Ауылшаруашылығы инновацияны енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 08:41, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі – лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға лизинг маңызды орын алады.

Файлы: 1 файл

Байбоконов Досжаннын курстық жұмысы Қазақстан Республикасында лизингтің дамуы.docx

— 75.03 Кб (Скачать)

3.2.«Сарыағаш»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде лизингті пайдалануды жақсарту жолдары

 

Бұл тек ауыл шаруашылығы  құрылымдарының басындағы ғана жағдай емес. Жалпы алғанда, республикадағы өндіріс орындарының орта есеппен  алғанда 60-80 % негізгі қорлары азып тозып кетті.

Бұл арада, лизингтің ең басты  артықшылығы: лизинг ұсынатын компания кәсіпкерге пайдалануға берген мүліктің меншік құқығын қанағат тұтады. Яғни, сіздің шаруашылық жүргізу үшін құрал-жабдық сатып алуыңызға өндіріс жабдықтары қажет. Ал оны сатып алуға қаржыңыз жетіспейді. Сіз лизинг компаниясына барасыз да, лизинг беруші мен шартқа отырып, алатын жабдығыңыздың құнының 20-30% төлейсіз, алған жабдығыңыздың  не техникаңыздың қалған құнын келісімді  өсім пайызымы мен бірнеше жыл  ішінде бірте-бірте төлеп құтыласыз. Міне, содан кейін лизинг беруші мен есептескеннен соң, жабдық өзіңіздің  меншігіңізге айналады.

Қазақстанда лизингтік қызмет нарығы 2000 жылдан бастап белсенді дами бастады. Соның ішінде лизингтік  мәселелердің негізгі үлесі мемлекеттің 100% қатысуы мен «Казагрофинанс»  лизинг компаниясына тиеді. Ол ауылдағы әлеуметтік өзекті мәелелерді шешу үшін Қазақстаннның агро азық-түлік бағдарламасының  шеңберінде Үкіметтің бастамасы  мен құрылған болатын. Коммерциялық банктер лизингі мен өздерінің  арнайы құрылған еншілес компаниялары арқылы айналысуды лайық көреді. Бүгінгі  таңда республикамызда 20-ға тарта  лизинг компаниялары жұмыс істейді, оның   8-і                  

жергілікті банктердің еншілес  компнииялары, олардың еліміздегі жалпы  лизинг көлеміндегі үлесі 51%, ал 26%-ы  «Казагрофинанс» лизинг компаниясының  үлесінде.

2003 жылы Қазақстандағы  жалпы инвестицицялар көлеміндегі  лизинг үлесі 1% төңірегінде болды.  Бұл, әлі болса тым аз, дегенмен 2003 жылдың көрсеткіші мен салыстырғанда  4 есе ұлғайған өсім бар. 

Лизингілер мемлекеттің  қолдауымен, негізінен ауыл шаруашылығы  құрылымдарына трокторлар мен комбайнарды, басқа ауыл шаруашылығы  құрал  жабдықтарын сатып алуға көптеп беріле бастады. Оның мерзімі де инвестицияның  бұл түрін пайдаланушылар үшін, едәір  жеңілдіктер берілді. Атап айтқанда, үш жылдан 7 жылға дейін алуға  болады. Лизингіге берілген мүліктердің  жалпы құрылымында жол құрылыс  техникасы екінші орын алады. Оның себебі, республикамызда жолдарды жақсарту жөніндегі ірі бағдарламалардың жүзеге асырыла бастағандағыжәне «Астана- жаңа қала» еркін экономикалық аймақ  шегіндегі құрылыстың қарышты дамуы.

Соңғы жылдар кәсіпкерлік  лизингтің пайдасы мен артықшылықтарын түсіне бастады. Оған 2008 жылы -291, ал 2009 жылы 722 лизингі жасалғаны дәлел. Өткен жылы лизингтік мәмілелердің  орта мөлшері 169 мың долларды құрады. 2010 жылдың тоғыз айында лизингке берілген мүліктердің 47 пайызын ауыл шаруашылық техникасы құрады. Лизингке берілген ауыл шаруашылығы техникасының 60 пайызын «Казагрофинанс» акционерлік қоғамы  беріп отыр. International Finance Corporation (IFC) мамандарының мәліметтері бойынша, 2003 жылы лизинг көлемі 85 миллион долларға жетті. Ал биыл бұл цифр дәлелделген мәліметтер бойынша 257 миллион долларға жетеді деп болжанып жатыр.

Бұдан бес жыл бұрын  ауыл шаруашылығында лизинг агробизнестің  ажырамас бөлігіне айналатындығын ешкім  тап басып айта алмас еді. «Казагрофинанстың» қолдауымен фермерлерге төрт пайызға  дейінгі жылдық өсіммен үш жылдан жеті жылға дейін ауыл шаруашылығы  техникалары берілді. «казагрофинанстың» лизиннгісінің бел көтере алатындай  арзан болуы мемлекеттің қолдау көрсетуінің арқасында болып  отыр. Бюджеттік көтермелеудің нәтижесінде  республикамыздың 700-ден астам шаруа  қожалықтары 5,3 мыңнан астам агротехникаларға ие болды. «Казагрофинанс» қол жеткенді баянды ете отырып, енді өнімді өңдеп  ұқсататын кәсіпорындарға лизингтік  қолдау көрсетпекші.

Лизингтің артықшылықтарын  шығыс қазақстандық фермерлер бағалай  білді. Үкіметтің ауылды өркендетуге  бөлген  3,5 млрд. теңгеден астамын  олар лизинг арқылы ауыл шаруашылығы  техникаларын сатып алуға  жұмсады. Осы жобаны жүзеге асырудың алғашқы  жылы (2000 жылы) олар небәрі 10 миллион  теңгенің көлемінде ауыл шаруашылығы  техникаларын жаңартқан болса, биыл неғұрлым қымбат тұратын техникаларға тапсырыс берді. Төрт жылдың ішінде лизинг бойынша алынған техникалар бойынша  бірде бір шағым түске жоқ. «Казагрофинанстың »  Шығыс Қазақстандық филиалы да олардың өтініштерін  ескере отырып, лизинг бойынша төлем  мерзімін 8 жылға дейін ұзартты. Несиелік лизингтің пайыз өсімі 3-4 пайыз  шамасында. Ал келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жабдықтарға  сұраныс ұлғаймақ . Филиал директорыны Тимур Сапарғалиевтың айтуынша  2005  жылы қожалықтардың  тапсырыстар портфелі милиард теңгеден асып түсетін болады .

2005 жылы республика бюджетінінен  лизинг бағдарламасы боынша мал  шаруашылығы кәсіпорындарына технологиялық  жабдықтар сатып алуға 500 миллион  теңге қаржы бөлінбек. Бағдарламаны  жүзеге асыратын оператор «Казагрофинанс»  лизинг компаниясы ҚР ауыл  шаруашылығы Министрлігінің   мал шаруашылығы департаментінің  директоры Совет Сәтіғұлдың айтуынша, мұндай шара Қазақстандағы орта  және ірі тауарлы мал шаруашылығын  дамытуға ықпал ететін болады, сондай-ақ осы салада жұмыс  істейтін қазақстандық кәсіпорындардың  технологиялық жарақтануын едәуір  жақсартады. Лизингті дамыту  бағдарламасы  бойынша жабдықтар сатып алуға  әр түрлі бағыттағы мал шаруашылығы  кешендері мен құс фабрикалары  тапсырыс бере алады. С. Сәтіғұлдың  хабарлауы бойынша, 2004 жылы еліміздің  ауыл шаруашылығы кәсіпорындары  лизинг бағдарламасы бойынша  400 млн. тенгеге жуық қаржыға  ауыл шаруашылығы техникаларын  сатып алды.

Соңғы жылдары осы бағдарламаны жүзеге асыру жолында бірқатар заңнамалық шаралар жүзеге асырылды. Айталық, «Қаржылық  лизинг туралы» ҚР заңына түзетулер  негізді, лизинг берушілер қосымша  құн салығынан босатылды.

«БанкЦентрКредит» акционерлік  қоғамының 2002 жылдың қаңтарынан бері өз жұмысын бастаған. «ЦетрЛизинг» еншілес  лизинг компаниясы да кез келген саладағы лизингтік жобаларды жүзеге асыркға  бел шешіп кірісті.  Копания  кәсіпорының  қай  жерде  орналасқанына  қарамастан  Қазақстанның  кез  келген  аумағында  қызмет  көрсетеді. Оның  талаптары  бойынша  лизингтік  мәмілелердің  ең  төмен  мөлшері  35мың  доллордан  кем  болмауы  керек («БанкЦентрКредит»    АҚ  клиенттеріне  жеңілдік  жасалады).  Лизинг  мерзімі-37 айдан  7жылға  дейін,  лизинг  өсімі  жылына  17-ден  23%-ға  дейін,  лизингіне  алынатын  жабдық  құнының  30%-ы  алдын  ала  төленеді,  лизингке  қойылған  тауар  міндетті  түрде  тауар  алушының  есебінен  сақтандырылуы  тиіс.

