Лекции по "Экологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 16:17, курс лекций

Краткое описание

Лекция 1 Кіріспе. Экологиялық нормалау түсінігі, Мақсаты міндеттері
Мақсаты: Эколологиялық нормалау ұғымымен таныстыру
Лекция 10 Қоғамдық экологиялық сараптама.
Мақсаты: Қоғамдық экологиялық сараптама негіздерін түсіну
Лекция 11 Экологиялық аудит
Мақсаты: Студенттерді экологиялық аудит түсінігімен, жүргізілу тәртібімен, даму болашағымен таныстыру

Файлы: 1 файл

тарр.doc

— 425.00 Кб (Скачать)

Қоршаған ортаға әсерді бағалау  объектілерін бағалану маңыздылығы  мен толымдылығы бойынша сыныптау

1. Қоршаған ортаға әсерін бағалау  жүзеге асырылатын шаруашылық  және өзге де қызмет маңыздылығы мен толымдылығы бойынша І, II, III, IV болып 4 санатқа бөлінеді.

І санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 1 және 2-сыныбына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жатады.

II санатқа өндірістік объектілерді  санитарлық сыныптауға сәйкес  қауіптіліктің 3-сыныбына жататын  қызмет түрлері, сондай-ақ кең  таралған пайдалы қазбаларды  өндіру, орман пайдалану мен суды  арнайы пайдаланудың барлық түрлері жатады.

III санатқа өндірістік объектілерді  санитарлық сыныптауға сәйкес  қауіптіліктің 4-сыныбына жататын  қызмет түрлері жатады.

IV санатқа өндірістік объектілерді  санитарлық сыныптауға сәйкес  қауіптіліктің 5-сыныбына жататын  қызмет түрлері, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулау мен аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланудың барлық түрлері жатады.

2. Әртүрлі санаттағы объектілерге  қоршаған ортаға әсерді бағалау  жүргізуге қойылатын сараланған  талаптар қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді. 

Қоршаған ортаға әсерді бағалау  құжаттамасы

1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау  жөніндегі құжаттама:

1) шаруашылық және өзге де  қызметке тапсырыс берушінің  деректемелерін;

2) жоспарланып отырған қызметті іске асыру қажеттігі негізделген өтінішті (арызды, ниеті туралы декларацияны), инвестициялар негіздемесін, техникалық-экономикалық негіздемені (жобаны), жұмыс жобасының бекітілген бөлігін, түсіндірме жазбаны;

3) қоршаған орта компоненттерінің қызметті іске асырғанға дейінгі не қазіргі кездегі жай-күйінің сипаттамасын;

4) жобаның жазбасын, оған қоса:

бүкіл жобаның мақсаты мен сандық сипаттамаларының және орналастыру  ауданына құрылыс және пайдалану  сатысы кезеңінде қойылатын талаптардың  сипаттамасын;

жоспарланып отырған қызметтің  қоршаған орта элементтеріне ықтимал  әсерлерінің түрлері қоршаған ортаға эмиссиялардың, тұтынылатын шикізаттың және алынатын ресурстардың көлемі мен  оның қосындыларының құрамымен бірге  көрсетіле отырып, пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың типтері мен санын қоса алғанда, өндірістік процестердің негізгі сипаттамаларын;

5) қолданылатын технологияның ең  озық қолжетімді технологияларға  және техникалық үлестік нормативтерге  сәйкестігі тұрғысынан талдауды;

6) баламалы нұсқалар туралы ақпаратты және жобалық нұсқаны таңдаудың негізгі себептеріне нұсқауды;

7) қызметтің қоршаған ортаға, халықтың  денсаулығына және әлеуметтік-экономикалық  жағдайларға ықтимал әсерлерінің  сипаттамасын;

8) жобаланатын шаруашылық немесе  өзге де қызметтің қоршаған ортаға беймәлім әсерлерін;

9) экологиялық тәуекелді және  халықтың денсаулығына төнетін  тәуекелді бағалауды;

10) экологиялық мониторинг жөніндегі  ұсыныстарды қоса алғанда, қоршаған  ортаға әсерді болдырмау, азайту  үшін көзделетін шаралардың сипаттамасын;

11) қоршаған ортаға эмиссиялардың  жобалық нормативтерін және табиғи  ресурстарды алып қою нормативтерін;

12) өндірістік экологиялық бақылау  бағдарламасының негіздемесін;

13) ықтимал тәуекелдерді және  келтірілген залалдарды өтеуді  ескере отырып, жобаны экологиялық-экономикалық бағалауды;

14) хаттамалармен ресімделген және  жоспарланып отырған қызметтің  экологиялық аспектілерін қоғамдық  талқылау нәтижелері жөніндегі  қорытындыларды қамтитын қоғамдық  пікірді есепке алу жөніндегі  материалдарды;

15) қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу кезіндегі кез келген қиыншылықтарды және ақпараттың жетіспеушілігін көрсетуді;

16) қоршаған ортаға әсерге жүргізілген  бағалау нәтижелері жөніндегі  негізгі қорытындыларды қамтиды.

