Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының қызметінталдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:40, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның тақырыбын «Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының қызметін талдау»қазіргі уақытта қай ел болмасын бағалы қағаздармен жұмыс істейді.
Курстық жұмысымды үш негізгі бөлімдерге бөліп қарастырдым.
Бірінші бөлімде, бағалы қағаздар нарығын қарастырдым, оның пайда болуын, маңызын, кәсіби қатысушыларын қарастырдым.
Екінші негізгі бөлімде Қазақстан Республикасына талдау жүргіздім, яғни бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылардың қызметіне талдау жасадым.

Оглавление

Кіріспе...............................................................................................................3 бет.

1. Бағалы қағаздарнарығының кәсіби қатысушылары
1.1.Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі, маңызы........................5 бет.
1.2.Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары...................7 бет.
1.3. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қызметінің заңнамалық негіздері........................................................................................8 бет
2.Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларның қызметіне талдау
2.1. Қазақстан Республикасының бағалы қағадар нарығының қалыптасуы және дамуы............................................................. ........12 бет
2.2. Бағалы қағаздар нарығының қазіргі уақыттағы жағдайын талдау
2.3. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысуышлардың қызметіне талдау
3. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін жетілдіру


Қорытынды.....................................................................................................30 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................32 бет.

Файлы: 1 файл

моя курсоваммя.doc

— 622.50 Кб (Скачать)
  • бағалы қағаздар нарығының қызмет ету механизмін зерттеу;
  • бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін себептерді анықтау;
  • бағалы қағаздар нарығының тиімді дамуына әсер ететін мемлекеттік әсер ету шараларын жүргізу.

Осыған орай, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығын, қажеттілігін байқауға болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік реттеу органдары республиканың даму сатысына қарай өзгерді.

Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттік реттеуді жүргізуіне байланысты. Бағалы қағаздар нарығын реттеудің құралдарын, әдістерін және бағыттарын таңдау нарыққа ғана емес, мемлекеттің бүкіл экономикалық жүйесіне әсер етеді. Бағалы қағаздар нарығын реттеу – бұл өкілетті қатысушылардың қызмет процесінде пайда болатын қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығын реттеу нарықтың барлық қатысушылары, ресурстары, қызметтері мен операциялары қамтылады. Реттеудің 2 негізгі үлгісі бар: мемлекеттік және өзін-өзі реттеу.

Қаржы нарығын мемлекеттік  реттеу тікелей және жанама түрде жүзеге асырылады. Тікелей мемлекеттік реттеуге келесілер жатады: нарық субъектілерінің қызметтеріне қатысты заңнамаларды шығару, нарық субъектілерін лицензиялау, инвесторларды қорғау шараларын жасау және т.б. жатады. Ал, жанама мемлекеттік реттеу мемлекеттің экономикалық тұтқалары және капиталдары арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тұтқалар мен капиталдарға салық, ақша саясаты, мемлекеттік сатып алулар, мемлекеттік меншік, сыртқы экономикалық байланыстар жатқызылады.

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы еліміздің егемендігін алғаннан басталды. ҚР-да бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді негізінен 4 кезеңге жіктейміз. Бұл жіктеу бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүргізетін және қадағалайтын органдарға байланысты.

1-ші суреттен көріп отырғанымыздай, қазіргі уақытта ҚР бағалы қағаздар нарығын реттеудің негізгі 4 мемлекеттік органдары бар. ҚР Қаржы министрлігінің бағалы қағаздар нарығындағы негізгі рөлі – бұл мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және мемлекеттегі қаржылық институттардың өтімділігін ұстап тұру. ҚР Ұлттық банк ЕДБ-дің актив бөлігіндегі өтімділікті сақтау арқылы өзінің бағалы қағаздарын шығару қызметін атқарады.

 

Сурет 1 – ҚР бағалы қағаздар нарығын  мемлекеттік реттеудің қазіргі  үлгісі

 Ескерту – автормен құрастырылған

 

Ал, Қаржылық қадағалау және АӨҚО қызметін реттеу Агенттіктері жоғарыдағы мемлекеттік  органдарға қарағанда кеш құрылуына  қарамастан, қаржы нарығындағы, соның  ішінде бағалы қағаздар нарығындағы  беделі төмен емес. Олардың ҚР-да бағалы қағаздар нарығындағы негізгі қызметтері – бұл қатысушылардың қызметтерін лицензиялау мен олардың қызметтерін тәртіпке келтіру, қаржылық құралдардың шығаруын ынталандыру мен олардың талаптарға сай келуін сақтау және бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық механизмнің арасындағы қатысушылардың қызметтерін үйлестіру.   

Бағалы қағаздардың даму үдерісі, қатысушылар саны бірқалыпты жағдайда дамыды. Осыған байланысты, бағалы қағаздар нарығының қалыптасу мен даму кезеңдерін негізінен нарықта реттеу жүргізетін органдарға байланыстыруын ұсынамыз.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың  өсім қарқыны 71,76%-ын 2006 жылы, 165%-ға 2007 жылы жоғарлануын және 2008 жылы 41,02% төмендеуін байқаймыз. МБҚ төмендеу немесе жоғарлау жағдайы мемлекеттің қаржы саясатының мазмұнына, республикалық бюджеттің ағымдық жағдайы және институттардың өтімділігін сақтау үшін жүргізілген саясатқа тәуелді.

МБҚ құрылымында ең үлкен  бөлігін ҚР Қаржы министрлігі  шығарған бағалы қағаздар алады. 2005 жылы және 2007 жылы олардың үлесі 38,73% және 31,8%-ы құраса, қалған екі жылда  МБҚ құрылымында қомақты бөлігін, яғни 2006 және есепті кезеңде 67,33%-ы және 73,37%-ы сипат алды.

ҚР Ұлттық банктің  ноттары мемлекеттің ақша-несие  саясатының құралы бола отырып, ЕДБ-дің  өтімді активтеріне жатқызылады. Сонымен  қатар, қор биржа мәмілесінде  пайда табудың ең қолайлы құралына жатқызады. Олардың үлесі 2005 жылы және 2007 жылы өскенін байқаймыз. Сәйкесінше, олардың үлесі 59,83%-ды және 67,82%-ды құрайды.

 

  

 

Сурет 2 – 2005-2008 жылдар аралығындағы МБҚ құрылымы

Ескерту – ҚҚА-нің есебі  негізінде жасалған

 

Мемлекеттік бағалы қағаздардың  құрылымы жағынан талдау жүргізсек, ҚР Қаржы министрлігі және Ұлттық банк шығарған бағалы қағаздардың арасындағы құрылымдық өзгерісті байқауға болады. 2005 жылдың 1-ші қаңтарына және 2007 жылдың 1-ші қаңтарына көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, осы мерзімді ҚР Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына қарағанда ҚР Ұлттық банктің ноттарының шығару көлемі жоғары. Яғни, ҚР Ұлттық банкі мемлекетте қымбат-ақша несие саясатын жүргізу мақсатында, өзінің ноттарын шығару белсенді жүргізгенін куәландырады. Алайда, 2005 және 2007 жылдың қорытындысы бойынша,  республикалық бюджет ресурстардың жеткіліксіздігі және жинақтаушы зейнетақы қорлардың өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Қаржы министрлігінің бағалы қағаздар көлемін жоғарлатқаны байқалады.

ҚР бағалы қағаздар нарығында  мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы  ғана емес, сонымен қатар корпоративтік  бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Оның көлемі мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы сияқты болмаса да, жыл сайын  біртіндеп дамуы байқалады. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығының акция нарығына тоқталайық.

 

 

 

Сурет 3 – Акция нарығының негізгі көрсеткіштері

Ескерту – ҚҚА-нің есебі негізінде  жасалған

 

Суретте акционерлік  қоғамдар санының және олардың акция  шығарылымының санының серпіні қарастырылған. Мұнда, жыл сайын акционерлік қоғамдардың жабылуы және олардың санының қысқарылуы байқалады. Тек, соңғы жылда акционерлік қоғамдар санының біршама өскенін байқаймыз.

Акция нарығынан басқа, корпоративтік бағалы қағаздарға облигациялар да жатады. ҚР-да акция нарығына қарағанда облигация шығарылымы аз көлемде шығарылады.

 

 

Сурет 4 – Акция және облигация шығарылымдарын салыстыру

Ескерту – ҚҚА-нің есебі негізінде  жасалған

 

Акцияға қарағанда облигация шығарылымы 5 есе төмен. Облигацияны шығару эмитентке акцияны шығаруға қарағанда тиімсіз. Оның себептеріне – облигацияның өтелуін, міндетті түрде сыйақыны төлеуін жатқызамыз.

  

 

Сурет 5 – Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын салыстыру

Ескерту – ҚҚА-нің есебі негізінде  жасалған

 

Бекітілген мерзімде эмиссиялық бағалы қағаздардың ішінен тек акция нарығы салыстырмалы түрде  дамыған деп айтуға болады. Олардың  даму үрдісі 7 есе сипат алады. Акцияларды шығару негізінен акционерлік қоғамдар тіркеу кезіндегі негізгі шарт екенін атап өтуге болады. Сонымен қатар, акция инвестицияның бір түрі – оның өтеуін қайтару немесе сыйақыны төлеу бойынша акционерлік қоғамда міндет туындамайды.

 

 

Сурет 6 – Қор биржаның ресми листингісіндегі шығарылымдар серпіні

Ескерту – ҚҚА-нің есебі негізінде  жасалған

 

Қор биржаның  листинг  «В» тобына қарағанда листинг  «А» тобындағы шығарылымдар жоғары екінін байқауға болады. Ең алдымен, бұл  эмитенттердің қаржылық тұрақтылығының жоғарлығын куәландырады. Сонымен қатар,  эмитент қор биржаға айналысына бағалы қағаздарды енгізу кезінде листинг «А» секторына енгізуіне атсалысады. Себебі, бұл эмитенттің беделіне әсер етеді. Сонымен қатар, бағалы қағаздардың сенімділігінің, бағалы қағаздардың нарықтық бағасының өсуіне әкеледі.

6-шы суреттен байқағанымыздай, листинг «А» тобындағы шығарылымдар саны листинг «В» қарағанда 3 есе артық. Сондай-ақ, листинг «А» тобында бағалы қағаздардың шығарылымы қарқынды өсуі байқалса, листинг «В» тобында бағалы қағаздардың шығарылымының өсуі онша байқалмайды.

KASE жалпы капиталдануы  ЖІӨ-нің қатынасы негізінде көрсеткішке  талдау жүргізу кезінде, осы  көрсеткіштің ең жоғарғы деңгеңі  2006 жылы байқалады. Алдыңғы жылдары  21,62% (01.01.2005) және 35,02% (01.01.2006) деңгейінде көрініс тапты. 2007 жылдың 1 қаңтар айында аталған көрсеткіш 87,06%-ын құраса, есепті жылы 64,94%-ы деңгейіне төмендеді.  2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «А» және «В» санаты бойынша ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша нарықта жалпы капиталдандыру тиісінше 8451466 млн. теңге және 375554 млн. теңге болды. Бұл ретте облигациялар бойынша капиталдандыру 36,12%-ға өсті, акциялар бойынша 5,11 есе өсті.  KASE жалпы капиталдандыру 2007 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша 8827020 млн. теңгені құрады, ол ЖІӨ-нің 101,17%-ын құрады. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осындай көрсеткіш 35,02% болды. Қор нарығының капиталдануының ұлғаюымен қатар, ЖІӨ-ге қор нарығын капиталдану көрсеткішінің өсуі де байқалды.

 

Сурет 7 – KASE жалпы капиталдануында  ЖІӨ-нің қатынасы

Ескерту – ҚҚА-нің есебі негізінде  жасалған

 

 

Есепті жылдың мәліметіне сәйкес, «А» және «В» санаты бойынша  ресми тізімге енгізілген мемлекеттік  емес бағалы қағаздар бойынша нарықты  капиталдандыру 8005664 млн. теңге және тиісінше 258732 млн. теңге болды. Сонымен қатар, облигациялар бойынша нарығын капиталдандыру 9,23 %-ға өсті, акциялар бойынша 9,93 %-ға кеміді.

Сурет 8 – Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құрайтын қатысушылардың даму  серпіні

Ескерту – ҚҚА-нің есебі негізінде  жасалған

 

2005-2008 жылдар аралығындағы  кәсіби қатысушылар санының серпінін 8-ші суреттен көруге болады. Кәсіби  қатысушылардың ішінен брокер-дилерлік  лицензияны алу сұранысы жоғары екенін атап өтуге болады. Оның даму серпіні жыл сайын өсуде. Бұған себеп ретінде – ҚР бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлар қаражаттарының көбеюі қарастырылады.

Қарастырылған кезеңдерде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімінің  жүйесін жүргізу ұйымдар  санының біршама төмендегенін көреміз. 2005-2006 жылдар аралығында тіркеушілердің саны – 18 болса, келесі жылдары серпіні төмендеп отыр – 2007 жылы 11%-ға, 2008 жылы (базистік жылмен салыстырғанда) 5% төмендеп отыр. Аталған қатысушылар санының төмендеуі уәкілетті органның талаптарына сай болмауы себеп болып отыр.

Листингтік компания, яғни өз бағалы қағаздарын ұйымдастырылған  нарыққа енгізетін ұйым, ұйымдастырылған  бағалы қағаздар нарығындағы бірнеше  қатысушылармен өзара байланысы  болады. Мұнда, листингтік компанияның ерікті шешімі емес, ал мемлекет бекіткен міндетті талаптарға сай болуы негізге алынады.