«ЦентрЛизинг»  ЖШС  өзінің  тауаржеткісушілнрініңаяасын  барған  сайын  кеңейте  түсуде.  Оардың  ішінде  әртүрлі  жабдықтар  мен  техникаларды  өндіретін»  «VOLVO   Truck  Corporation»  «METEKC»  ЖАҚ,  «Ивановская  Марка  Центральная  Азия»,  «Спецтехника»  сауда  үйі,  Италияның  макарон  өнімдер  жабдықтарын  шығаратын  «PAVAN S.p.А» сияқты  әлеуметті  фималар  мен  компаниялар  бар.  Лизинг  бағдарламасына  көптеген  шетелдік  банктер  мен  қаржы  институттары  ынта  білдіріп  отыр.  ҚР  Үкіметі  «Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өңдейтін  кәсіпорындар  үшін  жабдықтарды    лизингтік  несиелеу»  бағдарламасы  бойынша  зайым  беретін  банктерді  белгіледі.  Олардың  ішінде  «Валют-Транзит» банкі  мен  «Казкоммерцбанк»  бар.  Бұл  банктер  конкурс  шарттары  бойынша  ет  өңдеу,  майлы  дақылдарды,  тнрі  өнімдері  мен  шикізатты  өңдеуге  7жылға  0,5  пайыз  жылдық  өсіммен лизинг  несиелерін  беретін  болды.  2003-2005ж  агроазық-түлік  бағдарламасы  шеңберінде  «Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өңдеу  кәсіпорындарыүшін  жабдықтар  лизинг  несиесі»  бағдарламасы  бойынша  бйылдың  өзінде 675 млн.теңге  қаржы  бөлініп  отыр.  Ал,  оны  кімдер  алып, қалай  пайдаланады,  бұл  бөлек  әңгіме.

Әрине, бір  ғана  мақалада  бизнестің  осынау  өміршең  әдісінің  барлық  қыр сырын  тігісін  жатқызып  түгендеп  шығу  мүмкін  емес.  Ең  бастысы, біз  оқырманға  лизинг  несиесінің  пайдалы  жағы  мен  артықшылығы  туралы  таратып  айтуға  тырыстық.  Ендігі  әңгіме,  осынау  әдіс  мүделері  ауылдағы  ағайынның  құлағына  шалынып, шаруа  адамның  бойын  шазып,  шаруасын  дөңгелетіп  әкетуінесептігін  тигізсе  нұр  үстіне  нұр.  Бұл  орайда,   әсіресе,  ауыл  шаруашылшғы  мамандары  мен  жергілікті  жерлердегі  басшылар  шаруа  қожалықтары  арасында  лизинг  несие  туралы  кеңінен  насиқаттауға  ат  салысқаны  абзал. Өйткені,  ауыл  шаруашылығын  өрге  шығармай  көсегеміз  көгермейді.  Елбасымыздың  бастамасымен  жариаланған  ауылға  арналған  үш  жылдың  міндеттері  де  осыған  меңзейді.  «Елде  болса, ерінге  тиеді» дегендей, мал  өсіріп, егін  егіп, шаруа  баққан  қырдағы  ел  қамқорлық  пен  көмекке аса  зәру  болып  отыр.

 

 

 

 

 

 

                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  Ұлттық экономиканы көтерудің басыңқы  шараларының бірі инвестицияларды пайдалану деп айтқан. Бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және  дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді каржыландыру түріне  айналуы тиіс. Ел Президентінің Қазақстан бәсекеқабілетті 50 мемлекет қатарына енуі бағдарламасын жүзеге асыру үшін кәсіпорындар бәсекеге қабілетті өнім шығарып, бәсекеге қабілетті қызмет көрсету қажет екенін бәріміз де жақсы түсінеміз. Дегенмен, оны физикалық тозған немесе моральды ескірген құрал негізінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Бүгінгі таңда біздің елімізде лизингтік  бизнестің дамуы лизинг шартымен пайдалануға беру мақсатында жабдықтарды  сату үшін қажетті ақша қаражаттарын жинақтау мәселесіне келіп тірелуде. Ал коммерциялық банктер айналыстағы  бос ақша қаражаттарын жинақтаумен  айналысатын мекемелердің бірі болып  табылатындықтан, лизингтік операцияларды  банктік операциялардың бірі ретінде  қарастыру лизингтік бизнестің  дамуы үшін тиімді әдістердің бірі болып табылады.

Соңғы жылдарда мемлекет банктердің нақты секторды, соның ішінде кіші бизнес пен ауыл шаруашылығын несиелеу бойынша қызметін жандандыруға бағытталған көптеген түрлі шаралар қабылдап отыр. Бұл  мәселелерді шешудегі салмақты үлес қаржылық лизингке келеді, лизингтің  арқасында кәсіпорындар, кепілдік мүлігі болмаған жағдайда да, өндірісті техникалық қайта қаруландыру үшін қажетті  қаржылық және материалдық көмекті  ала алады.

Екінші  деңгейлі банктер лизингтік мәмілелерді  қаржыландыруда әлі де болса, ынталанушылық  байқалтпай отыр, мұны бірнеше жағдайлармен түсіндіруге болады. Біріншіден, банктер  өзінің несиелік саясатын ескеретін  көп жоспарлы қызметін атқарып отыр, оның құрамына қаржылық лизинг мәселелері әрқашан кіре бермейді. Екіншіден, банктердің белгілі бір бөлігі бұрынғыдай өндірістік қызметпен байланысты емес операциялардан кіріс алуды қалайды. Ал өндірістің түрлі салаларындағы лизингті ұйымдастырудың және жүргізудің айқын процедуралары  болмағандықтан, банктерге оған қызмет көрсетудің сәйкес стандарттарын жасауға  және оларда өзінің қатысуының тиімділігін  анықтауға мүмкіндік бермейді.

Біздің  көзқарасымыз бойынша, лизингтік бизнесті дамытуда кешенді бағдарлама жетіспейді деуге болады. Оның құрамында келесідей  элементтер болуы мүмкін:

  • құрамында  мамандарды  дайындайтын,   көрсетілетін  қызметтерді жариялайтын ақпарат болатын лизингтік нарықтың инфрақұрылымын  дамыту;
  • лизигтік келісім-шарттарды несиелеуде   банктермен   кең көлемде жеңілдіктер берілуін қамтамасыз ету (3 жылдан жоғары);
  • кепіл жүйесін дамыту;
  • қазіргі кезде қолға алынған мәселелермен қоса лизинг шегіндегі шетел инвестицияларын тартуды қадағалау (халықаралық лизингтік келісім-шарттарда  валюталық бақылаудың болмауы).

Осындай бағдарлама коммерциялық банктердің қысқа  мерзімдегі, тәуекелі жоғары операциялармен қызмет істегенше, ұзақ мерзімді экономиканы  қаржыландырудан  тұрақты пайда  алуға  итермелейтін болар еді. Осындай тектес бағдарлама ғана елімізді лизингтік бумнан алшақтандыратын еді.

Айтылғанмен қатар, қаржы саласында қызмет ететін ірі ұйымдар мен компаниялар  үшін келесі ұсынысқа назар аудару қажет деп ойлаймыз. Қаржы секторында елеулі орын алғысы келетін Лизинг берушілердің өз сервистік компанияларының  болуы тек лизинг бизнесін ғана емес, барлық операциялардың сапалы болуын қамтамасыз етеді. Оның себебі, консалтингтік  қызметпен, сақтандырумен, лизингпен, трейдерлікпен және басқа да қосымша  қызмет түрімен айналысатын компаниялардың қызметтері сапалы, операциялары жылдам, тұтынушы үшін қолайлы, банк және оның клиенті үшін қатынастың нығаюына үлес қосатын фактор болып табылады. 

Сонымен қатар, лизингтік несиелеу механизмін қолданудың дамуын ынталандыру үшін, мынадай ұсыныстар жасауға болады:

  1. лизингке берілетін барлық жылжитын мүліктердің түріне 3 немесе 4-тен жоғары емес коэффициентпен жеделдетілген амортизациялау механизмін қолданылу мүмкіндігін заңды түрде қарастыру;
  2. 2-3 жылға дейінгі мерзімде қызмет ететін қаржы лизингінің келісім-шартына байланысты алынған пайдалар бойынша лизингті берушілерге (банктерге немесе олардың еншілес лизингтік компанияларына) табысқа салынатын салықты төлеуден босатуды қайта қарау;
  3. лизинг объектісі болып табылатын, Қазақстан аумағына уақытша алып келген тауарларға қатысты кеден бажынан және салықтардан лизингті берушілерді босату;
  4. Қазақстандағы лизингтік қарым-қатынастарды ұйымдастырушы және реттеуші мемлекеттік лизингтік ассоциацияның тез арада құрылуына қолдау көрсету.

Қорытындыда лизингті несиеге арзан айырбас еместігін айта кетуге болады. Айырмашылығы негізгі құралдарды жаңартуда несиені пайдаланғаннан гөрі тиімді болып саналады. Біздің ойымызша, кәсіпорын үшін негізгі қорды лизинг арқылы, ал айналымды кеңейтуді қысқа мерзімді, тәуекелі жоғары несие арқылы  қаржыландыру аса қолайлы болып табылады.

Информация о работе Ауылшаруашылығы инновацияны енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету