Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 16:17, курс лекций
Лекция 1 Кіріспе. Экологиялық нормалау түсінігі, Мақсаты міндеттері
Мақсаты: Эколологиялық нормалау ұғымымен таныстыру
Лекция 10 Қоғамдық экологиялық сараптама.
Мақсаты: Қоғамдық экологиялық сараптама негіздерін түсіну
Лекция 11 Экологиялық аудит
Мақсаты: Студенттерді экологиялық аудит түсінігімен, жүргізілу тәртібімен, даму болашағымен таныстыру
Қоғамдық экологиялық
сараптама объектiсі
1. Жоспарланып отырған басқару,
шаруашылық, инвестициялық және
өзге де қызметтiң жеке немесе
заңды тұлғасы қоғамдық
2. Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiне
тапсырыс берушiнiң:
1) белгiленiп отырған қызмет бойынша құжаттамада
қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәлiметтердiң
қорғалуына;
2) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң
барысы мен нәтижелерi туралы ақпарат
алуға және ақпаратқа қол жеткiзуге;
3) қоғамдық экологиялық сараптама аясында
өткiзiлетiн қоғамдық тыңдауға және өзге
де iс-шараларға қатысуға;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы
жүзеге асыратын органға, жергiлiктi атқарушы
органдарға қоғамдық экологиялық сараптаманың
қорытындысына өз түсiндiрмелерi мен түсiнiктемелерiн
беруге құқығы бар.
3. Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң
тапсырыс берушiсi:
1) қоғамдық экологиялық сараптамаға қажеттi
құжаттар мен материалдарды беруге;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi органға қоғамдық экологиялық
сараптама қорытындысында баяндалған
ұсынымдарға жазбаша жауап беруге мiндеттi.
Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру
Қоғамдық экологиялық
сараптаманы қаржыландыру:
1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыратын
және жүргiзетiн қоғамдық бiрлестiктердiң
өз қаражаттары;
2) ерiктi қайырмалдықтар, өтеусiз негiзде
ұсынылған гранттар;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық
актiлерiнде тыйым салынбаған өзге көздер
есебiнен жүзеге асырылады.
Қоғамдық экологиялық
1. Қоғамдық экологиялық
2. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тiркеу
туралы өтiнiштi оның ұйымдастырушысы аумағында
сараптама объектiсiнiң қызметi жоспарланып
отырған жергiлiктi атқарушы органдарға
бередi.
3. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу
туралы өтiнiште:
1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының
атауы, заңды мекенжайы;
2) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының
жарғыда көзделген қызметiнiң сипаты;
3) қоғамдық экологиялық сараптаманың
сарапшылық комиссиясының құрамы туралы
мәлiметтер;
4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi
туралы мәлiметтер, қоғамдық экологиялық
сараптаманы жүргiзу мерзiмдерi көрсетiлуге
тиiс.
4. Жергiлiктi атқарушы органдар қоғамдық
экологиялық сараптама жүргiзу туралы
өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс
күнi iшiнде оны тiркеуге немесе тiркеуден
бас тартуға мiндеттi. Көрсетiлген мерзiм
iшiнде қоғамдық экологиялық сараптама
жүргiзу туралы өтiнiштi тiркеуден бас тартылмаса,
ол тiркелдi деп есептеледi.
5. Егер:
1) бұрын осы oбъектiге қатысты екi рет қоғамдық
экологиялық сараптама жүргiзiлсе;
2) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi
мемлекеттiк, коммерциялық және заңмен
қорғалатын өзге де құпия болып табылатын
мәлiметтердi қамтитын болса;
3) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының
жарғысында осы қоғамдық бiрлестiктiң қоғамдық
экологиялық сараптама жүргiзу жөнiндегi
қызметi көзделмесе;
4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң
белгiленiп отырған мемлекеттiк экологиялық
сараптамасы аяқталса, қоғамдық экологиялық
сараптаманы ұйымдастыру туралы өтiнiштi
тiркеуден бас тартылуы мүмкiн.