2. Жоспарланып отырған қызметтің  тапсырыс берушісі (бастамашысы) қоршаған ортаға әсерге жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылатын қызметтің экологиялық зардаптары туралы мәлімдеме әзірлеп, табыс етеді, ол осы қызметті іске асыруға болатыны туралы шешім әзірлеуге негіз болады.

3. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың  әрбір кезеңіндегі құжаттама  мазмұнының толымдылығы қоршаған  ортаға әсерді бағалауды жүргізу  жөніндегі нұсқаулықпен айқындалады.  

Қоршаған ортаға әсерге бағалау  жүргізудi әдістемелік қамтамасыз ету

1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау  қоршаған ортаны қорғау саласындағы  уәкілетті орган бекітетін қоршаған  ортаға әсерді бағалауды жүргізу  жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік  құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы  уәкілетті орган өз құзыреті шегінде тиісті жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсерді бағалауды әзірлеу процесінде қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 

Трансшекаралық әсері бар объектілердің қоршаған ортаға әсерін бағалау ерекшеліктерi

Трансшекаралық әсері бар объектілердің  қоршаған ортаға әсерін бағалау ерекшеліктері  Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.  

Қолданыстағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау ерекшеліктерi

1. Егер объектіні жобалау процесінде  қоршаған ортаға әсерді бағалау  жүргізілмеген не табиғат пайдалану  жағдайлары жобада көзделген  жағдайлардан айтарлықтай өзгеше  болған жағдайда, қолданыстағы объектілер  үшін мұндай бағалау жүргізілуге тиіс.

2. Қолданыстағы объектіге бастапқы  жобада көзделмеген реконструкция  жүргізілген кезде оның қоршаған  ортаға әсерін бағалау жекелеген  материалдар түрінде немесе объект  бойынша тұтас алғанда қоршаған  ортаға әсерді бағалау материалдарына өзгерістер енгізу түрінде жүзеге асырады.

3. Қолданыстағы объектінің қоршаған  ортаға әсерін осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес  бағалау қажет болғанда, мұндай  бағалау экологиялық рұқсат алуға  өтінім берілгенге дейін орындалуға  тиіс.

Өзін-өзі тексеру  тапсырмалары:

1.  Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың кезеңдерi?

2.  Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу тәртібi қандай ?

Әдебиеттер тізімі:

1. Буторина М.В., Воробьув П.В.  Инженерная экология и экологический  менеджмент. М: Логос, 2003

2.Галаневич А.Г. Оценка воздействия на окружающую среду и экологическая экспертиза. Экологическая экспертиза.  М. 1999

3.Гончарук Е.И., Сидоренко Г.И.  Гигиеническое  нормирование  химических веществ в почве.  М., 1986

4.Донченко В.К. , Питулько В.М., Растоскуев В.В. и др Экологческая экспертиза  М.: Издательский центр «Академия», 2004

5.Чегасов Г.С. ОГЭЭ. Экологическая  экспериза и ОВОС.-1996.-№ 1

6.Шестаков А:с: экологический  аудит; Вопросы теории и практики  № Экологическая экспериза, №1  М.,1999

 

Лекция 9 Мемлекеттік экологиялық сараптама

Мақсаты: Студенттерді мемлекеттік экологиялық сараптама негіздерімен таныстыру

Жоспары:

1.Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері, субъектілері,  принциптері, түрлері,  жариялылығы

2.Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізетін органдар, жүргізу тәртібі, мерзімі, қорытындысы

Лекцияның қысқаша мазмұны.    Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.      Экологиялық сараптама: 
      1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметтi iске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал терiс зардаптарын айқындау және шектеу;  
      2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерiнiң балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесiнде үшiншi тараптарға залал келтiрудi болдырмау мақсатында жүргiзiледi. 

Мемлекеттiк  экологиялық сараптама oбъектiлерi      

1. Мiндеттi мемлекеттiк экологиялық  сараптамаға мыналар жатады:  
      1) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет жобалары және оларға iлеспе, осы Кодекстiң 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсердi бағалау материалдары; 
      2) табиғат пайдалану мәселелерiне қатысты жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттаманың барлық түрлерi, болжамдардың, экологиялық және өзге де бағдарламалардың жобалары, мемлекеттiк органдар мен ұйымдар қызметi негiзгi бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттiк инвестициялық бағдарламалар, шарттар, келiсiмшарттар, оның iшiнде меншiк және жекешелендiру нысандарын өзгертуге қатыстылары;  
      3) қолданыстағы oбъектiлер үшiн қоршаған ортаға әсердi бағалау материалдарымен қоса реконструкциялау жобалары;  
      4) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары;  
      5) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобалары, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары; 
      6) кәсiпорындарды, объектiлер мен кешендердi, ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға, салуға, реконструкциялауға, дамытуға, техникалық қайта жарақтауға, қайта бейiмдеуге, жоюға арналған техникалық-экономикалық негiздемелер (есептер) және жобалар,  жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi ресурстарын өндiру мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер; 
      7) аумақтарды ұйымдастыру схемаларының жобалары;  
      8) қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметтi жүргiзудiң айрықша режимiндегi аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;  
      9) осы аумақтарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық зiлзала аймағы немесе төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық мәртебесiн берудi негiздейтiн, аумақтар учаскелерiн кешендi экологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ осы аумақтарды оңалту бағдарламалары; 
      10) көршiлес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн көршiлес мемлекеттермен ортақ табиғи ресурстарды пайдалану қажет болатын немесе көршiлес мемлекеттердiң халықаралық шарттарда белгiленген мүдделерiн  қозғайтын шаруашылық және өзге де қызмет жобалары; 
      11) жаңа техникаға, технологияларға, материалдар мен заттарға, соның iшiнде шетелден сатып алынатындарына қойылатын экологиялық талаптарды негiздейтiн құжаттама; 
      12) табиғи ресурстарды пайдалануға және (немесе) алуға рұқсаттар (лицензиялар) берудi негiздейтiн құжаттама. 
      2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiлерi мынадай жағдайларда:  
      1) экологиялық сараптама объектiсi бұрын жүргiзiлген мемлекеттiк экологиялық сараптама ескертпелерi бойынша жетiлдiрiлген; 
      2) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейiн жобалау және өзге де құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлген жағдайда; 
      3) сот шешiмiнiң негiзiнде, қайтадан мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өтедi.  
      3. Мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiлерi осы Кодекстiң 40-бабында келтiрiлген объектiлердiң сыныпталуына сәйкес I, ІІ, III, IV санаттарға бөлiнедi.  
      I санатқа орталық мемлекеттiк органдар әзiрлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары да, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 6-9) және 11) тармақшаларында аталған объектiлер жатқызылады.  
      II санатқа жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобалары, өңiрлiк жоспарлар мен бағдарламалардың жобалары, облыстық және аудандық маңызы бар аумақтарда құрылыс салудың бас жоспарларының жобалары да жатады. 

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы  жүзеге     асыратын органдар     

1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады. 
      2. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы I санат объектiлерiне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган, II және III санат объектiлерiне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдары, IV санат объектiлерiне жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзеді.

Мемлекеттiк экологиялық  сараптаманы жүргiзу  тәртiбi      

1. Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға құжаттаманы: 
      1) белгiленiп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтiң тапсырыс берушiсi (инвестор);  
      2) мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзiрлеудi жүргiзетiн мемлекеттiк органның басшысы табыс етедi.  
      2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.      

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмдерi      

1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы  жүргiзу мерзiмi мемлекеттiк экологиялық  сараптаманы жүзеге асыратын  органдарға алдын ала сараптамадан  өткен қажеттi барлық құжаттама  берiлген кезден бастап үш айдан  аспауға тиiс. 
      2. Алдын ала сараптамадан өткiзу мерзiмi құжаттаманың мемлекеттiк экологиялық сараптамаға келiп түскен күнiнен бастап екi аптадан аспауға тиiс. Табыс етiлген құжаттама толық болмаған жағдайда ол табыс еткен тұлғаға қайтарылуға жатады.        

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы      

1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың  қорытындысы оны жүргiзу нәтижелерi  бойынша берiледi. 
      2. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы экологиялық сараптама объектiсiн iске асыру жөнiнде шешiм қабылдауға болатындығы мен мүмкiндiгi туралы тұжырымдарды қамтиды. 
      3. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы болған кезде тапсырысшы сараптамаға ұсынылған материалдарды сараптамалық қорытындының ұсыныстары мен ескертпелерiне сәйкес пысықтауды қамтамасыз етуге және ол белгiлеген мерзiмде барлық материалдарды қайтадан экологиялық сараптамаға табыс етуге не белгiленiп отырған қызметiнен бас тартуға мiндеттi. 
      4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мiндеттi болатын шаруашылық және өзге де қызмет жобаларын мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз банктердiң және өзге де қаржы ұйымдарының қаржыландыруына және iске асыруына тыйым салынады. 
      5. Мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысына Қазақстан Республикасының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттiк экологиялық сарапшысы не өз құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органның сараптама бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды. 
      6. Жобалық құжаттамаға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берiлген күнiнен бастап бес жыл iшiнде қолданыста болады.

Информация о работе Лекции по "Экологии"