Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 17:07, курсовая работа
Тауарлар нарығы тек саудамен шектелмейді. Сонымен қатар тауарлар нарығы инфрақұрылымы мағынасына енгізуге болатын кәсіпкерліктің бірнеше түрі бар. Сауда өзіндік шаруашылық сала және экономикалық әрекет түрінің жолы арқылы қызмет жасайды, яғни ол тауар алмастыру, алып-сату және де тауарларды сатып алу кезінде, сатып алушыларға үлгілі қызмет көрсету, оны жеткізу, тауарларды сақтау және оларды сатуға дайындау, олардың тауарды көтерме және жекелеп сату айырмашылықтарын белгілеу болып табылады.
Кіріспе.....................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. САУДА КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП
1.1 Сауда кәсіпорындарын лицензиялаудың жалпы тәртібі......................5
1.2 Саудадағы тауарлар мен ыдыстардың қозғалысының есебі және
тауарларды қабылдап алу тәртібі............................................................6
ІІ. БӨЛШЕК САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТАУАРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ...................................................................16
2.1 Бөлшек сауда дүкеніндегі бухгалтерлік есеп пен салық салу...........19
2.2 Саудадағы айналым шығындарын талдау..........................................22
Қорытынды........................................................................................24
ПАЙДАЛАНҒАН әдебиеттер ТІЗІМІ...............................
Жүк накладнойы. Бұл құжатта тасымалдау қызметінің өкілімен толтырылады. Ол коносомент құжаты сияқты жүктің жалпы сипаттамасы жазылады. Қабылдау қоймасының қызметкері түсірілген тауарларды санап, тексеріп болған соң жүк накладнойына қол қояды. Бұл накладнойда көрсетілген тауарларды алғанын растайды. Ал, қабылдап алған кезде шыққан айырмашылық (жетіспеушілік не артықшылық) осы жүк накладнойында жазылуы керек. Тасымалдау қызметі үшін қол қойылған жүк накладнойына жүк жіберушімен немесе жүк алушымен есеп айырысудың негізі болып табылады.
Көтерме кәсіпорынның тауарды қабылдап алу бөлімі жүк накладнойының көшірмесін алып қалады.
Тауар бұзылған немесе жоғалған жағдайда бұл жүк накладнойының көшірмесі тасымалдау қызметіне қойылатын талаптың зандылығын көрсетеді.
Қабылдап алынған тауарларды тіркеу журналы. Тіркеу журналы қабылдау бөлімінің қызметкерімен жүргізуші, келіп түскен тауарлардың мәліметтерін құрайды. Келіп түскен тауарлардың әр партиясына жүк накладнойында, тауарды қабылдап алу туралы есеп беруде немесе жабдықтаушы накладнойында көрсетілетін тіркеу нөмірі беріледі. Тіркеу журналында келесі мәліметтер көрсетіледі: тауардың аталуы, жеткізу күні мен уақыты, жабдықтаушы, жеткізуші, контейнер саны немесе жүктің алатын орны, әр контейнердің үлес салмағы және жүктің жалпы салмағы, жүк тарифы, тауардың күйі, тауарды қабылдап алған адамның аты-жөні.
Тауарды қабылдап алу туралы есеп беру. Бұл құжат келесі мәліметтерді құрайды: есеп нөмірі, тауарды жеткізу уақыты, тауарды қабылдап алған бақылаушының аты-жөні, жабдықтаушы, жеткізуші, тауарлардың әр атауы бойынша сипаттама, тауардың күйі мен саны. Бұл есеп беру тауардың есебін жургізуде негізгі құжаттардың бірі болып және жабдықтаушы накладнойы немесе жүк накладнойымен төлемді өтеудің негізі болып табылады.
Қайтарылған тауарларды тіркеу журналы. Бұл журналда тұтынушылар мен қайтарылған ақау тауарлар тіркеледі. Бұл журнал қабылдап алынған тауарларды тіркеу журналынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Практикада бұл журналдан басқа справка да қолданылады. Онда тауарлардың неге, қай себеппен қайтарылғаны жазылады.
Қабылдау бөлімі осындай справкаға қол қойылған жағдайда ғана тауарларды қайта қабылдап алуға құқығы бар.
Накладной. Накладнойда жабдықтаушының сатып алушының тапсырысының орындалуы бақыланады. Накладной сатып алушы тауарды жеткізуге берілген тапсырыс мәліметтерін құрайды. Накладной - бұл жабдықтаушының сатып алушыға жіберілген тауарлардың шоты. Бұл құжат шоттарды толтыру қызметкерімен не жабдықтаушы бухгалтериясында толтырылады.
Накладнойда келесі мәліметтер жазылады: сатып алушының тауардың жеткізуге тапсырыс нөмірі, тапсырысты толтырған күні, тауарды жіберу күні, жеткізуді, төлемді өтеу шарттары, жүк тарифы, тауар аталуы, саны, тауар түрінің бағасы, жалпы құны, жеткізу құны, шегерім көлемі.
Тауарды жеткізуге тапсырыс. Тапсырыстың бұл түрі сатып алушының тауарды сатып алу жөніндегі ниетінің жазбаша түрі болып табылады. Берілген құжат көтерме кәсіпорынның сауда агентімен бірнеше экземплярда жасалады. Экземпляр саны көтерме кәсіпорынының құжаттау операциясын қабылданған практикасына байланысты. Бұл құжатта көтерме сауда кәсіпорынның аты, мекен-жайы, сымтетігі жазылады. Әр тапсырыстың орындалуын бақылау үшін оларға тіркеу нөмірі беріледі. Тапсырыс жабдықтаушыларға жіберіледі. Қажетті жағдайда жеткізудің арнайы шарттары жазылады. Онда төлеу шарттары, жеткізу шарттары, тауарлар каталогындағы нөмірмен бірге тапсырыс берілген тауар түрінің тізімі, олардың саны, бағасы және жалпы құны көрсетіледі. Сауда агентімен тапсырыстың көшірмесі коймаға тауарды қабылдап алу жұмысын ұйымдастыру үшін жіберіледі.
Ыдыс - тауарды тасымалдауға, сақтауға және орауға арналған сыйымдылық (көлем) болып табылады. Ыдыстар келесідей бөлінеді:
- қатты (бөшке, бөтелке, жәшік);
- жартылай қатты (кәрзеңке, картон қораптар);
- жұмсақ, (қап, қағаз қапшық);
Ыдыстар бір рет және көп пайдаланатын болуы мүмкін.
Көп рет пайдаланатын ыдыстар жабдықтаушыларға мідетті түрде қайтарылады. Ал, жабдықтаушы құжатында көрсетілмеген және төленуге жатпайтын ыдыстар өткізуге мүмкін бағасымен сәйкес актімен кіріске алынады.
Ыдыстарды
сатып алушыларға жіберу тауарларды
босату құжаттарымен бірге жіберіп,
олардың аты, саны, бағасы, жалпы
құны мен ерекшеліктері көрсетіледі.
Шығындар - ол міндетті түрде жұмсалатын шығындар (тасымалдау, тиеу, түсіру, жөндеу т.б.)
Зияндар - ыдыстар ұқыпсыздықпен қараудан болған шығындар (жоғалтулар), (қирау, сыну, сапасының төмендеуі және т.б.). Ыдыстардан алынатын табыстарға: жабдықтаушылардан тегін алынған ыдыстардың құны, ыдыстарды өткізу құны ыдыстардың есептік құнынан артуы және т.б.
Ыдыстардың қозғалысы туралы есеп беру тауарлар бойынша есеп берумен бірге қарастырылып, жазылады.
Сауда кәсіпорын ыдыстардың қолдану түрі мен бағаларына тауарлы ыдыс және бос ыдыстардың орташа есептік бағасын ескеруі мүмкін. Орташа есептік баға мен сатып алу бағасының арасындағы айырма счетына жатқызылады.
Егер тауар бөлшек саудада сатып алынса, онда ыдыстарға тағы қосымша ақша төленбейді. Өйткені ыдыстардың құны тауарға кіреді (мәселен, полиэтилен пакеті, қораптар, т.б.). Сондықтан бұл материалдың құны айналым және өндіріс шығындарына жатпайды.
Шетел валютасына алынатын тауарлар есебінің ерекшеліктері.
Тауарларды шетел және ұлттық валютамен алып, оны сатуға құқығы бар сауда кәсіпорыны, тауарды міндетті түрде екі бағамен есептейді (шетел және ұлттық валютасы).
Шоттар жоспарына сәйкес шетел валютасына алынған тауарлар сол күнгі курс бойынша ұлттық валютамен есепке алынады.
Шетел
валютасымен операциялар
Курстың өзгеруіне байланысты курстық айырмашылық жыл бойына счетына жатқызылып, есеп беру кезеңінің соңына "жиынтық табыс" шотына көшіріледі.
Сатып алушы сатып алынған тауарды ауыстыруға, ақау болған жағдайда қайтаруға құқығы бар және сатып алушылардың бұл құқығын әсіресе бөлшек сауда кәсіпорыны сақтауы тиіс. Тауар ауыстырылуы не қайтарылуы мүмкін, тек тауар түрі бұзылмаған, пломбасы, этикеті сақталған, тауардың өзі қолданылмаған және сол сатушыдан алғаны мәлім болған жағдайда. Тұтынушыдан сапасы төмен, ақау тауарды қайтып алған жағдайда накладной 2 экземплярда толтырылады. Оның біреуі тауарлық есеп беруге қосып, ал 2-шісі сатып алушыға өткізген тауардың сомасын алуға немесе ауыстыруға негіз құжат болып табылады. Бұл операция бухгалтерлік есепте келесі проводкалармен беріледі.
Д. 3310 К. 1330
Егер ақау - жабдықтаушы кәсіпорынның кінәсінен болса, онда талап соларға қойылады. Қайтарылған тауар құны сату бағасымен есепке алынады.
Мысалы, "Төлеби" ЖШС фирмасы тауарларды Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Қазақстан фирмаларынан алады. Шетел фирмаларынан тауарларды темір жол арқылы алады. Бұл жағдайда олар тауарларды өздерінің тиісті тулығында қабылдап, машиналарға тартып қоймаға тасымалдайды. Ең басты тауар қабылдайтын қоймашы немесе коммерциялық директор вагонның, контейнердің пломбаларының барлығын, олардың бұзылмағанын, пломбадағы тауарлар беруші кәсіпорынның мөр белгісінің анықтылығын тексереді. Соның бәрін тексеріп болғаннан кейін вагонды (контейнерді) ашып, ішіндегі тауарлы-транспорттық накладной бойынша қабылдайды.
Жергілікті фирмалардан тауарды "Төлеби" ЖШС экспедиторлары жабдық алушының қоймасынан алады. № М-2а формадағы сенім хат береді. Экспедитор жабдықтаушы қоймасынан толық тексерістен өткізіп тауарларды қабылдап алады. Тауар қабылданып болғаннан кейін, жабдықтаушының қоймашысы, сол тауарлар көлеміне шот-фактура немесе накладной толтырып береді.
Сонымен қатар фирма басшылары жеке тұлғалармен де келісім-шарт құрастырып олардан тауарлар сатып алады. Бұл жағдайда жеке тұлғамен фирма арасында өткізілген сауда-саттық операциясына «Жеке тұлғалардан тауар сатып алу актісі» толтырылады.
Тауарлар
қабылданған кезде олардың
Тауарларды
қойма меңгерушісі
ІІ.
БӨЛШЕК САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ
ТАУАРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ
ЕСЕБІ
Бөлшек сауда - тауарлардың өндіріс саласынан жеке адамның тұтыну саласына дейін қозғалыста болу процесін тамамдайтын буын. Мұндай халықтың ақшалай табыстарына айырбас ретінде оларға тауарлар сатылады.
Бөлшек сауда тауарлардың қозғалысын үш саты түрінде ажыратуға болады. Бұлардың әрқайсысының өзіндік мазмұны бар.
төлеу жолда
(алдын
ала төлеу)
консигнация қоймада
сауда залында бір-бірлеп бүлінуі
ұсақ көтермемен табиғи
кемуі
ұрлануы
Сауда кәсіпорындары сауданың (азық-түлік, көкөніс, өнеркәсіптік, маталар, құрылыс, электртұрмыс бұйымдары жене т.б.) мамандандырылуына (тұтынылуына) қарай оларды не тікелей сатылатын орынға, не жекелеген қоймаларға орналастыруды (сақтауды, үйіп қоюды) жоспарлайды. Жеткізушілерден (басқа жақтан, жергілікті жерден) тауарлық-материалдық құндылықтар қабылдаған кезде кіріс құжаттарына (жүк құжатына, шоттарға, көліктік құжаттарға) сәйкес жекелеген материалдық жағынан жауапты адамдар тарапынан немесе комиссиялық жолмен сандық және сапалық қабылдаулар жасалады. Тауарлар мен қаптама туралы нақты деректердің ілеспе құжатқа сәйкес келмеуі солар бойынша үйлеспеушілік айқындамалар бойынша ғана актімен ресімделеді. Тауарлардың сапасын біліктілікпен бағалау қажет болған жағдайда, қабылдану сәтінде Сауда-өнеркәсіп палатасының сарапшылары шақырылады. Айқындалған үйлеспеушіліктер туралы акт (шағым жасау үшін пайдалануға болады) төменде келтірілген нысан бойынша жасалады.
Тауарларды қоймаға немесе тікелей бөлшек сауда кәсіпорынның бөліміне кіріске алу қолдағы бар фактісі бойынша алыну (сатып алыну) бағасы бойынша жүргізіледі. Жеткізіп беруші шегерім жасаған жағдайда, кіріске алу "Алынған тауарлар" шотында шегерімді алып тастау арқылы жүргізіледі. Ішкі алмастыру тәртібімен тауарлардың түсуі (немесе босатылуы) тіркемемен құжатталады, шотта қалдық қалдырылмайды, есепте шығыс пен кіріс қалыптастырылмайды. Бухгалтерлік есеп шоттарында тауарлардың қозғалысын көрсету ерекшеліктері кәсіпорынның есеп саясатында көрініс табуға тиіс. Бұл тексерген кезде тауарлардың сатылу сәтін айқын көрсету үшін қажет.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Президентінің 1995 жылғы 24 сәуіріндегі № 2235 Жарлығына сәйкес (5-бабының 38-тармағы) есептеу әдісі бойынша сату, айырбастау, тегін беру мақсатымен тауарларды тиеп жөнелту өткізу деп танылады.
Өткізу кезінде заттар алушыға беріледі, яғни тауарды меншіктену құқығы сатушыдан сатып алушыға ауысады. Қолма-қол есеп айырысумен тауарларды халыққа сату арнайы құжаттардың ресімделуін қажет етпейді. Алыну фактісі сатып алушының қолына берілетін жалпы сатып алу сомасына қассалық аппараттың чегімен расталады. Ақшалай түсімнің шамасы күннің аяқталуы мен бас кезіндегі бақылау кассалық аппараттар есептегіштері көрсеткіштерінің айырмашылығы ретінде айқындалады. Есептегіштердің көрсеткіштері сауда кәсіпорны кассирінің кітабына тіркеледі. Егер сауда кәсіпорнының сауда нүктелері (киоскілері, бөлімдері) жүйесі болса, онда мұндай нүктелердің түсімі бухгалтерияда касса бойынша күн сайын есеп жасап, оған бақылау лентасын қоса отырып, орталық касса (инкассация) бойынша тіркеледі.
Информация о работе Бөлшек сауда дүкеніндегі бухгалтерлік есеп пен салық салу