6. Жергiлiктi атқарушы орган қоғамдық экологиялық
сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi тiркеуден
бас тартқан жағдайда, бұл жөнiнде қоғамдық
экологиялық сараптаманың бастамашысы
мен ұйымдастырушысына бас тартудың себептерiн
дәлелдi түрде негiздей отырып, жазбаша
хабарлайды.
Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы
1. Қоғамдық экологиялық
2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың
қорытындысында:
1) экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының
атауы мен заңды мекенжайы;
2) тапсырыс берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң
аты немесе толық атауы, қоғамдық экологиялық
сараптама объектiсiнiң атауы мен орналасқан
жерi;
3) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу
туралы өтiнiштiң жергiлiктi атқарушы органда
тiркелгенi туралы мәлiметтер;
4) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу
мерзiмдерi;
5) қоғамдық экологиялық сараптамадан
өткен құжаттаманың құрамы, қоғамдық экологиялық
сараптама процесiнде пайдаланылған басқа
да құжаттардың тiзбеленiп көрсетiлуi;
6) қоғамдық экологиялық сараптаманың
сарапшылық комиссиясы мүшелерiнiң құрамы;
7) сараптама нәтижелерiнiң баяндалуы;
8) қоғамдық экологиялық сараптаманың
ұйымдастырушысы айқындаған, қоғамдық
экологиялық сараптаманы жүргiзу жөнiндегi
тапсырмалардың сипаты;
9) қоғамдық экологиялық сараптама процесiнiң,
оның iшiнде жұртшылықпен, тапсырыс берушiмен
және басқа да мүдделi тараптармен өзара
iс-қимыл жасасудың сипаттамасы;
10) қоғамдық экологиялық сараптаманың
тұжырымдары қамтылуға тиiс.
3. Қоғамдық экологиялық сараптама тұжырымдарында:
1) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының
талаптарына сәйкестiгi туралы қорытынды;
2) тапсырыс берушiнiң қоршаған ортаға
әсерге жүргiзген бағалауының толымдылығы,
сапасы мен дұрыстығы жөнiндегi сипаттама;
3) жұртшылықтың әртүрлi топтарының белгiленiп
отырған қызметке көзқарасының сипаттамасы,
жұртшылықтың ұсыныстары мен ескертпелерiне
жасалған шолу;
4) сарапшылардың қоғамдық экологиялық
сараптама объектiсiн iске асыруға экологиялық
және әлеуметтiк тұрғыдан жол беруге болатыны
жөнiндегi пiкiрi;
5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы
жүзеге асыратын органға, тапсырыс берушiге,
сараптама объектiсiн iске асыруға байланысты
шешiмдер қабылдайтын мемлекеттiк органдарға
және заңды тұлғаларға берiлетiн ұсыныстар
мен ұсынымдар қамтылуға тиіс.
4. Қоғамдық экологиялық сараптаманың
қорытындысына қоғамдық экологиялық сараптаманы
ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, сараптамалық
комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол
қояды.
5. Қоғамдық экологиялық сараптаманың
қорытындысы:
1) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге
берiлген өтiнiштi тiркеген жергiлiктi атқарушы
органға;
2) осы объектiнiң мемлекеттiк экологиялық
сараптамасын жүзеге асыратын органға;
3) жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс
берушiсiне;
4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн
iске қосуға байланысты шешiмдер қабылдайтын
органдарға;
5) бұқаралық ақпарат құралдарына жiберiледi.
Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелерiн пайдалану
1. Жоспарланып отырған қызметтiң
тапсырыс берушiсi қоғамдық
2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың
қорытындысы мемлекеттiк экологиялық
сараптама жүргiзу кезiнде қаралуға тиiс.
Қарау нәтижелерi қоғамдық экологиялық
сараптаманы ұйымдастырушыға және қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға
жiберiлуге тиiс.
3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың
қорытындысы жергiлiктi атқарушы органдар,
қаржы ұйымдары және белгiленiп отырған
қызметтiң тапсырыс берушiсi шешiмдер қабылдаған
кезде де ескерiлуi мүмкiн.
