Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:03, научная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Кітап мұрасы дүние жүзі халықтарының көпғасырлық мәдениеті мен тарихын, тілі, дәстүрі мен әдет-ғұрпын бейнелеп қана қоймай, ұжымдық естеліктің басты бөлігі болып есептеледі. Осы асыл мұраларға байланысты біз бүгін көп қырлы көп ғасырлық дүние жүзілік өркениеттің даму тарихын терең зерттеп, барлық адамзаттың пайдаланған таптырмас тәжірибесін пайдалана аламыз.

Файлы: 1 файл

Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы.doc

— 262.00 Кб (Скачать)

 ӘОЖ 002.2+655.5(574(09)                                             Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

ШОРТАНОВА АЛШАЙЫМ  АХЫЛБЕКОВНА

 

 

 

 

Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы

(ХХ ғ. 20–40 жж.)

 

 

 

 

 

07.00.02 – Отан  тарихы 

(Қазақстан Республикасының тарихы)

 

 

 

 

 

 

Тарих ғылымдарының кандидаты  ғылыми дәрежесін 

алу үшін дайындалған  диссертацияның

 

А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы

 

 

 


        

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

 

Жұмыс Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінде орындалды.

 

 

Ғылыми жетекші:

тарих ғылымдарының докторы,

профессор Мажитов С.Ф.

   

Ресми оппоненттер:

тарих ғылымдарының докторы,

профессор Құдайбергенов  Ә.Н.

 

тарих ғылымдарының кандидаты

Селкебаева А.Т.

 

 

Жетекші ұйым:

ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сулейменов атындағы

Шығыстану институты




 

Диссертация 2009 жылы «09» шілде сағат 14-30 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).

 

 

Диссертациямен Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов  атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).

 

 

 

 

Автореферат 2009 жылы «____»    ___________   таратылды

 

 


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, тарих 

ғылымдарының докторы  А.Т. Қапаева

 


ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ  СИПАТТАМАСЫ

 

Тақырыптың өзектілігі. Кітап мұрасы дүние жүзі халықтарының көпғасырлық мәдениеті мен тарихын, тілі, дәстүрі мен әдет-ғұрпын бейнелеп қана қоймай, ұжымдық естеліктің басты бөлігі болып есептеледі. Осы асыл мұраларға байланысты біз бүгін көп қырлы көп ғасырлық дүние жүзілік өркениеттің даму тарихын терең зерттеп, барлық адамзаттың пайдаланған таптырмас тәжірибесін пайдалана аламыз.

Диссертациялық жұмыста  ХХ ғ. 20-40-жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы зерттелген. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихы отандық тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашуға көмектеседі, өйткені ол еңбектердің көпшілігіне кезінде оқуға тиым салынған. Қазіргі кезде «құлыпталған» ғылыми мұраларды зерттеп, талдауға қол жеткізілгендіктен, сол кездегі баспа ісінің ғылыми бағыттарын айқындауға да мүмкіндік туғаны көрсетіледі. Бұған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және басқа да шаралар куә.

ХХІ ғасырда білімі мен  ғылымын дамыта алмаған елдің  тығырыққа тірелері анық. Ұлттық тарихымыз қайта өрлеп, өркениетті елдердің қатарына жетуге бетбұрыс жасап, экономикада сындарлы жылдарда әр түрлі сатылардан өткен соң, ғылымның бір міндеті Қазақстан тарихын белгілі бір жүйеге келтіру. Қазақстанның қазіргі кездегі әлемдік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясында бәсекеге қабілетті болу үшін елдің ғылымы мен білімі жоғары деңгейде болу қажеттігі көрсетілген. Ғылымның негізі – кітапта. Сондықтан ғылыми кітаптардың тарихын зерттеу арқылы біз еліміздегі ғылымға қалай көңіл бөлінетінін, қандай деңгейде болғанын анықтаймыз.

