Ауылшаруашылығы инновацияны енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 08:41, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі – лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға лизинг маңызды орын алады.

Файлы: 1 файл

Байбоконов Досжаннын курстық жұмысы Қазақстан Республикасында лизингтің дамуы.docx

— 75.03 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

Қазіргі  Қазақстан жағдайында кәсіпкерлік қызметтің өркендеп дамуында шешілмей жатқан мәселередің  бірі  қаржы  ресурстар  жеткіліксіздігі.  Шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  несиелендіруде  қаржы  институттары  негізгі  құралдарды  уақытша  пайдалануға  белгілі  бір төлеммен ұсынуда – лизинг.

Елімізде қабылданған  индустриалды-инновациялық сратегиясында  негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты  назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер  шешімінің басты механизмі –  лизинг болып табылады.     Қазақстандағы негізгі құралдардың  80 пайызға жуығы тозған және тез  арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал  жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге  нарықта жаңадан жұмыс жасап  жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер  қызметін жандандыруға лизинг маңызды  орын алады. Бұрынғы постсоциалистик  елдердің барлығында  барлығында дерлік қазіргі таңда кәсіпорында, өндіріс  орындарында ескірген негізгі құралдарды жаңарту мәселесі өзектілердің бірі. Өндірісте жоғары ғылыми техникалық құрал жабдықтарды негізе отырып, шығаратын өнім сапасын , оның бәсекелестік қабілетін арттырамыз. Бүкіл әлемдік  сауда ұйымына кіру қарсаңында, отандық  өндіріс орындары мен кәсіпорындардың  өндірген өнімдері,  халықаралық  сапа талаптарына жоғары бәсекеге төтеп  беруі қажет. Міне бұл мәселелерді  шешудің бірден бір тиімді жолы –  лизинг арқылы шешуге болады.

Еліміздегі лизингтік  қызметпен айналысушыларға мемлекет көптеп қолдау жасауда. Ол бір жағынан  лизингтік компания өз қызметін жандандыру арқылы кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыс  бастылық мәселелерін шешсе, екінші жағынан лизинг беруші компаниялардың қызметін пайдалану арқылы, еліміздің  көптеген кәсіпорындары өз құрал  жабдықтарын жаңартуға және сол  арқылы өз қызметін дамытуға мүмкіндік  алды.

Лизингке әр түрлі салықтық жеңлдіктер жасалған. Лизинг беруші мен  мпортталған негізгі құрал мүліктері  қаржы лизингі үшін, және оны лизинг алушыға жалға беру, қосымша құн  салығынан босатылады. Лизинг алушы  өзіне қажетті құрал жабдықтарды  біршама арзан бағамен импортауға мүмкіндік алды. Тікелей өзі импорт жасайтын болса, онда қосымша құн  салығы қосылады. Импорт кезінде қосымша  құн салығы салынбайтын негізгі  құрал тізімі тікелей Қазақстан  республикасында Үкіметімен бекітілген. Сондай-ақ лизинг бойынша сыйақы да қосымша құн салығынан босатылады.

Лизингік қатынас дамыған  және   дамушы елдерде  қолдану  аясы кеңейуде. АҚШ және Европа елдеріндегі  лизинг ең тиімді, жоғары икемді қаржы  механизмі ретінде қарастырылады. Лизинг механизімінде өзіндік артықшылықтар  бар. Лизингтік қатынастың дамуы  жалпы экономиканың дамуына бірнеше  бағытта әсер етеді:

  • лизинг шағын және орта бизнес субьектісінің дамуына әсер етеді, яғни өз негізгі құралдарын жаңартуға қосымша қаржысы болмаған жағдайда .
  • лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың бір түрі болғандықтан, капиталған салымдар көлемін көбейтеді.
  • лизинг негізгі құралдарды тез арада жаңартудың бір түрі (қосымша  қаражаттар тарту мүмкіндігі арқасында )
  • лизинг қаржылық қызмет көрсету нарығында қосыша бәсекелестік туғызады . Лизингтің пайда балуы мен қаржыландыру бағасы төмендейді, қарылық қызмет нарығы кеңейеді. Лизинг көбінесе банк несиесінің баламасы  болып табылады. Кәсіпорындарға банк алдындағы міндеттемесінің көбеймеуіне жол береді.
  • сондай-ақ лизинг , өндірушілер үшін өндірген өнімдерін өткізудің бір жолы болып табылдаы.

  

 

 

1. ЛИЗИНКТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 1.1. Лизинг түсінігі, мәні мен маңызы

 

«Лизинг» түсінігі шет  ел   және отандық әдебиеттерде де кәсіпкерлік қызмет тәжрибесінде де кең қолданылады . Лизинг мәнін  дұрыс түсінбеудің арқасында  және әр түрлі көз қарастар мен  тұжырымдар  лизингтік  қатынас  жұмысына  кері  әсерін  тигізіп  отыр.  Лизигтің  қаржы-каммерцияалық, құқықтық  және  техникалық аспектілері  бар. Жобамен қазіргі экономикалық, қаржылық әдебиеттерде 100-ден астам  анықтамалары бар. Ол анықтамаларды  талдай отырып, біз лизингті тар  және кең мағынада түсіндіре аламыз, келесі белгілеріне сүйеніп: лизинг келісім шарттарының экономикалық-құқықтық мазмұны, келісім мерзімі, лизинг келісімінің  обькетілер шеңбері, келісім  шартқа қатысушылардың саны мен құрамы .

Лизингтік қызметті біздің елде инвестициялық қызметтің бір  түрі болып саналады, яғни негізгі  құралдарды сатып алып, оны лизингке беру. Басқаша айтқанда лизинг- бұл  лизинг  беруші  тарапынан  уақытша  бос  қаржысын  лизинг  алушы  эканомикасына  салу, яағни  инвестициалау  болып  табылады .  Келісім  шарта  көрсетілген  негізгі  құралдарды  лизинг беруші  сатушыдан  сатып  алып,  оны  лизинг  алушыға  құнынайлап  өтеу  негізінде  пайдалану  құқығы  мен  кәсіпкерлік  мақсатына  қолдануға  беріледі.  Лизинг  берушгі  негізгі  құралдарды  сатып  ала  отырып ,  сол құралдардың  болашақта  лизинг  алушымен  пайдалануын  қаржыландырады,  ал  сосын  өз  шығындарын  лизингтік  төлемдер  арқылы  толтырып  отырады. Нәтижесінде  лизинг  берушінің  инвестициялық  қызметі  негізінде  лизинг  алушының  негізгі құралдар құрамы толығады .

Әлемнің көптеген елдерінде  лизингтік қызмет инвестициялық  бағытталғандығы мен сипатталады. Лизинг механизімінің мәнін түсінуде әр елде түрліше өзгешліктер бар. Көп жағдайда лизингті аренда түрінде  түсінеді немесе құрал-жабдықтың ,көлік  құралдарың, өндіріс обьектілерінің ұзақ мерзімді арендасы ретінде түсінеді. Бұлай лизингке анықтама беру оның мән мағынасын толық ашпайды. Лизинг қаржылық ерекшелігімен арендадан рекшелінеді. Лизинг алушы – бұл ұзақ мерзімге пайдалануға тек құрал жабдықты ғана емес, сонымен бірге меншік құқығымен байланысты міндеттер жүктеледі: мүлікке төлем, мүліктің кездейсоқ бүлінуіне байланысты өтемдер, оларды сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуге төлемдер. Лизинг затына меншік құқығы лизинг берушіде қалады. Лизинг алушы арендатор сияқты әр айда оны пайдаланғаны үшін емес, оның толық құнын өтеу үшін төлем төлейді. Лизингке алынған заттың бүлінуі немесе жойылуы лизинг алушы міндетттерінен босатпайды. Сонымен бірге арендаға алғанда екі жақты келісім шарт жасалады, ал лизингке алғанда екі немесе оданда көп жақты келісім шарт жасалады. (№1-2 сызба )

   

 

Экономикалық қарым-қатынаста  лизинг көп жағдайда қаржылық операция түрінде қарастырып, қор салымының  бір түрі  деп түсінеді. Кез  келген лизинг келісімінің негізгі  өзегі –қаржылық, несиелік операциялар  болып табылады. 

 

Аренда беруші                              аренда келісімі                  Аренда алушы


 

          1-сурет— аренда келісім –шарты

 

 

Жабдықтаушы сатып алу келісімі Лизинг беруші аренда келісімі Лизинг алушы


 

             2 –сурет— лизинг келісімі

 

«Лизинг» термині ағылшынның «to leasе» деген етістігінен шыққан , мағынасы «арендаға алу». Лизинг терминінің көптеген анықтамасы бар, бірақ ол анықтамалардың барлығы лизинг формаларын толық  сипаттай алмайды. Лизинг қаржы –  коммерциялық , құқықтық, техникалық аспкетілерге ие.

Әртүрлі саладағы мамандар ( юристтер, коммерснттар мен кәсіпкерлер, маркетолог, банкир, сыртқы экономикалық сала қызметкерлері ) лизингті инвестициялық - банктік немесе аренделық кейде  іскерлік қызметке жатқызады .

Лизинг- іскелік қарымқатынастың  бір түрі, өйткені лизинг шаруашылық тәжрибеге нақты енген өнім өткізудің, инвестициялаудың басты формасы. Мұндай тар  және біржақты анықтамалар мен  лизинг- бұл аренда , қаржыландыру, несиелеу, тауар өткізулизингтің көп жақты  табиғаты мынадай жаңа жұптардың  құрылуына себепші болып отыр. Олар:  лизинг –несие , несие –аренда, аренда –сату, лизинг –сатып алу , жалдау –сатып алу, сату -қарсы лизинг, сатып  алу- лизнг.

Сондықтан кейбір жағдайда лизинг сауда – қаржылық немесе қаржылық – экономикалық операция ретінде жүреді. Австралиялық бизнесмен  Вольфганг Хойлер өзінің «Европадағы  бизнесті қалай жасау керек» деген  кітабында мынадай сұрақ қойған: «Лизинг – аренда келісім шарты  ма, әлде несие келісімі ме?» - жауап: «Жалпы лизинг ерекше келісім, жоғарыда аталғанның екеуін де қамтиды.»

Лизинг – бұл күрделі, кешенді келісімдік қатынас, өйткені онда екі немесе оданда көп келісімдер қамтылады ( сату –сатып алу және мүлікті жалға беру келісімдері) .

         Басқа  тұжырымы бойынша: мүлікті жалға беру – лизинг мәнінің өзегі болып табылады. Ал қосымша қызметті мүлікті сату – сатып алуқатынастары атқарады. Экономикалық мәні бойынша лизинг – қаржылық операцияның жаңа түрі ретінде қарастырылады. Егер лизингті белгілі бір уақытқа қайтару негізінде арендаға алатын болсақ, онда біз оны негізгі құралдарға жасалған тауарлық кредит ретінде қарастыруымыз керек.

Өз қаржылық рессуртарын  пайдалану мен банктік несиенің баламасы ретінде, лизинг – капиталға  салымды қаржыландырудың өзіндік  ерекше формасы болып таьылады. Бұл  процесс өнеркәсіптік кәсіпорынға  бірденнен көп қаржылық шығындалмай  ақ қажетті мүлікті сатып алуға  және негізгі құралдарды үздіксіз жаңартып отырудың мүмкіндік береді.

 

                 1.2 Лизингтің түрлері мен жіктемелік  белгілері

 

Лизинг түрлерінің жіктелуі отандық және шет елдік тәжрибе  мен теорияда айтарлықтай салмақты зерттеліп жатыр. Лизинг түрлерін көрсеткенде  оның жіктелу белгілеріне сүйенеміз.

  Жіктемелік белгілеріне  жататындар:

  • қатысушылар келісімге құрамы
  • лизингке берілетін мүлік түрі
  • оның өтімділік деңгейі
  • амортизация жағдайы
  • қызмет көрсету көлемі
  • операция өтететін нарық секторы
  • салықтық және амортизациялық жеңілдік қатынасы
  • лизингтік төлемдер сипаты

Қазқстан заңдық актілеріне сәйкес лизингтің негізгі екі  түрі көрсетілген: ішкі және халқаралық.

Ішкі лизингтің жүзеге асырғанда  лизинг беруші және алушы, сатушы (жабдықтаушы) ҚР резиденттері болуы керек. Ішкі лизинг ҚР заңымен  реттеледі. Халқаралық лизингті  жүзеге саырғанда лизинг беруші немесе алушы  ҚР бейрезиденті болуы мүмкін.

Егер, лизинг беруші ҚР резиденті  болса, онда лизинг заты ҚР резиндетінің меншігі болып саналып, лизинг келісім  шарт ҚР заңнамасымен  реттеледі. Ал керісінше жағдайда халықаралық  келісім шарт сыртқы экономикалық қызмет аясында реттеледі.

Қазіргі ауқытта дамыған  елдердің шаруашылық тәжрибесінде лизингтің  көптеген түрлері қолданылады.  Олардың  әр қайсысы өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Кеңінен тарағандары:

  • оперативті (қызметтік) лизинг
  • қаржылық (капиталды) лизинг
  • қайтарымды  лизнг
  • іскерлік лизинг (үшінші жақтың қатысуымен)
  • тікелей лизинг
  • сублизинг

   Аталған келісімдердің барлығы лизингтің негізгі екі формасының түрлері болып саналады, олар: оперативті және қаржылық. ҚР « Қаржылық лизинг» туралы заңына сәйкес лизинг негізгі үш түрі көрсетілген, оперативті, қаржылық, қайтарымды (мәні бойынша қаржылық лизинг бір түрі болып табылады). Аталған лизинг түрлерінің кең тараған түрлерін қарастырып өтейік.

  I.Оперативті лизинг – бұл ағымдағы аренда келісімі, әдетте мұндай келісім мерзімі, алынған мүліктің амартизация мерзімінен аз болып келеді. Сондықтан келісім бойынша белгіленген арендалық төлем мүліктің толық құнын өтей алмайды, нәтижесінде мүлікті бірнеше рет лизингке беруге тура келеді. Оперативті лизингттің негізгі ерекшелігі – лизинг  алушының келісімді мерзімінен бұрын тоқтатуға құқықығы бар. Сонымен бірге мұндай келісім мен алынған мүліктің ағымдағы жөндеу жұмыстарын және орнату, тағыда басқа қызмет түрін көрсетуі мүмкін. Сонбықтан лизингтің бұл түрін кейде қызметтік деп атайды.

 

5

Жалға беруші                                                            Өндіруші


      (Лизингтік  компания) 2


4

1 3

 

 

                                             Арендатор

                                            (Жалдаушы)

 

3-сурет – оперативті  лизинг 

 

  1. құрал жабдықтарды алуға өтініш
  2. алынған құрал жабдыққа төлем
  3. құрал жабдық
  4. жалгерлік төлемдер
  5. келісім мерзімінің аяқталуымен құрал жабдықты қайтару

Информация о работе Ауылшаруашылығы инновацияны енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету