Қаржы терминдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 10:14, дипломная работа

Краткое описание

Түйіндей айтқанда, бүгінгі саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы қоғамдық өмірдің қарқынды дамуы, мемлекеттік тілдің қалыптасуы тіл кеңістігіне, әсіресе термин саласына күрделі мәселелер әкеліп отыр.

Оглавление

Кіріспе.........................................................................................................3
I тарау.Қаржы терминологиясының жүйесі.............................................5
1.1 Қаржы терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы..............5
1.2 Қазақ тілінің лексикалық жүйесіндегі қаржы терминдері..................8
II тарау. Қаржы терминдерін аударудың ерекшеліктері............................11
2.1 Басқа тілден енген қаржы терминдері...................................................12
2.2 Қаржы терминдерінінің жасалу жолдары........................................... 15
2.3 Қаржы терминдерін аудару тәсілдері.....................................................22
Қорытынды....................................................................................................32
Қосымша........................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................44

Файлы: 1 файл

Каржы терминдері.doc

— 361.00 Кб (Скачать)

    Әрине, аудармашы ең алғаш терминді кездестірген кезде оның дәл мағынасын, аудармасын  білмейді. Сондықтан терминнің мағынасын контекске сай табуға тура келеді. Жазбаша аударма кезінде контекст ақпаратқа толы болады. Аударма процесі  көбінесе екі кезеңге бөлінеді:

  1. терминнің контекстегі мағынасын түсіндіру;
  2. Аударма тілінің көмегімен сөздің мағынасын беру

 Терминді  аудару кезінде ең басты бірінші  кезеңге аса көңіл бөлу керек.  Ал, екінші кезең бұл тек - АТ-ға  сәйкес аудару тәсілдерін  қолдану болып табылады.

      Жалпы контексті екі түрге бөлеміз: тар көлемдегі контекст (микроконтекст) және кең көлемдегі контекст (макроконтекст). Шағын контекст - берілген сөйлемнен тыс шықпайтын лингвистикалық бірліктер; кең контекст - берілген сөйлемнен тыс шығатын,  көршілес сөйлемдермен байланысатын тілдік бірліктер жиынтығы. Кең контекстің шекараларын бөліп көрсету мүмкін емес, ол сөйлемдер, абзацтар, бөлімдер топтарының контексі, тіпті толық мәтіннің өзі контекст болуы мүмкін. Аударма кезінде макроконтекске аса көңіл бөлген жөн, өйткені дәл соның ішінде аудармашыға "көмек" табылады. Ал шағын контекстерді екіге бөлуге болады: синтаксистік және лексикалық. Синтаксистік контекст - берілген сөз, сөз тіркесі немесе  құрмалас сөйлем қолданылатын синтаксистік құрылым.

             Лексикалық контекст - берілген бірлік айналасындағы лексикалық бірліктер, сөздер және тұрақты сөз тіркестерінің жиынтығы. Аудармашы сөздің қай сөз табына жататынын анықтау үшін  синтаксистік контексті еске алған жөн, ал мағынасын түсіндіруде лексикалық контекст маңызды. 

             Жаңа терминдер көбінесе бастапқы тілде бар сөздердің негізінде туады. Бұл сөздерге сараптама жасау сөздің мағынасын анықтауда аудармашыға өз пайдасын әкеледі. Ол үшін ағылшын тіліндегі сөздердің жасалу жолдарын анықтаған жөн: 
 

● бастапқы тілде бар сөзге тағы бір қосалқы мағына беру 

              Мысалы, ағылшын тіліндегі call сөзінің аудармасы "шақыру, телефон соғу" және т.б. Алайда қаржы саласының дамуы нәтижесінде бұл сөз тағы бір мағынаға ие болды. Сөздіктерде бұл сөзге "колл, колл опционы" деген  аударма беріледі (яғни, белгілі бір уақыт аралығында келіскен бағамен бағалы қағаздарды сатып алу құқығы), ал қаржы ісінде ол бұлай түсіндіріледі - "несиенің шарттары бұзылуының салдарынан банктің кәсіпкерге мерзімнен бұрын төлемақы жасауын талап ету".  Яғни, тіліміздегі сөздерді  қаржы мәтіндерінде кездессе, термин ретінде, онда олар қосалқы басқа бір мағынаға ие болады. 
 

          ● күрделі сөздер 

           Ағылшын тілндегі жаңа сөздердің пайда болуының ең көп тараған түрі сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі. Бұл тәсілдер ағылшын тілінде бұрыннан келе жатқан, ең қолайлы тәсіл.

            Көбінесе күрделі сөздер  омонимдес екі сөздің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы,  carryback-  "шығындарды ең ерте деген кезге ауыстыру", citiplus  "Ситибэнк" (АҚШ) банкінің клиенттеріне ұсынылатын  хиджерлеу  құралы" және т.б. Аудармашы үшін ағылшын тілінің лексико-грамматикалық сипаттамалары бірдей біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің айырмашылығын тауып, ажырату қиындық туғызады. Салыстырыңыз: closing bank  "бірнеше банк қосылып жасалған істі жабатын банк" closing bank  "жабылайын деп жатқан банк" т.б.

          Қазіргі таңда күрделі сөздер мен сөз тіркестерін ажырату үшін бірнеше критерийлер жасалған. Ағылшын мәтініндегі терминдерді аударған кезде орфографияға аса көңіл бөлген жөн. Мәселен, күрделі сөздің бірге не дефис арқылы жазылғаны, не сөз тіркесі сияқты тіркесіп жазылуын анықтау аса маңызды: 

dividend-right certificate - "дивидент алуға құқық беретін сертификат"

dear-money policy-"пайызды көтеру жолымен несие беруді шектеу"

dear-money policy- "клиенттің брокерге берілген  тапсырманы  міндетті түрде орындау бұйрығы " 

        Егер біріккен екі сөздің соңғы дыбысы мен алдыңғы дыбысы бірдей болса, онда оның біреуі түсіріледі:

net + etiquette = netiquette  "интернетте ақпаратты енгізу немесе қарым-қатынас жасаудың ережеден тыс тәсілі "

            Алайда бұл ереже болып табылмайды:

Some sections of the American press are upping the case still further by using an even more emotive term “cyberrape”, to describe the actions of Jake Baker, a 20-year-old American student. (The Independent, 1998).

"Кейбір  американдық басылымдар жиырма  жасар американдық студент Джейк  Бейкердің ісін "кибер-қорлау" деп, істі одан да қыздырып, эмоционалды бояуы көп сөзді қолданды."

       Алайда, айта кететін жайт, көптеген жағдайларда бір сөздің   жазылуын әртүрлі жолмен береді:  man-made "жасанды, адамның қолымен жасалған"

6 % - бөлек  жазылады, 82 %- дефис арқылы, 12% - бірге жазылады. /34; 46/

Аудармашы сөздің лексикалық мағынасын біле тұра,  күрделі сөздің құрамына кіретін сөздерге сараптама жасай отырып, барлық сөздің мағынасын ашып бере алады:

      Graphite bombing caused power lines destruction turning off life-supports in Belgrade hospitals (Fox News Direct, 1999). Көріп отырғанымыздай life-supports екі сөзден құралған life (“өмір”) и support (“жәрдемдесу”), яғни әңгіме көмек көрсету,не жәрдемдесу туралы болмақ. Ал, -s суффиксі оның  көпше түрдегі зат  екендігін көрсетеді. 

●  тілде бар сөздерге әртүрлі жұрнақ, жалғау қосу арқылы жаңа сөздер жасау 

          Аудармашы мұндай тәсілмен жасалған сөздердің мағынасын түсіну үшін,  ол ағылшын тілінің жұрнақ, жалғау түрлерімен  жақсы таныс болуы тиіс:

        Kiteflyer- "жасанды вексельді қолданушы, жасанды вексельмен ақша алушы" (салыстырыңыз: fly kites " инкассацияға дейін жасанды чекпен ақша алу ")

         Көбінесе мұндай тәсілді мерзімді басылымдарда біреуді мазақ қылу мақсатында қолданады:

      ...that they taste the same in Peking as they do in London or New York, and so it was that world burgernomics was born by McDonald’s. (The Independent, 1998).

      Мұнда мақала авторы оқырмандарға өзіндік заңдары мен құбылыстары бар,  басқа эконгомикалық заңдар тәріздес әр елде бірдей іске асырылатын тез тамақтану  “Макдональдс” өндірісінің дамуын күлкі ете: "...олар Пекинде қандай дәмде болса, Лондон мен Нью-Йоркте де сондай,  осылай “Макдональдс”  әлемдік гамбургерномиканы жасады" деп аударады. 
 

 
  • конверсия

    Конверсия дегеніміз сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуын атаймыз. Яғни, бір сөзді әртүрлі сөз табында қолдану. Алайда кейбір ғалымдардың ойынша,   (А.И. Смирницкий, В.Н. Ярцева) конверсия дегеніміз бастапқы сөзге омонимдес болып келетін, тек парадигмаларымен ғана ерекшеленетін сөздерді атайды. /42; 16/  Мысалы, қаржыдағы мына термин -to measure their value accurately – олардың құнын нақты өлшеу; Мұнда ағылшын тілінің measure сөзі (өлшем) етістік қызметін атқарып тұр. Немесе интернетте E-mail me/us to... деген сөздерді кездестіреміз. Әрине, әр адамға

E-mail сөзінің аудармасы белгілі (электрондық пошта). Ал ол бұл мәтінде былай аударылмақ: Мәліметті электрондық пошта арқылы мына мекен-жаймен жіберіңіздер...

         Мысалдардан көріп отырғанымыздай, сөйлемдердің құрамындағы сөздер контекстке сай бір сөз табынан екінші сөз табына ауысып, басқа бір мағынаға ие болады.  
 
 
 
 

  • басқа тілден енген сөздер

         Ағылшын тіліндегі сөздердің біразы да таза ағылшын тілінен шыққан емес. Олар көбінесе итальян, латын, француз тілдерінен шыққан сөздер болып табылады. Мысалы:

       Then his telefonino rang, or rather squeaked piercingly... It is impossible to get away from the wretched telefonino wherever you are in Italy. Of all the countries in Europe, only Britain has more mobile telephones. (The Independent, 1998)

         Содан оның мини-телефоны  шырылдады, тіпті шыңғырды деуге де болады. Италияның қай шетінде болмасаңыз да, сіз осы телефонинолардан құтыла алмайсыз. Барлық еуропалық елдердің ішінен ұялы телефондардың ең көбі - Ұлыбританияда.

         They doubted he could pay them all back, he was bound to lose some of the gold he had lent, so they rushed to get their gold back before it was too late. That was what we would now call a run on the bank (латын тілінің "үстел" сөзінен шыққан.), a financial panic.

           Олар оның бәрін қайтаратынына күмәнданды, ол міндетті түрде алтынның бір бөлімін жоғалтуы тиіс еді, сондықтан олар алтынды уақыт тым кеш болмағанға дейін қайтаруы тиіс. Бұны біз қазір салымшылардың банкқа деген қысымы, қаржылық паника деп атаймыз.

Сөйлемдерді аудару барысында олардың құрамында  тек ағылшын тілінен басқа  да,  өзге тілден енген сөздер бар  екендігіне көзіміз жетті.

  

 
  •   кері деривация

           Кері деривация дегеніміз зат есімдерден жалғау, жұрнақтарды алып,  жаңа етістіктер жасау. Мысалы, transaction- екі жақ арсындағы келісім-шарт; бұдан to transact- келісімге келу, бір шешім қабылдау; Немесе televise- теледидардан  көрсету сөзі, television- теледидар сөзінен шыққан.

         Ағылшын тілінде көбінесе кері деривация процессі кезінде зат есімдерге "to" предлогының қойылуы нәтижесінде зат есім етістікке айналады. 
 
 

 
  • бірігу

         Бірігу -  екі түбірдің бірігуі нәтижесінде жаңа сөздің пайда болады:

forex reserve (forex = foreign + exchange) – "шет елдік валютадағы резервтер";

impex transactions (impex = import + export) – "экспорт-импорттық іс-шаралар".

        Мысалдардан көріп отырғанымыздай, ағылшын тіліндегі сөздердің көбісі  бірігу нәтижесінде жасалған және де екі сыңар   мағыналас болып келеді. 
 
 

 
  • аббревиатура

             Мұндай қысқартудың ішіндегі ең кең тараған түрі -  екі не үш сөздің қысқарып, бірігуі, мысалы, B-unit (Barclays currency unit) ""Барклейз бэнк интернешнл" банкінің халықаралық ақша бірлігі", Fed Wire  -"федералды резервтік банкілердің (АҚШ) электрондық байланыс жүйесі".

Ағылшын тілінде аббревиатураны қолдану  кең таралған. Олар көбінесе жалқы есімдердің негізінде жасалған. /16; 12/ 
 
 
 
 

                        

                           2.3 Қаржы терминдерін аудару тәсілдері

          Ағылшын тілдерінен енген қаржы терминологиясын аудару үшін келесі тәсілдер қолданылады: 

транскрипция, транслитерация

           Бұл - терминді аударудың баламасы болмайтын, мүлде аударылмайтын терминдерді аудару тәсілі. Шет тілден аударма тіліне аударған кезде терминдер дыбыстық (транскрипция) және графикалық (транслитерация) өзгеріске ұшырау нәтижесінде  жаңа аударма пайда болады. Алайда оларды мүлде аударылмайтын деу қате болады. Мәселен, шет елден кірген сөздерді қолдану аударма жасаудың алғышарттары болып табылады. Мұндай тәсіл - ең көне және тілдік жүйеде ең кең тараған түрі. Алайда бүгінгі таңда, мұндай тәсілді қолдану кезінде  көптеген шектеуліктер кездеседі (тілдік саясат, стилистикалық нормалар, әртүрлі әлеуметтік-лингвистикалық ұжымдардың дәстүрлері т.с.с.).

         Ал транслитерация кезінде ағылшын тілінің сөзі қазақ әріптерімен беріледі, мысалы: put- "пут" (опцион), Nikkei -"Никкей" (Токия қор биржасындағы бағалы қағаздар курсының индексі) және т.б. Аудармашылар транслитерация тәсілін XIX ғ. соңына дейін қолданып келген. Ол үшін аудармашыға ағылшын сөзінің аудармасын білу қажет болмады, тек оны көзбен ғана есте сақтау арқылы аударған. /38; 45/

         Бүгінгі таңда аударма ісінің тәжірибесінде ең көп қолданыстағысы- транскрипция арқылы аударма жасау. Яғни, сөздің орфографиялық қалпын емес, оның фонетикалық қалпын беру. Ағылшын және қазақ тілдерінің фонетикалық жүйелерінің айырмашылығы салдарынан, сөзді аударудың мұндай тәсілі тек шартты түрде ағылшын дыбысына жуық дыбысты береді. Жұмыстың қосымша бөлімінде  қазақ әріптерінің ағылшын дыбыстарына  кейбір сәйкестіктер берілген.

         Мәтіндерді аудару барысында транслитерация тәсілі  өте көп қолданылатындығы жоғарыда аталып өткен еді. Мәселен, In the UK, the commercial banking system comprises about 600 registered banks, the National Girobank operating through post offices, and a dozen trustee saving banks. Бұл сөйлемдегі National Girobank жалқы есімін аудару барысында транслитерация тәсілін қолданамыз. Яғни, Ұлыбританиядағы коммерциялық банк жүйесі 600-ден аса тіркелген банкілерді құрайды: пошта арқылы жұмыс атқаратын Ұлттық жиробанк және бірнеше сенімгерлік жинақтаушы  банкілер. Бұл аудармадан көрітініміз, ағылшын тіліндегі жалқы есім қазақ тілінің әріптерімен жазылып берілген.

Информация о работе Қаржы терминдері