Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 17:07, курсовая работа
Тауарлар нарығы тек саудамен шектелмейді. Сонымен қатар тауарлар нарығы инфрақұрылымы мағынасына енгізуге болатын кәсіпкерліктің бірнеше түрі бар. Сауда өзіндік шаруашылық сала және экономикалық әрекет түрінің жолы арқылы қызмет жасайды, яғни ол тауар алмастыру, алып-сату және де тауарларды сатып алу кезінде, сатып алушыларға үлгілі қызмет көрсету, оны жеткізу, тауарларды сақтау және оларды сатуға дайындау, олардың тауарды көтерме және жекелеп сату айырмашылықтарын белгілеу болып табылады.
Кіріспе.....................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. САУДА КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП
1.1 Сауда кәсіпорындарын лицензиялаудың жалпы тәртібі......................5
1.2 Саудадағы тауарлар мен ыдыстардың қозғалысының есебі және
тауарларды қабылдап алу тәртібі............................................................6
ІІ. БӨЛШЕК САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТАУАРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ...................................................................16
2.1 Бөлшек сауда дүкеніндегі бухгалтерлік есеп пен салық салу...........19
2.2 Саудадағы айналым шығындарын талдау..........................................22
Қорытынды........................................................................................24
ПАЙДАЛАНҒАН әдебиеттер ТІЗІМІ...............................
Кейбір жағдайларда тауарларды жеткі ретінде қосылған құнға салынатын салыққа жеңілдіктері бар кәсіпорындар болуы мүмкін.
Бөлшек сауда кәсіпорындарда ҚҚС есептеу тәртібі өзгермейді. Ал, көтерме сауда кәсіпорындарда ҚҚС айналым және өндіріс шығындарына жататын материалдық ресурстарға жабдықтаушылармен нақты төленген салық сомасы мен сатып алушылардан өткізілген өнім үшін алынған салық сомасының айырмасы ретінде анықталады.
Демек, берілген жағдайда, тауар өндіруші кәсіпорындар ҚҚС-нан босатылса, сатып алушы кәсіпорындар барлық сатылатын тауарлардың құнынан бюджетке төленетін ҚҚС есептейді.
Көтерме
сауда кәсіпорындардың шоттар жоспарына
сай бухгалтерлік есепте көрсетілуі келесі
кестеде.
№ | Операциялардың мазмұны | Дебет | Кредит |
1 | Жабдықтаушылардан келіп түскен тауар кіріске алынды (ҚҚС-сыз) | 1330
1420 |
3310 |
2 | Жабдықтаушылардың шоты төленді (ҚҚС-сыз) | 3310 | 1040 |
3 | Есеп айырысу құжаттарымен сатып алушыларға тауар жіберілді | 1210 | 6010 |
4 | Сату құны бойынша тауарларды есептен шығару | 7010 | 1330 |
5 | 20% ставкамен жіберілген тауар үшін ҚҚС есептелді | 1210 | 3120 |
6 | Сатып алушыға жіберілген тауар үшін қаражаттар алынды | 1040 | 1210 |
Айдың соңында құны төленген, бірақ жолда қалып қойған тауарлар (қоймаға келіп туспеуі), 1330 шоттың дебеті және 3310 шоттың "Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу" кредитінде көрсетіледі (бұл тауарларды қоймада есепке алынбайды). Келесі айдың басында бұл соммалар ағымдағы есепке 3310 шоттың дебиторлық қарызы есебінде есептеледі.
Қоймаға келіп түскен тауарлар мен ыдыстарды кіріске алу 1330 шотының дебеті мен 3310 шоттың кредитімен корреспонденцияланады.
Тауарларды қоймаға қабылдап алу жұмыстары.
Тауарлардың қоймаға келіп тусуі үлкен дайындық жұмыстарын талап етеді. Тауарлардың келіп түсуін ұйымдастыруда тауарлардың қай уақытта және қандай мөлшерде келіп түсуін анықтау үлкен роль алады. Тауарларды қоймаға қабылдап алу жұмысын ұйымдастыруға келесілер кіреді:
-
сақтау қоймасына жақын
-
тауарларды түсіру және
- тауарларды түсіру бойынша жүк машиналарының түрі мен санын анықтау және оларды дайындау;
-
алдын-ала орнын анықтау.
Тауарларды қабылдап алу, өткізу жұмыстары бойынша құжаттарды дайындау.
Әртүрлі
көтерме компанияларда
- тауарларды түсіру;
- тауарлар саны бойынша тексеру;
- қабылдап алынған тауарлар бос қоймаға ауыстыру;
- тауарларды қаптау;
-
тауарлар сапасы бойынша
-
тауарларды сақтау орнына
-
қабылдап алу, өткізу
- қабылдап алынған тауарларды тіркеу.
Әдетте тауарлардың жолда жүруі мен олардың қабылдап алу-өткізу құжаттары көлік жүргізішілерге жүктеледі. Тауарларды түсірген соң, көлік жүргізушісі көтерме кәсіпорынның қабылдап алушысына (контролер, қойма диспетчері) жүк наклоднойын береді. Осы жүк наклоднойы арқылы тауар саны анықталады. Ыдыстардағы тауарлар жүк (тауар) орнымен қабылдап алынады. Тауар қабылдап алынғаны туралы жүк наклоднойында тауар қабылдап алған тұлға қолымен расталады. Сол кезден бастап тауар сақтығы көлік жүргізушіден қабылдап алған адамға жүктеледі. Түсірілген тауар саны жүк наклоднойында берілген мәліметтермен тура келмесе, сонымен қатар контейнерлердің немесе қаптаулардың бұзылғаны анықталса, онда жүк наклоднойында белгіленеді. Тауарлардың сапасын қаптауларды (ораулар) ашқан соң ғана тексеруге мүмкіндік бар. Қабылдап алынған тауарлар тіркелуі керек. Қабылдап алған тауарларды тіркеу журналы қоймаға келіп түскен тауарларды растайтын құжат болып табылады. Қабылдап алынған тапсырысты журналға тіркеу нөмірімен жазылады. Сонымен қатар тіркеу нөмірі жүк наклоднойларында немесе тауарды қабылдап алу квитанцияларында жазылады және ол қоймадағы тауарларды қайта жасау бойынша келешекте жасалатын операциялары бойынша анықтама ретінде қызмет етеді.
Тауарларды тексеру әдістері
Бұл операциялардың негізі көтерме кәсіпорындарының тауарларға берген тапсырысы бойынша нақты келіп түсуінде. Мұндай тексерулер келіп түскен тауар саны мен сапасын анықтауға және осы тексерулердің нәтижесін салыстыруға мүмкіндік береді.
Біздің практикамызда тауарларды тексерудің келесі әдістері қолданылады:
- накладной бойынша тексеру;
- соқыр тексеру әдісі;
-
толық емес соқыр тексеру
Наклодной бойынша тексеру әдісі - тексерудің нәтижелері жабдықтаушылардың накладнойымен тексеріліп, салыстырылуымен сипатталады.
Соқыр тексеру әдісі наклодноймен жұмыс істемейді және тауар санын анықтаумен алынған мәліметтердің қабылдау журналында тіркелуін және тауар қабылдап алғаны жөнінде есеп берумен рәсімделеді.
Толық емес соқыр тексеру әдісі - наклодной арқылы тек тауар түрі бойынша тексеру (саны тексерілмейді). Тексеру жүргізілгеннен кейін олардың саны накладнойға жазылады. Бұл әдіс арнайы накладноймен жұмыс істеуді талап етеді. Бұл накладнойда жабдықтаушы жіберілген тауар түрін жазады (саны көрсетілмей). Қойма меңгерушісі келіп түскен тауарлардың накладноймен сәйкестігін тексеріп, санын есепте жабдықтаушы накладнойына жазып береді.
Накладной бойынша тексеру
Жабдықтаушы өз тауарларын жібермесе сатып алушыға накладнойының көшірмесін жібереді. Ал жүкті қабылдап алушы адам оны тауарды жеткізу тапсырысымен салыстыруы үшін қажет. Сатып алу жұмысымен айналысатын сауда агенті қоймаға накладнойды тауарды қабылдап алу үшін жібереді. Тауарды қоймаға қабылдап алған тұлға накладнойға тауар келіп түскен соң қол қойып сауда агентіне жүк накладнойының көшірмесімен бірге береді. Агент жүк накладнойын тексеріп оны бухгалтерияға төлемдерді өтеу үшін жібереді. Қойма меңгерушісі келіп түскен тауарлардың накладнойға сәйкес еместігін анықтаған жағдайда, оны сақтау қоймасына жеткізбес бұрын тағы бір қайталап тексеруі қажет. Бұл әдістің кемшіліктері болып тауарды қабылдап алуға жауапты адам толық жабдықтаушы накладнойына сенім білдіріп, тауардың нақты санын, түрін тексермеу табылады.
Накладнойды жіберу кезінде ол жыртылып не оқуға мүмкін емес жағдайлар туындайды. Бұл да әдістің кемшілігіне жатады. Бірақ накладной бойынша тексеру әдісі басқа әдістермен салыстырғанда нактырақ және жылдам тексеру болып табылады. Егер накладной жоғалған немесе болмаған жағдайда жабдықтаушылар соқыр тексеру әдісін қолданады.
Бұл әдіс алғы 2 әдісті қиыстырудан туындайды. Мұнда тауарлардың ұқсастығы, бірақ саны (көлемі) көрсетілмеген тауарларды жазуға арналған арнайы наклодной қолданылады. Тауар ұқсатып, саналған сау тауар қабылдап алуға жауапты адам наклоднойда әр тауардың түріне сәйкес санын көрсетіп жазады. Осындай формадағы наклоднойды тауар алушы жабдықтаушыдан талап етуге құқысы бар. Бұл әдіс кемшілігі оны қолдануда есеп сол уақытта алып, тексеру операциясын тоқтату.
Әр тауар қабылдап алынып, тексеруден өткізіліп сақтау қоймасында белгіленген бос орынға ауыстыру қажет. Тауарларды сақтау қоймасына жіберу үшін келесілер талап етіледі:
- тауардың көлемінің қаншасы қойманың актив бөлігіне және қаншасы резервте сақтау керек екенін білу;
- қойманың актив және резерв бөлімдерінде тауарды орналастыру үшін қанша орын қажет екенін білу;
-
тауарды маркалары бойынша
- тауарды сақтау орнын анықтау;
-
тауарды сақтау қоймасында
Тауардың
сақталу орнын белгіленген
Қойма жұмысшылары тұтынушылардың тапсырысын жинақтай отырып тауардың әр түрінің сақталу орнын білу қажет. Тауарды іздеу жұмысын жеңілдету үшін контейнер немесе стеллаждардың дербес маркасы әр жерде сақталатын тауардың бір түрінің есебіне арнайы карточкалар ашылады. Белгіленген зонада тауарлардың қозғалысы ешқандай қиындық туғызбауы қажет. Қойма меңгерушісі қоймада сақталатын тауар саны мен ассортиментін білуі керек және ол қоймадағы тауарларға материалды-жауапты адам болып табылады.
Тауарды қабылдап алу кезінде қолданылатын құжаттар.
Қабылдау
бөліміне өтетін тауарлардың есебі
мен бақылауын жүргізу үшін әртүрлі
формадағы құжаттар қолданылады. Оларда
тауардың түсуінен бастап қоймада орналасуына
дейінгі іс-әрекеттер
Бұл құжаттардың нақты бар болуы тауарларды қабылдап алу бойынша барлық жұмыстардың құжатталуын қамтамасыз етеді. Құжаттардың бұл тобының есептік мағынасы болғандықтан көтерме кәсіпорынның жалпы есептік құжаттарына да кіреді. Бұл құжаттар қоймаға келіп түскен тауарлардың есебін мұқият жүргізу үшін белгіленген. Тауарларды қабылдауда рәсімделетін құжаттардың дұрыс толтырудың маңызы зор. Бұл құжаттарда жіберілген қателер технологиялық процессте болатын тауарларды қоймада өндеу операциясына кері әсерін тигізеді. Ол құжаттар келесідей:
- орауыш парағы;
- коносамент;
- транспорт накладнойы;
- жүк накладнойы;
- қабылдап алынған тауарларды тіркеу журналы;
- тауарларды қабылдап алу туралы квитанция;
- қайтарылған тауарларды тіркеу журналы;
-
қайтарылған тауарларды
- накладной;
- тауарды сатып алу жөнінде тапсырыс.
Орауыш парағы. Бұл құжат жабдықтаушылармен құрастырылады. Мұнда жіберілетін тауарлардың барлық түрі жазылады. Әдетте бұл парақ конвертке салынып, орауыштардың біреуіне тапсырылады. Егер жүк бір вагон немесе бір жүк машинасын құраса, онда есікке жақын орналасқан тауар орауышына тапсырылады.
Коносамент. Коносамент - жүкті жеткізу бойынша тасымалдау қызметінің жауапкершілігін бақылайтын құжат болып табылады. Бұл құжатты жабдықтаушылар құрайды. Өйткені, осы құжатты құрастыру үшін толтырылатын мәліметтерді тек жабдықтаушы бере алады. Коносаментте жүктің жалпы сипаттамасы, көлемі, әр тауардың салмағы жазылады. Коносамент құжатына тасымалдау қызметінің өкілі қол қояды. Бұл жабдықтаушыдан жүкті қабылдап алғанын растайды. Осы жұмысты дұрыс ұйымдастыруда коносамент жабдықтаушы мен тасымалдау қызметінің өкілі арасындағы келісім-шарт болып табылады.
Транспорт накладнойы. Транспорт накладнойы тасымалдау қызметінің өкілімен толтырылады. Бұл құжатта жүктің жеткізудің бастапқы, аралық, соңғы пункті көрсетіліп, қозғалыс маршруты жазылады. Бұл құжат тасымалдау қызметінің жүкті жеткізуге құқығын растайтын және жеткізудің қажетті нұсқауын құрайды.
Информация о работе Бөлшек сауда дүкеніндегі бухгалтерлік есеп пен салық салу