Қаржы терминдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 10:14, дипломная работа

Краткое описание

Түйіндей айтқанда, бүгінгі саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы қоғамдық өмірдің қарқынды дамуы, мемлекеттік тілдің қалыптасуы тіл кеңістігіне, әсіресе термин саласына күрделі мәселелер әкеліп отыр.

Оглавление

Кіріспе.........................................................................................................3
I тарау.Қаржы терминологиясының жүйесі.............................................5
1.1 Қаржы терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы..............5
1.2 Қазақ тілінің лексикалық жүйесіндегі қаржы терминдері..................8
II тарау. Қаржы терминдерін аударудың ерекшеліктері............................11
2.1 Басқа тілден енген қаржы терминдері...................................................12
2.2 Қаржы терминдерінінің жасалу жолдары........................................... 15
2.3 Қаржы терминдерін аудару тәсілдері.....................................................22
Қорытынды....................................................................................................32
Қосымша........................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................44

Файлы: 1 файл

Каржы терминдері.doc

— 361.00 Кб (Скачать)

     Л.Гилберт  аудама ісінде, сөзқұру тәсілінің  өнімділігі ретінде неологизмдер жіктеуін түбегейлі ұсынды. 

     Ол  сөзқұру тәсілі бойынша  неологизмнің  мына топтарын бөлуді ұсынады:

     1.  Жеке дыбыстардан немесе дыбыстардың өзіндік конфигурациясынан құрылатын, фонологиялық неологизм. Аударма ісінің мұндай  жаңашылдығында , жасандылық байқалады.  Дыбыстардың мұндай үйлесімділігі, грек немесе латын тілдерінің морфемімен сыйысады.

     Мұндай  сөздердің мысалы,  соңғы онжылдықта жасалған талшықтар полимері сөздері  болады: polysterol, nylon, ets. Немесе, физика, химия, оптикада және т.б.өолданылып жүрген терминдер.

       Polychromatic – көптүсті.

     Monochromatic – біртүсті.

     Мұндай  неологизмдер, фонологиялық неологизм  деп аталады.

     Бұл  топқа одағайда  туындаған сөздер кіреді.

     zizz  (қысқа түс) – ұйықтап жатқанда шығатын дыбыс имитациясы;

     to buzz  (телефон соғу) – телефон тетігінің жұмысының дыбыс иммитацИЯсы.

     Көріп тұрғанымыздай, керіодағайлық неологизмнің негізі – дыбыстардың және дыбысқа  еліктеудің имплекациясы. 

     Сонымен қатар, осы топқа жаңаодағай түрлері  шартты түрде кіреді:

     Comparatively – салыстырмалы.

     Rational –рационалды.

     Skill [skil]n – 1) практикалық тәжірибе, 2)істей білу

     To ensure [in ] v –қамтамасыз ету.

       Supplier [sәplaiә]n – жабдықтаушы.

     To embrace [imbreis]v - қамту

     Ауысып  алу, бұл топтың неологизмі, күияі неологизмге жатады.  Олардың жалпы тенденциясы болып, ағылшын тіліне ұқсамайтын  фонетикалық дистрибуция жатады.  Оларда салдар болмайды, олар ағылшын тіліне  жанаспайтын морфологиялық бөліну.

     1. Шындығында ауысып алу.  Бұл аударма ісінің бұлағының – негізгі тілі – француз тілі. Ауысып алу өсуінің жаңа тенденциясы, ол  африка және азия елдері тілдері,  әсіресе жапон тілдерінен ауысып алудың өсуі болып табылады.  Бұл  категориядағы  сөзтіркестер  мәдениет аумағында  көбінесе кездеседі:

       To appear -Пайда болу

     Predetermine – алдын ала білу.

     Perform - орындау

     Күнделікті  тұрмыс:

     petit dejeuner – азғантай таңғы ас.

     ryokan – риокан (дәстүрлі жапон стиліедегі қонақ үиі).

     Ғылым және техника және т.б.

     2. Бұл топқа тағылық тәсіл жатады – олар азғана жаңашылдықпен ерекшеленетін, мысалы: dolue vita ,  perestroika, glasnost ағылшын тілі бірлігіндегі ықпалсыздар немесе әлсіз ықпалды.

     3. Үшінші топқа – ксенизм жатады.  Бұлар шындықты,  елдің тұрмыс ерекшелігін, тілдің өзіне тән емес неологизмдер, мысалы:

     Maximum – максималды.

     Measure-өлшеу, категория.

     Ксенизм, барлық ауысып алынған сөздердің  14% құрайды және тағылықтан гөрі жаңа сөздер  көп.

     4.  Төртінші топты – кәлкі құрайды (басқа тілдің үлгісінен сөз жасау).   Соңғы 25 жылда,  ағылшын тілінде кәлкінің мөлшері бірден азайып кетті. Аударма ісінде жаңа сөзтіркестер пайда болды.  Заботкина қалданылып жүрген сөзтіркес кәлкісінің үш түрін көрсетті:

     Dialogue jf the death ( фр.тілінің dialogue des sourds )  – сөзталқы, мұнда қатысушылар бір–бірінің дәлеліне назар аудармайды.

     Gliding time (  неміс сөзінен glietzeit) – жылжымалы график;

     Photonovel (исп.тілінен Photonovela) – фотороман, роман, фотосуреттерден тұратындиалог қоспасы бар комикс стилінде.

     II . Тілдік жүйедегі үлгілерден, және осы жүйедегі морфемнен құралған морфологиялық неологизм.  Мұнда бірнеше топты мысалға алады:

  1. Аффиксалдық нелогизм. Аффиксалды бірлік, Кэнонның мәліметтері бойынша барлық жаңа құралған сөздердің 24% құрайды, және болар болмас дәрежеде күрделі сөздерге жол береді.  Жаңа сөздер құруда қолданылып жүрген аффикстердің саны, және олардың дистрибуциясы қазіргі уақытта өте бай әрі әртүрлі. Жаңа сөздер құрудағы, соңғы 25 жылда 103 жұрнақ, 127 осымша (префикс) және жартылай қосымшалар қолданылады. Әрине, жаңа аффикстер мен жартылай аффикстердің көмегімен құрылған бірліктер, жаңа сөздерде аздаған ғана  мөлшерде болады.  Олар көп емес: -on, -ase, -nik, mansship, eco-, mini-, maxi-, mega-, cine-, - oholic, -gate, -natcher, dtal-a-, flexi-, apses-.

     2.  Қосымша сөз.  Соңғы онжылда қосымша сөз ролі айтарлықтай өсті. Ал, моделдің мөлшері, сол күйінде қалды. Анағұрлым кең тараған модельдер: N + N ->N   немесе  A+N->N, болып табылады. Мысалы:

      High – rise – көпқабатты үй.

     Cloth – cap – жұмысшы.

     Ratflink – сатқын.

     Hard – line – ымырасыз көзқарас.

     Meet-төлеу.

     Сөздердің көлемі көбеюде, оның бірінші компоненті – өзіндік аты.  

     Reaganomics– рейганомика, Рейганның саясаты, оның  басқару стилін ұстану. Келесі модель жоғары дәрежелі өнімділіктің иесі болып табылады.

     Part II  + А

     Laid – back - әлсірегендік.

     Ағылшын, қазақ тілдеріндегі экономикалық терминдерді  аударуда, компонентті комбинациялық құрылымның  тенденциясы күшейді. 500 дей бірлік (Заботкинаның мәліметі бойынша күрделі сөздің 12%) үш компоненттен тұрады:

     Middle – of- the –read – орташа,

     Head – to –head – қоян–қолтық күресу,

     Easy – to –use – жайлы, қолданыста жеңіл,

     Do –it –yourself - өзің жаса.

     Бұлар  дәстүрлі моделдер. Бірақ, қазіргі кезде  ағылшын тілінде сөзқұрудың жаңа моделдері пайда болды, бұлар  олардың ішіндегі ең өнімділері:

     Abbr+N->N, мысалы:

     Cats 22 – a directive that is impossible to obey violating somebody, or some other, egually important  – 22 амал  Дж.Хеллердің «Cats 22»   – атты  сатиралық романы шыққаннан кейін, тіл ғылымында пайда болған жаңақұрудыңкең қолданылуы.

     Экономикалық  мәтіндерді  аударудағы көпмағыналық пен көпнұсқалық, ағылшын, қазақ тілдеріндегі терминдерді аударуды зерттеулерде, соңғы практикалық тәжірибелерден қолданылды. Мысалдар көтерілген мәселені дәлелдеумен қатар, аудармашы ісінде қолдануға, аудармашыға көмек ретінде пайдалануға болатындай ашып көрсетілді.  

      

     Қазіргі кезде  аударма негізі өзіндік  ғылыми жұмыс ретінде, сонымен бірге аудармалық практика, мәдениет аралық коммуникация теориясына,  анғұрлым кең, ғаламдық  пәнге айналуда. Аударма ісі сөйлеу ісінің ерекше түрі ретінде, мәдениет аралық коммуникацияның жалпай қабылдаудағы  құрал және негізгілерінің бірі болып табылады. Аударма ісінің маңызды шындықтарының бірі,  әрбір нақты мәтінге байланысты баламатік мәселелердің шешімі  болып табылады. Осылай тұжырымдаманың формальды сәйкестігі келесідей  тұжырымдалады: вербалды түсінуге болатынның бәрі беріледі.  Аударылмайтын және қиын аударылатын элемнттер, өзгертіледі, және мәтіннің ешқандай аударуға келмейтін элементтері ғана қалдырылады. Нормативті-мағыналы сәйкестік тұжырымдамасының авторлары, аудармашы екі талапқа сүйене жұмыс істеулері керек :  мәтіннің маңызды элементтерінің мағынасын беру және аудару тілінің нормаларын сақтаулары керек  дегенді айтады. Бұл жағдайда баламатілік,  ақпаратты берудің толықтығы және  аудару тілінің нормаларының  тең қатынасы.  Экономика  терминдерін ағылшын, қазақ тілдеріне толққанды аударма тұжырымдамасының  авторлары, аударма мен мәтінді дәл аударып айтып беру , аударманың тіптен  түрлі типтері деп есепдейді.  Олар,  аударма  кезінде  мәтіннің мазмұн мағынасын нақты беруге тырысу керек,  және ақпаратты беру  процесі мәтін түпнұсқасындағы  жолмен берілуіне жетуге ұмтылулары керек.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       I  тарау Қаржы терминологиясының жүйесі

1.1 Қаржы терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы

          Университет қабырғасындағы шет тілдері факультетінде оқитын студенттерден  қаржы саласына байланысты лексиканың аудармасын жасауларын сұрағандығымызды айтқан болатынбыз. Нәтижесінде олардың жартысынан көбі жиі  қолданылатын сөздердің дұрыс аудармасын нақты білетін болып шықты. 

          Ағылшын тіліндегі "market" (сұраныс, сауда, базар)сөзінен шыққан "маркетинг" сөзінің дәл анықтамасын- "өнімді шығару мен сату жүйесі" деп, тек 58 адам нақты анықтамасын бере алды. Ал "риэлтор" сөзінің дәл анықтамасын "жылжымайтын мүлікпен айналысатын мекеме немесе арнайы адам" деп 78 адам жауап берді. Сонымен, біз келесі қорытынды жасай аламыз: жоғарыда көрсетілген терминдерді біз қазақ әдеби тіліне енген дей аламыз. Мәселен, сауалнама кезінде адамдардың 60 %-ы  қаржы саласындағы сөздердің дәл анықтамасын бере алды.

         Қаржы саласындағы өзгерістер нәтижесінде ондағы сөздердің анықтамасы да өзгерді. Мысалы, латын тілінен шыққан "банк" ("banco")  сөзінің капитализм және социализм кезіндегі банкінің  рөлі көрсетілмеген. Ал «маркетинг»  сөзі Н.К.Мамыровтың  "Словарь банковских и финансово-экономических терминов" атты    сөздігінде "ірі капиталистік ұйымдармен іске асатын сауданы танудағы іс-шаралар жүйесі" ретінде емес, "тауарды шығару және өндіруді басқару" деп анықтама берілген. /3; 54/ Ағылшын тілінен шыққан "management" сөзіне: "АҚШ-та және басқа да капиталистік мемлекеттерде қолданылатын өндірісті басқару" деудің орнына, қазіргі сөздіктерде "менеджмент-өндірісті басқарудың әдіс- тәсілдер жиынтығы " деп берілген.

      Қазіргі таңда Б.М.Ахметжанованың  «Ағылшын-қазақша экономикалық-қаржы атауларының сөздігіне»  1000-нан астам қаржы-экономикалық термин енген. /2; 15/ Бұл терминология бірнеше салаларға бөлінеді.

