Ауылшаруашылығы инновацияны енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 08:41, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі – лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға лизинг маңызды орын алады.

Файлы: 1 файл

Байбоконов Досжаннын курстық жұмысы Қазақстан Республикасында лизингтің дамуы.docx

— 75.03 Кб (Скачать)

 

Оперативті лизинг обьектілері  болып тез ескіретін құрал-жабдықтар (компьютер, көшірме құралдары, әр түрлі  оргтехникалар) кіреді. Жалпы оперативті лизинг талаптары лизинг алушыға  тиімді, өйткені лизинг алушының келісімді  мерзімінен бұрын тоқтату құқығы оған ескірген, тозған негізгі құралдарын жаңа технологиялық құралдар мен  ауыстыруға мүмкіндік береді. 

  Кемшілектері : басқа лизинг түрлеріне қарағанда айтарлықтай жоғары арендалық төлем, алдын ала аванс төлеу талабы,  арендалық келісім шартта       келісімді  мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда айып пұл төлеу туралы тармақтың болуы.

II.Қаржылық лизинг – ұзақ мерзімді келісім, мұнда жалдау төлемінің есебінен мүліктің амортизациялық төлемдері толық төленеді. Мұнда келісімді мерзімінен бұрын тоқтатуға болмайды, сондай ақ мерзімдік төлемдер-сатып алу, жеткізу шығындарын және пайданы қамтиды. Лизингтің бұл түрінде орнату, жалдаушыға техникалық қызмет көсету жалдаушыға жүктеледі. Бұл келісімде  мерзімі біткенде, мүлікті жеңілдік бойынша немесе қалдық сомасы бойынша сатып алу қарастырылған.

Оперативті лизингке қарағанда  қаржылық лизигмүлік иесінің тәуекелін  төмендетеді. Мәне бойынша банктің  ұзақ мерзімді келісімінің талаптарына  ұқсас, яғни алынған мүліктің толық  құнын төлеу, мерзімдік төлемдер (негізгі және пайыздық жағы, яғни мүлік  құны мен пайда), келісімді орындай  алмай жатса, жалдаушыны «банкрот»  деп жариялау құқының болуы және т.б.

Қаржы лизинг обьектісіне  тұрғын үй (жер ғимарат, құрылғылар), өндірістің ұзақ мерзімді құралдары. Қаржы  лизингі қайтарымды және  іскелік  лизинг түрлерінің негізі болып табылады.

 

         Жалға беруші                                                              Өндіруші


  (лизингтік компания) (Жалдаудаушы)


 


 

 

                                      Жалдаушы                                                                                                                                              

 

         4-сурет – қаржы лизинг механизмі

 

  1. құрал жабдықты алуға өтініш
  2. құрал жабдыққа төлем
  3. құрал жабдық
  4. жалгрлік төлем

 

III.Қайтарымды лизинг – екі келісімді білдіретін жүйеден тұрады. Мұнда құрал жабдық иесі өз мүлкін екінші жақ меншігіне сатады, сонымен бір мезгілде сатып алушыдан ұзақ мерзімді жалға алу келісім шартын жасайы. Әдетте сатып алушы ретінде коммерциялық банктер , инветициялық , сақтандыру, лизингтік компаниялар болады. Мұндай операциялардың  нәтижесінде құрал жабдықтың иесі ғана өзгереді, ал оны пайдаланушы бұрынғысынша өзгермейді, тек қосымша қаржыландыруға ие болады. Инвестор шын мәнінде оның бұрынғы иесін несиелендіреді, нәтижесінде мүлікке меншік құқығын алады. Мұндай операциялар көбінесе іскерлік құлдырау жағдайында қолданылады,  кәсіпорын қаржылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында.

