Бухгалтерлік есептегі құжат айналымы
Контрольная работа, 19 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген.
Файлы: 1 файл
Бухгалтерлік есептегі құжат айналымы (1).doc
— 104.00 Кб (Скачать)Бухгалтерлік есептегі құжат айналымы
- Есеп саясаты туралы түсінік
- Есеп саясатының мазмұны
- Есеп саясатын дайындау
- Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру
- Құжаттау және есептік регистрлер
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлің есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістерінің, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын
өңдеу мүмкіндігі мен
- бухгалтерлік есептің уақтылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
- бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
- алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
- ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
- актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентаризациясын) өткізу тәртібі (реті);
- актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
- құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
- шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;
- бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік
есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі
факторлар әсер етеді:
- меншік нысаны мен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы да басқа);
- салалық қызметтің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы да басқа);
- қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа;
- салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы да басқа);
- қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі (перспективалы) мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
- ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
- материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
- кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;
Кез келген ұйымның қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.
Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.
Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.
Уақыттылық. Кәспорынның шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.
Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.
Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері – әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.
Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.
2. Есеп саясатының мазмұны
Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорынның қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесін тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.
- Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.
- Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары.
- Шығындарды топтау мен өндіріс өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.
- Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі.
- Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.
- Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары.
- Материалдық қорларды бағалау әдістері.
- Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.
- Курстық айырманы есептеу.
- Тағы да басқалар.
Өндірістік шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі
Өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдің ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялаудың келесі негізгі әдістерін қолдана алады:
- нормативтік әдіс (нормативный),
- өндірістік өңдеу сатысы (попередельный),
- тапсырыстық әдіс (позаказный),
Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі
Жанама (қосымша) шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:
- нақты немесе нормативті (жоспарланған) өндірістік құн бойынша;
- тікелей шығындар бойынша;
- жұмсалынған шығындар шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша.
Өнімнің бір ғана түрін өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында аяқталмаған өндіріс нақты жұмсалған шығындар бойынша есептелінеді.
«Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есеп беру туралы»
Қазақстан Республикасының
3. Есеп саясатын дайындау
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытына дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамына есеп саясатының
есеп беру жылына қабылданған барлық
пунктерінің мазмұны толық
Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттармен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен ресімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
- бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;
- жаңа бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуге байланысты және тағы да басқа.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп
саясатының дайындалған
Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.
Ұйымның түсініктеме жазуларында (пояснительная записка) жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылданған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.
4.Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру.
Шаруашылық жүргізуші
Субъектіде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын орындаған кезде оның заңдылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып келеді.
Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде субъекті мына жайларды қамтамасыз етуі керек:
- есеп беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау
мен кейбір шаруашылық операцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп саясатының өзгермейтіндігі, 1 БЕС белгілеген ережесімен сәйкес келетіндігі;
- қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін
және есептік кезінде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларының есепте толығымен көрініс табуы;
- тиісті есептік кезеңіне шығыс пен табыстың дұрыс жатқызылуы;
- әрбір айдың басына синтетикалық есеп шоттары бойынша
қалдығы, аналитикалық есептің айналымымен сәйкестігі сақталуы керек.
Операцияларды құжаттармен рәсімдеу процесі бухгалтерлік есептің алғашқы сатысы болып саналады, сондықтан аталған процесті құжаттау деп те атауға болады.
Құжаттырдың арналымы мен мазмұнын дәл және толық түсіну үшін, оларды біршама белгілері бойынша жіктейді: арналымы бойынша, жасау тәсілі бойынша, мазмұны бойынша, жасау орны, сандық поэзиясы, толтыру тәсілі бойынша.
- Құжаттау және есептік регистрлер
Құжаттар арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:
- тәртіп орнатылатын (басқара білетін) – жарлықтың мазмұны,
шаруашылық операциясын
Көптеген жарлық ретіндегі құжаттыр, операция жасалғаннан кейін барып, ақтаушы құжаттарға айналады;
- ақтаушы (атқарушы) – жасалған шаруашылық операция-