және басқалары

Тексерілетін адамдардың құжаттамасын алдын ала талдау (аудиттелетін адам оны алдын ала талдау жүргізу үшін дайындалып жатқан аудит бойынша құжаттаманы ұсынады соның ішінде шаруашылық жүргізуші субьектінің мененджмент жүйесіндегі құжаттакма, экологиялық аудит жөніндегі соңғы қорытындылар, аудитті орындаушыға экологиялық аудитті жүргізу мүмкіндігін анықтау үшін қажетті техникалық құжаттама

  1. Экологиялық аудитты жүргізуге шарт жасау

4Экологиялық аудитті жүргізу экологиялық аудит аудитор  жасайтын және аудиттелетін адаммен келісілетін аудит жоспарына сәйкес жүргізіледі.

5. Аудиторлы есепті жасау міндетті экологиялық аудиттің нәтижелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беріледі,ал бастамашылық экологиялық аудиттің нәтижелері құпия болып табылады және оның мәліметтерін жариялау  құқұғына тек аудиттелетін субьектіге ғана ие болады.

Өзін-өзі тексеру  тапсырмалары:

1.Экологиялық аудит қандай заңдық құжатпен реттеледі не?

2.Шет елдердегң экологиялық аудиттің жүргізілу ерекшелітері қандай?

Әдебиеттер тізімі:

1. Буторина М.В., Воробьув П.В.  Инженерная экология и экологический менеджмент. М: Логос, 2003

2.Галаневич А.Г. Оценка воздействия  на окружающую среду и экологическая  экспертиза. Экологическая экспертиза.  М. 1999

Информация о работе Лекции по "Экологии"