 

1

       Лизингтік  компания                                                      Кәсіпорын


 2


                    5-сурет –  қайтарымды лизинг  процесі 

 

  1. Құрал жабдық құны
  2. Ареналық төлем

 

IV.Іскелік лизинг -  лизингтік  келісімде үшінші жақтың (инвесордың) қатысуын қарасырады. Әдетте үшінші  жақ банк, сақтандыру, инвестициялық  компаниялар болады. Бұл жағдайда  лизингтік компания құрал жабдықтарды  жалға алу туралы келісім шартқа  алдын ала отырып, қарыздың бір  бөлігін төлеп оны өз меншігіне  алады. Алынған қарызды қамтамасыз  етуші болып, алынған мүлік  жүреді (ереже бойынша оған кепіл  зат  рәсімделеді) және болашақта  жалгерлік төлемдер, сәйкесінше  бір бөлігі жалгермен тікелей  инвестицияға төленіп отырады.  Сөйтіп лизингтік фирма салық  артықшылықтарын пайдаланады, яғни құрал жабдықтардың амортизациялық және міндеттемелерін өтуе процесінде туындайтын қарыздар. Лизингтің бұл формасының негізгі обьектілері – жоғары бағалы активтер, пайдалы қазба кен орындары , өңдіруші  салалардың құрал жабдықтарды және т.б.

 

2

 Жалға беруші                                                      Қосымша қаражат көздері


 1


3

              6        4                         Өндіруші


5

 

     Жалға алушы

 

6-сурет – іскелік лизинг  процесі 

 

V.Тікелей лизинг  - мұнда   жалгер, лизингтік фирма мен сатып  алу жөнінде келісімге отырады,  соңынан оны  арендаға беру  шартымен. Мұндай жалгерлік келісім  шарт көбіне тікелей өндіруші  фирмамен жасалады. Өз өнімдерін  лизинг арқылы ұсынатын ірі  өндірушілер, яғни: IBM, XEROX, GATX, сондай  ақ авиациялық, кеме жасаушы және  автокөлік жасаушы ірі компаниялар  жатады. Мысалға автокөлік нарығының  лидері «Драймлер-Крайслер» концерні  және BMW концерні бірнеше жетекші  лизингтік компаниялардың құрылтайшысы  болып табылады. Сол компаниялар  арқылы дүние жүзінің көптеген  елдерінде өз өнімдерін өткізеді.  

 

1

               Өндіруші                                                             Жалға алушы


        (Лизингтік  бөлімше)       2

 

7-сурет — тікелей лизинг  процесі үшін

  1. құрал жабдық
  2. арендалық төлемдер

 

VI.Сублизинг - бұл лизингтің түрі алынған құрал жабдықты лизинг алушы ( сублизинг беруші) үшінші жаққа береді (сублизинг алушыға) кәсіпкерлік мақсатта  уақытша пайдалануға, яғни сублизинг келісім шартымен, әр айда төлеу міндетімен.

Халықаралық сублизинг,  халықаралық лизингтің бір түрі болып табылады. Олда ҚР «Қаржы лизингі  туралы» заңы мен реттеледі. Халықаралық  сублизингтің айрықша ерекшелігі болып, лизинг затының ҚР шекарасынан ары  –бері лизинг келісім шарты мерзімінде өтіп жүруі. Сублизингтің негізгі артықшылығы , ол жалға беруші жалгерлік төлемдерді талап ету құқықығына ие. Әдетте келісім шартта ескертіледі, үшінші жақтың банкроттық жағдайында жалгерлік  төлемдер негізігі жалға берушіге жүктеледі.

 

1 1

        Жалға  беруші                           Делдал                           Тұтынушы


 2 2


8- сурет –  сублизингтік  процес 

1)Құрал жабдық

2)Жалгерлік төлемдер 

 

1.3. Лизингтің субьектілер  үшін артықшылықтары мен кемшілікері.

 

Лизинг - барлық лизингтік  қатынасқа қатысушыларға өзекті мәселе, яғни олар: құрал жабдықты алушы, инвестор, лизингтік компания, мемлекетке( экономиакның басымды саласына инвестиция салу мәселесі бойынша) және банкке (лизинг нәтижесінде ұзақ мерзімді, тұрақты кіріс алу мәселесі бойынша).

Лизинг артықшылықтары негізінен  қазіргі елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты маңыздылығы келесі мәселелерде  айқындалады:

 а) Мемлекет үшін.

Қалыптасқан  экономикалық жағдайда инвестициялық жандандыру мәселесінде лизингтің даму қажеттілігі  мемлекет үшін ең өзекті мәселелердің бірі.

  • бұл  қаржы құралы, инвестициялық қызмет үшін барлық қаржы қаражатын жұмылдыруға мүмкіндік береді
  • өз механизімі арқылы инвестициялық ресурстардың  өндірісті қайта жабдықтауға жұмсалуына кепілдік береді.

б) лизинг алушы үшін.

  • тиімді, рентабельді жобасы бар кәсіпкер бірденнен көп көлемді қаржы  шығындамай  құрал жабдық алып, өз өндірісін бастауға мүмкіндік береді.
  • кәсіпорын мүлкіне салынатын салықты азайтады, яғни алынған мүлік жалгерлік мерзімі бітпегенше көп жағдайда жалға берушінің балансында тіркеледі.
  • ҚР « Қаржы лизингі туралы» заңына сәйкес барлық жылжымалы мүлік құралына жататын, лизинг обьектісі болып табылатын ( негізгі құралдардар активті бөліміне қатысты)  3 коэфицент бойынша негізгі құралдарға  жеделдетілген амортизациялық әдіс қолдануға рұқсат етілген.
  • лизинг алушының бухгалтерлік есебі жеңілдетіледі.Өйткені негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударым, салық төлеу және қарызды басқару есебі лизингтік компаниямен жүргізіледі.
  • келісім шартта қарызды өтеудің ыңғайлы және икемді схемасын қарастыруға болады.
  • жоғарыда аталғандарға қоса банктегі лизинг алушының жағдайын қарастырайық. Бұл банк үшін тиімді, өйткені банк балансы жеңілдетіледі, ал ол өз кезегінде банктің экономикалық  көрсеткіштерінде оң өзгерісті көрсетеді. Мысалға аяқталмаған өндіріс құны лизингке алғанда бірте-бірте өз құны құрамына енгізіледі де, ал ол  «капитал» категориясына кері әсер етпейді.

в)  лизинг беруші үшін .

  • лизингтік компания инвестор сияқты капиталға салған салымы үшін лизингтік кіріс алады. Мұнда тәуекелдік әдеттегі несие беруге қарағанда төменірек болады.
  • төлемдер толық өтеліп біткенше  лизинг беруші заңды иесі болып таьылады. Төлемді төлеу тәртібі бұзылған жағдайда құрал жабдықты қайтарып алуға құқығы бар. 
  • лизинг алушының банкроттық жағдайында да лизинг берушінің құрал жабдықты қайтарып алып, өз міндеттемелерін өтеуге болады.
  • лизинг беруші  лизинг алушыға ақшалай қаражат бермейді , оған бақылау жасау мүмкіндігі төмен. Керісінше оған тікелей өндіріс құралдарын береді.
  • қаржылық лизинг (3 жылдан кем емес) арқылы алған кірісіне салық төленбейді.
  • лизинг беруші кеден баждарын төлеуден босатылады, ҚР территориясына алыпкелінетін лизингке беру мақсатындағы құрал жабдықтар салықтан босатылады.

г)  лизингтік мүлікті  сатушы үшін.

  • лизинг дамуына тек лизинг алушылар ғана емес, сонымен бірге ірі өндірушілер де мүдделі, өйткені лизинг арқылы олардың шығындарын өнімдерін өткізу нарығы кеңейіп  жатыр. Лизингке берілген құрал жабдықтың бөлшек құралдарын сату арқылы, оларды жөндеу, модернизациялау жұмыстары арқылы кіріс көбейеді.

