Қаржы терминдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 10:14, дипломная работа

Краткое описание

Түйіндей айтқанда, бүгінгі саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы қоғамдық өмірдің қарқынды дамуы, мемлекеттік тілдің қалыптасуы тіл кеңістігіне, әсіресе термин саласына күрделі мәселелер әкеліп отыр.

Оглавление

Кіріспе.........................................................................................................3
I тарау.Қаржы терминологиясының жүйесі.............................................5
1.1 Қаржы терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы..............5
1.2 Қазақ тілінің лексикалық жүйесіндегі қаржы терминдері..................8
II тарау. Қаржы терминдерін аударудың ерекшеліктері............................11
2.1 Басқа тілден енген қаржы терминдері...................................................12
2.2 Қаржы терминдерінінің жасалу жолдары........................................... 15
2.3 Қаржы терминдерін аудару тәсілдері.....................................................22
Қорытынды....................................................................................................32
Қосымша........................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................44

Файлы: 1 файл

Каржы терминдері.doc

— 361.00 Кб (Скачать)

    1.2 Қазақ тілінің лексикалық жүйесіндегі қаржы терминдері

    Тілдің  лексикалық қоры - тілдік жүйенің құрамдас бөлігі. XXғ.аяғы  мен XXIғ. басында елдің қаржы және экономика саласындағы өзгерістер нәтижесі қазақ тілінің сөздік қорына үлкен әсерін  тигізді. Сөздік құрамы көбейе бастады. Мәселен, ел ішінде үлкен экономикалық өзгерістер болып жатты және де бұл лексиканың толығуына  өз үлесін қосты. Терминология грамматика және морфология, лексика жағынан да өзгеріп отырды: сөздердің мағынасының өзгеруі, қайта қарастыру, жаңа семантиканың пайда болуы, сөздердің стилистикалық өзгерістері - бұлардың барлығы жаңа сөздердің тууымен қатар, қазақ тілінің сөз қорын байытқан еді. Бұл терминология қазіргі таңдағы қаржы саласын көрсететін бірден-бір көрсеткіші болып табылады.

    Нарықты қоғам мүддесінде сауда мен ақша жүйелерін қоса қамтыған экономикалық атаулар басымдығы айқын білінуде.

    Сонымен лексикадан социализм кезіндегі көптеген қаржы, экономикалық сөздері шығып кетті. Мысалы, колхоз, совхоз, еңбек кооперациясы, соцжарыс, жоспардан аса және т.б. Ал  қазір бұрынғы сөздер өзгертіліп, қайтадан қоданысқа еніп жатыр: капитализм, кәсіпкер, бизнес, акция, өнеркәсіп, сауда, тауар және т.б./17,11/ 
         Алайда қоғамның  идеялық және материалдық айырмашылықтары нәтижесінде бір термин әр топ үшін әртүрлі анықталады. Бұған себеп - қоғамның әлеуметтік жағдайына байланысты бөлінуі. Кәсіпкерлер үшін –бизнес, кәсіп, акция сөздері жағымды естілсе, ал экономикалық дағдарыстан зардап шеккендер үшін бұл бұрыс, жағымсыз болып көрінеді. Олар - өздерінің әлеуметтік қорғанысын жоғалтқан адамдар тобы. Мысалы, кәсіпкерлер, бизнесмендер жекешелендіруді жақтаса, қарапайым халық оған жаңа жағымсыз ат береді: нью-ұрылар; яғни қаржы саласында жай қарапайым халықтың өзі тағы да шет тілінің сөзін қолданады. Осыдан жаңа фразеология пайда болады: қара бизнес, жаңа кәсіпкерлер, минималды төлемақы көлемі және т.б. Жаңа сөздер көбінесе шет тілі сөздерінің қосарлануы, бірігуі, сөз тіркесі ретінде жасалады.

          Қазақ тілі терминологиясын жаңаша бағдарлау, реттеу және ілгері  дамыту тұжырымдамасының принциптері туралы пікірлерді Ш.Құрманбайұлының    "Қазақ лексикасының терминденуі" атты еңбегінен табамыз:

      -Қаржы  саласындағы  терминдер мен  атауларды жаңадан жасауда,                                                                    өзгертуде, ауыстыруда ең алдымен қақаз тілінің  төл және бұрыннан қалыптасқан байырғы  лексикалық байлығын  сарқа пайдалану;

    -Тіліміз үшін қажет, бірақ  дәл баламасы жоқ, аударуға келе бермейтін интернационалдық терминдер мен атауларды қазақ  тілінің фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне  икемдеп қабылдау;

    - Шет тілдеріне, орыс тілінен енетін терминдік атауларды мүмкін болғанынша қазақшаға аударып қолдану, немесе аударуға келмейтіндерін  бұрынғыдай сол қалпында емес, қазақ тілінің фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау;

    -Терминдер  мен атаулар қазақ тілінің  өз негізінде алғашқы әріптері  мен буындары бойынша ( жекелей де, сөз араластырып та) шет тілден енген термин-атаулардың үлгісімен қысқартылып пайдалануды заңдастыру;

    Жалпы,  қаржы саласындағы терминологияны қазақ тіліне аудару барысында мынандай қателіктер қалды:

    1. тіліміздегі сөз тудырушы жұрнақтар терминжасам барысында  орнымен жұмсалмайды;
    2. түрлі лексикалық қабаттарға жататын сөздер термин шығармашылығында ұтымды пайдаланылмайды;
    3. Аудару барысында сөз мағынасын түсініп, ұғымның мазмұны  мен көлемін ажырата білмеуден туындайтын кемшіліктер;
    4. бір ғана терминнің түрліше аталуы;

                Қаржы саласындағы терминдерді бірізге түсіру, жүйелеу сияқты мәселелер мамандардың тарапанынан сөз болып жүр. Айталық, С.Тоқсанбай экономикалық терминдердің қазіргі сипатын кәсіби тұрғыдан қарастырды.

        Қазақ тілінде қаржы саласы бойынша қолданылатын  тілдік терминдердің, ұғымдардың кейбір айырмашылықтарын, өзіне тән ерекшеліктерін сипаттайтын деректерге жүгініп көрейік. Ағылшын тіліндегі «market» сөзі орысша «рынок», ал қазақша «нарық». Алайда нарық сөзі рынок ұғымының баламасы ретінде қолданысқа  түскен алғашқы кезде қоғам ойында  сенімсіздік болды. Өйткені нарық сөзінің  білдіретін мағынасы «баға». Оның білу үшін «Үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады» дейтін мақалды еске алсақ та жеткілікті. Дегенмен термин қалыптастырудың бір қыры оны халық санасына, танымына тез сіңіру. Қазіргі кезде «нарық» сөзінің алғашқы мәні ескеріп, ол «рынок» терминінің толыққанды баламасы ретінде қалыптасып кетті. Мысалы: нарықтық экономика, ( нарық экономикасы), нарықтық қатынас; нарықтық инфрақұрылым және т.б. 

    Қазақ тілінің лексикасына шет тіліндегі  терминдер көптеп еніп жатыр. Алайда олардың барлығы қолданыста бола бермейді. Егер де олардың жартысынан көбісін қолдансақ, қалғандары өз тіліміздегі баламасымен өзгертілетіндігі анық. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

             

Қазақ лексикасы терминденуінің кезеңдері.

Қамтитын  мерзімі Ерекшелігі Жалпы сипаты
I кезең

XIX ғасырдың  екінші жартысынан 1910 жылдарға дейін

Алғашқы қазақ  басылымдары мен кітаптардың  шығуына байланысты жекелеген сөздер терминдене бастады Ғылыми терминологияны қалыптастырудың алғышарттары жасалып жатты
II кезең

1910-1930 жылдар  аралығы

Қазақ тілі білім  беру, ғылым салаларында мүмкіндігінше  пайдаланылып, ұлт тілінде термин жасауға айрықша мән берілді. Бірнеше салалық  терминдер жүйесі жасалып, ұлттық ғылыми терминологияның негізі қаланды.
III кезең

1930-1990 жылдар  аралығы

Орыс тілі негізінде  совет халқына ортақ терминологиялық  қор құру мақсаты көзделеді.  Ғылыми терминология  орталық белгіленген принциптерге  сәйкес дамыды. Нәтижесінде –  терминологияның халықаралық сипаты барынша атты
IV кезең

1990 жылдардан  бергі мерзім

Қоғам өмірінде болған түбегейлі өзгерістерге байланысты ұлт тілінде термин жасау қажеттілігі  туындап, қазақ тілі термин шығармашылығында пайдаланыла бастады. Қазақ терминологиясының қалыптасуына ғылыми  талдау жасай отырып, алдағы уақытта оны жетілдіру мен дамытудың бағыт-бағдарын белгілеу жолындағы ізденістер жүргізілуде.
 
 

II тарау Қаржы терминдерін аударудың ерекшеліктері

    1. Басқа тілден енген қаржы терминдері

    Қазақ тіліндегі ең  маңызды да пайдалы процесстердің бірі - шет елден енген сөздерді қолдану. Бұл сөздер қаржы саласында белсенді қолданысқа енді. Мәселен, шет елдерден енген сөздердің нәтижесінде қаржы терминологиясын қолдану аясы да кеңейе бастады.

    Шет елден енген сөздер дегеніміз - қостілділік, яғни, екі халықтың территориялық қарым-қатынас нәтижесі. \15; 90\ Бұған мына іс-шаралар да кіреді: оқу, аудару, шет елдік ақпараттарға түсініктеме беру, халықаралық конференцияларға, конгресстерге қатысу. Сөздердің шет елден енуіне тағы бір себеп – қоғамның  шет елдік лексиканы қабылдауға бейімділігінің пайда болуы.

    Кеңес Одағының құлдырауы нәтижесінде  шет мемлекеттерімен тығыз  экономикалық қарым-қатынас орнады. Соның салдарынан жаңа қаржы терминологиясы пайда болды: бартер, ваучер, дилер, дистрибьютор, инвестор, клиринг, лизинг, фьючерс несиелері. Бұл Қазақстанның Батыстың экономика және қаржы жүйесіне бағытталған, қаржыгерлердің шет елдік терминологияға еліктеу салдарынан туған. Бұл терминдердің қоғамдағы өзектілігі нәтижесінде олар тек экономика және қаржы саласында ғана қолданылмай, радио, теледидарлардан да кездістіруге болады. Мысалы, бүгінгі таңда ұқсас 80-шы жылдары пайда болған "спонсор; қолдаушылар, көмек көрсетушілер" терминіне жаңа шет елдік сөздер пайда болып жатыр:

    меценат – импресарио – антрепренер –  продюсер.

    Ең  басында "спонсор" термині әртістердің шығармашылық істеріне, әншілерге, суретшілерге қаржылай көмек көрсетушілер, жәрдемдесушілер деген мағынада ғана қолданса, уақыт өте келе жалпы аясы кеңейіп, көмек көрсету деген мағынаға ие болды.

    Сонымен қатар  қаржы терминологиясына жататын сөздердің ішінде халық арасында жағымсыз "атаққа" ие болған сөздер де кездесіп қалады. Шет елден енген сөздерді қолдану,  тек қана қажетті болған емес, оларды қолдану өте мәртебелі де болды. Сондықтан терминология тек өз аясында ғана қалып қоймай, шегінен де шығып жатты. Мысалы, мына латын тілінен алынған терминдерді қолданудың қажеті жоқ, өйткені олардың лексикалық баламалары табылып жатады:

    конверсия (conversion-өзгеріс)- жаңа қалыпқа келу; өзгертпелі;

    стагнация   (stagnation-тұрып қалу, баяу даму)- тоқырау;

    консенсус   (consensus- келісу, бір  шешімге келу)- келісу;

    паблисити  (publicity- атақ, қоғамға  мәлім болу)- жарнама;

      Сонымен қатар шет елден енген терминдерді туған тілде бар сөздердің орнына да қолданады. Мысалы:  дүкендердің орнына  ағылшын тілінен шыққан "маркет" сөзі қолданылады: супермаркет, минимаркет. Шет елден енген сөздерді қолданудың басты себептері мынандай:

    а)    Қаржы, экономика саласында үақыт талабына сай пайда болған жаңа құбылыстар мен түсініктерге жаңа ат беру: инфляция, бизнес, жекешелендіру (приватизация-ағл.  private-жеке).

    ә) Түсініктерді мамандандыру қажеттілігі: маркетинг (сауда), менеджмент (басқару), аудит (тексеріс), лизинг (кіріс өлшемі бойынша қайта сатып алу шартымен  жалға беру).  

      Халықаралық қарым-қатынастарда ағылшын тілінің негізінде пайда болған мына  қаржы терминдері кең қолданысқа енді:

    Лэй-эвэй (барлық бағаны алдын-ала төлеуге  негізделген сату тәжірибесі), лэндинг (тауарды түсіруге арналған төлемақы), релл-овер(қайта жаңару).

    Шет тілдері терминдерін қолдану  көбінесе Батысқа еліктеуден туады. Мысалы, кеңсені-офис, кәсіпкерді-франчайза  деп атау.  
 

    Шет елдері сөздерінің көбісі қазақ тілінің лексикасына кіріп, оның грамматикасына бейім болып келеді. Олар тек грамматикалық жақтан өзгеріп қана қоймай, қазақ халқының  сөз қолданысына тез бейімделіп кетті. Мысалы, «ферма» сөзі "жеке немесе жалға алынған жердегі жеке немесе ауылшаруашылық мекеме" деген жаңа мағынаға ие болды. Бұдан осы кәсіппен айналысатын адам - "фермер" сөзі шықты.

    Келтірілген мысалдар қазақ тілінің лексикасы  шет елдерден енген сөздерге  қалай бай екендігін көрсетеді. Алайда бұл жерде шет елдері сөздерінің әр салаға бөлінгенін айта кеткен жөн. Мәселен, газет, журналдар қаржы және экономикалық терминдерге өте  бай.

    Терминдердің  қазақ тіліне енуіне үлесін қосқан ең басты-журналистер, қаржыгерлер, экономистер, саяси қайраткерлер.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.2 Қаржы терминдерінің жасалу жолдары

    Терминдерді аударудағы ең басты қиындық - терминнің мағынасын түсіндіру. Жалпы,  білікті аудармашы терминдердің мағынасын,  терминнің сөздің қай типіне жататынын білсе, онда ол төменде келтірілетін тәсілдерді қолдана отырып терминдерді оңай аудара алады. Егер термин арнайы  терминологиялық ағылшын-орыс не қазақ сөздіктерінде кездеспесе, онда, ағылшын-ағылшын түсініктеме сөздігінен іздеу керек. Көптеген сөздіктерде арнайы "жаңа сөздер"  (New Words Section) деген бөлім болады. Сонымен қатар ең соңғы шыққан сөздіктерді қолдану ең қолайлы тәсіл болмақ. Кейде терминдерді сөздіктердің ішіндегі сленгке арналған  бөлімінен де табуға болады. Аз көлемдегі сөздіктер өте тез жарық көреді, алайда олардың ықшамдылығынан,  аудармашы онда өзіне қажет сөздерді  таба алмай жатады.  Дегенмен сөздіктердің ішінен қажетті терминдерді түгел тауып алу мүмкін болмай жатады. Мәселен, лексикографтар сөздіктерге “окказионалдық” терминдерді (яғни автордан   белгілі бір мәтінге байланысты, туған жаңа термин,  не аударма)  енгізуден бас тартады. Мұндай сөздер көбінесе ұзақ қолданыста болмайды.

Информация о работе Қаржы терминдері