Бөлшек сауда дүкеніндегі бухгалтерлік есеп пен салық салу

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 17:07, курсовая работа

Краткое описание

Тауарлар нарығы тек саудамен шектелмейді. Сонымен қатар тауарлар нарығы инфрақұрылымы мағынасына енгізуге болатын кәсіпкерліктің бірнеше түрі бар. Сауда өзіндік шаруашылық сала және экономикалық әрекет түрінің жолы арқылы қызмет жасайды, яғни ол тауар алмастыру, алып-сату және де тауарларды сатып алу кезінде, сатып алушыларға үлгілі қызмет көрсету, оны жеткізу, тауарларды сақтау және оларды сатуға дайындау, олардың тауарды көтерме және жекелеп сату айырмашылықтарын белгілеу болып табылады.

Оглавление

Кіріспе.....................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. САУДА КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП
1.1 Сауда кәсіпорындарын лицензиялаудың жалпы тәртібі......................5
1.2 Саудадағы тауарлар мен ыдыстардың қозғалысының есебі және
тауарларды қабылдап алу тәртібі............................................................6
ІІ. БӨЛШЕК САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТАУАРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ...................................................................16
2.1 Бөлшек сауда дүкеніндегі бухгалтерлік есеп пен салық салу...........19
2.2 Саудадағы айналым шығындарын талдау..........................................22
Қорытынды........................................................................................24
ПАЙДАЛАНҒАН әдебиеттер ТІЗІМІ...............................

Файлы: 1 файл

Сауда орнындағы бухгалтерлік есеп.doc

— 247.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе.....................................................................................................3  

НЕГІЗГІ  БӨЛІМ 

І. САУДА КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП 

    1.1   Сауда кәсіпорындарын лицензиялаудың жалпы тәртібі......................5

    1.2 Саудадағы тауарлар мен ыдыстардың  қозғалысының есебі және  
             тауарларды қабылдап алу тәртібі............................................................6
     

ІІ.  БӨЛШЕК САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТАУАРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ...................................................................16

    2.1     Бөлшек сауда дүкеніндегі бухгалтерлік есеп пен салық салу...........19

    2.2     Саудадағы айналым шығындарын талдау..........................................22 

Қорытынды........................................................................................24

ПАЙДАЛАНҒАН әдебиеттер ТІЗІМІ...........................................25 

     КІРІСПЕ

 

     Тауарлар  нарығы тек саудамен шектелмейді. Сонымен  қатар тауарлар нарығы инфрақұрылымы  мағынасына енгізуге болатын кәсіпкерліктің бірнеше түрі бар. Сауда өзіндік шаруашылық сала және экономикалық әрекет түрінің жолы арқылы қызмет жасайды, яғни ол тауар алмастыру, алып-сату және де тауарларды сатып алу кезінде, сатып алушыларға үлгілі қызмет көрсету, оны жеткізу, тауарларды сақтау және оларды сатуға дайындау, олардың тауарды көтерме және жекелеп сату айырмашылықтарын белгілеу болып табылады.

     Көтерме сауда - бұл тауарларды ірі партиямен сауда-саттық жасау, яғни ірі сатып алушыларға, тауар қолданушыларға айтарлықтай мөлшерде немесе оларды кейінірек жекелеп сатушыларға сату.

     Бөлшек  сауда - бұл тауарларды коммерциялық емес негізде тұтынушы қолдануына көп емес мөлшерде біртіндеп сатып алынатын сауда.

     Бұлардың  барлығын өндірушіден тұтынушыға тауарларды тасу әрекетінде тікелей қызмет көрсету біріктіреді. Тауар нарығындағы инфрақұрылым мен тұтынушылардың кері байланысын сұраныс пен ұсыныстың классикалық тәуелділігін қамтамасыз етеді.

     Тауар алмастыру операциясы ұдайы өндіріс процесіндегі бір тар үзбесі болып табылады. Бұл факт жергілікті көзқараста әділ сылтау ретінде негізделген оғаш қорытынды. Экономикалық реформа саясатындағы өзгеріс, бұрын болған өзара байланыстағы шаруашылықтың бұзылуы болды. Сол уақыттан тек қана монополизм және ықылассыз бәсекелестік шарттар ғана сақталған. Тауардың айналып жүру процесі сарапшылардың санын көбейтті. Рационалдық емес тасымалдау көлемі, бағасы, шығындары ұлғайды. Делдалдық сауда әрекеті көбінесе, жүйелі сипат алып жүр. Тұтынушының төлем қабілеттілігі төмен болғандықтан тауар қозғалысының "бағыты" өзгеріп, қойма операциясы қайталанып отыр.

     Тауар нарығын ұйымдастыруға алдын-ала  бәсекелесушінің шарты бойынша  қабылданған бағамен ерекет ететін биржа, көтерме жәрмеңкелері, аукциондар және т.б. сауда кәсіпорын формаларына кіреді.

     Көтерме және ұсақ көтерме сауда кәсіпорындары нарықтың жаңа жетекшілері болып табылады. Оның жұмысының жақсаруына ең алдымен жергілікті үкіметтің қолдауы керек. Тауар нарығын ұйымдастырушылардың нақты формадағы қолдауы көтерме және ұсақ көтерме сауда нарығының аймақтық үлгіде орналасуы, олардың типтік құжаттарын ұйымдастыру мен жұмыс істеу, сондай-ақ саудаға аудан бөліп беру, саудаға потенциалды қатысушыларға түсіндірме жұмысын жүргізу болып табылады. Ұсақ көтерме сауда нарығының арасындағы бәсекенің ұлғаюы сауда байланысының санитарлық стандарттан орынды қадағалануы ұсақ, көтерме сауданы ұйымдастырушыларына берілетін, сонымен қатар кетерме сауданың қалыптасуына хабары бар занды тұлға мен кәсіпкерлер сатушы немесе сатып алушы ретінде саудаға қатысуына рұқсат етіледі. Мұндай саясат көтерме және бөлшек операциясының тым нақты бөлінуіне, көтерме үзбедегі сауда шығынының төмендеуіне (үнемдеу есебінің масштабы арқасында), ескерілмеген қолма-қол айналымның қысқартылуына мүмкіндік туғызады.

     Көтерме делдалдардың жаңа кешенді формалары көлік-өтімінің (транспортно-сбытовых) орталығы ашылды.

     Қызмет  көрсететін кәсіпорындар қоймалары  және көлік терминалы мен көтерме  делдалдар кәсіпорынның қоймаларының байланысын нығайтуда, олардың тауар қозғалысын ұйымдастыру интеграциясы тауарлар мен өнімдердің қоймаға жеткізу мен сақтау статияларының қысқартуын береді.

     Курстық жұмыстың мақсатысауда кәсіпорында бухгалтерлік есебін жүргізу тәртібін, тауар қозғалысының есебін, шығындардың есебін жан-жақты қарастырып мәнін ашу.

     Негізгі мақсатқа жету үшін алдыда келесі  міндеттер қойдылады:

  • тауарлар қозғалысының есебі және тауарларды қабылдап алу тәртібі қарастыру;
  • бөлшек сауда дүкеніндегі бухгалтерлік есеп пен салық салу көрсету;
  • тауарлық шығысын есепке алу, алдағы шығындар мен төлемдер резервінің есебін жүргізу;
  • саудадағы айналым шығындарын талдау.

     Қазіргі тауар нарығы құнды және оперативтік  мәліметсіз болуы мүмкін емес. Дегенмен, Қазақстан Республикасында осы уақытқа дейін шын мәнісінде тауар нарығының жетілуі мен негізгі мәліметтер күйі жоқ ешкімде оны әлі мәліметтермен жабдықтау үшін құрылымдастыру әрекетін жасап көрген жоқ. Бірде бір фирма, кәсіпорын, маманданушы, мәліметтерді таратушы, бірде бір ұйымдастырушы құрылым, сұраныс туралы мәліметке, ұсынысқа, бағаға, бәсекелік қабілеттілікке, сату шарттарында қызмет көрсету үлгілеріне толық және сенімді мәлімет бере алмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І. САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП.

1.1  Сауда кәсіпорындарын  лицензиялаудың жалпы   тәртібі 

     Көптеген  халық қайта құру саясаты жүргізген  кезде, сауданың жекеменшік қолға өтуі, бірден барлық мәселелерді, яғни сауда орындарының тек қана сапалы тауарларымен толуы ғана емес, оған қоса халықты алдап-арбау, артық ақша алу т.б. сияқты сауда кемсіктері жойылады деп сенген еді. Бірақ жаңа шарттар ескі мәселелерді шешіп қана қоймай, оған қоса жаңа жолдардың шығуына негіз болды. Негізінде меншікке айналу, халықтың жұмысбастылық құрылымындағы өзгерістер саудаға үлкен мөлшердегі кәсіпшілік дайындығы жоқ адамдар ағысын алып келді. Енді сауда ортылығында тек қана ықылассыздықтан ғана емес, тағы квалификациясы жоқ, іс-әрекеттерден қорғану қажет болды. Шын мәнісінде де кәсіпорындардың ең басты негізгі мақсаты өнімнен үлкен пайда түсіру, ал ол үшін тұтынушының көңілінен шығатын өнімдердің сапасы мен бағасы сай келуі қажет екенін енді түсіне бастаған сияқтымыз. Міне сондықтан да қазір сауда жасауға лицензия өте қажет.

     Лицензия  мемлекеттік іс-әрекеттерді тәртіпке салушы жаңа шарттардың бір түрі. Оның ең басты міндеті сауда орталығына сапасы жоқ тауарлар мен кәсіби және материалды дайындығы жоқ кәсіпкерлердің қызметінен, сонымен қатар сауда орталығынан тәртіпті бұзушылардың, ережені сақтамаушылардың көзін жою болып табылады.

     Лицензия мемлекеттік ортадағы, сауданы тәртіпке салу жолындағы демократиялық әдіс, өйткені, ол тұтынушылардың, өнеркәсіптің және мемлекеттің құқығын бірігіп қорғауға мүмкіндік береді. Тұтынушылар лицензиясы бар кәсіпорындарға барып толық кепілді квалификациялық қызметті көре алады. Ал кәсіпорын болса ықылыссыз бәсекеліктен сақталып қалады. Лицензия өнеркәсіптің дамуыны шек қояды деген мағлұматтаты жиі ести бермейміз. Лицензияны әркімге бере бермейді. Бірақ олардың санында шек жоқ, сондықтан да қандай да болса кәсіпкер, егерде бизнесі толығымен қажетті талаптарға сай келсе, онда ол лицензия ала алады. Сейтіп, лицензия өнеркәсіп квалификациясының дамуына жағдай жасайды. Егерде оның өсуі шектелген болатын болса, онда көптеген меншік иелеріне жақсы болып қалар еді. Сол немесе басқа сауда әрекетіне берілетін лицензияның мөлшері оның қандай өріс алғанына байланысты. 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2. Саудадағы тауарлар  мен ыдыстардың  қозғалысының есебі  және тауарларды  қабылдап алу тәртібі 

     Көтерме жабдықтау көптеген сан түрлі нарық операцияларының нәтижелері көрсетеді.

     Тауарларды  көтерме баға бойынша сатып алу процессі 2 этаптан тұрады:

     1-ші  этапта көтерме кәсіпорындар  сатып алушының сұранысын зерттеп,  өндіріске белгіленген ассортиментпен, нақты өнім санын өнеркәсіптік  кәсіпорындар тапсырысымен, нарық  конъюнктурасы есебімен көрсетіп, өңдейді.

     2-ші  этапта жабдықтаушылардан түскен тауарлар мен оларды қоймаға қабылдап алу және тұтынушыға жіберумен байланысты операциялар жүзеге асырылады.

     Тауарлардың келіп түсуі жабдықтаушылардан қабылдап алу әдісімен анықталады. Сауда кәсіпорындары өз тауарларын материалды-жауапты тұлғамен өз қоймаларында, аэропортта, темір  жол станцияларында немесе жабдықтаушылардың қоймасынан қабылдап алынуы мүмкін.

     Жабдықтаушылардың қоймасынан тауар сенім хат арқылы беріледі. Сенім хат сатып алушыға  тауарды өз бетінше алған жағдайда қажет. Сенім хаттың міндетті реквизиттері болып, кәсіпорынның аты, есеп айырысу шотының нөмірі және ол қай банк мекемесінде орналасқандығы, сенім хаттың жарамды мерзімі, оның кімге берілгендігі, ол тұлғаның қуәлігінің нөмірі және сонымен берілген ТМҚ аты, саны, сенім хат алған, берген тұлғалардың қолының үлгісі. Сенім хаттың жарамды мерзімі үш жылдан аспауы қажет. Егер де оның мерзімі көрсетілмеген жағдайда, ол берілген күннен бастап бір жылға дейін жарамды деп есептеледі. Сенім хат жазылған тұлға уәкіл етілген іс-әрекеттердің барлығын өзі іске асыруы қажет. Тауарларды босату жөніндегі материалды-жауапты тұлға сенім хат реквизитінің барлығын тексеруі қажет. Егер тауар алдын-ала төлеу бойынша жіберілуі керек болса, материалды-жауапты тұлға бухгалтериядан оның растығын анықтау қажет. Егер тауарды келісім-шарт бойынша есеп айырысу кейінге қалдырылған жағдайда сенім хат міндетті түрде болуы керек.

     Келісім-шарт бойынша меншіктің өту уақыты мен сатып алушы кәсіпорынның қоймасына нақты келіп түсу уақытының арасындағы айырма маңызды болуы мүмкін. Әсіресе, қалааралық жеткізу кезінде. Тауарлардың кәсіпорын балансына кіріске алынуы оның өз меншігіне өту негізі болып табылады.

     Сату-сатып  алу келісім-шартында тауарларды жеткізу сатушының міндеті екені көрсетілмеген жағдайда тауарларды тасушыға немесе сатып алушыға жеткізетін кәсіпорынға өткізу уақыты болып саналады. Бұл дата тауарлардың жолдама құжаттарында қойылады (тауарлы-транспортты, темір жол, авианакладной, кеме арқылы).

     Сатып алушы кәсіпорынның балансына сату-сатып  алу келісім-шарты бойынша алынған тауарлардың кіріске алу датасы, келісім-шартқа сәйкес тауар меншік құқығына өту уақытына сай келуі керек. Бұл ереженің сақталмауы, яғни егер накты кіріске алу датасы мен меншікке өту датасы әр есепті кезеңде болса, ол тауарды бағалаудың бұрмалауына алып келеді.

     Алынған тауарлардың кіріске алынған тауарлардың есебі бухгалтерлік есепте "Тауарлар" счетында жүргізіледі. Тауарларды оларды сатып алу бойынша шығындарын есепке ала отырып бағалайды. Бұл шығындарға транспорттық шығындар тауардың бағасына кіргізілген ыдыстар мен қаптауға, орауға кеткен шығындар жатқызылады.

     Тауарларды  алумен байланысты шаруашылық операциялар  кіріс құжаттары негізінде, келесі кестеде көрсетілгендей бухгалтерлік есепте проводкалармен беріледі

     Кесте  1. Тауарларды алумен байланысты шоттардың бухгалтерлік есеп

     операцияларында көрінуі

            Операциялардың  мазмұны Дебет Кредит
     11 Тауар  кіріске  алынды   (бөлшек  саудада ҚҚС-мен  бірге) 1330

1420

3310
     22 Жабдықтушының шоты төленді (ҚҚС-мен бірге) 3310 1040
     33 Көтерме   сауда   кәсіпорындарда   кіріске алынған тауарға ҚҚС есептелді 3130       1420      
     44 Жетіспеушілік анықталды 6280 1330
 
5
Келісім міндеттемелерінің жабдықдықтаушылардың сақтамағаны үшін өсім мен айыппұлдарды есептеу 7110       3310      
     66 Жабдықтаушылардың  өсімі   мен    айып пұлдары төленді 3310 1040

Информация о работе Бөлшек сауда дүкеніндегі бухгалтерлік есеп пен салық салу