Өзін-өзі тексеру тапсырмалары:
1.Қоғамдық экологиялық дегеніміз не?
2.Қоғамдық экологиялық сараптаманың құқықтық мәртебесі қандай?
Әдебиеттер тізімі:
1. Буторина М.В., Воробьув П.В. Инженерная экология и экологический менеджмент. М: Логос, 2003
2.Галаневич А.Г. Оценка
3.Гончарук Е.И., Сидоренко Г.И. Гигиеническое нормирование химических веществ в почве. М., 1986
4.Донченко В.К. , Питулько В.М., Растоскуев
В.В. и др Экологческая
5.Чегасов Г.С. ОГЭЭ. Экологическая экспериза и ОВОС.-1996.-№ 1
6.Шестаков А:с: экологический аудит; Вопросы теории и практики № Экологическая экспериза, №1 М.,1999
Лекция 11 Экологиялық аудит
Мақсаты: Студенттерді экологиялық аудит түсінігімен, жүргізілу тәртібімен, даму болашағымен таныстыру
Жоспары:
1. Экологиялық аудит түсінігі, жүргізілу негіздері
2.Экологиялық аудитті жүргізу
3.Міндетті экологиялық аудит.
4.Экологиялық аудитор
Лекцияның қысқаша мазмұны
1. Экологиялық аудитормен немесе экологиялық
аудиторлық ұйыммен экологиялық аудит
жүргiзуге шарт жасасқан жеке немесе заңды
тұлға аудиттелетiн субъект болып табылады.
2. Экологиялық аудит аудиттелетiн субъектiлердiң
қоршаған ортаға әсер ету туралы есептiлiгiне
талдау жасау жолымен жүргiзiледi.
3.Экологиялық аудиттi жүргiзу кезiнде:
1) қоршаған ортаға әсер туралы ұсынылған
есептiлiктiң дұрыстығын тексеру;
2) өндiрiстiк-технологиялық процестiң экологиялық
талаптарға сәйкес келуiн бағалау;
3) өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүйесiнiң
экологиялық талаптарға сәйкес келуiн
бағалау;
4) қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн бағалау
мақсатында арнайы зерттеулер мен өлшемдер
жасалуы мүмкiн.
4. Экологиялық аудиторлар, экологиялық
аудиторлық ұйымдар және аудиттелетiн
субъектiлер арасындағы қарым-қатынастар
Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамасына сәйкес экологиялық аудит
жүргізуге арналған шарттың негiзiнде
туындайды.
Экологиялық аудит түрлерi және оны жүргiзу үшiн негiздер
1. Мiндеттi аудит және
2. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты
мiндеттi экологиялық аудит жүргiзуге:
1) жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық
және өзге де қызметiнен қоршаған ортаға
келтiрiлген, құжат бойынша расталған елеулi
залал;
2) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық
қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат
пайдаланушыны заңды тұлғаны қосу, бөлу
және бөлiп шығару түрiнде қайта ұйымдастыру;
3) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық
қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат
пайдаланушы - заңды тұлғалардың банкроттыққа
ұшырауы негiз болып табылады.
3. Бастамашылық экологиялық аудит бастамашының
және экологиялық аудитордың немесе экологиялық
аудиторлық ұйымның арасындағы экологиялық
аудиттi жүргiзуге арналған шартта көзделген
экологиялық аудиттiң нақты мiндеттерi,
мерзiмдерi мен көлемi ескерiле отырып,
аудиттелетiн субъектiнiң не оған қатысушының
бастамасы бойынша жүргiзiледi.
4. Мүдделi жеке және (немесе) заңды тұлғалар,
сақтандыру ұйымдары, инвесторлар, қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
және өзге де мемлекеттiк органдар экологиялық
аудитке тапсырыс берушiлер болуы мүмкiн.
Экологиялық аудиттi жүргiзу
1. Экологиялық аудит экологиялық
аудиттi жүргiзу жоспарына сәйкес
жүргiзiледi, оны экологиялық аудитор
осы баптың 2-тармағының талаптарын
ескере отырып жасайды және ол тапсырыс
берушiмен және аудиттелетiн субъектiмен
келiсiледi. Экологиялық аудит жүргiзудi
жоспарлау кезiнде тараптар экологиялық
аудиторлар палатасы бекiткен, ұсынымдық
сипатта болатын экологиялық аудиттi жүргiзу
жоспарының үлгiлiк нысанын басшылыққа
алады.
2. Экологиялық аудиттi жүргiзудiң сатылары
мыналар:
1) аудиттелетiн субъектiмен алдын ала танысу;
2) аудит жүргiзу жоспарын әзiрлеу;
3) қажеттi ақпаратты жинау және жүйелеу;
4) аудиттелетiн субъектiнi қарап тексеру
және оның қызметкерлерiне сауал жүргiзу;
5) арнайы зерттеулер көлемiн айқындау;
6) арнайы зерттеулер жүргiзу;
7) экологиялық тәуекелдердi айқындау;
8) экологиялық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру
жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
9) экологиялық аудиторлық есеп жасау болып
табылады.
3. Экологиялық аудит жүргiзудiң жоспарын
әзiрлеу үшiн экологиялық аудитор аудиттелетiн
субъектiнiң ерекшелiктерiмен алдын ала
танысады.
4. Қажеттi ақпаратты жинау мен жүйелеу
аудиттелетiн субъектiде және өзге де ұйымдарда
жүргiзiледi. Ақпарат құрамына:
1) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi
нормативтiк құқықтық актiлердiң аудиттелетiн
субъектiнiң қызметiне қатысты талаптары;
2) аудиттелетiн субъект орналасқан ауданның
картасы және карта-схемасы;
3) егер бар болса, аэрофотосуреттердiң
нәтижелерi;
4) аудиттелетiн субъектiнi басқарудың
әкiмшiлiк құрылымы;
5) егер бар болса, аудиттелетiн субъектiдегi
қоршаған ортаны қорғау қызметi туралы
ереже;
6) экологиялық рұқсат;
7) аудиттелетiн субъектiнiң қоршаған ортаны
қорғау бойынша соңғы бес жылдағы есебi;
8) өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу
жөнiндегi есептiлiк;
9) қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi органның соңғы үш жылда тексерулер
жүргiзуi туралы хаттамалардың көшiрмелерi;
10) егер бар болса, аудиттелетiн субъектiнiң
қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламасы;
11) апатты жағдайлардың алдын алу және
олардың зардаптарын жою жөнiндегi iс-шаралар
жоспары;
12) қабылданған толықтырулармен қоса,
аудиттелетiн субъектiнiң қоршаған ортаға
әсер етуiн бағалау;
13) шығарындыларды, төгiндiлердi түгендеу
жөнiндегi ағымдағы кезеңдегi есеп;
14) жол берiлетiн шектi шығарындылар мен
төгiндiлердiң, қалдықтарды орналастырудың
ағымдағы кезеңде қолданыста болатын
нормативтерiнiң жобалары;
15) субъект қызметiнiң экологиялық-экономикалық
аспектiлерi туралы деректер;
16) бұған дейiнгi экологиялық аудиторлық
есептердiң көшiрмелерi;
17) аудиттелетiн субъектiнiң әсерi болатын
аудандағы мемлекеттiк экологиялық мониторингтiң
деректерi;
18) аудиттелетiн субъектiнiң қызметiне
байланысты азаматтардың және қоғамдық
бiрлестiктердiң өтiнiштерi туралы мәлiметтер
кiредi.
5. Аудиттелетiн субъектiнi қарап тексеру
және оның қызметкерлерiне сауал жүргiзу
құжаттаманың аудиттелетiн субъектiнiң
нақты жай-күйiне сәйкес келуiн бағалау,
аудиттелетiн субъект мамандарының бiлiктiлiгiн
айқындау, аудиттелетiн субъект қызметiнiң
тиiмдiлiгiн жақсарту үшiн ұсыныстар әзiрлеу
мақсатында жүргiзiледi.
6. Қарап тексеру барысында:
1) аудиттелетiн субъектiнiң жоспар-схемаға
және жалпы технологиялық сипаттамаға
сәйкес келуi;
2) аудиттелетiн субъектiнiң құжаттамасында
қоршаған ортаға әсер ету көздерi көрсетiлуiнiң
толымдылығы;
3) аудиттелетiн субъектiнiң ықтимал әсер
ету аумағының жай-күйi;
4) қоршаған ортаға ықтимал әсер ету туралы
құжаттамаға енгiзiлмеген мән-жайлардың
болуы;
5) өндiрiстiк объектiлерде есепке алу және
өзге де қажеттi құжаттаманың болуы мен
толымдылығы;
6) объектiнi пайдалану процесiнде қоршаған
ортаны қорғау жөнiндегi техникалық талаптардың
сақталуы;
7) өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзуге
қойылатын талаптардың сақталуы анықталуға
тиiс.
7. Аудиттелетiн субъектiнiң қызметкерлерiнe
сауал қою барысында:
1) қоршаған ортаны қорғау үшiн мәнi бар
мәселелер бойынша қызметкерлердiң бiлiктiлiк
деңгейi;
2) есептiлiк құжаттаманы жүргiзудiң объективтi
болуын растау үшiн қажеттi ақпарат;
3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi нормативтiк
құқықтық актiлер талаптарының бұзылу
жағдайлары және оларды болдырмау жөнiндегi
шаралар туралы мәлiметтер;
4) аудиттелетiн субъектiнiң болашақта
шаруашылық және өзге де қызметтi одан
әрi жүзеге асыруы кезiнде экологиялық
талаптардың бұзылу ықтималдығы;
5) қоршаған ортаны қорғауды жетiлдiру
жөнiндегi инженерлiк бастамалардың болуы
анықталуға тиiс.
8. Арнайы зерттеулердi экологиялық аудиторлар
мен экологиялық аудиторлық ұйымдар мынадай
жағдайда:
1) өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу
жөнiндегi есептiлiктi растау қажет болғанда;
2) қоршаған ортаға әсердiң құжаттамаға
енгiзiлмеген көздерi анықталғанда;
3) аудиттелетiн субъектi қызметiнiң қоршаған
ортаға және халықтың денсаулық жағдайына
терiс әсер ету салдарлары туралы мән-жайлар
болғанда жүргiзедi.
9. Қажет болғанда, зерттеулер:
1) шығарындылар (төгiндiлер) көздерiнде
жүргiзiлетiн өлшеулердi, қалдықтар үлгiлерiн
зерттеудi;
2) аудиттелетiн субъектiнiң ықпалды әсер
ету аймағында қоршаған ортаның ластануын
өлшеулердi;
3) аудиттелетiн субъектiнiң ықпалды әсер
ету аймағында өсiмдiктердiң, жануарлар
дүниесiнiң, экожүйелердiң және халық денсаулығының
жай-күйiн зерделеудi қамтиды.
10. Арнайы зерттеулердi жүргiзу үшiн қоршаған
ортаның жай-күйiн айқындайтын аккредиттелген
зертханалар тартылуға тиiс.
11. Аудиттелетiн субъектiнiң экологиялық
тәуекелдерiн айқындау:
1) құжаттама мен есептердiң байқалатын
ағымдағы жай-күйге сәйкестiгiн талдау;
2) аудиттелетiн субъект қызметiнiң өсiмдiктерге,
жануарлар дүниесiне, экожүйелерге және
халық денсаулығының жай-күйiне ықтимал
салдарларын бағалау, соның iшiнде қоршаған
орта сапасының бұзылуынан туындаған
аурулар мен өлiм-жiтiм жағдайларын талдау;
3) қоршаған орта үшiн терiс салдарларға
әкеп соғуы мүмкiн аудиттелетiн субъектiдегi
авариялық жағдайлардың ықтималдылығын
немесе технологиялық регламенттен өзге
де ауытқуларды айқындау жолымен жүргiзiледi.
12. Аудиттелетiн субъектiнiң экологиялық
қауiпсiздiгi деңгейiн арттыру жөнiндегi
ұсыныстарды әзiрлеу:
1) осы сияқты объектiлер үшiн пайдаланылатын
ең үздiк қолжетiмдi технологияларды;
2) қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiн
жақсарту жөнiндегi ықтимал шараларды;
3) өндiрiстiк экологиялық бақылауды жетiлдiру
тәсiлдерiн;
4) экологиялық нормативтер мен талаптарды
өзгерту жөнiндегi ұсыныстарды зерделеу
негiзiнде жүргiзiледi.
Мiндеттi экологиялық аудиттi жүргiзу туралы шешiм
1. Мiндеттi экологиялық аудиттi жүргiзу
туралы шешiмдi қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң
81-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар
белгiленген кезден бастап бiр ай мерзiм
iшiнде қабылдайды.
2. Мiндеттi аудит жүргiзу туралы шешiм мiндеттi
экологиялық аудит туралы қорытынды түрiнде
ресiмделедi.
3. Мiндеттi экологиялық аудит туралы қорытындының
нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi орган бекiтедi.
4. Қорытындыда:
1) аудиттелетiн субъектiнiң тегi, аты, әкесiнiң
аты немесе толық атауы;
2) аудиттелетiн субъектiнiң орналасқан
жерi;
3) аудиттелетiн субъектiнiң шаруашылық
және өзге де қызметiмен байланысты қоршаған
орта үшiн ықтимал тәуекелдердiң сипаты;
4) мiндеттi экологиялық аудиттi жүргiзуге
негiз;
5) мiндеттi экологиялық аудиттiң қорытындысын
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi
органға табыс ету мерзiмi көрсетiлуге
тиiс.
5. Мiндеттi экологиялық аудит туралы қорытынды
аудиттелетiн субъектiнiң басшысына жолданады.
Мiндеттi экологиялық аудиттi жүргiзудiң ерекшелiктерi
1. Мiндеттi экологиялық аудит
аудиттелетiн субъект мiндеттi экологиялық
аудит туралы қорытындыны алған кезден
бастап алты айдан аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.
2. Экологиялық аудитор немесе экологиялық
аудиторлық ұйым аудит жүргiзудiң жоспарын
әзiрлеу үшiн мiндеттi экологиялық аудит
туралы қорытындымен, аудиттi жүргiзу негiздемесiмен,
аудиттелетiн субъектiге тән экологиялық
проблемалармен және өзге де аспектiлермен
танысады.
Экологиялық аудиторлық есептерге қойылатын талаптар
1. Экологиялық аудиторлық есеп
мiндеттi экологиялық аудиттiң
нәтижелерi бойынша:
1) экологиялық аудитордың және экологиялық
аудиторлық ұйымның құқықтылығын растайтын
мәлiметтердi;
2) аудиттелетiн субъект туралы жалпы
ақпаратты;
3) экологиялық аудиттi жүргiзу негiздемесiн;
4) экологиялық аудиттi жүргiзудiң жоспарын;
5) жинақталған ақпарат тiзбесiн және оған
шолуды;
6) аудиттелетiн субъектiнi қарап тексеру
және оның қызметкерлерiне сауал қою нәтижелерiн;
7) арнайы зерттеулердiң нәтижелерiн;
8) экологиялық тәуекелдердi бағалауды
(сандық және сапалық тұрғыдан);
9) экологиялық қауiпсiздiктi арттыру жөнiндегi
ұсынымдар тiзбесiн;
10) аудиттелетiн субъектiнiң қоршаған орта
үшiн қауiпсiздiк дәрежесi, анықталған жолсыздықтар,
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi құжаттама
мен есептілікті жүргiзудiң дұрыстығы
туралы тұжырымдарды қамтуға тиіс.
2. Бастамашылық экологиялық аудит есебiнiң
нысаны экологиялық аудиттi жүргiзуге
арналған шартта белгiленедi.
3. Бастамашылық экологиялық аудиттiң
есебi құпия болып табылады. Бастамашыл
экологиялық аудиттiң есебiндегi мәлiметтердi
жария ету құқығына аудиттелетiн субъeкт
ғана ие болады.