    Экономика-қаржы саласында жиі қолданылатын (экономика, қаржы түріне тәуелсіз) лексикалық бірліктерді атап көрсетуге болады. Олар негізгі жалпыэкономикалық түсініктерді, типтерді білдіреді: өндіріс- manufacture, ақша айналымы- stock turnover, капитал -funds of bank, өндіріс күштері- producer, сұраныс, ұсыныс- demand and supply, тауар-, ұлттық кіріс- national income, экспорт- export, импорт- import және т.б. /2; 13/

    Кеңес Одағы кезінде семантикалық құрылымы нейтралды қаржы терминдерінің  көбісі атрибуттар немесе  капиталистік қаржының реалиі ретінде қолданылды: инфляция, индексация, картель, концерн, биржа, банкир және т.б.

    Инфляция (inflation) - іс жүзіндегі тауарды ұсынудың айналымдағы қағаз ақшалардың көлемімен салыстырғандағы аса артықшылығы; капиталистік мемлекеттердегі әртүрлі себептерге байланысты бағалардың көтерілуі. Инфляция еңбек етушілердің өмір сүру деңгейін төмендетеді. /5, 25/

    Банкир  –banker (негізі латын сөзінен шыққан)-капиталистік мемлекеттердегі ірі акционер немесе банк иесі;

      Маклер (stock)broker - бұл сөз орыс және қазақ тілінде бір сөзбен айтылады. Ал ағылшын тілінде бұл "(stock)broker" яғни, "сауда кезінде, белгілі бір шешім қабылдаған кездегі ортақтас адамды айтады."

      Кеңес Одағы кезінде маклер сөзі бұрыс іспен,  қара бизнес түрімен айналысатын, яғни, пәтерлерді айырбастаумен айналысатын адамды атаған. Ал қазір ағылшын тіліндегі "(stock)broker" сөзінен шыққан  орыс, қазақ тілдеріндегі "брокер" сөзі- биржадаға ортақтас адамды атайды.

    Кеңес Одағы кезіндегі көптеген қаржы терминдері қазіргі күндерге жаңа аттармен қайта оралып жатыр. Мысалы, ағылшын тілінен шыққан "credit", кредит немесе қазіргі таңда ол "несие" деп қолданып отырған, сөз бұрынғыда несие-жинақтауыш серіктестіктер деген атпен белгілі болатын.

    Сонымен қазақ тілінің қаржы терминологиясына кіретін сөздердің ішіндегі ең үлкен тобы –басқа тілден енген  терминдер (көбінесе, ағылшын тілінен). Мәселен, мұндай терминдердің пайда болуы шет мемлекеттерімен тікелей қарым-қатынастың қарқынды дамуының көрсеткіші болмақ. /6,41/

    Бүгінгі таңда  біз бұл терминдерді күн сайын естіп отырамыз. Олар газет, журнал беттерінде, радио, теледидарларда, жарнамаларда кездеседі. Мысалы: менеджмент - management, маркетинг - marketing, консалтинг- consulting "дәлме-дәл аудармасы: кеңес беру - to consult", дилинг, инжиниринг- ағылшын тілінің engineer – инженер деген сөзінен шыққан, холдинг- holding company, яғни to hold - ұстау деген сөзінен шыққан, лизинг- leasing, клиринг - clearing, яғни to clear - тазарту деген сөзінен шыққан,  селинг - ағл. To sell - сату, демпинг - dumping, ағл., to dump - керек емес қоқыстан арылу, қоқыс; франчайзинг – franchise - дауыс беру құқығы; трансферт- transfer, офф-шор -offshore manufacturing, яғни, offshore- теңіз жағасы; аудит, реституция, дилер, дистрибьютор, риэлтер, спонсор, чартер, фьючерс, лот, дивиденттер, эмиссия, ипотека, ноу-хау, тендер, депозитарий және т.б. Осы сөздерге бірнеше мысал келтірейік:"Қарыздар, өндірісті тоқтату, жаппай жұмыссыздықпен қорқыту, банкротқа ұшырау-осының барлығы Қазақстан экономикасына қауіп төндіріп тұр. Ал, бұл "сауда ауруынан" қалай арылуға болады? Оның бір емі бар ма? Бар екен. Оны шет елінің «менеджмент» сөзімен "емдеуге"  болады.  Оның көмегімен тұрып қалған өндіріс аяғына тұрып, пайда әкеле бастайды. "  Бұл "Business woman" журналынан алынған үзінді. Яғни, көріп отырғанымыздай қаржы терминологиясы  елімізде Кеңес Одағынан бастап дамып келе жатыр. Оған қоса, шет елдерімен тығыз қарым-қатынас нәтижесінде жаңа шет елден енген терминология пайда болды. 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қаржы терминдері