Танымның, рухани өндіріс  пен әлеуметтік институттың ерекше түрі ретінде ғылым Еуропада ХVI-XVII ғғ. пайда болып, дербес дами бастайды. Ғылым – табиғат, қоғам және танымның өзі туралы білімді жасайтын адамдардың рухани қызметінің формасы. Оның тікелей мақсаты шындыққа қол жеткізу және объективті заңдарды ашу. Классикалық дәуірге дейінгі ғылымның негіздері Ежелгі Шығыста, Греция, Римде қалыптасты. Қазақ даласында әлемге әйгілі Шығыс ғұламалары әл-Фараби, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки т. б. өмір сүріп, мәңгі өшпес рухани мұра қалдырды. Олардың қолжазбалары, шыққан кітаптары осы заманға дейін жетті. Кітаптың құдіреті де осында.

Баспа өндірісі, соның  ішінде кітап басу ісі экономика  айналымының елге қызметін жақсартуға өз тарапынан үлес қосуына мүмкіндік жасайды. Кітап – қоғамдық сананы, тәрбиені, ағарту ісін, ақпарат таратуды қалыптастырудың қуатты құралы. Сонымен бірге оның тұтыну құны да бар. Жалпы мәдениет төмен болған жағдайда кітапқа деген зәрулік әлеуметтік-мәдени тоқырауға әкеледі. Кітап баспа ісі бірқатар ішкі қайшылықпен сипатталады: басылым санының көптігі және әдебиеттің жеке түрлеріне зәрулік; оқырман сұранысының төмендеуі, балалар мен жастардың кітап оқуға деген ниетінің төмендігі; ғылыми-техникалық үрдіс және монографиялық басылымдар санының азаюы. Жыл сайын баспадан шығарылатын кітаптар бойынша кітап саудасы ұйымдарының тапсырысы 50-60 пайызға қанағаттандырылады. Сараптамаға қарағанда, кітап дүкендерінде саудадағы 10 пайыз кітап қалып қалады.

 Қазақстанның тарихи  жолының объективті бейнесін  қалпына келтіру мақсатында ғасыр  басындағы ұлт зиялыларының ғылыми  мұраларының басылу тарихына  талдау жасау мәселенің әлі  де жеткілікті түрде зерттелмегенін  көрсетеді. Қазақ зиялыларының  еңбектерін ешкім білмеді. Бәрі мұрағатта шаң басып жатты, оны алуға рұқсат болған жоқ, себебі олардың қоғам өмірінде орын алған мәселелердің барлығына жан - жақты қалам тартқандығын байқаймыз. Сондықтан ол ғылыми еңбектерді пайдаланбай ХХ ғ. басындағы қазақ тарихы туралы бірде-бір ғылыми жұмыс жазылуы мүмкін емес.

 Сол кездегі Ғылыми  қоғамдардың шығарған басылымдарына  да қол жеткізу қиын еді.  Қазақстандағы ғылыми кітаптар  басылымы тарихы тұрпаты жағынан  баспа ісімен байланыстырыла  зерттеуді қажет етеді. Себебі 20-30-жылдары қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері Қазақстан ғылымына үлкен үлес қосты. Осы жағынан алғанда біздің тақырыбымыз толығымен зерттеу объектісі болады деп есептейміз. Елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасы іске асып жатқанда, кітап – үлкен қазына, нағыз тарихи құндылық. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ел экономикасының болашағын барлай отырып «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты биылғы Жолдауы мазмұны жағынан да ерекше, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу арқылы азаматтарды басқа адамдардың тәжірибесі арқылы үйрету керек. Біздің ғылыми және шығармашылық интелегенцияға да осындай роль жүктеледі» деп көрсетті [1].Сондықтан бұл тақырып бүгінгі күні ғылыми-тарихи сабақтастық қағидасын сақтап өзекті болып табылады.

Тақырыптың  зерттелу деңгейі. 1917-1940 жж. Қазақстан көлемінде жарыққа шыққан кітаптар және 1930 жылға дейінгі Қазақ республикасы үшін Орынборда, Ташкентте, Москвада, Қазанда басылған кітаптар зерттеу аясына енгізілді. Бұл қалаларда басылған кітаптарды қарастырудың негізгі себебі 1925 жылға дейін Орынбор қазақ республикасының әкімшілік орталығы болғандықтан Қазақстанның полиграфиялық базасы сонда болды. Ташкентте, Москвада, Қазанда Қазақ КСР өкіметінің тапсырысымен қазақ тіліндегі кітаптар басылды.

ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихы кеңестік жүйеде мәдени революция шеңберінде сипатталды. Шын мәнісіне келгенде қазақ қолжазбалары мен баспалар туралы 50-жж. дейін арнайы зерттеу еңбектер болған жоқ. Тек қазақ кітаптарының жиынтық каталогтарында, библиографиялық көрсеткіштер, тізімдерде, кейбір мақалаларда олардың аттары көрсетіліп жүрді.

Қазанда шығыс халықтарының көптеген кітаптары шыққаны белгілі. Осы мәселеге алғаш қалам тербеген ресейлік ғалымдар болды. Н.П. Лихачев  еңбегінде Қазандағы кітап баспа  ісінің тарихына тоқталса [2], Н.Ф. Катанов Шығыс библиографиясын жүйелеуге тырысқан [3].

ХХ ғ. 20-жж. М.Е. Салтыков-Щедрин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы  жанындағы ғылыми-зерттеу институты 1927, 1929, 1932 жж. үш жинақ шығарады. Жинақта  кітап тарихы, кітап ісі теориясы, полиграфия, кітапты безендіру, библиографияның теориясы мен практикасын дамытудағы институттың сіңірген еңбегі көрсетілген.

Ресейде кітап туралы журналдар тұрақты шығып тұрды. Мысалы, Москвада А.С. Бубнов, Ф.В. Константинов редакторлығымен «Правда» баспасынан 1932-1940 жж. ай сайын сын-библиографиялық «Книга и пролетарская революция» деген журнал шығарылып, онда жаңадан шыққан көркем әдебиет шығармалары, философия тарихы, марксизм-ленинзм, саяси экономия туралы кітаптарға библиографиялық сипаттамалар жарияланып тұрды. Ал П.М. Керженцев жауапты редакторлығымен «Кітап және революция» деген журнал 1920-1923 жж. Петроградта, кейіннен Москвада шықты, мұнда әдеби, білім-ғылымның барлық саласы бойынша мақалалар басылды.

20-30 жж. мәдени  революция нәтижесінде кеңестік қоғамда баспаның ролінің өсуіне байланысты ғылымның жетістігі кітаптың әлеуметтік ролін, оның идеологиялық қызметін көрсетті. Кітапқа деген бұл тәсілді академик А.С. Орлов, П.Н. Берков, И.В. Новосадский қолданды, алайда олар сол кезде етек алған тұрпайы әлеуметтанымдық рухында жазды.

Қазақстан шығыстану  ғылымында Н. Сәбитов қазақ тілінің  тарихи лексикасын, деректеме мен  библиография саласында айтарлықтай  еңбек сіңірді. 1940 ж. Шығыс кітаптары  туралы мақаласы «Казахстанская правда»  газетінде жарияланады. 1941 жылы 1917-1939 жж. шыққан кітаптардың библиографиялық көрсеткіштерін жасауға қатысады және А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасындағы сирек кітаптардың қорлары туралы мақала жазады. Нығмет Сәбитов бірінші абайтанушы-библиографтар қатарына кіреді. Ол алғаш рет 1889-1945 жж. Абайдың 100 жылдық мерейтойына арналған Абай шығармаларының библиографиялық көрсеткішін жасады. 1917 жылға дейінгі Қазақстан тарихы бойынша материалдар мен шығыс деректері бойынша көрсеткен еңбегі әлі күнге дейін өзекті деп есептейміз [4]. Н. Сәбитовтың «Қазақ әдебиеті (1862-1917)» библиографиялық көрсеткішінің бірінші басылымында кітап аттары орыс графикасына негізделген қазақ әрпімен қатар сол кездегі араб әрпімен қоса берілген. Сонымен бірге Н. Сәбитов қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов және Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі, еңбектері бойынша библиографиялық көрсеткіш құрастырған.

Қазақстан КП «Орталық Комитеттің партиялық баспасы» туралы библиографиялық көрсеткіштер 30-шы жж. шығады. Кеңес үкіметі тұсында мәдениет жөніндегі әдебиеттердің бәрі коммунистік идеологияны, Ленин, Сталин идеяларын дәріптегені белгілі. Ол еңбектерді біз тарихнамадан алып тастай алмаймыз, сондықтан біз қазақ баспа ісінің дамуына қатысты тұстарын сұрыптап, оларға шолу жасағанды жөн көрдік.

50-70-жж. кеңестік ұлттық баспасөздің  қалыптасуы туралы біраз еңбектер  жарық көрді. Мысалы, Қазмембаспадан шыққан жинақта Советтік Қазақстандағы мәдени өмірдің бір қыры ретінде ұлттық баспасөз және баспасөздік емес басылымдарды сипаттаған мақалаларда қазақ халқының мәдениеттің түрлі саласында, оның ішінде Кеңес өкіметі тұсында баспа ісінде де қандай жетістікке жеткені туралы мазмұндалған [5]. Кеңестік баспа ісінің алғашқы қадамдары мен полиграфияның дамуы туралы И.С. Смирнов еңбегінде мазмұндалса, А.И. Назаровтың кітабында кеңестік баспа ұйымдары шығарған еңбектердің таралуына сипаттама берілген.

Қазан революциясының 40 жылдығына  арналған Р.Б. Сүлейменов пен Х.И. Бисенов  еңбектерінде Кеңестік мәдениет құрылысы сипатталған. Мәдени революцияның Қазақстанда қалай жүзеге асқаны туралы Р.Б. Сүлейменов жан-жақты зерттеген. Кеңестік тарихнамада Р.Б. Сүлейменов Қазақстан мәдениетінің тарихын зерттеу мектебін қалыптастырып, шығыстану мәселесін республикада жолға қоюдың негізін қалады. К. Кереева-Канафиева орыс-қазақ әдеби байланыстарының тарихын революцияға дейінгі орыс баспасөзі бойынша сипаттаған [6].

«Советтік Қазақстан кітаптары» (1917-1945) атты екі томдық библиографиялық  көрсеткіштің әр томы қазақ және орыс тілінде құрастырылған екі бөлімнен тұрады. Библиографиялық көрсеткіштің бірінші томына саяси-қоғамдық, көркем әдебиет және балалар әдебиеттері, тіл білімі, өнер, баспа, кітапхана, библиография жұмыстары туралы кітаптар тіркелген [7]. Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым мәселесі орыс тілінде бірінші томға, қазақ тілінде екінші томға енгізілген [8].

Қазақстанда мәдениет мәселесімен  айналысқан ғалымның бірі А. Қанапин өз еңбектерінде баспа ісі, полиграфия, кітап саудасы жөніндегі мәселені де қарастырған. Қазақстандағы ұлттық баспа ісі туралы Ш. Үржанов, А.К. Бектемісов жазса, 60-жж. Орыс кітап баспа ісінің 400 жылдық тарихына арналған еңбекте кітап баспа ісінің қағидалары мен ұлттық баспа ісі туралы материалдар да бар.

Ә. Жиреншиннің кітаптары екі тілде де жарық көрген. Ол қазақтың баспа кітаптарының тарихын 1800 жылдан 1917 жылға дейінгі Ресей мен Қазақстан көлеміндегі тасқа басылған қазақ кітаптарының қашан, қай жерде басылғаны, оларды шығарушылар кімдер екендігі, жазба мұраны жинаушылар мен авторлар жайында мәлімет береді [9]. Рухани мәдениетіміздің тарихына арналған көлемді кітабы орыс тілінде де жарық көрді. М.К Мамажанов, М.П. Коротовский еңбегінде республикадағы кітап баспа ісінің дамуына, қазақ әдебиетінің маркстік-лениндік идеяны таратудағы қызметіне, баспа өнімдерінің насихат жүргізудегі роліне назар аударған.

Қазақ кітаптары туралы библиографиялық  көрсеткіштердің маңызы зор, өйткені  библиография – білім кілті. Бұл  тақырыпқа 80-жылдары жазған ғалымдар шоғыры С. Есова, Ү. Субханбердина, Д.С. Сейфуллина 1807-1917 жылдары шыққан қазақ кітаптарының көрсеткіштерін құрастырған [10]. Бұл көрсеткішке алғы сөз жазған Ү. Субханбердина әр кітапқа сипаттама жасап, анықтама берген.

Информация о работе Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы