К а п и т а л мен р е з е р в т е р

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 17:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы – шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыны, талаптарға сай жүргізіледі.

Файлы: 1 файл

Капитал мен резервтер Курсовой Туран.doc

— 333.50 Кб (Скачать)

    Кәсіпорынның  негізгі құраддарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалағаннан алынатын сомаларына:

    Д-т:    "Негізгі құралдар";

    "Материалды  құндылықтар"; "Инвестициялар" және тағы да басқа шоттардың тиістісі,

    К-т: "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал"; "Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал"; "Басқа да қосымша төленбеген капитал" шоттарының   тиістілері   түріндегі   бухгалтерлік   жазу жазылады.

    Сонымен қатар:

    -    негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде өскен тозу сомасына:

    Д-т:   "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал" шоты, К-т:  "Негізгі құралдардың тозуы" шоты түрінде;

    -    негізгі құралдардың пайдаланылуына қарай олардың  қосымша  бағаланған  сомалары  және  ессптен шығарылған негізгі қорлардың пайдаланылған мерзімі ішінде бөлінбеген табысқа апарылмай қалған қосымша бағасының сомасына:

    Д-т: "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал" шоты,

    К-т: "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоты түрінде;

    -    негізгі құралдардың бұрынғы қайта бағалау кезіндегі   анықталған   қосымша   құны   шегінде   келесі   қайта бағалау кезіндегі оның қүнының азаю сомасына:

    Д-т:   "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал" шоты, К-т:   "Негізгі   қүралдар"   шоты   түрінде   бухгалтерлік жазулар жазылады.

    "Инвестицияларды  қайта бағалағаннан алынған қосымша  төленбеген капитал" шоты бойынша  шаруашылық субъектінің бухгалтерлік  есебінде:

    -    қаржылық   инвестицияларды   бұрынғы   қосымша бағалағанда алынған  сомасы  шегінде  инвестициялардың кейінгі кездегі құнының төмендеу сомасына:

    Д-т:  "Инвестицияларды қайта бағалағаннан –алынған қосымша төленбеген капитал" шоты, К-т:  "Қаржылық инвестициялар" шоты түрінде;

    -    қабылданған есеп саясатына қарай  есептен шығарылған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бұрынғы қосымша бағаланған сомасына:

    Д-т: "Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал" шоты,

    К-т:   "Бөлінбеген  табыс   (жабылмаған   зиян)"   немесе "Құнды   қағаздарды   сатудан   алынатын   табыс шоттарының тиістілері түрінде жазулар жазылады. (Қосымша 1)

    Кәсіпорынның  жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

    Ол  акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің  қаражаттарының, материалдық емес активтердің  және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) катысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

    Шаруашылық  серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.

    Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.

    Шаруашылық  жүргізуші субъектілер қайта  тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.

    Қоғамның  жарияланған жарғылық капиталы түгелдей теленіп және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

    Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.     

    Барлық  кредиторларға кем дегенде 30 күн  бұрын хабарланған соң, жарияланған  жарғылык капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толык деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.

    Қоғам акциялары жай және айрықша болып  келеді.

    Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқтарын қанағаттандырады:

    - дивидендтер алуын;

    -  қоғамды басқаруына қатысуын;

    - қоғам жойылғаннан кейін одан  қалған мүлікті бөлісуге қатыса  алатындығын. Қоғам тек иесі  жазулы (атаулы) акцияны шығаруға  құқы бар. Иесі жазулы (атаулы)

    акцияның  қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта — акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.

    Жарғылық  капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010-ші "Жай акциялар", 5020-ші "Айрықшалығы бар акциялар", 5030-ші "Қосқан үлестер мен жарналар" шоттары енетін 50-ші "Жарғылық капиталы" деген шоттар бөлімшесінде жүргізіледі.

    5000-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің  шоттары бойынша қалдығы, оның  құрылтай құжаттарында көрсетілген  жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 5000-ші бөлімшенің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.

    5000-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларын қарастырайық.

    5010-ші "Жай акциялар", 5020-ші "Айрықшалығы  бар акциялар" шоттарының кредиті  бойынша акционерлік қоғамның  жарғылық капиталына салынатын  салымдары бойынша қатысушылардың  қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5110-ші "Төленбеген капитал" шотымен корреспонденцияланады.

    Шығарылған  акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың  номиналдық құны төленсе, онда ол: 1040, 1030, 1010  дебеті бойынша және 51110 шоттың кредиті бойынша көрініс табады.

    Егер  де шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен, материалдық кұндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шотгар дебеттеліп: 2730, 2410, 1310, 1340 және 5110 шоты кредиттеледі.

    Жоғарыда  атап өткеніміздей, жауапкершілігі шектелген  серіктестіктердің жарлық капиталын қалыптастыру процесі бір жылдан аспауы керек, егер де бүл мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының бөлігі немесе оның бір белімі, яғни жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомасы 2170 "Есептелген пайыз" шотының дебеті бойынша және 6120 "Акция бойынша дивидендтер мен пайыз түріндегі табыс" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

    Егер  де аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомаға тиісті түзетулер жасалынады, ол кезде 5110 шоты дебеттелген және 5030 шоты кредиттелген — қызыл жазылады.        

    Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып  алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.

    Егер  де қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық капитал  да азаяды, демек: 5030 шоты дебеттеледі  де 1010,2730,2410, 1320,1330 шоттары кредиттеледі.

    Егер  де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 5010, 5020 шоттары дебеттеледі де, 5210 - "Қайтып алынған капитал" шоты кредиттеледі.

    1.2   Капитал қозғалысы  бойынша болатын  операциялар есебі

    Төленбеген  капиталдың есебі

    Капиталдың  қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы  әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдын, қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.

    Төленбеген  капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-ші "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта занды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына косқан үлестері бойынша карыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

    5110 "Төленбеген капитал" шоты  шоттардың Бас жоспарында, "Меншік  капиталы" ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының  қатарында болса да, ол езінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.

    Сондай-ақ, 5110 шоты тек қана жалған капиталды  көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс  табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды т.б.), демек сол  капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.

    Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына 5110-ші "Төленбеген капитал" шоты дебеттеледі де, 5000-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары — 5010-ші "Жай акциялар", 5020-ші "Артықшылықты акциялар" (акционерлік коғамдарда) және 5030-ші "Қосқан үлестер мен жарналар" (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлеріңде) шоттары кредитгеледі. Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 5110 -ші "Төленбеген капитал" шоты кредиттеліп отырады, ал салым шотгары дебеттеледі:

    -материалдық  емес активтерді жарғылық қорға  жарна ретінде төлеу кезінде  — 2730 шоттары;

    - жерді, негізгі кұралды, малды,  аяқталмаған құрылыс объектілерін  жарғылық қорға жарна ретінде  телеу кезінде — 2410 шоттары;

    - материалдар мен тауарларды жарғылық  қорға жарна ретінде төлеу  кезінде 1310, 1320, 1330  шоттары;

    - ақшалай қаражаттарды жарғылық  корға жарна ретінде аударған  кезінде —  1010,1010, 1030, 1040 шоттары  дебеттеледі.           

    Егер  де 5110 шотының дебеттік калдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.

    5110-ші  шоты бойынша аналитикалық есеп  акционерлер (қатысушылар, құрылтайшылар)  бойынша жүргізіледі.

    ә) Қайтарылып алынған капиталдың есебі. Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысында акциялардың номиналдық құнын (бірақ ең төменгі деңгейден кем болмауы керек), не жалпы акцияның шығарылуы келемін қысқарту жөнінде шешім кабылдауына құқылы. АҚ заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша, алдын-ала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыруға міндетті.

    Сонымен қатар, АҚ-ның кредиторлары қоғамның тиесілі міндеттерін орындаудан бас тартуына және олардың шеккен зияндарының орнын толтыруды  талап етуге құқылы. Егер мұндай процедура оның жарғысында алдын-ала қарастырылмаған болса, онда олар өз меншік капиталын азайту үшін, мүдделі адамдардың берген өтінішінің негізінде жасалған сот шешімдері керек.

    Бұл жағдайда АҚ өзінің акциясын өз қызметкерлері  мен жұмысшыларына олардың мүдделігі  мен ынталылығын арттыру үшін қайта сатады. Сондықтан өз акцияларын нарықтық айналымға шығарады.

    Қайтарып  алынған капиталдың есебін жүргізу  үшін 5210-ші шоты арналған, ол 5010 және 5020 шоттарға қарағанда контрпассивтік шот болып табылады.

    5210 шоттың дебеті акционерлердің  меншігіндегі акцияларды қайтып сатып алынған құнын көрсетеді. Акцияларды қайтып сатып алған кезде: 5210 шоты дебеттеледі де және 1040,1030,1010, 1060 шоттары кредиттеледі.

    Акционерлердің  меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатып алынған акциялар номиналдық құны бойынша да, номиналдық құннан жоғары немесе төмен құны бойынша да сатып алынуы мүмкін:

Информация о работе К а п и т а л мен р е з е р в т е р