Сонымен қатар лизингтің  обьективті кемшіліктері бар. Олардан  келесілерді атап көрсетуге болады:

  • Инфлияцияның елеуі өзгерісі жағдайында лизинг алушыға  құрал жабдықты  қалдық құн боиынша стып алу тиімсіз болуы мүмкін.
  • Қаржылық лизинг алғанда ҒТП нәтижесінде моральді тозуы мүмкін, бірақ лизингтік төлемдер келісім шарт мерзімі біткенше төленеді.
  • Лизингтік келісімге қатысушылар санының көп болуы лизингтік операцияны ұйымдастыруда қиындық туғызады, яғни әкімшілік шығындар мен лизингтік  келісімді дайындауға кететін уақыт шығыны.
  • Лизинг берушіге құрал жабдықтың моральді тозу тәуекелі жүктеледі(әсіресе лизингтік келісім мерзімі оның  амортизациялық мерзімінен аз болса), ал лизинг алушы үшін лизинг арқылы алған мүлік құны оны сатып алған кездегі құнынан жоғары болады.
  • Банк кредиті мен салыстырғанда лизингтің қымбаттылығы. Бұл жағдайды былай түсіндіруге болыды, яғни лизинг беруші жоғары комиссиондық төлем алады, өйткені оған берілген негізгі құралдың тозу тәуекелі жүктеледі. Сонымен бірге лизинг алушы келісімді бұзған жағдайда ескіген құрал жабдықпен қалу тәуекелі де бар. Ал ескірген құрал жабдықты екінші рет лизингке беру мүмкіндігі төмен.   

 

 

II . ҚР-дағы  кәсіпкерлік қызметтегі лизнгтік  операцияларды талдау

2.1. Қазақстандағы  лизингтің дамуының қазіргі жағдайын  талдау

           Қазақтанда лизингтің қалыптасуы  мен дамуының 15 жылдық тарихы  бар. Оны біз келесі этаптарға  бөліп көрсетуімізге  болады.

         

Әлемдік тәжрибеге сүйене отырып, Қазақстанның лизингтік даму бағдарламасы келесілерді қамтиды:

  • лизингтің құқықтық – нормативтік базасын талдау, жетілдіру.
  • лизингтік қызмет нарығы қатысушыларын, банк мамндарын , лизингтік компания мамандарын оқыту және  лизинг алушы кәсіпорындарға кеңес беру.
  • шет елдік те жергілікті де инвесторлармен байланыс орнату.
  • Лизингтің артықшылықтарын түсіндіре отырып, БАҚ арқылы жариялау, түсіндіру.

Алғашқы лизиннгтік компаниялар  ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында мемлекеттің қатысуымен құрылды. Лизингке берілген ауыл шаруашылығы техникасының 60 %-ға жуығы «ҚазАгроФинанс» , 27 % «Астана  Финнас» ЖАҚ үлесіне тиесілі  болды. Сонымен бірге бұл салада Ресей  ауыл шаруашылық техникасын ұсынушы «Агромашлизинг»  ЖАҚ  қызмет жасайды.

Ал егер тек коммерциялық лизингтік компанияларды қарастыратын болсақ, лизингке тартылған құралдар ішінде 50% көлік құралдарымен жол  жөндеу техникасы құрайды. Лизингтік  компаниялар сұраныс жағдайында бірінші кезекте өндірістің жоғары өтімді құрадарын қаржыландырады. Бұл  лизинг берушінің тәуекелін төмендетумен түсіндіріледі. Қазіргі біздің нарықта  құрал жабдық пен жабдықтаушы  қазақстандық, ресейлік және шет елдік компаниялар жұмыс жасауда. 2009 жылдан бастан Қазақстан Республикасының лизингтік дамуы 5 этабына көшті. Бұл дегеніміз кешенді қайтақарау, яғни лизингтік заңдарды жетілдіру.

Еліміздегі лизингтік  компанияларының басым бөлігі Алматы қаласында орналасқан: Альфа Лизинг, Альянс Лизинг, АТФ лизинг, БТА лищинг , Казтранслизинг, Медикал лизинг Груп, Нуринвест.

 Агромашлизинг, Астана  –финанс, Зерновая , КазАгроФинанс  лизингтік компанияларының басты  офистері Астанада орналасқан.

Еліміздегі лизинг компанияның  көбеюі  лизигнтік индустрияның нақты дамуына және ауыл шаруашылығы  мен шағын кәсіпкерліктің дамуына  мол жағдай жасайды.

Лизингтік қызметтің негізгі  тұтқалары болып отын энергетикалық, металлургиялық, көлік, сауда, ауыл шаруашылығы  салалары жатады.

Информация о работе Ауылшаруашылығы инновацияны енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету