Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 17:07, курсовая работа
Тауарлар нарығы тек саудамен шектелмейді. Сонымен қатар тауарлар нарығы инфрақұрылымы мағынасына енгізуге болатын кәсіпкерліктің бірнеше түрі бар. Сауда өзіндік шаруашылық сала және экономикалық әрекет түрінің жолы арқылы қызмет жасайды, яғни ол тауар алмастыру, алып-сату және де тауарларды сатып алу кезінде, сатып алушыларға үлгілі қызмет көрсету, оны жеткізу, тауарларды сақтау және оларды сатуға дайындау, олардың тауарды көтерме және жекелеп сату айырмашылықтарын белгілеу болып табылады.
Кіріспе.....................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. САУДА КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП
1.1 Сауда кәсіпорындарын лицензиялаудың жалпы тәртібі......................5
1.2 Саудадағы тауарлар мен ыдыстардың қозғалысының есебі және
тауарларды қабылдап алу тәртібі............................................................6
ІІ. БӨЛШЕК САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТАУАРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ...................................................................16
2.1 Бөлшек сауда дүкеніндегі бухгалтерлік есеп пен салық салу...........19
2.2 Саудадағы айналым шығындарын талдау..........................................22
Қорытынды........................................................................................24
ПАЙДАЛАНҒАН әдебиеттер ТІЗІМІ...............................
Тауарларды халыққа жеңілдікпен өткізу түрлерінің бірі кредитке сату болып табылады. Ол жалақы туралы (егер мұндай болса) анықтама қоса берілген сатып алушының тапсырылым-міндеттемесімен рәсімделеді. Өткізудің мұндай түрі қайта туындап отырғанын атап айтқым келеді. Қалдықтардың (борыштардың) қолда бар сомаларына сатудың осы түрі болған кезде шарт талаптарының орындалуына, оның жасалу уақытына назар аударып, талдау жасаған жөн.
Тауарлардың шығарылуы олардың ысырапқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін. Бүліну, сыну туралы актілер (белгіленген нысанда), тауарлардың сорттылық есебі болғанда түгендеу нәтижелері рәсімделген салыстырма ведомостары және бөлшек саудадағы тауарлардың құндық есебінде құндылықтары тексеру нәтижелерінің актілері мұндай шығарылуды тіркейтін құжаттар болып табылады. Үйлеспеушіліктердің (ысыраптардың) нақты сомалары бухгалтерлік есепте көрініс табады және ішкі (жедел) бақылауға жатады. Салық есебінде шегерімдерге белгіленген нормалар шегіндегі ысыраптар жатқызылатын болады. ("Салық және бюджетке теленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Жарлықтың 14-бабы).
Тауарлар (қаптамалар) қозғалысын растайтын бастапқы құжаттар негізінде жауапты адам тауарлық есеп жасайды. Оның кәсіпорын бухгалтериясына түсірілу кезеңі есеп саясатында көзделуге тиіс.
Рыноктық қатынастар кезеңінде кәсіпорынның кіріс бөлімінің қалыптасуына сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестік, молықтырушылық, жекелік сияқты факторлар елеулі түрде әсер етеді. Сондықтан да күні бұрын тауарлардың бәріне бірдей үстеме баға (құн өсімін) көзделуі мүмкін емес. Аталмыш жағдайда алу (сатып алу) бағасы мен өткізу (сатылу) бағасы арасындағы айырмашылық ретіндегі кіріс әдістемелік жағынан неғұрлым дұрыс көрсетіледі. Жекелеген аралықтарда (ай) қалыптасып отырған үстеме баға деңгейін өте-мөте айқын аңғару үшін тауарлардың айлық қозғалысын көрсететін өткізбелерді ресімдегеннен кейін айына бір рет өткізілген сауда үстеме бағасының (шегерімінің) шамасын есептеп шығарады. Өткізілген үстеменің есептемесі бойынша әрқилы есепті кезеңдеріндегі саудалық кәсіпорынының кірісті болуын (өсу, төмендеу) талдауға, түр-түрін өзгерту, қалдықтарды көбейту немесе азайту, зиянды есептен шығаруға жол бермеу мақсатында бағадан, сатудан шегерімдер жасаудың қажеттілігі туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Міне, сондықтан да мұндай есептеме жүргізілетін жерде оның қолданылу негізділігі есеп саясатында көзделген жөн. Ал есептемеде тауарлардың қалдығы мен өзіндік құнының өсірілуіне жол бермеу мақсатында есептелінген өткізудің үстеме бағаларының сомасына қызыл жазбалар мідетті түрде жазылады.
Тауар бағасына үстемелердің қолдану қажеттілігі өткізуден түсімнің толық түсірілуін бақылау шарасы ретінде түсіндіріледі.
Тауарлардың сатылу құнын қалыптастыруға қазіргі көзқарас тауарларға қайта бағалау (бағасын кеміту) жүргізудің қажеттілігін жоққа шығарады. Сату құны сұраныс қарқымен реттеледі және қажетіне қарай, сатушы тарапынан қосымша шегерімдер жасау немесе жай ғана сату бағасын өзгерту (арттыру, төмендету) жолымен жедел түрде өзгеріс енгізіле алынады.
Тауарлардың
негізгі айналымы қаптамамен жүргізілетін
кәсіпорындарда оның есебін алу кәсіпорынның
ішінде қабылданған (есептелінген бағалардың
есептемесі) әдіснамамен өзге тауарға
ұқсас ұйымдастырылады. Бастапқы құжаттар
қоса беріле отырып, қаптамалардың қозғалысы
туралы жасалған есеп бухгалтерияға тапсырылады.
2.1
Бөлшек сауда дүкеніндегі
бухгалтерлік есеп
пен салық салу
Бухгалтерлік есеп шоттарындағы тауарлар қозғалысын көрсету схемасын төмендегі мысал арқылы айқын аңғаруға болады.
Меншік иесі құқығы жағдайында тауарды
өткізу жөніндегі бухгалтерлік жазбалар
Жеткізіп берушіде | |||||
1.
Д-т 1210 К-т 6020
|
Босату бағалары бойынша дүкенге жөнелтілген тауар құны көрсетілген | ||||
2.
Д-т 1210 К-т 3130
|
Салық шот-фактурасында бөлінген ҚҚС сомасына | ||||
3.
Д-т 7100 К-т 1330
|
Өткізілген тауардың нақты өзіндік құны есептен шығарылған | ||||
4.
Д-т 1040 К-т 1210
|
Дүкеннен сатылған тауар үшін алынған төлем | ||||
Бөлшек сауда
дүкенінде
Сату бағаларында ("Үстеме баға" шотын пайдаланып) | |||||
1.
Д-т 1330 К-т 3310
|
Жеткізушінің бағасы (сатып алу) бойынша қоймаға кіріске алынған тауар | ||||
2.
Д-т 1420 К-т 3310
|
Салық
шот-фактура бойынша ҚҚС | ||||
3.
Д-т 1330 К-т 1330
|
Қоймадан бөлімге (ішкі алмастыру) берілген тауар | ||||
4.
Д-т 1330 К-т 1330
|
Сауда кәсіпорынының үстеме бағасына | ||||
5.
Д-т 1330 К-т 1330
|
Тауар бағасына ҚҚС сомасына | ||||
6.
Д-т 3310 К-т 1040
|
Жеткізіп берушіге тауар үшін төленгені | ||||
7.
Д-т 7100 К-т 1330
|
Есептеме құны (сатып алу) бойынша тауардың есептен шығарылған бөлігі | ||||
8.
Д-т 1330 К-т 1330
|
Есептелініп өткізілген үстеме (үстеме баға) сомасына | ||||
9.
Д-т 1330 К-т 1330
|
Тауар бағасындағы ҚҚС сомасына | ||||
10.Д-т
1010 К-т 6020
|
Сатудан түскен түсім (кіріс) | ||||
11.
Д-т 1010 К-т 3130
|
Өткізуден бюджетке төленуге тиісті ҚҚС сомасына | ||||
12.Д-т
1040 К-т 1010
|
Есеп айырысу шотына аударылған түсім | ||||
13.
Д-т 3130 К-т 1260
|
Бұрын есепке алынған ҚҚС сомасына | ||||
14.
Д-т 3130 К-т 1040
|
Бюджетке аударылған ҚҚС | ||||
15.
Д-т 5410 К-т 7100
|
Жиынтық кіріске (жыл бойынша) есептен шығарылған өзіндік құны | ||||
16.
Д-т 6020 К-т 5410
|
Тауарларды сатудан болған кіріс жиынтық кіріске (жыл бойынша) ауыстырылады | ||||
17.
К-т 5410 шоты бойынша сальдо
|
Сатудан алынған жиынтық кіріс | ||||
Сату бағаларында (сату үстемесін бөлмегенде) | |||||
1.
Д-т 1330 К-т 3310
|
Жеткізушінің бағасы бойынша қоймаға кіріске алынған тауар | ||||
2. Д-т 1260 К-т 3310 | Есепке алуға қабылданған ҚҚС сомасы | ||||
3.
Д-т 1330 К-т 1330
|
Қойдан бөлімге (ішкі алмастыру) берілген тауар | ||||
4.
Д-т 7100 К-т 1330
|
Есептеме құны бойынша тауардың есептен шығарылған бөлігі | ||||
5.
Д-т 1010 К-т 6020
|
Есептен шығарылған тауарды өткізуден кассаға түскен түсім (кіріс) | ||||
6.
Д-т 1010 К-т 3130
|
Өткізуден ҚҚС сомасына | ||||
7.
Д-т 1040 К-т 1010
|
Есеп айырысу шотына аударылған түсім | ||||
8.
Д-т 3130 К-т 1260
|
Бұрын есепке алуға қабылданған ҚҚС сомасы | ||||
9.
Д-т 3130 К-т 1040
|
ҚҚС аударылған қалдығы | ||||
10.
Д-т 3310 К-т 1040
|
Тауар үшін жеткізуші шотына төленгені | ||||
11.
Д-т 5410 К-т 7100
|
Өткізілген тауарлардың өзіндік құны жиынтық кіріске (жыл бойынша) есептен шығарылды | ||||
12.
Д-т 6020 К-т 5410
|
Сатудан болған кіріс жиынтығына (жыл бойынша) есептен шығарылды | ||||
13.
К-т 5410
|
Өткізуден алынған жиынтық кіріс |
Қызметтің негізгі сәттерінің бірі бөлшек сауда дүкенінде салық салу болып табылады. Бұл ретте салық салынатын айналымды есептеу тәртібін ("ҚҚС-ты есептеу мен төлеу тәртібі түралы" N 37 Нұсқаулықты) басшылыққа алған жөн. Ол бұларға ҚҚС-ты қоспай, бірақ олардың алыну бағасынан төмен болмайтындай сатылатын тауарлардың құны негізінде белгіленеді. Акцизделінген тауарлар бойынша айналым акциз сомасын есепке алына отырып есептелінеді. Сауда кәсіпорнының ішінде тауарлардың алмастырылуы (бөлімнен бөлімге) салық салу объектісі (ішкі орын ауыстыру) ретінде қарастырылмайды.
Тауарлардың бекітілген тізбесі бойынша ҚҚС-тың әртүрлі ставкалары (10% және 20%) бар тауарлар түскен (сатылған) кәсіпорындарда есепке алу іске асырылатын айнымалымнан салық сомасын белгіленгенде салық ставкаларын саралап қолдана отырып, тауарлардың топтары бойынша ұйымдастырылуға тиіс.
Бюджетке
салықтың дұрыс есептелінуі мен
толық аударылуы үшін жауапкершілік төлеушінің
мойнында екенін ұмытпаған жөн.
Айналым шығындары - тауар өндірушілер мен тұтынушылардың оны өткізу мен сатып алуға байланысты шығыны. Айналым шығындарын талдаудың мақсаттары:
1.
Жалпы айналым шығындарына
және оның жеке статьяларына
әсерін тигізетін негізгі
2. Халыққа қызмет көрсету деңгейін жоғарылата отырып тауар айналым саласындағы қаражаттарды үнемдеу резервтерін іздестіру;
3.
Өнімсіз шығындарды анықтап,
Айналым шығындарына әсерін тигізетін негізгі факторлар: тауар айналымының құрамы мен көлемі; тауарлардың бағасының өзгеруі; тауарларды тасмалдау жұмысын ұйымдастыру; тауарлардың айналымдылығы.
Тауар айналымының көлемі айналым шығындарының сомасына да деңгейіне де үлкен әсер көрсетеді. Тауар айналымының көлемі 80 өскен жағдайда айналым шығындарының сомасы көбейіп, деңгейі төмендейді. Керісінше, тауар айналымының көлемі төмендесе, айналым шығындарының сомасы аз мөлшерге азайып, деңгейі жоғарылайды. Мұндай жағдайдың туындайтын себебі, тауар айналымы өскен жағдайда шығындардың бір түрлері тауар айналымының өсуіне сәйкес пропорционалды жоғарылайды, ал кейбіреуі өзгеріссіз қалады. Осыған байланысты айналым шығындары екі түрге бөлінеді:
1) ауыспалы;
2) шартты-тұрақты.
Ауыспалы айналым шығындары: транспорттық шығындар, тауар айналымының көлеміне байланысты төленетін кызметкерлердің еңбек ақысы; тауарларды сақтау, өңдеу, сорттау және орау шығындары; табиғи шығындар; ыдыстардың шығындары; тауарларды сақтандыру шығындары, жарнама шығындары т.б.
Шартты-тұрақты айналым шығындары: тұрақты оклад түрінде төленетін еңбек ақы; жыл төлемдері және ғимараттарды сақтау шығындары; ағымдағы жөндеу шығындары; канцеляриялық пошта-төлеграф, төлефон шығындары; іс-сапар шығындары, басқада шығындар.
Айналым
шығындарының жалпы деңгейіне тауар
айналым көлемінің өзгеруінің әсерін
анықтау үшін шартты-тұрақты айналым
шығындарының жоспарлы деңгейін қайта
есептеу қажет. Ол үшін жоспарланған шығындар
сомасын нақты тауар айналымына бөліп,
қорытындыны % түрінде есептеу қажет.
У'ж
= Uж.ш-т * 100 / Т1
У'ж — шартты-тұрақты айналым шығындарының қайта есептелінген
жоспарланған деңгейі;
Uж.ш-т - шартты-тұрақты айналым шығындарының жоспарланған
сомасы;
Т1
— нақты тауар айналымы.
Қайта есептелінген шығындар деңгейімен жоспарланған деңгейі арасындағы айырма айналым шығындарының деңгейіне тауар айналымының көлемінің өзгеру мөлшерін көрсетеді:
Δ У'ж — айналым шығындарының деңгейінің өзгеру мөлшері;
У'ж.ш-т — шартты-тұрақты айналым шығындарының жоспарлы
мөлшері.
Айналым шығындарының сомасына тауар айналымы көлемінің өзгеруінің әсерін анықтау үшін:
И'ж.аус - нақты тауар айналымын есепке алып қайта есептелінген
ауыспалы шығындардың жоспарлы сомасы;
Уж.аус - ауыспалы айналым шығындардың жоспарлы деңгейі.
Қайта есептелген сомамен жоспарланған сома арасындағы айырма тауар айналымы көлемінің өзгеруінің айналым шығындарының сомасына тигізетін әсерін көрсетеді:
ΔИ = И'ж - Иж.аус
"Төлеби"
ЖШС-ң айналым шығындары
Жоспарлы және нақты айналым шығындарының арасыпдағы ауытқумен соларға тауар айналымы көлемінің өзгеруінің әсері арасындағы айырма басқа факторлар әсерінің қорытындысы. Олар шығындардың төмендеуіне әсерін тигізеді, жалпы сомасы 10,2 мың теңге (-1,3-(+8,9), ал деңгейі 0,042% төмендеді.
Айналым
шығындарын талдау үшін оның абсолюттік
және қатысты ауытқуларын есептеу
қажет.
Сауда қызметінің негізгі объектісі болып тауар есептелетін болғандықтан, оған кәсіпорында өте жоғары көңіл бөлінеді. Тауардың жабдықтаушыдан қабылдануы, тұтынушыға босатылуы сауда ережелеріне тән. Тауардың сақталу қоймалары стандартқа сәйкес, себебі барлық тауарлар стеллаждарда сақталып, тауарлар көршілестіктері сақталған. "Төлеби" ЖШС-ң жабдықтаушыларға шарттарды орындамағаны үшін қойылатын талаптар уақытылы құрастырылып жібермегені үшін, кейбір талаптарда аталған сомаларды жабдықтаушылар қайтармайды. Сондықтан серіктестік бұл шығындарды өз табысынан толтырады.
Қазіргі
жұмыссыздық кезеңде кейбір кәсіпорын
басшылары өз қол астында жұмыс
істейтін адамдардың жағдайына көп
көңіл бөлмейді. Осындай басшыларға
"Төлеби" ЖШС-ң президенті жатады.
Қоймалардың, дүкендердің материалдық-
Информация о работе Бөлшек сауда дүкеніндегі бухгалтерлік есеп пен салық салу