Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 10:14, дипломная работа
Түйіндей айтқанда, бүгінгі саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы қоғамдық өмірдің қарқынды дамуы, мемлекеттік тілдің қалыптасуы тіл кеңістігіне, әсіресе термин саласына күрделі мәселелер әкеліп отыр.
Кіріспе.........................................................................................................3
I тарау.Қаржы терминологиясының жүйесі.............................................5
1.1 Қаржы терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы..............5
1.2 Қазақ тілінің лексикалық жүйесіндегі қаржы терминдері..................8
II тарау. Қаржы терминдерін аударудың ерекшеліктері............................11
2.1 Басқа тілден енген қаржы терминдері...................................................12
2.2 Қаржы терминдерінінің жасалу жолдары........................................... 15
2.3 Қаржы терминдерін аудару тәсілдері.....................................................22
Қорытынды....................................................................................................32
Қосымша........................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................44
The goldsmith in the table has a 100% reserve ratio. The reserve ratio is the ratio of reserves to deposits. Once he has made his loan, he has a 90% deposit ratio. This is a small risk with a small profit. How much dare he lend out in order to make a profit through his interest charges? What are the risks involved? Suppose the goldsmith took too much of a risk. He lent 80% of the gold he had. This panicked people. They doubted he could pay them all back, he was bound to lose some of the gold he had lent, so they rushed to get their gold back before it was too late. That was what we would now call a run on the bank, a financial panic. And the financial panic leads to exactly what people fear: the bank cannot pay them, goes bankrupt, and they go bankrupt as well.
Жоғарыда берілген шағын мәтінді аудару үшін біз тағы да бірнеше тәсілдерді қолданамыз. Мұндағы The reserve ratio терминін сөзбе-сөз-резервтік қатынас, норма деп аударуымыз біршама қате болар еді. Бұл сөз тіркесін тағы да транслитерация тәсілі арқылы –ратио-резервтік норма деген тіркескен терминді аламыз; to make a profit through his interest charges- пайыздарды төлеу арқасында пайда табу деп аударамыз. Мұнда тағы да мәтінге, контекске көңіл аударуымыз тиіс; a run on the bank- с.с: банкке жүгіру- банкке қысым көрсету; the financial panic- қаржылық дағдырыс не паника. goes bankrupt- банкротқа ұшырау. Жалпы мәтінді аударсақ:
Кесте бойынша зергерде 100% резервтік норма бар. Резервтік норма дегеніміз- резервтерден депозиттерге дейінгі нормалар. Егер ол заем берсе, онда ол 90% депозиттік нормаға ие болады. Бұл аздап қауіпті және пайдасы да аз. Ол пайыздрады төлеу арқасында пайда алу үшін қанша ақшаны қарызға беруге дайын? Ол немен тәуекел етеді? Зергер өте үлкен тәуекелге бас тігеді. Ол өзіндегі 80 % алтынды қарызға береді. Бұл адамдардың үрейін тудырады. Олар оның ақшаларын түгел қайтара алатындығына күмәнданды, ол міндетті түрде заемға берген алтынның бір бөлігін жоғалтар еді, сондықтан тым кеш болмағанша олар өз алтындарын қайтарып алуға асықты. Бұл қазіргі кезде атайтын салымшылардың банкке қысымы, не қаржылық байбалам болды. Және бұл қаржылық байбалам, адамдардың үрейін тудыратын, банктың банкроттығына әкеліп ұшырады.
Жалпы аудармашы аудармада транскрипцияны қолданғанда, онда әрқашан транслитерация элементтері болатынына көңіл бөлгені жөн. Айтылғанның бәрін қорытындылай келе, аударма кезінде транскрипцияны қолданғанда, транслитерация элементтері мына белгілері бойынша анықталады деп айтуға болады.
Калькалау тәсілі аударылмайтын және аударылатын терминдердің арасындағы сөздерге қолданылады. Калькалаудың "аударылмайтыны" сөздің ішкі формасының сақталуында байқалады (салыстырыңыз: аудармасыз беру кезіндегі сыртқы формасының өзгеріссіз қалуы).
Калькалау сөзбе-сөз аударма жасау түріне ұқсас болып келеді. Бүтін сөз баламасы оның құрамдас бөліктерінің қосындысы нәтижесінде алынады. Осыдан шығатыны калькалау тәсіліне тек күрделі сөздер ғана ұшырайды. Мысалы, multicurrency сөзі екі multi және currency сөздерінен құрылады. Екеуі де жеке тұрған кезде "көп" деген мағынаны (көптік мағынасын білдіретін жұрнақ) және “валюта” сөзін білдіріп, біріккен кезде "көпвалюттік" (мысалы, несие) деген мағынаны білдіреді; немесе interbank (market) = inter- ("арасы")+ bank ("банкттік")- "банкаралық (сауда)".
Калькалау тәсілінің көмегімен оңай және
қарапайым аударма жасауға болады және
де бұл оның артықшылығы болып табылады.
Алайда калька-баламалары дәлме-дәлдіктен
"зардап шегеді", мәселен, терминологияның
қысқалығы мен потенциалдығы газет-журналдар,
ғылыми-қоғамдық еңбектер үшін "азық"
болып келеді. /44; 11/
Суреттемелі
баламалар калькаланбайтын
Фбт Фат Фбт Фат
Суреттемелі аударма әртүрлі тәсілдермен іске асады. Екі тәсілін қарастырайық:
1. "Open outcry" қаржы терминін аударған кезде калькалау тәсілі арқылы "ащық айқай" деп, сөзбе-сөздіктен қорықпай аударуға болар еді. Өйткені бағаны тағайындау кезінде, ұсыныс пен сұраныс кезінде сыбайластарды анықтау үшін жылдам шешім қабылдап, у-шу ішінде өз ұсынысыңды айтуға үлгіруің керек. Алайда аударманың мұндай тәсілін қолдану қолайсыз. Мәселен, сөздің бар мағынасы берілмейді. Бұл жерде суреттемелі аударманы қолдану орынды болады. Бұл терминнің нақты мағынасын шет тілдік түсіндірмелі сөздіктерден табуға болады. Мысалы open outcry терминінің мағынасы The Oxford Dictionary for the Business World (1993) сөздігінде былай берілген: “a meeting of commodity brokers with dealers in order to form a transaction. Traders usu. form a ring around the person shouting out bids and offers”, ал аудармасы мынандай болмақ: сатушы мен сатып алушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, биржалық сату тәсілі.
Қарастырылған мысалда қолданылған суреттемелі аударманың тәсілін түсіндірмелі аударма деп атаймыз. Өйткені баламада аударылып жатқан сөздің мағынасы түсіндіріледі. Түсіндірмелі аударма сөзді талқылау тәсіліне жақын болады, алайда ол тек аударма және де ол тек нақты мәтіндерде ғана қолдану үшін жарамды. Алайда түсіндірмелі аударманың кемшілігі - көп сөздің қолдануы.
Аудару үстінде неғұрлым көп кездесетін жайт - түпнұсқа мәтін сөйлеміндегі сөздер мен сөз тіркестерінің орын тәртібінің аударма тексте өзгеріске ұшырауы.
order interval – " тапсырыс циклі" (салалас тапсырыстар арасындағы арақашықтық), managed floating rate– " өзгертпелі қозғалмалы курс".
transition country – "ауыспалы экономикасы бар мемлекет" (мағынаны тарылту; сөзбе-сөз:-"ауысулар мемлекеті");
industrial country – "өнеркәсібі дамыған мемлекет" (мағынаны тарылту; сөзбе-сөз-"өндірістік мемлекет")
exchange rate – "айырбастау курсы" (сөзбе-сөз – "айырбастау деңгейі").
Басқа сөзбен айтқанда, суреттемелі аударманың мәні-ағылшын сөзінің мағынасын түсіндірме арқылы беру. Бұл тәсіл сөздікте сөздің мағынасын түсіндіру үшін және нақты мәтін ішіндегі терминді аудару үшін қолданылады.
Жоғарыда қаржы және нарықтық экономикаға байланысты мәтіндерді дұрыс аударудың тәсілдері көрсетілген еді. Алайда аудару барысында берілген бірнеше тәсілдердің ішінен дұрыс, орынды тәсілін таңдау қиындық туғызады. Мәселен, бір сөз калькалау жолымен аударылса, екінші сөз бұл тәсілмен аударуға келмейді, транскрипция не транслитерация тәсілдерін қолданамыз. Сондықтан аудару тәсілдерін практика жүзінде қолданып, қаржы саласындағы терминологиясы бар мәтіндерді аударамыз.
Мәтіндер қаржы саласына байланысты экономикалық терминдерге негізделген. Оларды аудару барысында бірнеше тәсілдерді қолдануға тура келеді. Кейде, бір терминді аудару үшін оған бірнеше тәсілді қолдануға тура келеді. Оларды аудармастан бұрын олардың анықтамасын біліп алып, содан кейін ғана калька, түсіндіру және т.б. жолдармен аударма жасаймыз. Әрине мәтінді терминологиялық сөздіксіз аудару мүмкін емес. Ондағы сөздерді қарапайым жолмен сөзбе-сөз аударсақ, қаржы маманы түгіл, жай адам оның мағынасын түсінбес еді. Сондықтан көбінесе терминологиялық, түсіндірме және анықтама сөздіктермен жұмыс істеуге тура келді. Мысалы, " An IOU money is a medium of exchange based on the debt of a private firm or individual. A bank deposit is IOU money because it is a debt of the bank. When you have a bank deposit the bank owes you money. You can write a cheque to yourself or a third party and the bank is obliged to pay whenever the cheque is presented. Bank deposits are a medium of exchange because they are generally accepted as payment." Бұл абзацты сөздік арқылы қарапайым аударма жасауға болатын ед, алайда оның құрамында түсініксіз бірнеше термин бар: An IOU money, A bank deposit. Егер де екінші сөз тіркесін оңай "депозит" сөзін транслитерациялау арқылы "банк депозиттері" деп аударсақ, бірінші сөз тіркесі біршама қиындық туғызады. An IOU money сөз тіркесін біз сөзбе-сөз аудара алмаймыз. Мәселен, біріншіден, аббревиатураның мағынасы түсініксіз, екіншіден, оны аудармастан бұрын, осы терминологияның мағынасын білу қажет. Сондықтан, біз аудару барысында екі тәсілді қолданамыз: Аббревиатураның толық сөздерін ашып алу, оның мағынасын түсіндіру. Яғни, IOU- I owe you – деп ашылса, оны біз "мен сізге қарызбын" деп аударамыз да, оның қаржы тіліндегі мағынасын ашамыз: ақша-қарыздық міндеткерлік. Ал сөйлем контекстке байланысты толығымен былай аударылатын еді: "Борышты міндеттемелер" дегеніміз жеке фирмалардың қарыздарына негізделген айналым тәсілі. Банк депозиттері - борышты міндеттемелер, өйткені бұл банктың қарызы. Егер сізде банкіде депозит болса, банк сізге ақша қарыз. Сіз өзіңізге немесе үшінші жаққа чек жаза аласыз, және де банк чек қай жерде көрсетілсе де төлеуге міндетті. Банк депозиттері – айналым құралы, өйткені олар жалпы төлем тәсілі ретінде қолданылады.
Әрине, аударма жасау барысында бұл мәтіндердегі терминдерді аудару біршама қиындықтарды туғызды. Оларды сөзбе-сөз аудара салу- жаман аудармашының белгісі. Although the crucial feature of money is its acceptance as the means of payment оr medium of exchange, money has other functions. It serves as a standard of-value, a unit of account, a store of value and ft a standard of deferred payment. Осы абзацты сөзбе-сөз аударып көрейік:
«Ақшаның негізгі міндеті тек қана төлеу мағынасында немесе айырбастау ортасы ретінде ғана қолдану емес, оның басқа да міндеттері бар. Ол құндылықтың стандарты, есептің бірлігі және баяу төлеу қызметін атқарады.» Әрине, сөздердің барлығының аудармасы бар. Алайда оларды қосып оқығанда, түсініксіз мәтін шығады. Мәселен, терминдердің болуы. Тағы да біз терминологиялық сөздікке жүгініп, дұрыс аударма жасаймыз: «Ақша- тек төлем немесе айналым құралы ғана емес, оның басқа да атқаратын қызметтері бар. Ол құндылық өлшемі, есеп бірлігі және қарызды өтеу құралы қызметін атқарады.» /2; 11/
Яғни, аударма кезінде тек сөздіктермен ғана емес, сонымен қатар қаржы саласына байланысты көптеген оқулықтар мен анықтамалық сөздіктермен жұмыс істеуге тура келді. Жалпы, ағылшын, қазақ тіліндегі қаржы, экономика саласына байланысты терминологияда ортақ сөздер көп екендігін сөздіктер дәлелдейді. Өйткені сәл айырмашылықтар болғанымен, әр елдің қаржы, экономика жүйесі ұқсас, соған сәйкес оның терминологиясы да ортақ.
Ал мына төменде берілген аудармалардан сіз ағылшын тілінен қазақ тіліне аударма жасағандағы терминдердің өзгеруін, және де, ең бастысы, транслитерация мен транскрипция тәсілдері негізінде қолднылып тұрғанына көзіңіз жетеді.
1)A financial intermediary is an institution that specializes in bringing lenders and borrowers together.
Қаржылық делдалдар дегеніміз заем берушілер мен қарыз алушыларды бірге жинайтын мекемелер. (с.с. A financial intermediary- Қаржылық делдалдар)
2) In prisoner-of-war camps, cigarettes served as money. In the 19th century money was mainly gold and silver coins. These are examples of commodity money, ordinary goods with industrial uses (gold) and consumption uses (cigarettes), which also serve as a medium of exchange.
Әскери тұтқындар үшін лагерьлерде шылым ақша ретінде қолданылды. 19 ғ. алтын және күміс тиындар көбінесе ақша қызметін атқарған. Бұлар ақша-тауардың (с.с. commodity money- тауар ақша) мысалдары, өнеркәсіптік (алтын) мен тұтынушылық (шылым) қажеттіліктері бар қарапайым тауарлар да айналым құралы ретінде қолданылды.
3) The fourth item, securities, shows bank purchases of interest-bearing hug-term financial assets. These can be government bonds or industrial shares. Although these assets are traded daily on the stock exchange, so in principle these securities can be cashed in any time the bank wishes, their price fluctuates from day to day. Banks cannot be certain how much they will get when they sell out. Hence financial investment in securities is also illiquid.
Төртінші пункт, құнды қағаздар, банкінің пайыздық пайда әкелетін ұзақ мерзімді қаржылық активтерді сатып алуын көрсетеді. Бұлар мемлекеттік облигациялар немесе өнеркәсіптік акциялар болуы мүмкін.Сонымен қатар, бұл активтер күн сайын қор биржасында сатылады, сондықтан, жалпы, бұл құнды қағаздар банк қалауы бойынша әруақытта ақшаға ауыстырылуы мүмкін, олардың бағасы күннен күнге өзгеріп отырады. Банк ешқашанда бұл құнды қағаздары үшін нақты қанша алатынын білмейді. Сондықтан, құнды қағаздардағы қаржылық инвестиция да өтімділік.
4) The basis for the accounting process is the accounting equation. It shows the relationship among the firm's assets, liabilities, and owner's equity.
Assets are the items of value that a firm owns —'cash, inventories, land, equipment, buildings, patents, and the like.
Liabilities are the firm's debts and obligations — what it owes to others.
Owner's equity is the difference between a firm's assets and its liabilities — what would be left over for the firm's owners if its assets were used to pay off its liabilities.
Есеп беру процессінің негізі-бухгалтерлік теңдестірілгендік (дебет және несие). Бұл фирманың активтері мен пассивтерінің жеке акционерлік капитал арасындағы қатынасты көрсетеді.
Активтер- фирма иелігіндегі материалдық құндылықтар-ақша, құрал-саймандар, жер, жабдық, үйлер, патент және т.с.с.
Пассивтер- фирманың міндеттемелері мен қарыздары- басқа беруге міндетті нәрселер.
Жеке акционерлік капитал – фирма активтері мен пассивтерінің арасындағы айырмашылық-фирма иегері берешектерден құтылу үшін активтерін қолданған жағдай.
5) A clearing system is a set of arrangements in which debts between banks are settled by adding up all the transactions in a given period and paying only the net amounts needed to balance inter-bank accounts.
Клиринг жүйесі дегеніміз- банктер арсындағы қарыздар берілген мерзім ішіндегі барлық мәмілелер арқылы іске асатын іс-шаралар жиынтығы және тек таза сомманы төлеу банкаралық шоттарды тұрақтылықта сақтау үшін ғана қажет.