9-шы суреттен көріп отырғанымыздай, листингтік компания кем дегенде төрт қатысушымен өзара байланыста болуы шарт. Ал, әр қатысушыға қызмет көрсеткіні үшін сыйақы, алым төлеуі керек. Қорыта айтқанда, бағалы қағаздар нарығының листингтік компаниялар ұйымдастырылған нарықта төмен белсенділігінің негізгі факторы ретінде – біз қатысушылар санына байланысты қаржылық ресурстардың қымбаттығы, яғни бағалы қағаздар бойынша шығындардың жоғарлығын тұжырымдаймыз.

 

Сурет 9 – Листингтік компанияның ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қызмет етуде қатысушылармен өзара байланысы

Ескерту – Автормен құрастырылған

 

Осыған сәйкес, бағалы қағаздар эмитенттері, әсіресе листингтік компаниялардың өз бағалы қағаздарын ұйымдастырылған нарықтың айналысында тіркеу мәселесі бойынша ұсыныс қарастырамыз. Бастапқы кезеңде бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізетін ұйымдардың пайда болуына мемлекет септігін тигізді. Себебі, 1997 жылдың заңнамасына сәйкес, акционерлер саны 500 ден жоғары акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу тек тәуелсіз тіркеушімен жүргізілуі бекітілді. Кейіннен, 2001 жылы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңына сәйкес, барлық акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу уәкілетті органнан лицензиясы бар ұйым ғана қызмет атқаруға құқығын анықтады. Сөйтіп, акционерлік қоғамдарды эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару кезінде тіркеушімен өзара келісім-шарт жасасуға міндеттеді.

Осы бағытты жүзеге асыру  мақсатында, листингтік компания үшін жеңілдік ретінде – бағалы қағаздар ұстау тізімін жүргізуді өздеріне беру құқығын анықтаймыз. Бұл фактор бағалы қағаздары ұйымдасқан нарықта  айналысы жоқ эмитенттерге қарағанда бәсекелестік артықшылық береді. Аталған шартты жүзеге асыру үшін келесідей қадамдарды қарастырамыз.

Сурет 10 – Бағалы қағаздар ұстау тізімін жүргізу жүйесін  жетілдірудің қадамдары

Ескерту – автормен құрастырылған

 

ҚР қаржылық саясат бір-біріне байланысты 2 элементтен тұрады – бұл  стратегия мен тактика. Осыған сәйкес, бағалы қағаздардың заңнамасында өзгертулер мен толықтырулар енгізген кезде, олардың  бір-бірінен шығуы сипат алуы қажет.

Сондықтан да, бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүргізу кезінде келесідей қағидаларға сүйенуін ұсынамыз.

- заңнаманы шығару мен оған толықтыру жүргізу кезінде құқықтық негіздің басыңқы дәрежесіне сүйенуі;

- заңнаманы шығару мен оған толықтыру жүргізу кезінде құқықтық негіздің бір-біріне үйлестіруі және бірігей бағыттарды ұстануы;

- бағалы қағаздар нарығындағы стратегия мен тактиканы анықтау кезінде нақты қажеттіліктерді және мүмкіндіктерді  ескеруі;

- бағалы қағаздар нарығының қатысушылар тізімін бекітуде, тек техникалық талаптарды ғана емес, сондай-ақ тиімділік факторын ескеруі.

Бірінші қағидаға сәйкес, бағалы қағаздар нарығы дербес сектор ғана емес, сонымен қатар қаржы  нарығының және экономикалық жүйенің  элементі екені есте сақтау қажет. Яғни, экономика немесе экономикалық жүйенің басқа секторларына бағытталған заңнамалардың өзгерісі міндетті түрде бағалы қағаздар нарығына әсер етеді. Сондықтан да, ҚР заңдарына толықтырулар мен өзгертулер енгізу барысында одан жоғары мәртебесі бар құжаттардың мазмұнын ескеру керек. Бұл жағдайда, бағалы қағаздар нарығы және бағалы қағаздар нарығының қатынастарын реттейтін заңнамаларды, стратегияларды дайындайтын мемлекеттік органдардың өзара байланысын жетілдіру керек деп тұжырымдаймыз.

Екінші қағида бірінші  қағидаға сүйенеді. Бағалы қағаздар туралы, олардың қатысушылары туралы жағдайлар әр түрлі заңнамада сипат алады. Ал, ҚР Президентінің Жолдауында халықтың инвестициялық біліктілігін жоғарлату негізгі міндеттердің бірі ретінде бекітілген. Бірақ, реттеуші заңнамалар мазмұнының әр түрлі сипат алуы, бағалы қағаздар түсінігін ашуға кері әсерін тигізеді. Осыған сәйкес, ҚР Азаматтық кодексіне, «ҚР бағалы қағаздар нарығы туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңдарына толықтырулар мен өзгертулер енгізу керек.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының қызметінталдау